Бұйымды ағаш шеберлігімен әрлеу және әрлеу материалдары

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бұйымды ағаш шеберлігімен әрлеу және әрлеу материалдары

Технология пәні мұғалімі: Амирбеков Куатбек

Технология 9 - сынып

Сабақ тақырыбы: Бұйымды ағаш шеберлігімен әрлеу және әрлеу материалдары

Жалпы мақсат: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту операцияларымен таныстыру. Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.

Оқу нәтижесі: Оқушылар ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгеріп, икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастыра біледі.

Негізгі идеялар: Бірлескен жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.

Сабақта қолданыла -

тын материалдар: Пышақ, ағаш, сызғыш, қалам, лак, бояу түрлері, ағаш өңдейтін құралдар, ағаш өнімдерінің түрлері, сандық, есік түрлерінің суреттері:

Оқыту әдістері: Әңгімелесу, сұрақ - жауап және өз бетімен жұмыс істеу.

Дерек көздері: 1. Құрал - саймандар

2. Оқулық

3. Плакаттар

4. Сөзжұмбақтар

5. Ребус

Мұғалімнің іс - әрекеті

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Тренинг: «Жақсы лебіз» ойыны

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді. Екінші оқушы үшіншіге т. с. с

Сұраққа жауап алу

А) Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?

Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.

Б) Ағаштың текстурасы дегеніміз не?

В) Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?

Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:

1. Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;

2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;

3. Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;

4. Ағашты әрлеу кезінде арнайы маска кию керек

Жұмысқа дейін

1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, бас киім, жең қап)

2. Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер

3. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр.

4. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

Жұмыс кезінде

1. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын.

2. Нұсқау карта бойынша әр амалдары (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.

3. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.

4. Жұмыс кезінде алаңдама.

5. Құрал - сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін

1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.

2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды.

3. Өзіңді ретке келтір.

4. Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин)

Ағаш табиғаттың сыйы. Ағаш үш бөлікке бөлінеді: тамыры, діңі, ұшарбасы. Ағаш материалдары ағаш діңінен алынады. Тақтай бетінде сызықтар болады. Оларды текстура деп атайды. Текстура - ағашты тігінен тілгендегі жылдық сақиналардан пайда болған сызықтар. Ағаш текстуралары түссіз лакпен боялғанда бұйымға ерекше рең береді. Ағаш бұйымдарын әртүрлі түспен бояу әрлеу деп аталады. Әрлеу арқылы біз ағашты қоршаған ортаның зиянда әсерлерінен қорғаймыз. Осылайша ағаштан жасалған бұйымдар бізге ұзақ қызмет етеді.

Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді.

- Ағашты көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД - 120 м станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек.

Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.

Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі - келсап, аяқ - табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды әрлеу тәсілін меңгеру.

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.

- Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау.

- Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау.

- Өрнектерді кесу.

- Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау.

Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау.

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.

- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;

- бұйымдарды бояу, оған әр беру;

- боялған бұйымдарды тазалау, лактау

© 2010-2022