Презентация по технологию на тему Тұқымдарды себу және түптеу әдісті

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Тұқымдарды себу және түптеу әдісті

Сабақтың мақсаты: тұқымды себу,түптеу әдісімен таныстыру. Білімділік: оқушыларға тамыр бөлігінің құрылысын, алып жатқан орнын маңызын түсіндіру; әр бөліктің атқаратын қызметімен таныстыру. Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; қзіндік жұмыс дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа татулыққа, ерінбей еңбек етуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ өткізу әдістері: -түсіндіру, сұрақ-жауап, сызба белгілермен жұмыс

Қажетті құрал-жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, тақырыптық суреттер, «Тамырдың бөлімдері» сызба нұсқасы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Амандусу, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.

-Құралдарын көзден өткізу

-Сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушыларға сұрақтар қою:

- Мүше дегеніміз не?

-Өсімдіктің өсімді мүшелерін атаң?

-Тамыр өсімдіктің қандай мүшесі?

-Тамыр шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?

-Негізгі, қосалқы тамырлар қайдан дамиды?

-Жанама тамырлар қандай қызмет атқарады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты зерделеу:

Тамыр ұзындықтары, атқаратын қызметіне қарай: бөліну, сору, созылу, өткізгіш аймақтарына бөлінеді.Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады, жасушалары трі.Сыртқы қабат жасушалары шырышты зат бөледі.Ол тамыр ұшындағы нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды.Сору бөлімі -өсуден кейін орналасады, қалың түктері болмайды.Жас тамырға тірек қызмпетін атқарады. Өткізі бөлімі- су мен еріген қоректік заттарды тамырда жер үсті мүшелеріне өткәзеді. Тамыр түгі болмайды, жанама тамырлар дамиды. Көп өсімдіктер көшет арқылы отырғызылады.Отырғызар алдында шұңқырға тыңайтқыштар салады: қарашірік-0,5кг; суперфосфат-12-15г; аммиакты селитра 2-3 г; калий тұзы 2-3 г . Топырақты қатты тығыздап, суарған соң сабан аралас көңмен жабады. Сәбіз тұқымында эфир майы көп, ол ұрыққа тез жетуіне және тұқымының өнуіне кедергі келтіреді.Сондықтан сәбіздің тұқымын егу алдында бірнеше рет жылы суға жуып, одан ісініп бөрткенше ылғалдау керек. Әйтпесе топыраққа себілген өнім 15-20 күннен кейін ғана өніп шығады.Құрғақ тұқымды мата қапшыққа тқгіп, егерде 10-12 күн бұрын дымқыл, суық топыраққа күрек бойы тереңдікте көму керек. Егетін күні тұқымды топырақтан алып, құрғақ матаға жаяды. 20-25 мин құрғатады, содан соң еге бастайды.Топырақты өңдеуге сүдігер жырту, топырақты себер алдындағы өңдеу, сүру өңдеу жатады. Топырақты оңдеуге арамшөппен күресте жатады. Өңделген топырақ ылғалды жақсы сақтайды, тамырлардың өсіп-өнуіне, су мен ауаның өзара әресеттесуіне жағдай жасайды. I V. Өтілгенді бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

Деңгейлік сұрақтарға жауап жауап беру (А,В,С-деңгейлік тапсырмалар)

2. Дәптермен жұмыс

Кесте толтыру (32-бет «Тамыр бөлімдері»)

Зертханалық жұмыс №6

Тамыр бөліктерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарау.

V. Үйге тапсырма: 8-тақырып «Тамыр бөлімдерін» оқып келу.

VI. Бағалау.

VII. Жұмыс орнын ретке келтіру.



© 2010-2022