Табиғи материалдардан аппликация жасау

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғи материалдардан аппликация жасау. (Еркін тақырып) 4 сағат

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: білімгерлердің табиғи материалдар туралы ұғымдарын қалыптастыру, жасайтын бұйымдарын композиция арқылы құрастыруға баулу.

Дамытушылық: білімгерлердің іскерлігін, ойлау қабілетін,шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік:шеберлікке, тазалыққа, әсемдікті сезіне білуге тірбиелеу.Техникалық кауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі; аралас сабақ

Сабақтыңәдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұра-жуап,әңгімелеу,жаттықтыру,ізденушілік, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: үлгілер, дәнді дақылдардан (күріш,макарон) көкеністерден жасалған кестелер,дайын жасалған жұмыстар.

Сабақтың формасы: жеке,дара жұмыс.

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Бейнелеу өнері, математика, әдебиет, тіршіліктану.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақтың материалын түсіндіру.

Білімгерлердің жаңа сабаққа дайындығын тексерілгеннен кейін өткен сабаққа қайталау жүргізіледі.Жаңа сабақтың мақсаты, міндеттері айтылып, тапсырманың жасалу жолдары түсіндіріледі.

Табиғат- адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Адам жаратылысынан бері табиғатта кездесетін нәрселердің-ағаш, тас, құм, шөптер, бәрін өз керегіне жарата білген.

Табиғаттағы құбылыстарды халық әңгімелеріне, мақалдарына, ертегілеріне арқау етіп жырлай білген. Даладағы өсіп тұрған гүлден әсемдікті, жастықты, ұшып жүрген құстардан еркіндікті, тұрған жерден күштілікті сезіп, соларға теңеа отырған.

Адам өз жерінің қожасы. Сондықтан жердегі өсіп тұрған заттарды өз керегіне жарата отырып, одан әр түрлі бұйымдар жасаған.Табиғаттан керегіңді ала білу бар да,оны қайтару,яғни табиғатты аялай білу, сақтай білуді де ел ұмытпаған.Табиғат берген қазынаға ұқыпты қарап, үнемді пайдалана білсек, сонда ғана табиғаттың бізге берері көп. Табиғи материалдармен жұмыс білімгерлердің ой-өрісін дамытуға, әсемдікке және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді. Білімгерлер топпен серуенге шыққан кезінде жеріміздің табиғатына сүйсініп, оны мақтан тұтады.

Материалдармен жұмыс істеу барысында өсімдіктер әлемінен, табиғат туралы бірқатар мәліметтер беріледі.

1.Табиғи материалдар.

а) Табиғаттағы жалпақ материалдар жапырақ, гүл, ағаштың, пияздың қабығы, ағаштың қанатшалары, сабан, т.б.

Көлемді табиғи материалдар жүгерінің сабағы, емен жаңғағы, шырша бүршігі,жаңғақтың қабығы, түрлі жемістердің дәндері мен қабығы.

  1. Жануартекті заттар: сүйек, тері бөлшектері,мүйіз,тұяқ,құстардың қауырсыны, жұмыртқаның қабығы, жүн, т.б.

  2. Өлі табиғи материалдар: топырақ түрлері, құм, түсті майда тастар, т.б. Табиғатта өсіп тұрған нәрселерді қоғамда пайдалы еңбек ретінде көрсету үшін, біз солардан әр түрлі бұйымдар, жасамалар, сыйлықтар жасауға үйренуіміз керек.

Білімгерлердің сабаққа қызығушылығын арттыру үшін, табиғи материалды көрсете отырып, кестеде жазылған атауларымен салыстырамыз.

Білімгерлерді табиғи материалдармен таныстырып болғаннан кейін, жасайтын бұйымдары туралы түсіндіреміз.

ІІІ. Сарамандық жұмыс ұйымдастыру.

а) Білімгерлерге жалпы тапсырма беру, өздері дайындаған жобалық суреттер бойынша эскизге орналастыру.

б) Пайдаланылатын құрал-жабдықтардың қауіпсіздік ережесін ескерту.

в) Білімгерлер өз орындарында өзіндік жұмыстарын жалғастырады.

Бүгінгі жасалатын бұйым еркін тақырыпқа композиция құрастыру.Өздеріңнің бұрынғы әдебиеттерден оқыған мысалдар мен ертегілер, жырлар, балаларға арналған әңгімелерді естеріңе түсіре отырып, тыңдаған тақырыпқа байланысты алдарыңдағы бар материалдарды пайдаланып, композиция құрастырыңдар.

Мысалы, «Шопан», «Ормандағы екеу», «Аңшы», «Жарыс», «Балық аулау», «Домбырашы», «Көлдегі тырналар», «Қарға мен түлкі».

Өздері таңдап алған тақырып бойынша жасамаларды құрастыру қалай іске асады?

Алдымен сендер тақырыпқа байланысты қағаз бетіне эскиз жасайсыздар. Ондағы кейіпкерлер кімдер, олардың денесін қандай материалдармен жасау керектігін қағаз бетіне жобалап карандашпен белгілеп аласыңдар.Жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асу керек.

Қағазға эскизді орындап болғаннан кейін, жасалатын денелерді реттеп алу керек.Оған жапсырлатын детальдарды, формасын, тақтайшаға орналасатын жерлердегі арнаулы аспаптармен тесіп алдын-ала дайындаған дұрыс.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Табиғи материалдардың басқа материалдардан айырмашылығы неде?

  2. Табиғи материалдарды бір-біріне бекіту үшін не қолданамыз?

  3. Табиғи материалдарды ұзақ сақтауға бола ма? Ол үшін не істеу керек?

Сұрақтарды қою арқылы білімгерлердің жаңа сабақты түсінгенін білгеннен кейін, өздік жұмыс жасауына рұқсат беріледі.Өздік жұмыс кезінде мұғалім білімгерлердің жұмысын қадағалайды.Кемшіліктері болса, көмектеседі.

Қорытынды.

Табиғи материалдарды осы айтылған құралдар мен өңдеп, бұйымдар жасағанда оқушылардың эстетикалық талғамын, кеңістіктегі түрлі құбылыстарға деген көзқарастарын дамытып, жұмысқа қызығушылығын арттырып, табиғи материалдардың түрлі ерекшеліктерін білдіру көзделуі керек.Олар үлкендігі, пішіні, түсі, қаттылығы, өңдеуге болатындығы, т.б.Оқушылар осы ерекшеліктерді түсініп, өзі жасайтын бұйымдарына түрлі табиғи материалды тиімді қолданып үйренеді.Табиғи материалдардың құсқа, түрлі жануарға, адамға ұқсастығын түсініп, көптеген қиыстырмалар құрастырылады.Сөйтіп, жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді. Бұйымдарды жеке немесе топтасып ұжым болып жасауға болады.

Жұмысты аяқтаған соң баға қойылады.

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасауТабиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасауТабиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау

Табиғи материалдардан аппликация жасау


© 2010-2022