Жеміс жидектер композициясын жасау

Раздел Технология
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жеміс-жидектер композициясы»

Мақсаты: Оқушыларға жеміс-жидек композициясын жасауды үйрету.

Ой-өрісін кеңейту.қиялдай білуге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: әртүрлі жемістерден жасалған композиция.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен матадан жеміс-жидек композициясын жасап үйренеміз. Ол үшін қажетті материалдар мен құралдар: қызыл, жасыл түсті мата қиындысы, мақта, ине, жіп, қайшы дайындап алайық.

Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3. Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Алманың қалып үлгісі түсірілген қатты қағазды қызыл мата бетіне орналастырып,бірдей төрт бөлшек қиып аламыз.

2. Бөлшектерді бір-біріне ағылшын түйреуіштерімен жалғап, беттестірілген бөлшектерді матаның оң бетінен қиғаш тігіспен тігеміз. Тек алманың сабағы мен жапырағын тігуге және ішіне мақта толтыру үшін матаның кішкене бөлігін тікпей қалдырамыз.

3.Алманың ішін мақтамен толтырып, тігілмей қалған бөлігін қиғаш тігіспен тігеміз. Жасыл түсті матадан жапырағы мен сабағын дайындап, алманың жоғарғы бөлігіне бекітеміз. Техника қауіпсіздігін сақтау.

V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

VI.Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру. Матадан алмұрт пен банан жасап, композицияны толықтыр.



© 2010-2022