Ағашты өңдеу ағаш бетіне белгі жасап ою-өрнек оймасын орындау

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы Ағашты өңдеу ағаш бетіне белгі жасап ою-өрнек оймасын орындау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағаш бетіне ою-өрнек оймасын жасаудағы еңбектің атқарлатын рөлін дамытуға жағдай жасау.

Дамытушылық: Токарьлық станокпен жұмыс істеу шеберлігін шыңдау арқылы өте күрделі емес бөлшектерді өңдетіп, бұйым жасауға қызығушылығын артыру.

Тәрбиелік: Жұмысты нақты орындап ,шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: Бейнелеу, Сызу, Тарих.

Сабақтың көрнектілігі: Суреттер,ағаштан жасалған бұйымдар,станок, технологиялық карта.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Техникалық қауіпсіздік ережесі.

3. Жаңа тақырып.

4. Сарамандық жұмыс.

5.Орынды жинастыру.

6. Қортынды.

I -бөлім. 7. Үйге тапсырма.

1. Ағаш токарьлық станогының негізгі бөліктерін еске түсіріп қайталап шығалық.

А. Станок маркасын ата?

Б. Ненің көмегімен станок қозғалысқа түседі?

В. Дайындама ненің көмегімен бекиді?

Г. Ағаш жонатын аспап атауы?

2. Ағаш токарь станогы техника қауіпсіздік ережесімен танысамыз.

Ағаш өңдейтін токарь станогымен жұмыс кезіндегі

қауіпіздік ережелері.

1. Жаңқаның ұшқаныннан көз жарақатыннан сақтану.

2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақатынан сақтану.

3. Дайындаманы стнокқа дұрыс бекітпеуден ж/е дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты блуынан сақтану.

Жұмысқа дейін:

1.Жұмыс киім, көзәинекті кию.

2. Станокты тексер ( берілістің қорғаныс бөліктерін, жермен жалғануын ).

3. Дайындаманы дұрыс бекітіп,көзі, жарығы болмауын қадағалап станокқа бекіту.

4. Станокты бос айналдырып көр.5. Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындама центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2-3мм болсын.

Жұмыс істегенде:

1. Станокты қосып,толық күшімен айналғасын, жұысты баста.

2. Пышақты дайындамаға күш салмай, аздап тос.

3. Жұмыс кезінде алаңдама

Ағашты өңдеу ағаш бетіне белгі жасап ою-өрнек оймасын орындауАғашты өңдеу ағаш бетіне белгі жасап ою-өрнек оймасын орындау

Біздің Қазақстанның алғашқы да атақты суретшіміз Әбілхан Қастеев «Өнерді қайдан үйрендің?» - деген сауалға: Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен, - деп жауап берген болатын. Сол сияқты «Апамның киізінен» деген сөзге зейін салып көрсек, ою-өрнекке қарап, оларды өзіміз бейнелеп біз де үлкен адам болатын шығармыз. Ол үшін (алдын ала бөліп отырғызылған) үш топқа бір мағыналы тапсырма беріледі.

4. Оқушылардың өзіндік жұмыстары: Алдарына берілген заттарды ою-өрнекпен әшекейлеулерін керек.

1 топқа - тақия

2 топқа - табақ (папье-маше)

3 топқа - кесе (папье-маше)

Әр топқа бірнеше композициялық шешімдер беріледі

5. Қорытынды: Жұмыстарын аяқтағаннан кейін әр топтан бір оқушы шығып жұмысын қорғайды.

Қорғағаннан кейін жұмыстары бағаланып, сабақ бекітіледі

2. Оқшылардың жасаған жұмыстарын бағалау.

Үйге тапсырма: Өз ойымен сәнді бұйым жасау.


© 2010-2022