Урок на тему Болашақ мамандық (9 сынып)

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Болашақ мамандық

Сыныбы: 9

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру;

Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, СТО, психологиялық жаттығу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд

Пәнаралық байланыс: тарих, психология, география, әдебиет

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Тамақ өнеркәсібі салаларын атаңдар.

  2. Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады?

  3. Сауда саласындағы мамандықтарды ата.

4. Ауыл шаруашылығы салаларын атаңдар.

5. Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығына байланысты қандай мамандықтарды білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кім болам?

Ақын болсам, тіл керек.

Шешен болсам, шеберлік керек.

Ғалым болсам, ой керек,

Маман болсам, білік керек.

Палуан болсам, білек керек,

Бәріне негіз болар білім керек.

Топпен жұмыс: плакатка салып, қорғау.

1-топ. Мен таңдайтын мамандық.

2-топ. Қай мамандық түрі осы заман талабына сай.

3-топ. Мамандықтардың ерекшеліктері.

Тігінші тапсырмасы: Суреттегі заттардың атын жаз.

Урок на тему Болашақ мамандық (9 сынып)

БУрок на тему Болашақ мамандық (9 сынып)Урок на тему Болашақ мамандық (9 сынып)Урок на тему Болашақ мамандық (9 сынып)Урок на тему Болашақ мамандық (9 сынып)ұрғы, сүргі, қайрақ

Тапсырма:

«Доп плюс мамандық немесе кім көбірек мамандықты атайды?»

Барлық оқушылар орнындарына тұрады. Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы мамандықтарды атайды.

Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды және қолда үш секундтан аса ұстамау керек.

Музыкант тапсырмасы: Кімге не керек екенін табыңдар.

Урок на тему Болашақ мамандық (9 сынып)

Урок на тему Болашақ мамандық (9 сынып)

Тапсырма: Сиқырлы кестедегі суреттердің жауабын табыңдар?

Урок на тему Болашақ мамандық (9 сынып)

Тапсырма: Оқушыларға нұсқау беріледі, берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.

Ең ақшасы көп - ......... (бухгалтер, экономист).

Ең жасыл - ......... (эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).

Ең тәтті - ........ (аспазшы, кондитер).

Ең күлкілі - ....... (клоун, карикатурашы).

Ең жауапты - ....... (сот, бухгалтер).

Ең салмақты - ........ (мұғалім, заңгер).

Ең қарым - қатынасы күшті - ........ (бизнесмен).

Тапсырма:

«Мамандық туралы диалог» - «Иә, бірақ та ...».

Оқушылар жұпқа бөлінеді. Жұптар ойыншылардың біріне болашақта алғысы келетін мамандығын талдап, ойластырады. Бұл жерде ойыншының міндеті өз қалауын негіздеу. Диалог «Иә, бірақ та ...» принципі бойынша құрылады.

1-ші «Маған ұнайтын мамандық ...., себебі ...».

2-ші «Иә, бірақ та ...».

Оқушылардың таңдаған мамандығының оған сәйкес келетіндігін аргументті түрде дәлелдей алдыма? Содан соң рөлдермен алмасады. Талдау. Құрылған диалог туралы пікір-талас, өз ойларын, не сезінгендерін жеткізу.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту (рефлексия). INSERT картасы

Сіздер бүгінгі сабақта белсенді болдыңыздар. Мен сіздерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр. Сабақ несімен қызықты болды?

Сабақтан не үйрендім?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?


Бүгінгі сабақта болашақ мамандықтар туралы көп білетіңіздерді байқадым. Барлықтарыңыз сабаққа белсене қатысып отырдыңыздар.

Ү. Сабақты қорыту.

Ж.Аймауытов "Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе" деген сөзімен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

ҮІ. Үйге тапсырма. § 46 оқу. Конспект жазу.

ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беруіне қарай білімдерін бағалау.





© 2010-2022