Презентация по техналогию на тему Жібек және жүн маталардан жасалған бұйымдарды күту

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қыз еркем, кестесімен көркем»

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.

Дамытушылықтың мақсаты: кесте тігісінің орындалу әдіс-тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: қолөнерімізді үйрету арқылы атадан қалған салт дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас.

Сабақтың түрі: сарамандық.

Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, нұсқау картасы, айқас кестенің дайын фото суреттерінен слайд.

Қажетті құрал- жабдықтар: ине , қайшы, кергіш, түрлі түсті жіптер, нұсқау картасы.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесі, түгендеу ,сабаққа назарын аударып, топқа бөліп, сабаққа дайндығын қадағалау.

ІІ Жаңа сабақ

І топ: Кесте дегеніміз не ?

ІІ топ: Кестенің қандай түрлерін білесіздер

ІІІ топ: Айқас кесте туралы не білесіңдер?

Кестелеу өнері- өте ертеден келе жатқан халық өнері. Өнер- таусылмас қазына,жұтамас байлық,-дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен,көркемдік мән-мағынасымен,шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы,соның бірі- кестелеу өнері.

Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының (ұлттық киімдері, бас киімдері,неше түрлі кәдесыйлық заттарды,қол орамалдар,т.б)бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Бұл кестелеудің де бірнеше түрлері болады. Олар өз мақсаттарына қарай орындалу тәсілдері де болады. Мысалы айтар болмақ, жіппен бейнелеу изонить кестесі сәнді картиналар тоқу үшін, айқас кесте дастарқан орамал шеттерін, картиналар тоқу үшін, шым кесте киімдерді көрпе,жастықтар,дастарқан тоқу үшін т.б.қажет.

Айқас кесте-инемен тигетін кесте. Бұл кестенің ең көп тараған түрі. Өрнек ізімен біркелкі төртбұрышты етіп,бір жіптің үстінен екінші бір жіпті айқыш түрінде тігіп отыру қажет. Онымен шаршы орамалдардың шеттерін әшекейлейді. Сонымен қатар түрлі бейнедегі картиналар да тоқуға болады. Бұл кестені Жетісудің оңтүстігінде орыс кесте деп те атайды

Айқас тігудің күрделі түрлері қосбасарлап, бесбасарлап тігу түрлері де бар. Қосбасарлап тігу- ол қосу түрінде бірінші жіпті көлденең алып, екінші жіпті тік шаншиды. Сонымен қатар орындалу техникасында да ерекшеліктері бар. Ал матаның теріс бетіндегі жіп шалынып отырады. Оны кестенің айшық мәнісіндегі көркем тігістерге қолданады. Үшбасарлап тігу (үш басып тігу)- оны алғашқы жіптерді көбейту амалының белгісі түрінде Х етіп алады да, соңғы үшінші жіпті тігіске қолданады. Төртбасарлап, бесбасарлап тігу үшбасарлап тігудің күрделі түрі. Х (крест) тігісінің үстінен басып тігеді. Ол екі түрлі жіппен айшықтап тігетін көркем тігістер болып табылады.

Айқас кестесінің, сонымен қатар, тігілу техникасының да ерекшелігіне қарай бірнеше техникасы бар.

а ) матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру;

ә ) матаның теріс жағынан көлденең тігіс түсіру;

б ) көлбеу айқас тігіс;

\ х х

\ х х

\ х х

\ х х

\ х х

а ) ә ) б )

ІІІ Сарамандық жұмыс

Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауыпсіздік ережелері еске түсіріледі. Сонан соң айқас кестесінің тігілу техникасымен танысады. Енді мата, түрлі түсті жіптер, қайшы , ине , кергіш, нұсқау картасы қажет.

Сергіту сәні

3 топқа үш түрлі тапсырма беріледі.

І топ. Ребус шешу ( Бақыт кілті- еңбекте)

ІІ топ. Мақал-мәтелдердің орнын табу

  1. Жеті рет өлшеп......................( бір рет піш)

  2. Көз қорқақ ...........................( қол батыр)

  3. Өнер көзі...........................(халықтар)

  4. Қыз еркем........................( кестесімен көркем)

  5. Кестенің сыры ...................(түрінде)

Кілемнің сыры .........................( түгінде)

  1. Ата көрген .......................( оқ жонар)

Шеше көрген..........................(тон пішер)

ІІІ топ. «Өнерлі қол» деген сөзге теңеу сөздерден сызба жасау.

Өнерлі қол Он саусағы майысқан

Бармағынан бал тамған

Көзбен көргенді қолмен жаса

Шебердің қолы ортақ

Өнерлінің өрісі кең

Өнерлінің қолы алтын

ІҮ Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақты қалай түсінгендерін 3 топқа сұрақтар қою арқылы қорытындылау.

І топқа

1) Бүгін біз қандай кесте түрімен таныстық?

2) Айқас кесте дегеніміз не?

ІІ топқа:

  1. Айқас кестенің қандай түрлері бар?

  2. Орыс кесте дегеніміз не?

ІІІ топқа:

  1. Айқас кесте қандай бұйымдарға тігіледі?

  2. Айқас кестенің тігілу техникасына қарай неше ерекшелігі бар?

Ү Бағалау.

3 топ бір-бірлерінің жасаған өз жұмыстары мен сабаққа қатысуын, өз білімдерін өздері бағалайды.

ҮІ Үйге тапсырма: бастаған жұмыстарын аяқтап келу.


© 2010-2022