Технология пәнінен Сегіз қырлы сұлулар сайыс сабағы

Раздел Технология
Класс 12 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: сегіз қырлы сұлулар

Мақсаты: технология пәні бойынша алған білімдерін насихаттау

1-ж. Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар ! Армысыздар қадірменді әділқазылар алқасы .

Болады қыздың аты затына сай,

Ниет етсең болуға өнерге бай.

Артық емес үйрен де жирен деген,

Бос қалып, бұл өмірде жүрмесін жай.

Сайысымыздың мақсаты - қаракөз арулардың жүрегінде бұрынғы өткен ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды ұялатумен қатар, дәстүрлі өнерге баулып және де осы сайыскер арулардың арасынан өнерлі өрендерімізді аңықтау.

2-ж. Жүргізушілермен таныс болыңыздар

Ару аты затына сай қашан да,

Өзгелерге қол болар әманда

Бас иеді сіздер үшін халайық,

Айдай сұлу қыздардың бірі - Лунара

1-ж. Сегіз қырлы сұлудың бірегейі,

Арулардың саулығын әркез тілейді.

Ақ пейілі адал жолдан таймаған,

Жүргізуші Анар қыз кең пейілді

Сонымен біздің бүгінгі бағдарламамызда:

  1. « Сәлем сөздің анасы »- таныстыру .

  2. Фантазия . Берілген манекенді өз тандауымен киіндіру

  3. Өз өнерін көрсету

  4. «Ойлы болсан, озып көр » -оқылған ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтау

  5. «Аспазшы сайысы» ( картоп, пиязды, басқа да жеміс-жидектерді гүлдеп турау)

  6. Жаңылтпаш айта білу де өнер. Сөзжұмбақ шешу.

Бүгінгі кешке төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болайық:

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Рысбекова БұлдыТайшықарақызы

2-ж. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайрандаған.

« Қыз өссе елдің көркі » деген сөзді,

Қалысыз қалай айтқан қайран бабам.

1-ж. Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған

Көңілде қалған із бар еткен күннен,

Өмірде қалған сыз бар ақтабаннан

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Тағдырым қарауылға қанша ілінді.

Ерліктің қос қанаты деп білемін,

Аяулы Әлия мен Маншүгімді -деп жырлаған ақын Исраил Сапарбай ағамыздың сөзімен бүгінгі сайысымызды бастаймыз

2-ж. Өнерлі жастар арамызда,

Бүгінгі келді сайысқа.

Таныстырып өздерін,

Шықсыншы, кәне, ортаға

«Болар елдің баласын сәнімен емес,сәлемімен танисың»-демекші, алғашқы сайысымыз «Сәлем-сөздің анасы».

1.Бөлім . Таныстыру . Бұл сайыста әр топ басшылары өздерінің топтарын таныстырады.

2-ж.

Шебер қыздар көрме жайған,

Он саусағы майысқан,

Тігін тігер, тоқу тоқып

Бәрі іскер, бәрі ұста.

2-бөлім. Фантазия деп аталады . Берілген манекенді өз тандауымен киіндіру

Қыздар үлгілеріне сипаттама беріп, қандай материалды қолданғандарын, қай уақытта кию қолайлы болатынын айтады.

1-ж.

3-бөлім . Өз өнерін көрсету

4-бөлім«Ойлы болсан, озып көр » - оқылған ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықта

1-топқа

  1. Тоқылған бұйымдарды тігін тігетін инемен тоқиды.

  2. Дәмді ас пісіретін- тігінші

  3. Ерлерлеге арналған баскиім- сәукеле

  4. Жіп иіру құралы - оймақ

2-топқа

  1. Киіз үйдің төбесі ол кірпіш

  2. Киімді аспазшы тігеді

  3. Киімді етікші тігеді

  4. Айырқалпақ - жаңа туған баланың баскиімі

3-топқа

1 ) Мақта - көпжылдық өсімдік

2) Тігінші ол офис жұмыскері

3) Кесте тігетін құрал ол қайшы

4) Жіпті тігін машинасымен иіреді

5-бөлім . «Аспазшы сайысы» ( картоп, пиязды, басқа да жеміс-жидектерді гүлдеп турау

6-бөлім. Жаңылтпаш айта білу да өнер. Сөзжұмбақ шешу.

Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,

Салыстырып біз көрдік.

Қара қылды қақ жарып,

Әділін тек айтайық.

Ендеше сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз



© 2010-2022