Урок по технологии на тему Қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын дайындау

. Оқушылардың теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрету. Ұлттық тағамдарды өз қолдарымен дайындап, қонақ күте білу дәстүрін, әдет салттан хабардар етіп, оны өмірде сақтай білуге баулу. Ұлттық дәстүрге тәрбиелеу. Бірінші сөз оқылады. Мысалы, шаңырақ, кереге, білезік, шолпы, домбыра, сырнай, уық, адырна, сақина. Өткен сабақты пысықтау. Өткен сабақты пысықтау. Табақта да төрт түлік малдың қиық макеті ілінулі тұр.Төрт түлік малдың иесі: қой иесі - Шопан ата, ешкі иесі - Секен ата, ...
Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын дайындау.

Тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын дайындау
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрету;
2. Ұлттық тағамдарды өз қолдарымен дайындап, қонақ күте білу дәстүрін, әдет салттан хабардар етіп, оны өмірде сақтай білуге баулу.
3. Ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Құрал жабдықтар: төрт түлік малдың макеті, қой етінің мүшелері(сурет), ыдыс аяқ.
Сабақ барысы.
l. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін сергіту жаттығуы.
Бірінші сөз оқылады. Мысалы, шаңырақ, кереге, білезік, шолпы, домбыра, сырнай, уық, адырна, сақина.
1. Осы сөздерді неше топқа бөле аласыздар.
2. Соңғы сөзді ата.
3. Оқыған сөздерден киіз үй сүйектерін атаңдар.

2. Өткен сабақты пысықтау. Өткен сабақты пысықтау. Өткен сабақта ет және балық тағамдарының құндылығына тоқтағанбыз. Енді оқушылардың еттің құндылығына жинастырған мағлұматтарын тыңдайық.

3. Бүгінгі сабақта қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын дайындау, әдет - ғұрыпқа байланысты табақ тарту жолдарын үйренеміз.
Табақта да төрт түлік малдың қиық макеті ілінулі тұр.
Төрт түлік малдың иесі: қой иесі - Шопан ата, ешкі иесі - Секен ата, сиыр иесі Зеңгі баба, Жылқы иесі - Қамбар ата, түйе иесі - Ойсыл қара.
Енді төрт түлік малдың ішінен қой етін жіліктеуді үйренейік, қой еті 12 мүшеге бөлінеді.
Қол мүшелері: жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік.
Сан мүшелері: бел омыртқа, сүбе, қабырға, бұғана, мойын, төс.

4. Табақ тарту жолдары.
Қазақ халқының қонақтарға тартатын табақтарының түрлері көп:
1. Бас табақ (сыйлы қарттарға, аса қадірлі қонақтарға тартылады), оған салынатын кәделі мүшелер: бас, жамбас, ортан жілік, белдеме, сүбе қабырға, жылқыдан - қазы-қарта, жал - жая.
2. Жай табақ - ортан жілік, жауырын, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа салынады.
3. Жастар табағы кәделі жілігі - төс және асықты жілік. Осы табақтардың тартылу жолдарын көрсету (муляж арқылы).

5. Төрт түлік малға және тағамға байланысты мақал - мәтел айту және мағынасын түсіндіру.
Мысалы. Қой семірсе - құт.
Ақ серке қой бастайды, ақын жігіт той бастайды.
Түйеде жоқ ерлік арыстанда болады.
Ер атымен, құс қанатымен.
Ет етке, сорпа бетке.
Қыс айында тұмаумен жиі ауырамыз, құрт қосылған сорпа ішсең бойың сергіп, қуат аласың. Ас - адамның арқауы, деп тегін айтылмаған.

6. Енді балалар, төрт түлікке сын көзбен қарайтын болсақ, не айтуға болады?
(Оқушының жауабы)!
Төрт түлік мал өнімдері
Киім - кешек, жүн, көрпе, киіз, сүт, ірімшік, құрт, қаймақ, қымыз - шұбат, айран, қуырдақ, ет, орама, дәмді тағамдар.
Ет тағамдарының ішінен қуырдаққа тоқталайық:
Қуырдақ таза еттен, өкпе - бауырдан, ішек - қарыннан дайындалады.
Қуырдақ дайындау технологиясы
Сиыр етінің қуырдағы.
Нұсқау картасы.
1. Қажетті ыдыстар: қазан, пышақ, тақтай, кәкпір.
2. Азық - түліктер: сиыр еті, 2 бас пияз, 1ас қазық тұз, бұрыш, күнбағыс майы.
3. Дайындау реті: етті турау, майды қыздыру, пиязды турау, майға қуыру, дәмтатым
заттарды қосу, әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарқанға әкелу.
Сабақты мұғалім қорытындылайды.



© 2010-2022