5 сынып сабак жоспары Ыстык сусындар

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

06.10.15ж

Технология пәні.5 «а»сынып

Сабақтың тақырыбы: Ыстық сусындар шай дайындау технологиясы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ыстық сусындар туралы кең ауқымда мағлұмат беру.Шай туралы түсінік беру,жасу жолдарын түсіндіру.
Тәрбиелілік: қонақжайлылыққа, сыпайылылыққа, инабатты болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: шәй, кофе, какао дайындау қымыз емдік қасиетінің технологиясын меңгерту, шығармашылық ізденістерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Көрнекілігі: технологиялық карта, суреттер, ыдыс - аяқ түрлері

Күтілетін нәтиже

Ыстық сусын және салқын сусын түрлерін білетін болады.

Ыстық сусындарды өздері дайындап үйренеді.

Ұйымдасқан түрде жұмыс жасайды


Барысы:
І.Қызығушылығын ояту:оқушылармен
сәлемдесу, түгендеу
2. Үй жұмысы:
«Бутерброд»плакат арқылы әңгімелеу .

ІІ. Мағынаны тану:

«Адам өмір сүру үшін 7 түрлі нәрсе керек: отын, күріш, май, шай, тұз, сүт және бидай» деген сөз бекерге айтылмаған.


Сусындар 2 түрге бөлінеді.
Ыстық сусындармен салқын сусындар нелер жатады ? Ассоциация жасау.

Әйгілі аңыздар да бір күндері әйгілі Үнді ханшайымы сәжде ету кезінде ұйықтап қалған. Ұйқыдан оянған соң ханшайым ызаға булығып, өз кірпіктерін қырқып тастаған. Сол кірпіктері түскен жерден шай бұтақтары шыққан. Шәй бұтағының жапырағынан сергектік шайын дайындайтын болыпты деген аңыз бар.Шайдың Отаны Үндістан мен Қытай елдері шай алқаптары коп орналасқан Осы күні Индияда 7000 астам шәй алқаптары бар.

17 ғасырда пайда болды. Одан әрі Англияға апарылды. Шәй Қытай елінде сүйікті сусынға айналды.

Қазір шәй өнімдері де Қазақстанда да өндіріле бастады.

Тақтамен жұмыс :

Технологиялық карта: Шай дайындау
Шай құрамында нелер бар?

Кофеин - Сергектік, тітіркендіргіштік
Иленгіш зат - Тұтқырлық дәм береді
Эфир майы - хош иісті, дезинфекциялық және антисептикалық қосылыс
Пектин - Асқорытудағы ауытқуларды ретке келтіреді
Кофе туралы түсінік
«Түн секілді - қара, от секілді - ыстық, періште секілді - таза, махаббат сүйіспеншілігіндей - тәтті».
Бұл - кофе. Ол түрлі тарихи, сиқырға толы. Кофе мен тәттілер қосындысынан негізгі кофеин құрылады.
Тарихта Шығыста қонақтарға шыныаяқ кофе ұсынып, былай деген: "Сен 10 сағат бойы мамық жастықта ұйықтағандай және 40 сарбазды қарусыздандыратындай сезінесің....". Қазір бұл шындыққа айналды. Мықты дәм мен физикалық және психологиялық белсенділік береді.
Кофенің түрлері
1. Дәндә
2. Түйіршікті
3. Ерігіш

КАКАО (шоколад ағашы), мәңгі жасыл теоброма тегі. Американың тропикалық ормандарында өседі. Дән құрамында алкалоид теобромин, медецинада қолданады, сонымен 50% май бар.
Оларды какао майын алу үшін қолданады (кондитерлік заттар шығаруға, дәрілік свеча жасауға, маз, ерін далабы), шоколад және какао ұнтағын жасайды

Салқын сусындар туралы айту:Қымыз,шұбат,шырын қасеттерін айту.

Сарамандық жұмыс: «Шай дайындау»

Қауіпсіздік ережесі еске түсіру.

-Шайнектен су құйғанда,кесені толтырмау керек.

-Қайнаған суды шүберекпен абайлап ұстау.

-Тағамды тазалықпен әзірлеу керек

-Жұмыс орнын таза ұстау.

Технологиялық картамен жұмыс.

Топпен жұмыс. «Шай дайындау»

«Қонақтарды шайға шақыру» қонақ кәде .


Толғаныс:

Ия-жоқ» ойыны.(5мин) Сынып оқушыларына мұғалім бір бағалау.

немесе сұрақ жасырады.Мысалы:

·Шайды ыстық күйінде ішеміз бе?«ия-жоқ»

·Бұл сусынды өздерің дайындай аласыңдарма?«ия-жоқ»

·Шайға сүт құямыз ба?«ия-жоқ»

·Шайды кесемен ішеміз бе? «ия-жоқ»

·Ыстық сусын дайындаған кезде сақталатын қауіпсіздік түрлерін атай аласың ба? «ия-жоқ»

·Осы ыстық сусындар дастархан басына үш мезгіл келе ме?«ия-жоқ»

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына тек «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді.(5мин)Жылы-шырай таныту.(Мадақтау,смайликпен бармақпен)

Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с.

·Жаңадан не білдіңдер?

·Не үйрендіңдер?


Үй жұмысы: Ыстық сусындар мен салқын сусындар реферат жазу;
Үйде өз отбасына шәй демдеп беру.





© 2010-2022