Доклад по технологий на тему Технология пәнінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технология пәнінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Ахметов Құдайберген

№ 35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің

технология пәні мұғалімі.

Тереңөзек кенті, Сырдария ауданы,

Қызылорда облысы.

Мектептің негізгі бағыттарында оқу мен тәрбиенің сапасын, оның ғылыми дәрежесін арттыруға байланысты әрбір пәнді оқытуда эстетикалық тәрбиенің жақсартылуын қамтамасыз етуге де ерекше назар аударылған.

Соңғы жылдарға дейін тәрбие беру проблемасы жастарды көркем өнерге баулу жолымен ғана шектеледі деп пайымдалып келгенді. Оқушылардың эстетикалық талғамын, жалпы мәдениетін көтеру үшін өнердің теориясы мен тарихынан лекция оқыса, әдеби және музыкалық кештерді, тағы басқа да сондай жиындарға қатысса жеткілікті деп те жүрді. Эстетикалық тәрбие беру жолдарына бұлай қарау- сыңаржақтылық, оның сырларын түсінбеушілік.

Көркем өнерді сүю, оны таңдап, талғай білу- эстетикалық тәрбиенің басты мәселелерінің бірі. Әсемдік пен сұлулық адам жүрегінің тазалығы,рухани байлығы,жан дүниесінің шынайылығы, сезімнің нәзіктігі, ойының ұшқырлығы, қиялының кеңдігі, жігер- қабілетінің жасампаздығы болып табылады.

Эстетикалық тәрбие беруде технология пәнінің маңызы ерекше. «Технология оқу пәні- интегративті білім саласы. Оқушылардың математика, физика, биология пәндерінен алған білімдерін синтездеу арқылы өндірісте, энергетикада, байланыста, ауылшаруашылығында т.б. бағыттарды пайдалану жолдарын меңгеретін негізгі ғылым болып табылады. «Технология» пәнінің жаңа бағдарламасының мазмұны еңбекке баулу пәнімен салыстырғанда анағұрлым терең, сондықтан сызу, физика, компютер сыныптарын пайдаланудың, сондай-ақ технология кабинетін оқу-көркем құралдармен, кестелермен, дидактикалық материалдармен, мұғалімдерге арналған әдістемелік әдебиеттермен, оқушыларға арналған әдебиеттермен үнемі толықтырылып отыру қажет.

Технология сабағында эстетикалық тәрбие беру мәселесі ең алдымен оқушыларға технология пәнінің негізін терең және тиянақты түсіндірумен жүзеге асырылады. Өйткені, эстетикалық сезім адамның саналы әрекеттерінің жеңісі, ал саналы әрекет зат пен табиғат, қоғам заңдарын жақсы білуден барып туындайды. Мысалы: Оқушыларға ағаш пен жұмыс жасамас бұрын, ағаш туралы түсінік беріледі. Өздеріңіз білесіздер, шығармашылық жұмыс үшін бізге: талап, үлкен ізденіс, еңбекқұмарлық, өнерсүйгіштік қажет. Міне, осының бәрі адамның бойында болса, онда іске сәт деп кірісуге болады. Ағаш өнеріне кіріспес бұрын, халық қолөнеріне тоқтала кетейік.

Халық қолөнері ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылық өнерінің сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Өнер тану ғылымда халық қол өнері сән және қосалқы өнер деп екіге бөлінеді. Олар сәулет, мүсін өнерлерімен байланысты. Соңғы кезде қолымен жасалған бұйымдармен, эаттармен қоса механикалық тәсілмен жасалған заттар да бар. Бірақ олар қолмен жасалған заттарға қарағанда көркемдік деңгейі төмен.

Ағаш өнері үйші, оймашы, балташы, тоқушы болып бөлінеді. Үйші - киіз үй сүйегін, керегесін, уық, шаңырағын жасайды. Оймашы - жастық ағаш, жүк аяқ, ағаш төсек,кебеже,үй іші дүние мүлкі мен ыдыс-аяқ оятын ісмерлер. Балташы- ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етеді. Тоқушы- балық ұстау үшін түрлі шаруа қажетін өтеу мақсаты мен себет, шыпта, шарбақ өрушілер.

Ал, ұсталар айналысатын кәсіп темір ұстасы, ағаш ұстасы деп бөлінеді. Біз сабақтарымызда темірмен де, ағашпен де жұмыс істеуге тура келеді. Заттарды жасаған кезде міндетті түрде эстетикалық әдемілігіне, сұлулығына көңіл бөлеміз. Сондықтан, біз әрбір сабағымызда оқушыларға эстетикалық тәрбие берудеміз. Ағаштан қасық, ожау, сандық, бесік т.б. заттарды жасаған кезде де оның әсемдігіне де назар аударылады.

Мен технология сабақтарында оқушылырдың жас ерекшеліктерін , қол еңбегімен айналысу мүмкіншілігін ескере отырып, әр оқушының шығармашылық жұмыстармен жұмыс жасауларын мақсат етіп қойдым. Мысалы,сәндік қолданбалы өнер элементтері арқылы материалды көркемдеп өңдеуде контурлық оюдың техникасы тақырыбына қыларамен жұмыс жасауда оқушылар өздері таңдап алған жануарлардың бейнесін сызып алады. Оқушылар мультфильмдегі,өмірдегі көргендерін практикада қолданады. Жасалынатын заттар бір өлшемде және сәндік бөліктері, безендіру талғамы әр оқушының ізденуінің арқасында жүзеге асады.

Технология сабағында алған білімін тіршілік көзіне айналдыруға тәрбиелеу, кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалы негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық тәрбие беру, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету- бүгінгі күннің қажеттілігі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. В.И.Коваленко, В.В.Кулененок «Обьекты труда» Москва «Просвещение» 1998 г.

  2. Ф.Кусл, Ф.Крамериус «Домашняя мастерская» Москва «Аспект»2000 г.

  3. Б.Адамбаев «Казахское нородное ораторское искусство» Алматы, Ана тілі», 1994 г.

  4. А.Х.Марғұлан, Казахкое народное прикладное искусство. Алматы «Өнер», 1986 г.

© 2010-2022