Қысқа мерзімді сабақ жоспары Белдемшені үлгілеу

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО Ұлан ауданы

Мамай батыр ауылы

«М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ

Калиева Гаухар Картаевна

технология пәні мұғалімі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні

Технология

8-сынып

27.11.2015ж

Пән мұғалімі:

Калиева Гаухар Картаевна

Сабақ тақырыбы:

Белдемшелерді үлгілеу.

Жалпы мақсат:

Оқушылардың үлгілеу туралы білімін қалыптастыру, тік белдемше негізінде қарама-қарсы бүкпелі, қималы кокетка және бір бағыттағы бүкпелі тік белдемшелер құрылымын үлгілеуді үйрету.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Үлгілеу туралы мағлұмат алады, тік белдемше негізінде қарама-қарсы бүкпелі, қималы кокетка және бір бағыттағы бүкпелі тік белдемшелер құрылымын үлгілейді.

Сабақта қолданылатын материалдар, құралдар:

Электронды оқулық 8 сынып технология, үлестірме карточка, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, шаблон, бағдаршам, кесте, стикер, ноутбук

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, БББ кестесі, Блум таксономиясы, оқыту үшін бағалау, диалогтік оқыту, деңгейлік тапсырмалар

Дерек көздері:

Электорнды оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар, слайд

Сабақтың өтілетін уақыты:

45 минут

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру: оқушыларды топқа бөлу, мақсат қою

2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

3. Рефлексия

4. Үйге тапсырма

Тапсырмалар:

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(психологиялық тренинг)

Топқа бөлемін Топ ережесін еске түсіру.

сурет қималарын біріктіру арқылы топқа бөлінеді. Топ ережесін еске түсіреді.

Үй тапсырмасын сұрау

Графикалық диктант алу. Әр топқа бағалау парағын таратамын.

Графикалық диктантты орындайды,

бірін-бірі сағат тілімен жұмыстарын ауыстырып тексереді, бағалау критерийі арқылы бағалайды.

Білу

БББ кестесін толтырғызу.

ЖИГСО тәсілімен мәтінді оқу, талдау, айту.

Модельдеу - таңдап алған қалыпқа сәйкес пішін сызбаларын өзгерту үдерісі. Бұл - сәні мен қиюы жаңа киімді құрастырудың шығармашылық процесі. Модельдеудің бірнеше түрлері бар.

1.Көркем модельдеу - модельдердің жиынтығын құру, бұл жерде киімнің сәні мен стилін ескеруі керек, онымен суретші-сәнгер айналысады.

2.Техникалық модельдеу - эскиздер, суреттер бойынша сызбалар мен пішіндерді жасау, онымен сәнгер-құрастырушылар айналысады.

Киімді дайындау және үлгілеумен бірнеше кәсіптің мамандары айналысады. Олар:

Суретші - сәнгер - киімді үлгілейді. Мұндай жұмысты орындау үшін адамның дене пішінін, оның тепе-теңдіктерін, икемділігін білу қажет. Тігін ісінің технологиясын, сондай-ақ костюмнің құралу заңдылықтарын, тігіс, әрлеу сызықтарын түсіну керек.

Суретші - құрастырушы - сызбалар мен пішін бөліктерін дайындайды.

Тігін өндірісінің технологы - сызбаларға сәйкес киімді даярлау тізбектілігін әзірлейді.

Тігінші - тігін операцияларын орындайды.

Кез келген сәнгердің жұмысы: "кім үшін - не үшін - неден" деген формуладан басталады.

«Модель» - /model/ француз тілінен енген сөз, яғни - өзгерту.
Тұңғыш рет 1972 жылы қазақстандық сән өнерін шетелге паш еткен компанияның «Сымбат» деп аталған тұңғыш журналы - 1958 жылы, ал тұңғыш сән театры 1987 жылы ашылды.
Қазірде елімізді әлемге танытып жүрген атақты дизайнерлеріміз де жетерлік. Олардың ішінде Aida KaumeNOVA, Kuralai (Құралай Нұрқаділова), Айгүл Қасымова, LaRiya (Лария Жақамбаева), Salta (Салтанат Баймұхамедова) мен ZhaZira - ны ерекше атап өтуге болады.
Ал енді сол сән әлемінде жүретін сәнқойлармен таныса отырсақ,
Әлемдегі ең кәрі модельді білесіз бе?
Оның есімі - Кармен Делль Орефис, жасы 80 - де.
Әлемдегі ең жас модельдің жасы екіде Айре Браун - әлемдегі ең жас модель.
Әлемдегі ең үлкен көйлекті кәріс дизайнері, тігінші Ааму Сонг көпшілікке таныстырды. 550 метр матадан тігілген қызыл көйлек рекордты жаңартқан көрінеді. Көйлектің атын "REDDRESS" (қызыл көйлек), көйлектің түсіне байланысты. Хельсинки қаласында тігілген көйлек Лондон мен Нью - Йорктегі дизайн фестиваліне қарасты көрмелерде баршаға таныстырылды. Көйлектің "қалталарына" 238 адам отыра алады екен.

БББ кестесін толтырады.

Мәтінді оқиды, бір-бірімен талқылайды, баяндамашы келесі топқа түсіндіреді.

Топ қайтып келген баяндамашыға алдыңғы 2 топтың мәтін мазмұнын айтып түсіндіреді.

Әр топ бірін-бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

Сән туралы мағлұматты дәптерге жазады

Түсіну

Электронды оқулық бойынша модельдеу түрлерін көрсету.

Белдемшенің сынамалы етекті түрін үлгілеудің ретін көреді.

Қолдану

Берілген үлгілермен әр топ жұмыс жасайды.

Жеке жұмыс, деңгейлік тапсырма, өзара бағалайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәті

Сергіту сәтін жасату.

Сергіту сәтін жасайды.

Талдау

Әркім сұлбаға байланысты сурет салу.

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

Жинақтау

БББ кестесінің білдім бөлігін толтыртады.

Электронды оқулықпен жұмыс. Тест шешу.

БББ (үйрендім) бөлігін толтырады. Тест орындайды.

Бағалау

Берілген бағалау парағындағы топ ішіндегі оқушылардың бағаларын қорыту.Әр топқа критерийлер бойынша өздерін бағалату.

Бағалау парағындағы ұпайларын есептейді.

Қорыту

Рефлексия.

Ойларын жазады, гардеробқа іледі.

Үйге тапсырма

Белдемшенің сынамалы етекті түрін үлгілеу.

М1:1 сызба, тігінші боры, мата, ине, жіп,

қайшы, см.таспа түйреуіштер.

Күнделікке жазады.



© 2010-2022