Сабақтың тақырыбы: Қағаздан жасаған бұйымдар Технология пәні

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

абақтың тақырыбы: Қағаздан балық жасау
Сабақтың мақсаты:

Балық туралы жалпы мәлімет бере отырып, жапсыру жұмыстарына икем - дағдыларын ұштау.

Сабақтың міндеті:

Білімділігі: Олардың ойлау қабілетін жетілдіру және сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін, ой - қиялдарын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қағазбен, желіммен жұмыс жасағанда ұқыпты болуға, берілген тапсырманы ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, түсіндіру, көрсету, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекілігі: Балық түрлері, ойынға керекті балық суретінің құрастырмалы түрлері т.б

Сабақтың пән аралық байланысы: Дүниетану

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

1.Балалар, қане бәріміз ортаға жиналып, шеңбер бойына тұрып, әдемі қоршаған ортамен содан соң бір - бірімізбен амандасайық.
Амандасу рәсімі:

- Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы күн апайлар!

  1. Топқа бөлу

Сынып оқушылыларын туған күндеріне қарай топқа бөлу.

I топ Жаз және қыс айларында туылғандар.

II топ Көктем және күз айларында туылғандар.
II Өткен сабақты қайталау:«Қағаздан гүл жапсырмалау»

III Жаңа сабақ

Ой шақыру

Тақтадан балық суретінің бір мүшесі көрсетіледі.

-Суретке не жетіспей тұр?

-Балалар бұл ненің суреті деп ойлайсыңдар?

-Балық .

Ендеше бүгінгі сабағымыз балық туралы болмақ яғни «Қағаздан балық жасау»

Б.Б әдісі (Плакатпен жұмыс) бағалау

Білемін

Білдім

I топ Балық дегеніміз не?

II топ Балық туралы не білесіңдер?

Балықтар жайлы әңгімелеу(Мұғалім)
Балықтар - ең көп тараған омыртқалы жануарлар. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз, шеміршекті, және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек арқылы балықтарға суда араласқан оттегі түседі. Жануарлар мен жәндіктержерде және суда тіршілік етіп көбейсе, балықтар тек суда ғана тіршілік етіп көбейеді.

Балықтар туралы мақал - мәтелдер айтып өту
1 Балық іздесең көлге бар,
Береке іздесең елге бар.
2 Балық суында - патша,
Жігіт елінде - патша.
3 Балық жеген ет сұрамайды.
4 Балықшы балықшыны алыстан таниды

IV Сарамандық жұмыс

Қағаздан балық жасау.( Жұмыстарды бағалап отыру)

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Алтын балық ертегісін білеміз бе?

Сергіту сәтін жасау

Суда балық жүзіп жүр,

Бір-біріне еріп жүр

Қармағының жоғына

Бәрі бір - бірдей сеніп жүр.

V Сабақты бекіту:

Балық аулау ойыны

Сұрақтары:

  1. Балықтар қайда мекендейді?
    2. Балықтар неше топқа бөлінеді?
    3. Балықтардың қандай пайдасы бар?
    4. Балықтар туралы қандай мақал білесіңдер?

  2. Балықтан қандай тағамдар әзірленеді?

  3. Балықтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
    Балалар сұрақтарға барынша толық жауап береді. ( Ұтымды жауап берген топты бағалау)

VI Сабақты қорытындылау

Кері байланыс орнату.

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Не қызық болды?

  • Алтын балыққа тілектерін жазу.

VII Бағалау

VIII Үйге тапсырма Қағаздан балық жасау жұмысын аяқтау

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық бас киімдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ұлттық бса киімдер туралы мағлұмат беру, киілу ерекшелігі

және тігілу тәсілдері туралы түсіндіру.

Тәрбиелігі: Ұлттық киімдерді құрметтей білуге және сәндік қолданбалы

өнердің талаптарына сай әсемдей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Бас киімдерге қолданылатын ою-өрнектер түрімен

таныстыра отырып, оқушылардың ой-өрісін, қызығу-

шылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, буклет.

Пән аралық байланыс: Тарих, сызу, геометрия.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен сәлемдесу.

Б) Сынып оқушыларын түгелдеу, жоқ оқушыларды белгілеу.

В) Оқушылар құрал-жабдықтарын, жұмыс киімдерін тексеру және сабаққа

дайындығын бақылау.

Г) Сынып тазалығына, мүлкіне назар аудару.

Д) Үй таспырмасына дайындалып отыруын ескерту.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Алдыңғы аптада «Тігіс түрлері, тігін машинасында иненің орналасуы »

тақырыбында сабақ өткен болатынбыз. Сол тақырып бойынша сұрақтар

қойып, оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын бақылау.

Қойылатын сұрақтар :

  1. Тігін машинасына отырмас бұрын қандай ережелерді білу керек?

  2. Қандай тігіс түрлерін білесің?

  3. Екі бөлшектің оң бетін беттестіріп, теріс жағынан тігу қандай тігіс деп аталады?

  4. Ине номерінің ерекшелігі , матаға қалай таңдау керек?

  5. Үстіңгі жіптің тартылуын қалай реттейді?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қазақ халқы ұлттық өнерді ерекше құрметтеп келген. Соның ішінде ұлттық киімдерін ерекше қастерлеп, аялап, ұрпақтан- ұрпаққа мұра ғып қалдырып отырған. Әр ұлттың өзіне тән өнері, ұлттық киімі, салт- дәстүрі болады. Қазақ халқының өнері, ұлттық киімі, салт-дәстүрі басқа ұлттармен салыстырғанда ерекше. Ата-бабаларымыз бұны дәлелдеп келді.

Жалпы ұлттық киімдер әйелдер және ерлер киімі деп екі топқа бөлінген.

Қолдануына қарай тұрмыстық, күнделікті, салтанатты кештерге киілетін деп бөлінді. Қазақ халқы бас киімді үнемі қолданып келді.

Ата-бабаларымыз, әжелеріміз бас киімсіз жүрмеген. Қазақта әйел болсын, ер адам болсын бас киіммен жүрген.Тіпті балаларына дейін тақия кигізіп, үкі тағып қоятын болған. Жалаң бас жүрмеудің эстетикалық, экологиялық негіздері бар. Денсаулық үшін маңызы зор болды. Қыста үскірік аяздан, жазда аптап ыстықта күн өткізбейтін бас киімдер киген.

Қыздар мен келіншектердің бас киімі немесе әжелердің бас киімі арасында

айтарлықтай айырмашылықтар кездеседі.

Бас киімге мал терісі мен аң терісін, елтіріні пайдаланып келді.Әр түрлі ұлттық ою-өрнектерді, әр түрлі әшекейлік заттарды қолданып келді. Әшекейді- түсіре білу де үлкен өнер болған.Көбінесе бас киімдерге жапсырмалы түрде жылтыраған маталар (парча) қолданған.Сонымен қатар кестелеп немесе моншақтармен де безендіруге болады.Ою дайындаудың орындалу технологиясы дұрыс болмаса, жұмыстың сапасы төмендейді.Бас киім тігу үшін қолданылатын мата түрлері: пүліш, драп, парча, терілер т.б

Енді бас киім түрлеріне тоқталсақ:

Бөрік- жеңіл, жылы, киіп жүруге ыңғайлы. Бөрікті - жылдың қоңыр салқын аумалы-төкпелі кезеңдері көктем мен күзде киген. Қымбат маталардан тіккен Түрлері: «сусар бөрік », «құндыз бөрік», «кәмшат бөрік»

Қалпақ - тек ерлер киетін бас киім. Оны көбінесе киізден тіккен. Қалпақтың екі түрі бар: ақ қалпақ және айыр қалпақ.

Қасаба - қазақ әйелдерінің бас киімі.Желке жағы төмен қарай түсірілген тақия тәріздес. Желкені жауып тұрады. Парчамен әдіптеледі.

Кимешек - қазақ әйелдерінің бас киімі. Ол көбінессе ақ матадан тігіледі. Кимешек басты , мойынды, кеудені, иық пен жауырынды жауып тұрады. Өңірге, жауырынға түсіп тұратын бөлігін күндік деп атайды. Кимешекті алуан түрлі ою-өрнектермен кестелеп, алтын, күміс тастармен сәндеген.

Сәукеле - қазақ әйелдерінің бас киімінің арасындағы ең көріктісі. Ол -қалыңдық киімі . Екі бөліктен тұрады: басқа киетін бөлігі астар салынып, сырылған, 25 см конус тәрізді , жоғары жағына сәукеле орнатылады. Асыл маталардан тігіледі. Асыл тастар, зер жіптермен сәнделелді. Екі жағына ұзындығы белге дейін жететін құлақбау орнатылып, олар да түрлі тастармен күміс әшекеймен безендіріледі.

Қыздар тақиясы - қымбат маталардан тігіледі. Түсі камзолға сәйкес болу керек. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс парчамен оюланады.

Тақия- ерлер де, әйелдер де киетін жеңіл бас киім.Оның биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі түрлері бар.

Тымақ - ер адамдардың қыстық бас киімдерінің бірі. Ол өте ыңғайлы және жылы. Көбіне құндыз, бұлғын, қасқыр, қарсақ, сусар, түлкі, суыр т.б аңдар терісінен, қозы мен лақтың елтірісінен тігіледі.

ІҮ. Сарамандық жұмыс.

Бас киім түрлерін көрсете отырып, әр бас киімге талдау жасау. Сырт көрінісіне қарап сипаттама беру.Әр оқушы әр түрлі бас киім сызбасын сызып, мата түрлерін қолдана отырып, апликация жасау.

Тақия

Бөрік

Сәукеле

Ү. Сабақты бекіту, қорытындылау .

Оқушылардың жұмысын тексеріп, білімдерін салымтырмалы түрде бағалау.

Ерекше жасалған жұмыстарды атап өту. Бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтар қою.

  1. Бас киімнің қазіргі кездегі ролі?

  2. Бас киім түрлерін ата?

  3. Бас киімге қолданылатын ою-өрнектер?

ҮІ. Үйге тапсырма

  1. Бас киім түрлерін сызып апликация жасау.

  2. Бас киімдер туралы оқу.

Түйіндеме

Аты - жөні:Асхат Салтанат

Туған жылы: 05.01.1976

Білімі: Жоғары .Қазақ Қыздар Педагогикалық Институты. 1999ж

Мамандығы: Еңбек пәнінің мұғалімі

Еңбек өтілі: 15 жыл

Санаты:15

Қазір қай сыныптарға қандай пәннен сабақ береді: 5, 6,7,8,9 -сыныптарға сабақ беремін .



© 2010-2022