Урок на тему: Бедер сызықтарын құрастыру

  Бағдарлама жоспары:        Иық бұйымдарын құрастыруда негізгі                                                            сызықты  құру.   Сабақтың тақырыбы:   Бедер сызықтарын  құрастыру.   Сабақтың мақсаты:   Білімділік    Қазіргі заман талабына сай жаңа технология                        жетістіктерін қолдана отырып, бедер сызбасының                         құрастыру әдістерін  үйрету.   Дамытушылық   Оқушылардың теориялық алған білімдерін іс                                 тәжірибелік  т...
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысының басқармасы

№ 3 Кәсіптік лицей.



Бекітемін

Директордың ӨОЖ

Орынбасары О.Н.Донскова



Өндірістік сабақтың әдістемелік әзірлемесі



Тақырып: Иық бұйымдарын құрастыруда

негізгі сызықты құру.

Сабақтың тақырыбы: Бедер сызықтарын

құрастыру





Әзірлеген: Өндірістік оқыту шебері

Имангалиева М.Б.



Орал 2012

Бағдарлама жоспары: Иық бұйымдарын құрастыруда негізгі

сызықты құру.

Сабақтың тақырыбы: Бедер сызықтарын құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Қазіргі заман талабына сай жаңа технология

жетістіктерін қолдана отырып, бедер сызбасының

құрастыру әдістерін үйрету.

Дамытушылық Оқушылардың теориялық алған білімдерін іс

тәжірибелік тұрғыда жүзеге асырып, ойлау, есте

сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, шыдамдылыққа топпен

бірге жұмыстанып, бір бірін сыйласуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың техникалық жабдықталуы: АҚТ Оқушылардың жеке

құралдары, шеберхана жабдықтары.

Көрнекіліктер: Слайдттар, нұсқау карталары. Сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Құрастыру, Технология, Мататану



Сабақтың барысы.



І. Ұйымдастыру бөлімі 3 - 5мин.

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ Кіріспе бөлім.

Өткен сабақтарды қайталау

1. «Белгілерді орындарына орналастыру» (слайд)

2. Батырмалардың астындағы жасырын сұрақтарға жауап беру.

1. Артқы бойдың бел бүкпесінің орнын қандай формуламен табасың?

2. Долихоморфты типті ата

3. Алдыңғы бойдың мойын ойындысының тереңдігі.

4. Алдыңғы бой енінің формуласы

5. Қолтық ойындысының ені

6. Бел бүкпелерінің суммасын қалай табасың

7. Бел сызық деңгейінің формуласын тап

8. Сг2 өлшемі

9. Артқы бой мойын ойындысы енінің формуласы

10. Қолтық ойындысындағы П3 көмекші нүктесін қалай табасың?

11. Артқы бойдағы П1 иық нүктесін қандай формуламен табасың?

12. Мықын сызығының бойы

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

Бедер сызықтарын құрастыру.

Бедер қиықтарымен өңделген әр түрлі модельдер суреті (слайд)

Бедер қиықтарын кез келген модельдерде кездестіруге болады. Бедер қиықтары тұлғаның қынамалығын көрсетеді және адам тұлғасының кемшіліктерін жасыруға мүмкіндік береді (мысалы: қысқа бойлы адамдардың денесін ұзартып, иықты тұлғаның иығын кішірейтіп, бел сызығын айқындап көрсетуге болады, кеуде бездерінің үлкендігін де жасыруға болады.) Сонымен қатар бедер қиықтары тек конструктивті емес, декоративтік тігіс ретінде де қолданылады (мысалы: бедер қиықтары әр түрлі фигуралы пішімде болады, оны өңдеу барысында, тігіс ортасына ызбалар, желбіршектер, жиектер қосып немесе тігіс үстінен жүргізілген безендіргіш жіптермен өңдейді).

Бедер тігісі бүкпенің орнына өңделеді, кеуде мен бел бүкпелерін қосып әрі қарай етегі тік немесе етек кеңдігіне байланысты сызылады (көбіне қынамалы және жартылай қынамалы бұйымдарда кездеседі). Сондықтанда, бірінші бүкпенің орнын көшіріп, бедер қиықтарының жаңа орнын табады. Бүкпенің ені (тереңдігі) қайда көшірсе де өзгермейді және бүкпенің немесе бедер қиығының бағыты кейде бездерінің ұшына келу керек.

Бүкпелерді көшірудің 3 әдісі бар. (слайд)

  1. Графикалық әдіс - алдыңғы бой мен артқы бойдың сызбасынан, циркульдің көмегімен доға жүргізіп, кеуде бүкпесін көшіру (иық қиығына, қолтық ойындысына, бүйір қиығына, орта қиығына).

  2. Үлгілеу әдісі - алдыңғы бой мен артқы бойдың көмекші лекалосына бүкпенің жаңа орнын белгілеп, қияды. Иықтан түскен бүпелерді жабады (жаңадан қиылған бүкпе ашылады).

  3. Үлгіні бұру әдісі - бұл әдіс пішушілердің базалық лекалосымен жұмыс істегенде қолданылады. Үлгіні матаға бастыру. Бүкпенің жаңа орнын белгілеу. Үлгіні бұрып, иықтан түскен бүкпені жабу (кеуде ұшын орны өзгермеу керек) бастырып сызу.

Бедер қиығының кеуде бүкпесімен қиылысу жерін анықтаудың 3 тәсілі бар:

  1. Бедер қиығы кеуденің бездерінің шығыңқы нүктелері арқылы жүреді немесе 2 см жеткізбеуге болады

  2. Бедер қиығы кеуде бездерінің шығыңқы нүктелеріне 3 см жеткізбейді, бірақ жеткізбеген жерін ылғалдық жылулық жұмысын жүргізеді.

  3. Бедер қиығын кеуде бездерінің шығыңқы нүктесіне 3 см артық жеткізбеуге болады, жеткізбеген арақашықтықты бүкпемен немесе бүкпесінмен өңделеді.

Оқушыларға бүкпелердің көшіру 3 әдісін көсету. 1. Графикалық әдісте: плакатка сызылған алдыңғы бой мен артқы бойдың негізгі сызбасына бүкпені көшіріп, бедер қиығын сызып көрсету.

2. Үлгілеу әдісінде: бүкпені көшіріп, бедер қиығының орнын анықтап, үлгіні қиып көрсету.

3. Үлгіні бұру әдісінде: тақтаға үлгіні бастырып, үлгіні бұрып жаңа бүкпенің орнын сызып көрсету.

Жаңа сабақты бекіту

Сұрақтарға жауап беру. (слайд)

  1. Бедер қиықтары не үшін керек?

  2. Бүкпелерді көшірудің неше әдісін білесің?

  3. Циркульдің көмегімен қандай әдісті орындайды?

  4. Үлгіні қиып, бүкпені көшіру қандай әдіс?

  5. Үлгіні қимай матаға сызып, бүкпені көшіру қандай әдіс?

Трек сызба: «Қате бүкпені тап». (слайд)



  • Оқушыларжаңа сабақ бойынша кімнің қандай сұрақтары бар?.......... Егер бәрі түсінікті болса, онда плакаттарымызды алып, өз өлшемдеріңе алдыңғы бой мен артқы бойдың негізгі сызбасын құрастырамыз және сол сызбаға графикалық әдіспен қолтық ойындысынан шыққан бедер қиығын құрастырамыз. Бірақ жұмысымызға кіріспестен бұрын қауіпсіздік ережелерді қайталап жіберейік.

  • Оқушылар бір бірден тұрып жұмыс барысында кездесетін қауіпсіздік ережелерін қайталайды.

ІІІ Ағымды нұсқау.

Оқушылар өз беттерімен жұмыстарын орындайды. Шебердің түсіндіргені бойынша плакатқа өздерінің өлшемдері бойынша алдыңғы мен артқы бойдың негізгі сызбаларын сызып, графикалық әдіспен қолтық ойындысынан шыққан бедер қиығын сызады.

Өндірістік сабағы барысында: Сызбалардың орындалу әдісін нұсқау карталарының көмегімен дұрыс орындалуын қадағалау. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау. Түсінбеген жерлерінде, көрсетіп, түсіндіру.

ІV. Қорытынды нұсқау.

  1. Оқушылардың жақсы жұмыстарын айтып көрсету.

  2. Жіберген қателерді сипаттап, олардың орын алу себебіне тоқталып өту.

  3. Бағаларын жариялау.

  4. Шеберхананы жинастыру.







Бағдарлама жоспары: Иық бұйымдарын құрастыруда негізгі

сызықты құру.

Сабақтың тақырыбы: Бедер сызықтарын құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазіргі заман талабына сай жаңа технология жетістіктерін

қолдана отырып, бедер сызбасының құрастыру әдістерін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың теориялық алған білімдерін іс тәжірибелік

тұрғыда жүзеге асырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, шыдамдылыққа топпен

бірге жұмыстанып, бір бірін сыйласуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың техникалық жабдықталуы: АҚТ Оқушылардың жеке

құралдары, шеберхана жабдықтары.

Көрнекіліктер: Слайдттар, нұсқау карталары, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Құрастыру, Технология, Мататану

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі 3 - 5мин.

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ Кіріспе бөлім.

Өткен сабақтарды қайталау

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау: Бедер сызықтарын құрастыру.

Бедер қиықтарының суреттерін көрсетіп, (слайд) бұйымдарда қолданылуы және безендірілуі туралы шағын мағлұмат.

Бүкпелерді көшірудің 3 тәсілін түсіндіріп, көрсету (слайд)

Бедер қиығының кеуде бүкпесімен қиылысу жерін анықтаудың 3 тәсілі түсіндіру

Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақтарға жауап беру. (слайд)

ІІІ. Ағымды нұсқау.

Оқушылар өз беттерімен жұмыстарын орындайды. Шебердің түсіндіргені бойынша плакатқа өздерінің өлшемдері бойынша алдыңғы мен артқы бойдың негізгі сызбаларын сызып, графикалық әдіспен қолтық ойындысынан шыққан бедер қиығын сызады.

Өндірістік сабағы барысында: Сызбалардың орындалу әдісін нұсқау карталарының көмегімен дұрыс орындалуын қадағалау. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау. Түсінбеген жерлерінде, көрсетіп, түсіндіру.

ІV. Қорытынды нұсқау. 1. Оқушылардың жақсы жұмыстарын айтып көрсету.

2. Жіберген қателерді сипаттап, олардың орын алу себебіне тоқталып өту. 3. Бағаларын жариялау. 4. Шеберхананы жинастыру.

Графикалық әдіспен қолтық ойындысынан шыққан

бедер қиығын құрастыру нұсқау картасы.

Орындалу жолы

Сызбасы

1.

Жаңа бүкпенің орнын белгілеу

Урок на тему: Бедер сызықтарын құрастыру

2.

Жаңа белгіленген белгімен иықтан түскен бүкпенің арақашықтығына доға жүргізу

3.

Иықтан түскен бүкпенің арақашықтығын өлшеп, жаңадан белгіленген нүктеден ішіне қарата өлшеп белгілеу (Қалған жоғарғы доғалардың бүкпе арақашықтықтарын да өлшеп, қолтық ойындысының ішіне қарата өлшеп белгілеу)

4.

А4 нүктесінен иық енін сызу. (доға бойымен)

5.

Доға бойындағы нүктелерді қосып қолтық ойындысын шығару.

6.

Қолтық ойындысынан шыққан бүкпенің ұшын бел бүкпесімен қосып, бедер қиығын шығару (кеуде бездерінің шығыңқы нүктесінен бедер қиығы доғал болу керек.)

7.

Артқы бойда да жаңа бүкпенің орнын белгілеп, иық бүкпесімен қиылысу жерін табу, сол қиылысу жерінен жаңа бүкпе мен иық бүкпесінің арақашықтығына доға жүргізу

8.

Доғаның бойымен иық бүкпесінің енін өлшеп, жаңа бүкпеге көшіру. Иық бүкпесін жабу. Бүкпе тереңдігі анықталған соң, жаңа бүкпеден бел бүкпесінің аралығына бедер қиығын жүргізу. Бедердің екі жақ қиығының ұзындықтары бірдей болу қажет.






© 2010-2022