Коучинг Сыни ойландыру арқылы оқушылардың ашық, жоғары деңгейлі сұрақтар қою дағдысын дамыту

Раздел Технология
Класс -
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучингтің тақырыбы: Сыни ойландыру арқылы оқушылардың ашық, жоғары деңгейлі сұрақтар қою дағдысын дамыту. 90 мин

Мақсаты: Мұғалімдерді сыни ойландыру арқылы жоғарғы деңгейлі сұрақтар қою дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер ашық, жоғары деңгейлі сұрақтар қоя алады .Жоғары дәрежелі сұрақтар қою арқылы оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, ойлауға, ойларын қайта құруға үйренеді.

Дерек көздер: мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үлестірме материал

уақыты

Коучтың іс әрекеті

Мұғалімдердің іс-

әрекеті

ресурстар

1

3 мин

Сергіту сәті: «Бір аяқ жол» әдісін қолдану арқылы«Бойыңыздағы жаман қасиеттеріңізді сатып, жақсы қасиеттерді сатып алу»

Мұғалімдер екі жұп болып бір-біріне бір аяқ жолда қарама--қарсы тұрады.

Бойындағы жаман қасиеттерін сатып,жақсы қасиеттерін сатып алады

2

2 мин

Топқа бөлу

Мұғалімдерге алдын-ала ашық, жоғарғы деңгейлі сұрақтар мен жабық төмен деңгейлі сұрақтарға жауап беру арқылы екі топқа бөлінеді.

Мұғалімдер ашық және жабық сұрақтар бойынша екіге бөлінедіі.

стикер

3

Танысты

рылым

2 мин

Сыни ойландыру арқылы мұғалімдердің ашық,жоғары деңгейлі

сұрақ қою дағдысын дамыту.

АКТ

слайд

4

Көршің

мен

талқыла.

10 мин

Сурет көрсетілім.

«Қарттар үйі» «Жетім балалар үйі»

1. Үйсіз -күйсіз қалған адамдардың бұндай ғұмыр кешуіне кім кінәлі деп ойлайсыздар?Қоғам ба әлде адамдардың өзі ме?

2. Балалар үйінде өскен жастардың өмірінде қандай қиыншылықтар болады деп ойлайсыз?

Мұғалімдер суретке қарап отырып көршісімен бірге талқылап

ойланып,жауап береді.

Бейне

көрсетілім

А-4

парағы

5

Ой қозғау

«Ойлан

Жұптас

Бөліс»

10 мин

Мәтінмен танысып,төмендегі тапсыр-

маларды орында.

1.Топқа тапсырма: «Қартайса, қарт бабаңды сыйлай біл.Күндердің күні болғанда,кімдерде кімнің белі бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен. Өз ойларыңызды білдіріңіз.

2. топқа тапсырма«Анасы бала десе,баласы анам демеген»жастардың бұндай пиғылға баруын қалай түсінер едіңіз?

Мұғалімдер мәтінмен танысып ,ойланады,

жұпта талқылайды,

араларынан бір стикер шығып қорғап береді.

6

Эссе жазу

10 мин

«Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы»қысқа эссе жазу.

Мұғалімдер ойлана отырып эссе жазады

Эссені оқып береді.

А-4

парағы

7

Кері байланыс

2 мин

«Бутерброд»әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.

Мұғалімдер жақсы бір тілек, ұсыныс,тілек беру арқылы бірін-бірі бағалайды.

8

15 мин

«Бала мен алма» бейне фильм көрсету,

Алған әсерлерімен топта талқылауға ұсыну

Бұл бейнефильм мазмұнынан не бай-

қадыңыздар? Қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалімдер бейнефильмді көре отырып,өз ойларын

айтып, ой бөліседі.

Бейне

фильм

9

10 мин

Топтық жұмыс. «Бала мен алма»

бейнефильм мазмұнынан ашық сұрақтар дайындап , келесі топқа береді.

Сұрақтар құрайды,

жауап береді

А-4

парағы



10

10 мин

SWOT талдауы.

Өзіңізге SWOT талдау жасаңыз

Мықты,Әлсіз жақтарыңыз

Кедергілер. Алға қойған мақсатыңызға жету жолында кездесетін кедергілерді жеңу мүмкіндігіңіз.

-Қолыңыздан не келеді? Өзіңіздің мықты тұстарыңыз,бойыңыздағы жақсы қасиеттеріңіз.

--Әлсіз жақтарыңызға не жатқызар едіңіз?Неге?

--Күнделікті өмірде немесе жұмыста кездесетін кедергілер.

Ал қойған мақсатыңызға жету жолында кездесетін кедергілерді жеңу мүмкігіңіз

SWOT талдауының сіз үшін мәні неде?

Сізге неғұрлым көбірек не ұнады?

Мұғалімдер

SWOT талдауын жасау арқылы өз бойындағы жағымды, жағымсыз тұстарына сараптама береді.Мүмкіндіктері бағаланып,орын алатын кедергілері

туралы айтылады.

SWOT

талдауы

11

Фишбоунбалықтың сүлдесі

әдісі

10 мин

--Оқу үдерісінде кездесетін кедергі-

лер. Келешектегі өзгерістерді

жүзеге асыру жолында проблемалар,қиындықтар,қарсылық-

тар.

--Қиындықты проблеманы шешу жолдары.

Мұғалімдер біріге отырып,кездесетін кедергі мен оларды жою жолдарын анықтайды.

Балық

сүлде-

сі

12

10 мин

Кері байланыс жасау

2 жұлдыз, бір тілек

Өз ұсыныс пікірлерін стикерге жазып, жеміс ағашына жапсырады

стикерлер




























Коучингтің тақырыбы: Диалогтық оқыту арқылы мұғалімдерді сыни ойлауға дағдыландыру

Мақсаты: Мұғалімдерді диалогтық оқыту стратегиялары туралы мағлұмат беру.

Күтілетін нәтиже: мұғалімдер жаңа тәсілдердерді сабақта қалай қолдану керек екенін үйренеді. Диалогтың түрлерін таниды.Дерек көздер: мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар

Пайдаланатын құралдар: стикер, маркер,плакат, слайд, проектор

уақыты

Коучтың іс әрекеті

Мұғалімдердің іс әрекеті

ресурстар

1

3 мин

Топқа бөлу

Үш топқа бөлінеді

Сурет қимасы

2

7 мин

Күнделікті сабақты қалай жоспарлайсыздар?

Жаңа сабақ өтуде қандай жаңа әдістерді пайдаланасыздар және қай тәсілді оқушыларыңыз жетік меңгерген?

Диалог дегеніміз не?

Сіз өз сабағыңызда диалогты қолданасыз ба? Сабақтың қай кезеңінде қолданасыз?

Сабақ мақсатына жету үшін диалог ықпал ете алады ма?

Сұрақтарға жауап береді



3

20 мин



Тақырып бойынша слайд көрсету

Тапсырмамен жұмыс:

Сыныпта қолданылатын үш әңгіменің Джиксо әдісі бойынша үш топтың мәтінмен танысуы.

«Қонаққа бару» әдісі бойынша топтардың бір -бірімен білім алмасуы.

Тақырыппен танысады

Бірін- бірі оқытады

4

20 мин

Әр топ өздеріне берілген диалог түріне сәйкес көрініс көрсетеді.

Сергіту сәті

Диалог негізінде рольді сомдайды

5

10 мин

« Егіздер арасындағы диалог» бейне ролигін көрсету

-Бұл бейне роликті не үшін көрсеттім деп ойлайсыздар?

Егіздер арасында диалогтың қай түрі жүріп жатыр?

Оқушылардың ой әрекетінің жоғарғы деңгейге көтеруге диалогтың қай түрі ықпал ете алады?

Оқушылар арасында диалогтың қай түрін жиі орнатасыз?

Диалогтың қай түріне жататынын ажыратады

проектор

6

20 мин

Диалог әңгіменің үш тірі бойынша постер жасау.

Әр топ постерін қорғайды

плакат

7

10 мин

Кері байланыс жасау: шығыс парағын толтыру

Пікірін білдіреді

Түйінді идея: Диалогтың маңыздылығын ұғыну және тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту.

жұмыстыңтиімділігі

















© 2010-2022