Ашық сабақ сәндік гүл 5-сынып

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сәндік гүл дақылдарын өсіру технологиялары

Сабақтың мақсаттары:

а)Білімділік мақсаты: бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.

ә)дамытушылық мақсаты: технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

б)тәрбиелік мақсаты: еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың түрі: Аралас сабақ(сарамандық және теориялық )

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп,олардың арнайы киіміне көңіл беру,құрал-жабдықтарды, жұмыс орнын дайындау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін тест арқылы тексеру, сұрақ арқылы жауап алу.

ІІІ.Жаңа сабақ.

«Гүл өсіру-өсімдік шаруашылығының бір саласы»

Құрметті оқушылар! Өсімдіктер әлемі-бізді қоршап тұрған жасыл әлем. Өсімдік - жер бетінің ажарын аша түсетін, сәнін келтіретін жасыл әлем. Адам ағзасына нәр беретін көзі де - өсімдік. Сонымен қатар, ұшқан құс, жүгірген аң мен адамға баспана да болады. Ұлы ойшыл Аристотель шәкірті Теофраст-өсімдік жайлы әлемнің негізін қалап оның дамуына үлкен үлес қосқан біздің заманымызға дейінгі 370-286ж.ж. өмір сүрген ғалым. Тірі ағзалардың тыныс алуын, қоректенуін қамтамасыз ететін де өсімдік. Шығыс даналықтарында адамға: шөлге құдық қазу, жолға ағаш егу, өзенге көпір салу сияқты 3 іс жасаудың сауабы бар. «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» деген нақылдан үлгі-өнеге алуға болады. «Өмірге қажет нәрсенің бәрін адам өсімдіктен алады, қала берді, адам-өсімдіктің тумасы» -деп ғалым П.С. Массагетов айрықша тоқталған. Халықтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Гүл-табиғаттың сұлулығы» деп жазды.

Ендеше, Жасыл желек-жердің сәні саялы,

Қамқор болсаң жапырағын жаяды,

Мейіріммен жылуын арна жүректің,

Соған қоса алақан керек аялы.

Р.Сәтімбеков

деп, өсімдік шаруашылығының бір саласы-гүл өсіру жайлы сайыс сағатын бастайық.

І кезең. «Сиқырлы сандықша» ойыны.

«Сиқырлы сандық ашылды, ішінен жұмбақ шашылды» деп сандықша ішінен әр топ бір жұмбақтан шешеді.

І топ. Жазда жайнайды.

Күзде жайрайды (ағаш жапырағы)

ІІ топ. Үйі де жоқ,

Күйі де жоқ.

Бірақ жауыннан да,

Дауылдан да

Қымсынбайды.

Ыстыққа да,

Суыққа да

Шын шыдайды

Шешуін айта ғой

Балалар білсін жайды. (өсімдіктер)

ІІІ топ. Тасты тесіп, күресіп,

Терең жайып тамырын.

Ақ күлгін шөп тұр өсіп,

Қарсы ап дәйім таң нұрын. (тау гүлі)

І топ. Тамыр туралы өз білімдерін ортаға салады.

Топырақ-жер қыртысының өсімдік пен жан-жануарлардың, организмдердің қарым-қатынасынан пайда боған үстіңгі қабаты. Топырақтың басты қасиеті-құнарлылығы. Гүлдердің топырақтан суды соруы тамыр арқылы жүзеге асады. Өте ұсақ жіңішке тамыр түктері топырақпен тығыз байланысқан. Тамыр осы түктері арқылы топырақтан суды және еріген заттарды сорады.

ІІ топ. Тыңайтқыш жайлы өз білімдерін ортаға салады.

Тыңайтқыш-топырақ құнарлылығын арттыру үшін топыраққа енгізілетін органикалық және минералдық заттар. Мәдени өсімдіктердің өнімін арттыруға тыңайтқыштың айрықша маңызы зор, өйткені ол өсімдікті қоректік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ІІІ топ. Сабақ жайлы өз білімдерін ортаға салады.

Сабақ-өсімдіктің жер үсті мүшесі. Бүршігі мен жапырағы бар жас сабақты өркен дейді. Халқымыздың «Өркенің өссін» деген алғысы да үбірлі-шүбірлі бол деген мағынаны білдіреді. Сабақ-өсімдіктің тірегі. Сабақ өткізгіштік қызмет атқарады. Органикалық және минералдық заттардың қозғалысы сабақ арқылы жүзеге асады. Сабағы өте қысқа, жуан өсімдіктер де кездеседі.

Жаңа сабақты бекіту

практикалық жұмыстар: жер учаскесіндегі күзгі жұмыстар көкөніс және сәндік гүлді өсімдіктерді
Оқушыларды бағалау:Жасаған бұйымдарына қарап,тиісті нұсқау беру,жауаптарын ескере отырып бағалау.

Үйге тапсырма:



© 2010-2022