Тақырыбы: Көкөніс салаттарды даярлау және әшекейлеу

Тақырыбы: Көкөніс салаттарды даярлау және әшекейлеу Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға көкөністің маңызын, пайдасын түсіндіріп, қолдану ерекшеліктерін айтып өту. Дамытушылық: Еңбекті ұйымдастыра отырып, олардың шығармашылық ізденімпаздық, сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: шеберлікке, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, венн диаграмасы, ассосациясы, кубизм ББҮ әдісі, сұрақ жауап Сабақтың түрі: көк...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Көкөніс салаттарды даярлау және әшекейлеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға көкөністің маңызын, пайдасын түсіндіріп, қолдану ерекшеліктерін айтып өту.
Дамытушылық: Еңбекті ұйымдастыра отырып, олардың шығармашылық ізденімпаздық, сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: шеберлікке, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, венн диаграмасы, ассосациясы, кубизм ББҮ әдісі, сұрақ жауап
Сабақтың түрі: көкөніс туралы білімдерін жинақтау
Көрнекіліктер: нұсқау карта, буклет, қажетті құрал жабдықтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты қайталау, еске түсіру
1) Бөлме тазалығына көңіл бөлу
2) Қияр, қызанақты маринадтау. Оқушылардан өткен сабақты тест бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушыларға көкөністерді пайдалану және салат дайындау түрлері туралы мағлұмат беру.
Көкөністердің маңызы мен пайдасы туралы қысқаша айтып өтемін. Адам организміне қажетті бүкіл энергия тамақпен келеді. Оның ішінде көкөніс пен жеміс жидектің пайдасы өте мол. Дәрумендердің жетіспеушілігінен адамда әртүрлі аурулар пайда болады.

Көкөніс - тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, помидор, қызылша, т.б.). Барлық көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді: тамыр-жемістілер - тарна, сәбіз, ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, тұрып, шомыр, балдыркөк түйнегі; жапырақтылар - қырыққабат, салаттар, саумалкөк, аскөк, жапырақты және сағақты балдыркөк, жапырақты ақжелек, рауғаш, қымыздық; жемістілер - томаттар, баклажандар, көкөніс бұрышы, қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, гүлді капуста, бұршақ, лобия, атбас бұршақ, қант жүгерісі; жуашықтылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады)- басты пияз, сарымсақ, порей, батун жуалары, шнитт жуасы.Картоп пен хош иісті дәмді көкөністер: анис, кориандр, кресс салат, тмин, жалбыз, майоран қияр шөбі, эстрагон. Көкөністер - бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп - крахмалға, ал қызылша - қантқа бай; капустада С витамині, ал сәбізде - организмде А витамині құрылатын - каротин (А провитамині) көп; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға; аскөк - хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жаксы сіңіруге жәрдемдеседі. Кокөністердің диета тамағын дайындаудағы рөлі де зор (емдік тағамдар).

Тамыр жемістері мен картопты бетіндегі топырағы кеткенше жуады. Содан кейін қабықтарын жұқалап аршып, шіріген, бүлінген жерлерін алып тастайды. Көкөністерде витаминдер мен минералды тұздар тікелей қабықтың астында болады, сондықтан олардың қабығын жұқалап аршу керек. Таз аршылған көкөністерді қайтадан жуып, тек содан кейін барып турау қажет. Оларды неғұрлым ірілеу кессе, витаминдері солғұрлым азырақ жойыл ады; картоптық кішігірім түйнектерін бөлмей тұтас пісірген жөн. Көкеністерді пайдаланар алдында тазалап, ұсақтап кескен жөн; ондай мүмкіншілік болмаса, таза, дымқыл орамалмен бетін жауып қояды, сонда олар ластанбайды және құрғап кетпейді. Тазартылған көкөністерді су ішінде қалдыруға болмайды, өйткені олардың бойындағы нәрлі заттары жойылып, дәмі бұзылады. Тазартылған көкөністерді 3 сағаттан артық (12°С аспайтын температурада) сақтауға болмайды. Жас қиярды, тұрыпты, сәбізді қабығын аршымай пайдаланған жөн. Салат, винегрет жасау үшін картоп, қызылша, сәбізді тазартпай-ақ пісіре береді. Қабығымен пісірген картоп С витаминін 22 % жоғалтса, тазартылған картоп екі есе артық жоғалтады. Тағам дайындау процесінде пайдалы, жұғымды заттардың жойылуын азайту мақсатымен тазартылған көкөністерді бұқтырып немесе буда пісіру керек. Көкөністерді пісірген кезде үстіне қайнаған ыстық су құйған жөн, өйткені С витаминін жоятын ферменттердің әрекеті жоғары температура кезінде тоқтайды. Көкөністердегі С витаминін сақтап қалу үшін оларды кастрюльге салып қақпағын нығыздап жауып пісіреді, қатты және ұзақ қайнатпау керек. Көкөніс пісірген суды басқа тағамдарды (сорпа, тұздық) дайындау үшін пайдалануға болады. Жаңа жиналған көкөністі дайын тағамға салған жөн, оларды 10 минуттай артық қайнатпау керек. Оны дайын болысымен пайдалану керек, ұзақ сақталып, қайтадан жылытса, жұғымды заттары жойылады. Салаттар мен винегреттерді дайындағаннан кейін, тұздық қоспай тұрып 6 сағаттап астам, ал тоңазытқышта 12 сағаттай сақтауға болады. Көкөністер тез семіп, тез бұзылады. Бірақ көкөністі, төмен температурада (0°С төмен) ауа ылғалдығы 90-95% және көлеңкеле жаңа жиналған күйінде ұзақ сақтауға болады. Картоп, тамыр жемістер, пияздың бастары бұзылмайды да, жемісті көкөністер нашар сақталады, жапырақты көкөністерді сақтау мүмкін емес. Консерві өнеркәсібі әр түрлі көкөніс консервілерін шығарады. Консервілеудің қазіргі қолданып жүрген тәсілдері көкөністердегі пайдалы заттар мен витаминдерді сақтауға мүмкіндік туғызады.

Капуста - қартаюды кешіктіреді және терінің саулығын жақсартады.

Сәбіз - күш-қуат береді. Бауырдың өт сұйықтығын (запыран) бөлуіне және холестериннің реттелуіне көмектеседі.

Қияр - бұлшық етті жасартады, тері жасушаларына иілгіштік қасиет береді.

Сарымсақ - қан қысымын төмендетеді, қанның ұйып қалуын азайтады. Асқазанның қатерлі ісігіне қарсы жақсы, иммунитет жүйесін күшейтетіні анықталған.

Қанттан ақ, бүйірі тоқ,
Жерден алар керегі көп.
Киетіні қызыл, жасыл көйлектер
Ол не екен; кәне, достар, ойлап көр?
/Пияз/.

Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
/Сәбіз/.

Мысалы: А - дәруменінің жетіспеушілігінен көз аурулары пайда болады. А дәрумені алма, сәбіз, өрікте болады. В дәрумені жетіспеушілігінен жүйке жүйесі аурулары - анемия, асқорыту сияқты аурулар пайда болады. В дәрумені картопта, орамжапырақта, қызанақта кездеседі. Көкөністерді әсіресе жаңа піскен кезде жеген дұрыс. Тосап қайнатуға, кептіруге, тұздауға, маринадтауға, пісіруге күнделікті көкөністерді пайдалануға болады. Сабақты түсіндіре отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін ассоциация құрамыз.
Көкөністі күнделікті пайдалану түрлері
Шырын, сусын дайындайды, салат жасаймыз, тосап қайнатады, дәруменге бай дәрі жасайды, тұздаймыз, кептіреміз

Салат туралы Венн диаграмассы арқылы білеміз
Мысалы: қызылша салаты мен күздік салаттың ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқталсақ. Оқушылар тақтаға салат туралы өз ойларын жазады
Қызылша салаты
Қызылшаны төрт бұрыштап турайды майға қуырамыз 30 - 40 м қайнатылады әр түрлі банкаға салуға болады
Күздік салаты
Орамжапырақты ұзыншалап туралады. Бірдей банкаға салынып, сыртынан 1 сағ. қайнатылады
Айырмашылығы
Екеуі де қысқа сақталады. Екеуіне де қызанақ, сәбіз, тәтті бұрыш заттар қосылады
Сабақты теория түрінде қорытындылай отырып ББҮ әдісін қолданамыз.
Оқушыларға сұрақ карточка берілді.
1. Сабақтан алған әсерің қандай? Не үйрендің?
2. Мұғалімге қоятын сұрағың қандай?

Сарамандық жұмыс жүргізу.
1. Қажетті құралдар: пышақ, тақтай, көкөністер, тәрелке, шанышқы
2. Жұмыс орнын дайындау
3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қадағалау, бағыт бағдар беру
4. Олардың жұмыстарын бақылай жүріп, сұрақтарына жауап беру
Жасаған жұмыстарын тексеріп, бағалау
Сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беру. Үйден салат дайындап келу

































Көкөністер - бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам орнанизміне қажетті дәрумендер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп - крахмалға, ал қызылша - қантқа бай; қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде - организмде А дәрумені түзілетін - каротин (А продәрумені көп); рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк - хош иісті заттарға бай.

Көкөніс шөптесін өсімдікке жатады. Көкөністер 1 жылдық және 2 жылдық болып бөлінеді.

1 жылдық көкөністер тұқым арқылы гүлдеп, жеміс береді де, күзде тіршілігін жояды. 1 жылдық көкөністерге: картоп, қызанақ, баклажан, қияр, асқабақ жатады.

2 жылдық көкөністер осы жылы тұқымға қажетті қор затын жинақтап, келесі жылы гүлдеп, жемісін береді. 2 жылдық көкөністерге: пияз, орамжапырақ, сәбіз, сарымсақ жатады.

Көкөністер жылу сүйгіш және суыққа төзімді болып келеді. Мысалы, қауын, қызанақ, қияр жылуды жақсы көреді. Ал, сәбіз, қызылша суыққа төзімді болады. Көкөністер бақшада өсіріледі.

Көкөніс туралы мағлұмат беру.
Көкөніс тағамға пайдаланатын өсімдік. Тағамға олардың әр түрлі мүшелерін пйдаланады. Түйнек-топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі. Орамжапырақ-тығыз оралып өскен жапырақ. Жемтамыры-қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры. Қияр, қызанақ-жемістері гүлден пайда болады.
Көкөністің кейбір түрлерін жерге тұқым себу арқылы өсірсе, кейбірін көшет түрінде отырғызады. Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады.Оның қыста өсіретін жерін жылыжай деп атайды. Базарда көкөністер қысы жазы болда.

© 2010-2022