Айқас тігіс кестесін тігіп үйрену

Раздел Технология
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Айқас тігіс кестесін тігіп үйрену.

Мақсаты: Оқушыларға кесте туралы түсінік беру, кестенің түрлерімен таныстыра отырып, айқас кестесін тігуді үйрету. Есте сақтау қабілеттерін, қол икемін дамыту.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Көрнекілігі: кестеленген әр түрлі бұйымдар. Қажетті материалдар мен құралдар: селдір мата, мулине жібі, ине.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі. Айқас тігіс кестесі - орындалуы қарапайым әрі ең көп тараған кесте түрі. Оны селдір матаға түсірген дұрыс. Бұл кестені үйрену үшін тор көз дәптерге сатынған суретті пайдаланамыз. Содан кейін кесте жіптерінің түсін таңдаймыз.

Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Бірінші қатарды солдан оңға қарай жартылай айқастырып тігіп шығамыз. Ине ұшын қиғаштап, төмен қарай бағыттап ұстаймыз.

2. Одан кейін оңнан солға қарай кері бағытта қайталаймыз. Ине ұшын төменнен жоғарыға қарай ұстаймыз.

3. Келесі қатардың тігісін жүргізу үшін инені төмен қарай бұрамыз.

4. Кестелеуді осы реттілікпен жалғастырып, өзімізге керекті өлшемге дейін толтырамыз. 5. Соңғы төменгі қатарды толтырған соң, жоғарғы тігісті оңнан солға қарай айқастырып орындаймыз

Техника қауіпсіздігін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау. Кесте тігу ұнады ма? Кестелеуге қажетті жіптің түстерін қалай таңдаймыз? Кестелеуге неліктен селдір мата пайдаланамыз?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.



© 2010-2022