Тұқымды даярлау ашық сабақ

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 27.04.12ж

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Көкөніс дақылдарының негізгі сипаттамасы.Тұқымды даярлау және себу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік - көкөніс дақылдары туралы мәлімет бере отырып,тұқым түрлерімен таныстыру .Тұқымды себу мен даярлау әдістерін меңгерту.

2.Дамытушылық - оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру,эстетикалық талғамдарын дамыту,теориялық білімдерін практикада ұштастыру.

3.Тәрбиелік - еңбек мәдениетіне,іскерлікке,ұқыптылыққа,өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі : жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: топтық жарыс сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы көкөністерді көрсету, егілген дайын тұқым

Пәнаралық байланыс: биология , химия,қазақ тілі

Қажетті құралдар: тұқымдар, дәке ,су ,стакан,топырақ ,

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

IV. Жаңа тақырып бойынша сарамандық жұмыс

V. Жаңа сабақты бекіту

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

VIІ. Бағалау

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу рәсімі.Сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, бекіту

Үй тапсырмасын тексеру барысында сыныпты «Қияр» және «Сәбіз» топтарына бөле отырып алқапта өсетін өсімдіктердің суретін таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды көкөніс түрлерін беру арқылы бағалау.

1.Бидай- Тұқым дегеніміз не?

2.Күріш- Өсімдік шаруашылығының міндеті не?

3.Күнбағыс- Өсімдіктің тіршілік етуіне қажетті жағдайларды ата

4.Тары- Бидай, жүгері,арпа тары, күріштердің жемістері қалай аталады?

5.Жүгері- Тұқымның сапасына қандай талаптар қойылады?

6.Сұлы - Дәнектен тұқымшаның айырмашылығы неде?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Балалар , бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу үшін жұмбақтар шешеміз.

Көк лағым көгенде тұрып семірген. /қарбыз/

Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. /сәбіз/

Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма. /қызанақ/

Сопақша көк өңі бар,

Пайдалы мөлдір сөлі бар.

Піскен кезде жияр,

Оның аты ... /қияр/

Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар. /қырыққабат/

Үстіне тігіп көк шатыр ,
Астында қызғылт дәу жатыр . /қызылша/

Міне ,біздер жұмбақтар шешу арқылы бақша өсімдіктерін тауып алдық . Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :

Көкөністердің негізгі сипаттамасы.Тұқымды даярлау және себу.

Қызанақ - жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі.Қызанақтан ертерек өнім алу үшін жылыжайда немесе үй жағдайында наурыздың соңы, сәуір айларында көшетін дайындайды. Мамыр айынан бастап бақшаға отырғызады.

Қияр- асқабақ тұқымдастылардың ішіндегі қияр туыстыларына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, биіктігі 1-2 метрге дейін барады. Жемісі - жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Жылыжайда өсірілген қиярлар ұзынша сырты жылтыр болады, ал бақшада өсетін түрлері орта көлемді сыртқы қабыршақтары түкті болып келеді. Бұларды қысқа сақтау үшін банкіге жабуға ыңғайлы.

- Ал енді осы қиярды егу үшін не істейміз?

Тұқымды алып ыдыстағы суға салып, осыдан дәні жоқ тұқымдар судың бетіне шығады оны сүзіп алып тастаймыз . Ыдыстағы суды төгіп , маргансопка салған ыдысқа шайқап аламыз, өйткені маргансопкаға салған тұқым ауырмайды

Тұқымды алып дәкеге түйіп , суға салып қоямыз, бір апта қоямыз содан кейін оның өскіндері пайда болады.

Дайын болған тұқымды топыраққа отырғызамыз.

Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі болады. Қиярды кешке қарай, күні бойы күн астында тұрған сумен суарған жөн. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек.

Сәбіз-барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сорттары бар. Асханалық сорты онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ , қантты. Асханалық сорттарының ең таңдаулысы Нантская , Витаминная Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Сәбіз құрамында қант, белок, пектин заттары, минерал тұздары (калий, натрий,фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар. Сәбіз - негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60-қа жуық түрі Африка, Австралия, Жаңа Зеландия жәнеАмерикада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл-сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген.

-Енді балалар , сәбіздің бақшада отырғызу тәсілдеріне тоқталамыз . Сәбіздің дәні өте ұсақ және жеңіл болғандықтан жерге сепкенде бір жерге бірнешеуі түседі де шашырап кетеді сәбіз бір -біріне жабысып дұрыс өспейді. Сондықтан оны сулық қағазға бір-екі түйірден орап топыраққа тастаймыз. Дымқылданған сулық қағаз шіріп кетеді де ,тұқымы өсіп шығады.

Осы өсімдіктерді өсіру үшін тыңайтқыштар қажет. Тыңайтқыштар топырақтың құнарлыңын арттырады. Тыңайтқыштың екі түрі бар.

Органикалық тыңайтқыштар: шымтезек, қи, көң, өсімдік шіріндісі, құс саңғырығы.

Минералдық тыңайтқыштар : азот, фосфор, калий, әк, пеш күлі, селитра аммофос

Тыңайтқышты;

1.егін шаруашылығында -бидай, күріш, сұлы т.б

2. Бау -бақша өсіруде, гүл өсіруде Тұқымды даярлау ашық сабақТұқымды даярлау ашық сабақ

IV. Жаңа тақырып бойынша сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмысқа қажетті құрал - жабдықтар: жәшік, топырақ, стакан, тұқым, су

Сарамандық жұмыстың орындалу реті: Оқушылар жәшіктердегі және стакандардағы топырақтарға сабақтың теориялық бөлімінде түсіндірілуі бойынша сәбіз және қияр тұқымдарын даярлап, себу жұмыстарын жасайды.

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

«Кім жылдам?» қима қағаздары құрастыру арқылы көкөніс суреттерін құрастыру және көкөніс түріне байланысты бірнеше сұрақтарға жауап беру.

1.Қияр қандай тұқымдасқа жатды?/асқабақ/

2.Сәбіздің қандай түрлері бар ? /асханалық және азықтық түрлері бар

3.Қызанақтың түр сипатына қарай қандай болып келеді?/ домалақ, сопақ, майда ,ірі болып келеді/

4. Көкөністің қандай түрлерін білеміз?

5. Көкөіспен жемістің айырмашылығы неде?/ Жеміс ағашта өседі ал көкөніс бау-бақшада өседі.

6.Тыңайтқыштардың неше түрі бар? /2 түрі органикалық, минералдық/

7. Қиярмен қызанақты қысқа қалай сақтауға болады?/ /банкаға тұздау арқылы сақтаймыз

8. Суреттегі көрсетілген корзинадағы көкөніс түрлерін ата?

VІI. Бағалау

Көкөніс суреттері арқылы жиналған ұпайлары қорытындыланып бағаланады.

Осы сабаққа жақсы білімдеріңмен қатысқаны үшін сыйлығымды тапсырамын естелік ретінде қабылдаңыздар.

Жайқалып сендер осы жемістердей өсіңіздер,

Білім алу жолында аямай еңбек етіңіздер

Гүлдей болып ашылып, шуақ шашып,

Әрқашан мақсаттарыңа жетіңдер -дей келе бүгінгі сабаққа жақсы ынтамен қатысқандарыңыз үшін мына сыйлығымды ұсынамын.

ҮІІІ. Үй тапсырмасы:

Бүгінгі сабақта айтылмаған көкөністер туралы мәліметтер жинақтап келіңіздер.


© 2010-2022