Поурочные планы 7кл Юбки

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочные планы 7кл ЮбкиПоурочные планы 7кл ЮбкиПоурочные планы 7кл ЮбкиПоурочные планы 7кл ЮбкиПоурочные планы 7кл ЮбкиПоурочные планы 7кл ЮбкиПоурочные планы 7кл ЮбкиПоурочные планы 7кл ЮбкиПоурочные планы 7кл ЮбкиПоурочные планы 7кл ЮбкиПоурочные планы 7кл ЮбкиПоурочные планы 7кл ЮбкиӨткізілетін күні: 7 қараша 2015жыл Ақтөбе қаласы №13ОМ технология пән мұғалімі Нуркожаева Куляй Ермешовна Сабақтың тақырыбы: Тік белдемшені пішу және тігу Мақсаты: Өлшем алу,сызбаны бірден матаға түсіріп, үлгісіз пішуді үйрету.
Оқыту нәтижесі: Тәжірибе алмасады
Сабақтың міндеттері: Білімділік: белдемшенің пішілу жолдарын көрсету. Белдемше туралы мағлұмат беру. Дамытушылығы: шығармашылық қабылеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Тәрбиелігі: берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды дамыту, өзіне талап қоюшылыққа, өзіндік іс-әрекет жасауға, кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, бірізділікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ. Пәнаралық байланыс: математика, сызу. Көрнекілік құралдар: белдемше, сызбасы, нұсқау карталар. Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Негізгі бөлім: Киім тігу үшін алдын ала өлшем алу керек және ережені ескеру керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерімен белгілейді.Белдемшеге алынатын өлшем бірліктері: БҰ- Бұйымның ұзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдемшенің ұзындығын анықтау үшін қолданылады. АББҰ- Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан мойын нүктесіне де»ін түсіріледі (жетінші мойын омыртқасы). Өлшем бел сызығынан жамбас сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады. БЖО- Белдің жартылай орамы. Көлденеңінен тұлғаны айналдыра бел деңгейінде түсіріледі. Өлшем белбеудің ұзындығын және қымтырмалардың енін есептеуге қолданылады. ЖЖО- Жамбастың жартылай орамы. Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра түсіріледі. Өлшем белдемшенің енін және қымтырманың енін анықтау үшін қолданылады.

Тік белдемшенің еркін қонымдылығына қосымшалар

Киім конструкциясы негізін жасау үшін дене бітімінің өлшемін ғана емес, еркін қонымдылық қосымшаларын да міндетті түрде білу керек. Тік белдемшені құрастырғанда бел және мықынның жартылай айналым қосымшалар қосылады. Қосымшалардың шамасыбұйымның атқару қызметіне, құрастырылуына және де дене бөліктерінің қозғалуына байланысты болып келеді.
Қосымша - бұл киімнің берілген үлгісін алу үшін адамның тұлға өлшемін үлкейтуге, сондай - ақ адамның қозғалыс еркіндігін, тынысын, қан айналымын қамтамасыз ету үшін керекті шама. Қосымшаларды бас әріппен Қ деп белгілейді, оның қатарына кіші әріппен қосымша қосылатың өлшем белгісі жазылады.
Қыздардың белдік бұйымдарының мықынның жартылай айналымы және белдің жартылай айналымына берілетін қосымшалары белдемшені үлгі қолданбай пішу. Бжа. - белдің жарты -лай айналымы 1,5 - 2см
Мжа. - мықынның жартылай айналымы 1,5-2см

Жұмыстың орындалу технологиясы:

  1. Матаның сапасын тексеру;

  2. Матаның оң және теріс жағын анықтау;

  3. Матаның негізгі жібін тап;

  4. Мата қыртыстанған болса, негізгі жіп бойынша үтікте;

  5. Матаны жұмыс үстелі бетіне жайып тегісте;

  6. Матаны екіге бүктеп, мата бетіне өлшемдерді түсіру

  7. Матаға бормен немесе сабынмен сызып ал. Тігіске берілетін қосымшаны қалдыруды ұмытпа;

  8. Матаның түгін немесе суретін анықтап ал;

  9. Үлгіні мата жылжып кетпейтіндей етіп жинап алып, сызық бойынша бөлшектерді қиып ал;

Қиылған бұйымды өңдеуге әзірлеу:

1.Бөлшектерді дәл ортасын тауып, бормен түзу сызық жүргіз. Сызықтың үстін бастыра көктеп тік 2.Алдыңғы және артқы бөлшектердегі бүкпелердің орналасуын тексер. Үстінен бормен бастыра сызып тігуге дайында. 3.Бүкпені ортаңғы сызығы бойынша оң және теріс беті арқылы бүкте. 4.Бүкпені сызық бойынша қол инемен көктеп, біріктір. 5.Көктеп дайындалған бүкпелерді тігін машинасымен қайып тік. Тігістің басы мен соңын кері тігу арқылы бекіт. Артық жіптерді түйіндеп, қиып таста. Уақытша көктеу тігісін суырып алып таста. 6.Үтікті қыздырып алып, бүкпелерді жақсылап үтікте. Қалың матаны сулы дәке арқылы, ал жұқа матаны су бүркіп үтіктеген жөн. Бөлшекті жазып, бүкпелерді жатқыза үтікте. 7.Бүкпенің түбіндегі қалталанған жерді үтікпен бастырып, бір орыннан екінші орынға ауыстырып үтікте. Егер үтікті сырғытып үтіктесең, мата созылып кетеді

Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігімізді шешіп алуымыз керек. Соған байланысты мата түрлерін таңдаймыз.

Белдемшенің сәні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тік белдемшелерді пішімінде енді және енсіз мата, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе қырдымдары болса, енді матадан тіккен ыңғайлы.

Сабақты қорытындылау.

  1. Тік белдемшеге қандай мата таңдаймыз?

  2. Тік белдемше неше бөліктен тұрады?

  3. Үлгі жылжып кетпес үшін немен түйрейміз?

  4. Мықын сызбасын қалай анықтаймыз?

  5. Белдемшенің ені қандай өлшемге сүйенеді?

  6. Белдемшенің конструкциялау ерекшелігі неде?



Белдемшенің алдыңғы бойдың негізінің сызбасы

Кесінділері мен нұсқаулары

Сызба белгілері

Есептеу формуласы

Құрылымының реттілігі

1

Белдемшенің ұзындығы

Б Бұз

Бұз+2см

Б Бұз

2

Мықын деңгейі

ЖМ

Ар ұз:3

41:3=13,6

Б М

3

Мықын ені

ММ1

21

М М1

4

Бел сызығының ені

ББ2

15.5+2см=17.5

Б Б2

5

Белдің бүкпе орны және ені

Б3

ББ1:2=17.5:2=8.7

Б4 Б5 Б2 екі жағына 1см нүкте қоямыз Б4, Б5

6

Бүкпе ұзындығы

Б6

6см

Б3 Б6

7

Белдемшенің ені

Б2 Б5 Б6

8

Белдемшенің төменгі бөлігі

Бұз Б6

Белдемшенің артқы бойдың негізінің сызбасы

9

Белдемшенің ұзындығы

Б Бұз

Бұз+2см

Б Бұз

10

Мықын деңгейі

ЖМ

Ар ұз:3

41:3=13,6

Б М

11

Мықын ені

ММ1

20

М М1

12

Бел сызығының ені

ББ2

14.5+2см=16.5

Б Б2

13

Белдің бүкпе орны және ені

Б3

ББ1:2=16.5:2=8.2

Б4 Б5 Б2 екі жағына 1см нүкте қоямыз Б4, Б5

14

Бүкпе ұзындығы

Б6

8см

Б3 Б6

15

Белдемшенің ені

Б2 Б5 Б6

16

Белдемшенің төменгі бөлігі

Бұз Б6



© 2010-2022