Жазықтықта декортаивті әсемдеудің негізгі принциптері cабақ жоспары

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 8

Уақыт: 45 мин.

Сабақтың тақырыбы: Жазықтықта декортаивті әсемдеудің негізгі принциптері

Сабақтың мақсаты: Ағаш бояу әдістеріне үйрету

Оқыту - Ағаш бояу түрлеріне, оның технологиясына бейімдеу

Дамыту - Ағаш әсемдеп бояу шеберліктерін дамыту

Тәрбиелеу - эстетикалық тәрбиеге, еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа

Сабақтың түрі: аралас,

Сабақты оқыту әдісі: нұсқау беру, көрнекілік арқылы түсінік беру

Құрал - жабдықтар: ұста үстелі, бояу, сызғыш, қарындаш

Көрнекіліктер: боялған бұйым түрлерін көрсету

Жұмыстың ұйымдастыру түрі: топтық

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу, тарих, биолигия

Әдебиеттер: 1) Оқушыға: Өстеміров К.Ө «Технология» 8-сыныпқа арналған оқулық

2) Мұғалімге: Өстеміров К.Ө «Технология» 8-сыныпқа арналған оқулығы, дидактикалық әдістемелік оқулықтар, қосымша әдебиеттер - Қазақ қолөнері. Әмірғазин Қ. Қазақ халқының қолөнері. Қасимов С

Сабақтың барысы: I - Себептік бөлім.

II - Іс - әрекеттік бөлім.

III - Рефлекциялық бөлім

Сабақтың мазмұны: I Себептік бөлім.

Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгін сабақта кім жоқ? Олай болса балалар бүгін жаңа тақырып өтеміз. Жаңа тақырыбымыз «Жазықтықта декортаивті әсемдеудің негізгі принциптері». Яғни, Ағаш бояу негіздерімен, бастапқы түрлерімен танысамыз. Түсінікті ме балалар? Олай болса сендердің дайындықтарыңды тексерейік. Жаңа сабаққа дайынбыз ба?

II Іс - әрекеттік бөлім.

  1. Сабақты тереңдеп ашып түсіндіру.

Ағаш бұйымдарын әрлеу тәсілдері төмендегідей түрлерге бөлінеді: мөлдір әрлеу, мөлдір емес әрлеу, ұқсату және арнайы әрлеу.

Мөлдір әрлеу кезінде ағаш бұйымның бетін ағаштың текстурасын сақтайтын немесе оны айқындай түсетін лакты бояу материалдарымен жабады. Бұл тәсілді мебельдерді, жоғары сапалы құрылыс бұйымдарын, бағалы ағаштардан дайындалған терезелерді, есіктерді, панельдерді және әрлеу үшін қолданады.

Мөлдір әрлеу лактау, жылтырату, балауыздау және мөлдір пленкамен жабу арқылы жүзеге асырылады. Лактау арқылы әрлеген кезде құрамында пленка жасайтын заты бар органикалық ерітінді түріндегі лактар, ерітінділер және басқалары пайдаланылады. Ағаш бұйымдарын әрлеуге плиэфирлік, нитроцеллюлозалық және мочевина - формальдегидті лактар жиі пайдаланылады, ал майлы және спиртті лактар сиректеу қолданылады. Нитроцеллюлозалық лактар жақсы кебеді, майысқақ, мөлдір және ауаға аса төзімді пленка түзеді. Мочевина - формальдегидті шайыр негізінде жасалған лактардың үстіңгі беті жылтыр, жеткілікті түрде мөлдір пленка түзеді. Майлы лактардан пайда болған пленка созылмалы, берік және атмосфераға аса төзімді келеді, бірақ жеткілікті дәрежеде әшекейлі емес, спиртті лактар жеткілікті дәрежеде берік емес төзімсіз, нашар жылтыратылатын пленка береді. Лак жабындары жылтырлық дәрежесіне қарай жылтыр, жартылай жылтыр және күңгірт түсті жылтыр болып бөлінеді.

Лак жабындары (жамылғылары) сыртқы түріне қарай төрт класқа, ал пайдалану жағдайына қарай сегіз топқа (жабындардың ауаға, суға, температураға төзімділігіне байланысты) бөлінеді.

Бірінші класты жабындардың үстіңгі беті түзу және тегіс, ақауы мүлде болмауы керек.Осы кластық мөлдір жабындарда ақаудың боялғаны, ойықтардың бітеліп, ағартылғаны т.б. білінбеуі керек.

Екінші класты жабындар тегіс, бір түсті немесе өзіндік өрнектері бар боуы тиіс. Жекелеген, болмашы білінетін ақаулары (сызықтар, сызаттар) болуы мүмкін.

Үшінші класты мөлдір тегіс, түзу болуға тиіс. Мұнда жекелеген, көзге түсерліктей түктер, тазарту іздері, түзу емес ойлы-қырлы, әрлегенге дейін ағашты механикалық жолмен өңдеу нәтижесінде пайда болған кедір- бұдырлар болуы мүмкін. Мөлдір өңдеу кезінде лактың аққан іздері, толқындануы, тырналған іздер болмауға тиіс.

Төртінші класты мөлдір жабындар сипағанда тегіс, жартылай жылтыр болуы тиіс. Бұл кластағы жабындарға көзге көрінетін, бірақ қаптама жағдайында әсер етпейтіндей ақаулардың болуына жол беріледі.

2) Сарамандық жұмыс.

Кіріспе нұсқау 25 мин. Мөлдіретіп әрлеудің бір түрі - жалтырату. Негізгі материал ретінде этил спиртіне араластырылған шеллак шайырының ерітіндісі болып табылатын спирт политурасы қолданылады. Ағаш бетіне политураны көп мәрте жұқалап жағып, ысқылайды.

Балауыздау кезінде, яғни ағаштың үстіңгі бетіне тез ұшатын ерітінділер (уайт - спирт, скипидар) қосылған балауыз қоспасын сіңірген кезде де жұқа балауыз қабаттарынан пайда болатын мөлдір пленка алынады. Балауыз пленкасы жұмсақ келеді, сондықтан оны спирттің лак қабатымен үстемелеп жабады. Балауыз жабындарының үстіңгі беті күңгірт түсті болады.

Мөлдір емес әрлеу кезінде бұйымның үстіңгі бетінде оның түсі мен ағаш өрнегін жауып тұратын пленка пайда болады. Мөлдір емес әрлеу мектеп, ас үй, медициналық әрлеген кезде қолданылады.

Мөлдір емес жабындарды алу үшін майлы, нитроцеллюлозалы, алкидті, перхлорвинилді, сулы - эмульсиялы бояулар немесе сыр құрамдары және эмальдар қолданылады.

Құрамында пленка жасайтын заттары бар эмальдармен боялса, жылтыр жамылғы алынады, пленка түзгіш заттар аз болса жартылай жылтыр, ал майлы сырмен сырланса, күнгірт түсті жамылғы алынады.

Ұқсатып әрлеу ішкі өрнегі әдемі суреттерге қатты ұқсайтын ағаштан жасалған бұйымдардың сыртқы түрін жақсартады. Ұқсатып, өрнектеп әрлеудің негізгі әдістері қалың етіп бояу, бетіне бағалы ағаштардың суреті немесе бедері салынған қағазды престеу, пленкалармен немесе пластика тақтасымен тақтасымен қаптау болып табылады.

Арнайы әрлеу ерітілген және ұнтақ тәрізді металдан жасалған металдандырылған әрлеу қабатын, ерітілген шайыр немесе басқа да материалдарды ағаш бұйымының бетіне сіңіру, сондай-ақ ағаштың бетіне әр түрлі әшекей - оюлар (оюлар, безендіру, күйдіру) салу болып табылады.

Лак -сыр жабындары пайдаланылу сапасы жоғары болуы үшін төмендегідей физикалық - механикалық: жабысқақтығы, қаттылығы, жылуға, жарыққа, суға төзімділік сияқты қасиеттеріне ие болуы керек. Бұл қасиеттердің бұйымды пайдаланған кезде елеулі маңызы болады. Лак - сыр материалдарының сапасы, оларды жағу жағдайымен, жамылғыны кетіру арқылы айқындалады.

3) Ағымдағы нұсқау. Жабысқақтық дегеніміз (адгезия) лак - сыр жамылғыларының ағаштың үстіңгі бетімен ұстасу беріктігі болып табылады, оның үстіне бұл фактор лак -сыр материалдары құрамының сапасына, лак-сыр қабатының қалыңдығына және т.б. жағдайларға байланысты болады. Біртекті құрамдардың, атап айтқанда, нитролак және нитрогрунт, майлы грунт (қабат) және майлы лактың жабысқақтығы жоғары болады. Ал әр текті құрамдар балауыз және май, майлы сыр мен желім грунті нашар ұстасады, көбінесе тез қабыршықтанып, түсіп қалады. Мұны лак-сыр жамылғылары құрамын іріктеу кезінде ескерген дұрыс.

Лак -сыр жамылғыларының қаттылығы дегеніміз оның басқа денеге (майыспайтын) серпімділігі, яғни жамылғының басқа заттар әсеріне қарсылық ету қасиеті болып табылады.

Суға төзімділігі - жамылғының бұйым бетін судан қорғау қабілеті, суға төзімді жамылғыларды ағаш бұйымдарын ылғалды жағдайда қолданғанда, олардың ылғал әсеріне төзімділігін арттыру үшін пайдаланады. Лак - сыржамылғылары жылуға төзімді болуы тиіс, демек күн сәулесі немесе басқа да жылу көздері қыздырған кезде ерімей, бүлінбей берік сақталуы керек. Бұдан басқа олар иілімді болуы тиіс, өйткені атмосфералық жағдайлар өзгерген кезде, олар кеуіп немесе ісінеді, соның нәтижесінде жамылғылар жарылып, қатпарланады немесе қабыршықтанып түсіп қалады.

4) Қорытынды нұсқау 5мин. Бүгінгі жасаған жұмыстарыңды өте жақсы деп бағалаймын. Балалар енді үйге тапсырма алыңдар. Үйге тапсырма ағашты лактап, әрлеп келесіңдер. Ал енді жұмыс жасаған орнымызды жинаймыз.

III Рефлекциялық бөлім

Балалар ағаш өңдеу технологиясын меңгердіңдер. Құрал - саймандармен дұрыс жұмыс жасауға үйрендіңдер. Енді бүгінгі сабаққа талдау жасайық. Бояу деген не? Лак дегеніміз не? морилка дегеніміз не? Ол не үшін қолданылады?

© 2010-2022