Разработка на тему «Адам тұлғасын бейнелеу. »

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Елек орта мектебі















Ашык сабақ тақырыбы:

«Адам тұлғасын бейнелеу.»

6 «а» класс









Өткізген: Шакеева А.К.

2015-2016 оқу жылы

6 класс

Сабақ тақырыбы: «Адам тұлғасын бейнелеу»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам денесінің құрылымын түсіндіріп, салып үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өнерге деген қызығушылық құштарлығын арттыру.шығармашылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өнердің әдемілігі мен әсемдігін бағалай білуге үйрету.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру Саламатсыздарма балалар! (оқушыларды түгендеу)

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Кешегі сабақта біз түрлі-түсті қағаздармен натюрморт құрастырдық.Қарама-қарсы түстерді қолдандық.Жылы түс пен суық түстерді атап беріңдер?

3.Жаңа сабақ:

Дүниені өзінше көре білу - суреткерлік талаптың маңызды бір ерекшелігі.Бізге, көрерменге дүниені сол бір өзінше көре білуін жеткізе отырып, суретші біздің әлі өзіміз байқамаған нәрсеге көбірек көзімізді ашып,рухани дүниемізді байытады.

Сондықтан суретші адамның келбетін, тұлғасын бейнелеу үшін ең алдымен адам анатомиясын жақсы білу керек. Пластикалық анатомияны зерттеп оқу адамның дене құрлысын дұрыс белгілеуге үйретеді.Әрі әрбір адамға тән өзіндік дене құрылысының сипатын жақсы білуге , дәл ұқсатып бейнелеуге жаттықтырады.

Адам тұлғасын салу үшін оның пропорциясын белгілейтін өлшем бірліктерімен танысу керек. Тұлға адам басының биіктігімен өлшенеді.Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді.Кейде адам бойының ауытқуларына байланысты жеті немесе жеті жарым бөлікке бөлінуі де мүмкін.Бірінші сызық -бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін, екінші-иектен бастап төс сүйектің ұшына дейін, үшінші-төс сүйектің үшынан кіндікке дейін, төртінші-кіндіктен шаттың сызығына дейін және бесінші-жамбас сүйекті аяқтың басымен қоса есептегенде төрт бастың биіктігіндей болады.Бас пен кеуде қосындысы адам бойының жартысы болып табылады.Иықтың ені екі бастың биіктігіне тең.

Адам тұлғасын бейнелеуде оның формасы мен пропорциясына назар аударған жөн.

4.Сарамандық жұмыс:

Ендеше қазір альбомдарымызды ашып адам тұлғасын салып үйренейік.(мұғалім тақтаға салған суретті оқушылар қайталап салып тыру керек) Ең алдымен біз адам қанқасын салып алайық.

5. Сергіту сәті:

Балалар сағат тіліндей соғып тұратын адамның ішкі құрлысынан атаңдаршы?

Дұрыс ол жүрек болып саналады.Адамның жүрегі қандай?

Ол бір- бірімізге не береді? Жылулық береді дұрыс па?

Ендеше орнымыздан тұрып бір-біріміздің алақандарымызды қосып бір-бірімізге жылулық силайық. Сезіндік пе? Енді осы жылуымызды үрлеп қонақтарымызға сыйлайық.

6.Қортынды:

Адамның денесін ненің биіктігімен өлшенеді?

Адам денесі шамамен неше бөлікке бөлінеді?


7.Ізгілендіру диаграмасы:

Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?


8.Оқушыларды бағалау.Оқушылардың салған суреттерін бағалап шығу.

9.Үй тапсырмасы: Оқушылар үйде суретті аяқтап келеміз, адам тұлғасын салып келеміз. Акворель немесе гуашь бояуларыңды адып келіңдер.


















© 2010-2022