Шеберлердің сиқырлы қаласы ашық сабақ

Мақсаты: оқушылардың әдеби шығармаларды оқуға құштарлығын арттыру, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту, біздің елімізде тұратын басқа да халықтардың бай мәдени мұрасымен таныстыру; білімнің атасы кітаптың халық қазынасы екендігін түсіндіру. Көрнекілігі: ұлы адамдардың кітап туралы нақыл сөздері, «Кітап – алтын қазына» кітап көрмесі. Барысы. «Шеберлердің сиқырлы қаласы» атты шығарманы оқу және талқылау. Кітапханашы:  Қуан кітап, қуанатын күн бүгін, Серпіп таста мұнды жүрек түн...
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтын тақырыбы: Шеберлердің сиқырлы қаласы

Мақсаты: оқушылардың әдеби шығармаларды оқуға құштарлығын арттыру, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту, біздің елімізде тұратын басқа да халықтардың бай мәдени мұрасымен таныстыру; білімнің атасы кітаптың халық қазынасы екендігін түсіндіру.

Көрнекілігі: ұлы адамдардың кітап туралы нақыл сөздері, «Кітап - алтын қазына» кітап көрмесі.

Барысы.

«Шеберлердің сиқырлы қаласы» атты шығарманы оқу және талқылау.

Кітапханашы:

Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұнды жүрек түндігін.

Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

Балалар! Сіздер «Шеберлердің сиқырлы қаласы» атты кітапты оқып таныстыңыздар. Кітап орыс және қазақ тілінде жарық көрген. Еңбексүйгіштікке тәрбилейтін бұл шығарма сіздерге ұнаған болар және де сіздер өздерінізге көп мағұлматтар алдыңыздар. Шығарманы оқу барысында біз ертегі кейіпкерімен бірге қызықты саяхатқа бірге шыға отырып қазақ және біздің елімізде тұратын басқа да халықтардың бай мәдени мұрасымен, халық ауыз шығармашылығымен, дәстүрімен танысамыз. Ал енді шығармамыздың кейбір сәттерін еске түсіріп көрейік.

Сұрақтар

  1. Шығарма қандай оқиғамен басталады?

  2. Мақалдың мағынасын түсіндір. «Ісмерге барша есік ашық»

  3. Саня мен Жәмила қандай кілем тауып алды? (Кілем-карта)

  4. Кілем бетіне салынған ою-өрнектердің бедерлері қалай аталады? (Ирексу,қырықмүйіз, тоғыз төбе, қайнар)

  5. Өте ежелгі өнер ою-өрнек туралы не білесіңдер?

  6. Ою-өрнек өнердің қай түріне жатады? (Бейнелеу өнері)

  7. Саня мен Жәмиланың жезтырнақ кемпірге қалай қонақ болғаны жөнінде әңгімелеп бер. Олар онда не үйренді? (Көрпеше тігуді)

  8. Құрақ құраудың ғажайыбы дегеніміз не?

  9. Көне дәуірде құрақ бұйымдарға қандай аиелі қасиеттер тән деп саналған?

  10. Қандай өрнектерді «тұмарша», «ботакөз» деп атайды?

  11. Үшінші оқиғада Сәния мен Жәмила кімдермен кездеседі?

  12. Өлеңде неше қонжықтар жайлы айтылады? (30 қонжық)

  13. Осы оқиға ішішдегі жұмбақтардың шешімін табыңыздар? (Орман жанында, төбе үстінде, үшеуі тұрады үй ішінде .........)

Онда бар үш орындық, үш тостаған, үш керует, үш жастық. Тапшы қане айтқызбай, жасырғаным қай қаһарман?

Ажырамас бес бауыр ағайынды,

Бәрі бірге болғанда шат-шадыман.

Олар жұмыс атқарады

Қаламұш, ара, қасық, балтамен.

  1. Бұл оқиғада балалар неге үйренеді?

  2. Алғашқы қасықтарды неден жасаған?

  3. Жону үшін және аяқ жасау үшін қандай ағаштарды пайдаланған?

  4. Мына мақалды түсіндір: «Көз қорқақ, қол батыр»

  5. Сәния мен Жәмила орман перісімен кездескен оқиғасында не білдіңдер?

  6. Сендердің арғы аталарың мен әжелерің кішкене бала болған шақтарда қандай ойыншықтармен ойнаған?

  7. Сәния мен Жәмила кім үшін мерекелік киім-кешек тігіп берді? (Мыстан кемпір үшін)

  8. «Кімге қарап қарсы алады» бөлімінде жаңадан не білдіңдер?

  9. «Сұқтанған жаман көздерден» сақтау үшін киім-кешекті не істеген?

  10. Біздің балаларымыз киім-кешекті қандай негізгі материалдардан тікті? (Тері, жүн, барқыт т.б)

  11. Жас бойжеткен қыздың, тұрмысқа щвғайын деп жүрген бойжеткеннің, тұрмыстағы келіншектің киім-кешектері туралы айтып бер.(Бөрік, көйлек, бешмет, кебіс, етік, сәукеле, шашбау, кимешек)

  12. Ал ер адамдар қалай киінген? (Шалбар, бешмет, саптама етік, қалпақ, бөрік, тымақ, щекпен)

  13. Келесі оқиғада Сәния мен Жәмила кімге көмектеседі? (Құмырысқаларға)

  14. Алдағы оқиғаларда балалар кіммен танысады? (Айдаһар, айдаһарша)

  15. Ежелде сабаннан не жасаған?

  16. Жай асқабақтан не жасауға болады?

  17. «Оригами» өнері туралы не білесіңдер?

  18. Жапондар қағазды қалай дайындайды?

  19. Бір оқиғаның ішінде Сәния мен Жәмила ұсақ моншақпен не кестеледі? (Тауды)

  20. Маржанды неден жасайды? Маржан ең әуелі қайда пайда болды?

  21. Бұл кітапта балалар тағы да не жасауды үйренді? (Батпырауық)

  22. Бұл бір тағдырлық дүние! КІмде-кім онда тым болмаса екі күн тұрып көрген болса біледі. Оның ішінде аптаптың өзінде қоңыр салқын, ал кенеттен сыртта жазғы нөсер төгіп топандатып жатқанда жылы көрпе үстінде отырып жұпар иісті шайды ақырын ұрттап ішкен қандай жанға жайлы! Әңгіме не жайлы айтылып жатыр? (Киіз үй)

  23. Киіз үйдін бөлшектері жайлы айт. (Кереге,уық,шаңырық,түндік)

  24. Сәния мен Жәмиланың оқиғалары немен аяқталды?

Кітапханашы: Балалар!

Міне, бүгін сабағымыз да аяқталуға жақын қалды. Осы ертегі арқасында сендер еөп нәрсе үйрендіңдер деп сенемін. Сендердің дәл қазіргі сәттегі басты міндеттердің- дені сау, көңіл-күйі жақсы және әр нәрсеге зер салып, көңіл қоя білетін қабілетті болып өсу. Лайықты азамат болып өсу үшін сендерге әлі көп оқып үйрену керек. Ендеше бұл істегі сендердің негізгі көмекшілерің әрі неғыз достарың кітапта болып табылады.

Кітап - адам баласның ақыл - ойынан туған, байлық сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын білім және тәрбие беретін құрал.

Кітап-сенің ақылшың, досың, сырласың. Білімді кітаптан үйренсің.

Кітап-атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Кітап оқу-рухани байлық. Кітап-жан серігің, кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды оқып білеміз. Сондықтан біз кітапты қадірлейік, сақтайық, жансерігімізге айналдырайық.

3-сынып оқушыларымен «Шеберлердің сиқырлы қаласы» атты шығарманы оқу және талқылау барысында ерекше көзге түсіп ьелсенділік танытқан оқушыларымызға «Ең үздік оқырман» алғыс хатын табыстаймыз.



© 2010-2022