Ойлы болсаң, озып көр

Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр Мақсаты: Білімділік:              Еңбекке баулу пәні бойынша білімдерін тексеру. Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін кеңейту, сөздік қорын молайтып, шапшаң                                   жауап беруге баулу, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта. Әдісі: Сұрақ – жауап. Түрі: сайыс. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың екі топқа бөлу. Топтарға аттар қою. І.топ - Тапқырлар ІІ.топ – Алғырлар. Бұл сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. 1 кезең. «Атымда менің сырым бар» (Таныстыру). 2 кезең. «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» (Сұрақтарға жауап беру). 3 кезең. «Мақалды жалғастыр» 4 кезең. «Менің қолөнерім» (Үй тапсырмасы). 5 кезең. «Ойлан, тап» (Сөз құрастыру).
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр

Мақсаты:

Білімділік: Еңбекке баулу пәні бойынша білімдерін тексеру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайтып, шапшаң

жауап беруге баулу, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Әдісі: Сұрақ - жауап.

Түрі: сайыс.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың екі топқа бөлу. Топтарға аттар қою.

І.топ - Тапқырлар

ІІ.топ - Алғырлар.

Бұл сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең. «Атымда менің сырым бар» (Таныстыру).

2 кезең. «Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы» (Сұрақтарға жауап беру).

3 кезең. «Мақалды жалғастыр»

4 кезең. «Менің қолөнерім» (Үй тапсырмасы).

5 кезең. «Ойлан, тап» (Сөз құрастыру).

Сайысымызды бастамас бұрын өнерді әділ бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1.

2.

3.

Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1 кезең «Атымда менің сырым бар» - Таныстыру.

І топ: Тапқырлар: Армысыздар «Алғырлар» бізден сәлем,

Танысын өздеріңді бүкіл әлем.

«Тапқырлар» топтың аты танысыңыз,

Сайысуға келдік біздер өздеріңмен.

Ұранымыз: Болашаққа бастаған,

Біз талапты жас ұлан.

ІІ топ: Алғырлар: Білімнің қаққан қанат биігіне,

Хош келдің сайысуға «Тапқырлар»

Өздеріңмен білімін жалғастырар

Біздің топтың аты «Алғырлар».

Ұранымыз: Жақсы оқып сабақты,

Үлгі болу жан-жақты.

2 - кезең: Байқалатын келді кез,

Білімнің шамасы.

Білімді мыңды жығады,

Жоқ оған ешкім таласы.

Интерактивті тақтадағы ұяшықтарды таңдап, берілген сұрақтарға жауап беру.

  1. 10 - ұпай Бөлшек дегеніміз не?

  2. 10 - ұпай Құрылым дегеніміз не?

  3. 10 - ұпай Қағаз дегеніміз не?

  1. 20 - ұпай Аппликация дегеніміз не?

  2. 20 - ұпай Мозайка дегеніміз не?

  3. 20 - ұпай Өзіне - өзі қызмет етуді қалай түсінесің?

  1. 30 - ұпай Мүсін дегеніміз не?

  2. 30 - ұпай Техникалық құрастыру дегеніміз не?

  3. 30 - ұпай Зергерлік өнер дегеніміз не?

3 - кезең. «Жалғасын тап» ойыны. Еңбек туралы берілген мақалды жалғасын табу керек.

  1. Еңбек ерлікке жеткізеді, 8. Үйренгенің өзіңе құт, (істегенің еліңе құт).

(Ерлік елдікке жеткізеді). 9. Еңбек етсең - (емерсің).

  1. Еңбек етсең ерінбей, 10. Еңбегі аздың (өнбегі аз).

(Тояды қарның тіленбей). 11. Еңбек етсең, (елге өкпелеме,)

  1. Бейнетің қатты болса, Егін екпесең, (жерге өкпелеме.)

(Татқаның тәтті болады). 12. Білім көп жерде - (өнер көп)

  1. Кім еңбек етсе - (сол тоқ). 13. Шебердің саусағы (алтын)

  2. Ердің атын (еңбек шығарады). 14. Ою ойғанның (ойы ұшқар)

  3. Еңбек түбі (береке). 15. Өнерді үйрен (де жирен).

  4. Еңбектің наны тәтті,

(Жалқаудың жаны тәтті).

4 - кезең. Еңбектеніп тынбаймын,

Өз ісімді қорғаймын.

Орындап үй жұмысын,

Қақтырам елдің таңдайын - «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз» дей келе 4 кезеңмімізде «Менің қолөнерім» атты үй тапсырмасы.

Әркім өз жасаған қолөнерімен таныстырады.

Яғни айтқанда қорғайды.

5 - кезең «Ойлан тап»

Экранда «Балапандар» сөзі шығады. 2 минут ішінде қай команда көпсөз жазады екен соны тамашалайық.

Қорытынды. Осымен «Ойлы болсаң, озып көр» атты сайысымыз мәреге жетті Жеңімпаз топты анықтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз (мұғалімдерге сөз беріледі).

Көгере бер, өсе бер,

Өмір жолы еңбекпенен шешілер.

Шыңға шығар шынар болып шынайы,

Кездеспесін ешқашанда кесірлер,

Барына риза болсын көрермендер,

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Байқауда білгенді де білмегенді,

Тағы да үйренеміз аман болсақ, деп сіздерге көп - көп рахметімізді айтамыз.



© 2010-2022