Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға қамзол және оның түрлері жайлы мағұлмат беру, қамзолдың шығу тарихымен, қамзолға қажет мата түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, қызығушылықтарын, эстетикалық талғамын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыра отырып, шыдамдылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интеракативті тақтамен жұмыс (слайдтар, жұмбақтар, тест сұрақтары), тақтамен жұмыс.

Пән аралық байланыс: Тарих, сызу, бейнелеу өнері.

Сабақтың құрылымы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі-2 мин.

  2. Өткен сабақты қайталау-5мин.

  3. Жаңа сабақ-10мин.

  4. Сарамандық жұмыс-17 мин.

  5. Сабақты бекіту-5 мин.

  6. Қорытындылау-3 мин.

  7. Үйге тапсырма, бағалау-3 мин

Сабақ барысы:

  1. Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Сыныпта бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? (Оқушыларды түгендеу).

  2. Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге берген тапсырмаларын сұрау, тексеру.

  3. Оқушылар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол». Сабағымыздың мақсаты: қамзол және оның түрлері, қамзолдың шығу тарихы , қамзолға қажет мата түрлерімен танысу.

Қамзол (камзол)- әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Қамзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды. Қамзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астарлан тұрады. Қамзолдық астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылады. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына қамзолдың алдына зергерлер әшекейлен жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қапсырма қадалады. Қамзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді. Қыздар мен жас келіншектер киетін қамзол өте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан көз алар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіп тағып қояды. Қазіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүліштен сәндеп тіккен қамзол шығаратын болды.


Қамзол

Астарлы Жеңсіз Жеңіл жаздық киім

Жасауға қажетті маталар жеткілікті


Әдемі дизайн

Қамзол Берік, әрі төзімді

Жас ерекшелігіне сай Жасалу сапалы



  1. Қамзолға қажет мата түрлері

Барқыт Пүліш Мақпал

Мата (лат. текстиле - мата, материя) - химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.

Барқыт - бет жағы тығыз түкті, жұмсақ мақпал мата. Жіңішке жолақтарының арасы тақырланып келген түрін шибарқыт деп атайды. Түгі қалың болып, жолағы жуан келсе жуан шилі барқыт деп аталады.

Мақпал - жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: қара мақпал - қара барқыт; қой мақпал - түкті пүліш; қырмызы мақпал - қызыл күрең барқыт. Қазақ халқы мақпал деп көбіне бір тегіс, түгі тықыр әрі түсі қара барқытты атаған. Мақпалдан бешпет, қамзол, кәзекей, тақия, қасаба, бөрік, т.б. ұлттық киім түрлері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (тұскиіздер, төсек жапқыш, т.б.) тігіледі.

Қамзолдың түйме орнына қапсырманы пайдаланады. Қамзолға астарлық үшін атлас матасын қолданады.



  1. - Жалпы, бүгін біз сіздермен қазақтың ұлттық киімі-қамзол және оның түрлері, шығу тарихы, қамзолға қажет мата түрлерімен таныстық.

  2. Сабағымызды қорытындылай келе, мен сіздерге бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын.

  1. Қамзол нешінші ғасырда кең тарады?

  2. Бет жағы тығыз түкті жұмсақ мақта матаны атаңыз?

  3. Қамзолда түйме орнына қолданатын затты атаңыз?

  4. Қамзолды қандай маталардан тігеді?

  5. Қазақ халқының ұлттық киімін атаңыз?



  1. Үйге тапсырма: сөзжұмбақ, реферат дайындап келу.





© 2010-2022