Технология пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: Киім түрлері. Алжапқыш

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Қарасай ауданы

«Абай ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»КММ.

Технология пәнінің мұғалімі:Бектемисова Р.

Киім түрлері.Алжапқыш

Тақырыбы:Киім түрлері.АЛЖАПҚЫШ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың теориялық және сарамандық білімін қорытындылау.

Дамытушылық:Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығымен белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды эстетикалық талғамға,ұқыптылыққа,еңбексүй-гіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Сайыс сабақ.

Сабақтың түрі:Сарамандық және жинақтап қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,тест,сөзжұмбақ,плакат,дайын бұйымдар,на-қыл сөздер.

Қажетті құралдар:қарындаш,А-3,түрлі-түсті қағаз,қайшы,желім,бояу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (қызығушылықты ояту).

-Балалар сайысымыздың мақсаты «Талаппен бастап,талғаммен аяқта» ұранымен басталған жұмысымызды қорытындылау.Осыған байланысты сіздерге бірнеше тапсырма беріледі.

Сабақ өлең шумақтарын оқумен жалғастырылады.

Кел,балалар ойнайық,

Ойнайық та,ойлайық.

Қандай сұрақ болсада,

Шешпей оны қоймайық.

Ал ойыннан қалмайық,

Ойсыз мүлдем болмайық.

1-кезең.«Тобыңды тауып,таңдап ал» ойыны.

Мұнда екі топқа жұмбақ беріледі,сол жұмбақты шешіп,сол туралы біл-генін ортаға салады.

Тап,тап,тап жорға,

Табаны жоқ боз жорға,

Желіп кетсе жеткізбес,

Жерге түссе таптырмас.

(ине)

Екі пышақ бірлесіп,

Кесіп-пішіп береді.

Екеуі бірге жүрмесе,

Жоққой бізге керегі.

(қайшы)

2-кезең.Бой сергіту.Сөзжұмбақ.

1.Мата түрі?

2.Тігін машинасы?

3.Матаны қиятын құрал?

4.Мата түрі?

5.Кесетін құрал?

6.Ұлттық киім?

1.Тігін құралы?

2.Құстың жүнінен жасалатын үй жиһазы?

3.Мата қиындыларынан тігілетін бұйым?

4.Саусақтың басына киілетін темір қалпақ?

5.Жіңішке жылтыр көзі бар темір зат?

6.Ұлттық баскиім?

3-кезең. «Суретті билет» ойыны.

Топтағы оқушыларға киімдердің суреті таратылады.Киім түріне қарап әңгіме жазып оқиды.

4-кезең. «Кім жылдам?»тесті.

1.Матаның жібін ата.

а)негізгі жіп,жиек жіп; б)негізгі жіп,арқау жіп; в)алғашқы жіп;

2.Моншақпен кестелеуге бола ма?

а)болады; б)болмайды; в)білмеймін;

3.Қол тігістерін ата.

а)көктеу,көмкеру; б)ширату; в)түту;

4.Матаның неше жиегі болады?

а)4; б)2; в)1;

5.Тігін машинасының жобасын ең алғаш рет кім ойлап тапқан?

а)Иссак Зингер; б)Ален Уилсон; в)Леонардо да Винчи;

6.Киім пайдалануына қарай қалай бөлінеді?

а)тұрмыстық,өндірістік,формалық; б)аспаздық,санитарлық;

в)сәндік,спорттық,тұрмыстық;

7.Алжапқыш не үшін қажет?

а)сәндік үшін пайдаланылады; б)киімді ластанудан сақтайды;

в)үй жинағанда киеді;

8.Алжапқышты қандай матадан тіккен дұрыс?

а)жібектен; б)атластан; в)шыттан;

9.Өлшемді қалай алады?

а)алдынан; б)оң жақтан; в)сол жақтан;

10.Кергіш не үшін қажет?

а)киім тігу үшін; б)кесте тігу үшін;

5-кезең.Ойла,ойна.«Алжапқышты модельдеу»

Әр топ оқушылары алжапқыш үлгісін түрлі-түсті қағаздан жасап,әшекей-лейді.

6-кезең.«Адасқан құралдар» ойыны.

Ине сызады

Орындық кетіргіш құрал

Шыт өлшеуіш

Қайшы жазады

Үтік оқу құралы

См таспа мата

Сызғыш тігеді

Қарындаш ылғалды жылумен өңдейді

Кітап қияды

Өшіргіш отыратын зат.

7-кезең.«Мен-саған,сен-маған».

Екі топ бір-біріне екі сұрақтан қояды.

8-кезең.«Өлеңім-өнерім».

Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

Қорытындылау.Бүгінгі күнде еңбексіз тіршілік болмайды.

Сондықтан да еңбек бәрімізге керек.Қыз балалар үшін ине ұстап,мата қию,ою сызу,кесте тігу үлкен өнердің бірі.«Қол тігеді,көз сынайды»-деп қазақ халқы бекер айтпаған.

Осымен бүгінгі сайыс сабағымызды қорытындылап сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.Жеңіске жеткен топты анықтап марапаттаймыз.

© 2010-2022