Табиғи материалдардан жасалатын бұйымдар

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: табиғи материалдардан жасалатын бұйымдар.

Сабақтың мақсаты:

  • Табиғи материалдардан бұйымдар жасау технологиясымен таныстыру;

  • Материалдарды тиімді қолдана білуге дағдыландыру;

  • Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, түсіндірме.

Қажетті құрал - жабдықтар: табиғи материалдар, қайшы, бума қағаздар, желім, картон, қарындаш, кітаптар, т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Өте ерте заманнан - ақ адамдар тағам өнімдерін алу үшін дақылдар өсіріп, оның сабағын қолданған және шаруашылық қажетіне пайдаланған. Сол сияқты табиғи материалдарға сабан, жапырақтарды, гүл күлтелерін, кепкен гүлдерді, т.б. жатқызуға болады.

Оларды өңдеуге, жапсырмалауға қажетті құралдар да керек болады. Олар: желімдер, қайшы, кітаптар (пресс), бума қағаздар, А4 пішімдері, картон, дискілер, моншақтар, жасанды гүлдер, майшам, т.б.

Сабанды кептіру технологиясы.

Сабанды маусымның соңы немесе шілдеден бастап, күз бойы, өсімдіктің масағы өсіп шыққан уақытқа дейін даярлау керек. Егістікте комбайн жинағаннан қалған сабан жарамсыз болып табылады. Кептірілген сабанды сабақ бойынан кесіп, іріктейді. Жапсыру жұмыстарын орындау үшін сабанды 15 - 30 минут ыстық суға салып жібітеді, ал қаттысын 30 минут қайнатады. Жұмсарған сабандарды кескішпен немесе қайшымен ұзына бойына кесіп, сабан таспасын алу үшін үтікпен үтіктейді.

Жапырақтарды, гүл күлтелерін кептіру технологиясы.

Тал жапырақтарын немесе гүл күлтелерін пресс көмегімен немесе қалың кітап ішіне салып кептіреді.

Фитодизайн - декор, жиһаз элементтерімен үйлестіре отырып, өсімдіктерден күрделі композиция құрау өнері. Фитодизайндағы маңызды нәрсе - әр өсімдіктің орнын табу. Бұнымен фитодизайнер немесе дизайнер - флорист айналысады.

Икебана - гүл композициясын жасайтын ежелгі жапон өнері.

500 жыл бұрын Жапония тұрғындары сұлулықтың формуласын шығарды: «син, соэ, хикаэ» (аспан, адам, жер) - бұл кез келген композицияның сызбасы.

Икебананың негізгі параметрі:

  • өсімдік пен ыдыстың;

  • ыдыс пен астына қойылатын сүйемелдің;

  • гүл мен түстің;

  • гүлдің өзара;

  • гүлдің пішіні мен ыдыстың пішінінің бір - бірімен байланысы.

Бұдан басқа гүлшоқ жасау кезінде жапон шеберлері қолданатын 3 алтын ереже бар.

  1. икебанадағы бар элементтер бір - бірін қайталамай орналасып, үшбұрышқа ұқсас келеді, әрі элементтер бір жазықтықта болмауы керек.

  2. гүлшоқтың 3 негізгі элементтерінің пропорциясы ыдыстың көлемі - оның диаметрі және биіктігімен айқындалады.

  3. гүлшоқ жасау кезінде ыдыс пайдаланатын материалмен сәйкес бір түсті болуы қажет.

ІІІ. Үйге тапсырма: жапырақтар, гүл күлтелерін кептіріп әкелу.





© 2010-2022