Сабақтың тақырыбы: Ағаш шеберінің жұмыс орны. 10 сынып

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ағаш шеберінің жұмыс орны.

Сабақтың мақсаты: Ағаш шеберінің жұмыс орнымен таныстыру.

Ағаш шеберінің атқаратын қызметі, ой-өрісін кеңейту.

Адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ағаш шеберінің үстелі

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, көрсету.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, түгендеу.

2.Оқушылардың білімін тексеру.

Мақсат қою: Ағаш шеберінің жұмыс істеу жолын түсіндіру мен керекті құрал-саймандардың атқаратын қызметі.

Жаңа сабақты түсіндіру: Ағаш өңдеумен айналысатын ағаш шеберінің жұмыс орны верстакпен қажетті аспаптармен және басқа да тетіктермен жабдықталады. Верстакта тақтайларды кеспелтек ағаштарды ұзындығы 3 метрге дейінгі детальдарды өңдейді, бұйымның жеке элементтерін құрастырады. Верстак қақпақтан және негізден тұрады. Верстак тақтайы алдыңғы және артқы қыспақтармен жабдықталған . Верстак тақтайының бетінде алдыңғы маңдайында ағаш немесе металл тіреуіштерге арналған толып жатқан тесіктер бар.Алдыңғы және артқы қысқыштар өңделетін материалдарды қатты қысып ұстауға арналған . Негізін қылқанды ағаштан жасайды,ал верстак тақтайын (қақпағын )қайың,емен,бук,үйеңкі ағаштарынан істелінеді.Верстак тақтайының қалыңдығы 60-70мм және ені 300-500мм.Адам бойына қарай верстак былайша таңдалып алынады: ағаш шебері верстактың жанында тұрып оған алақанымен тіреліп, яғни сүйеніп тұруы керек, егер мұндайда ол тік тұрып верстакқа қиындықсыз сүйенсе, онда верстак оған сәйкес дұрыс таңдалып алынған.Верстакты жасап шығарғаннан кейін,оны ұзақ мерзім пайдалану мақсатымен олифпен майлап қояды. Оны отқа жақын жерге орнатуға, үстіне ыстық заттар қоюға сонымен қатар дымқыл жерде қалдыруға болмайды. Верстакты бүлдіруі мүмкін жұмыстарды істеген кезде (аралау, қашау, бұрғылау, кесу) өңделетін материал астына тақтай төсеу қажет. Майда детальдарды ағаш қысқыштармен қысып қояды. Ол қапсырма тәрізді болып оның бір шетінен диаметрі 25-30мм тұтқасы бар, диаметрі 20-25мм өтеді. Қысқыштар ағаштан немесе металдан жасалуы мүмкін.

Түсінігін тексеру:

  1. Верстакты неден жасайды, және оны неге пайдаланады?

  2. Верстакты бүлдіріп алмау үшін нені қолданады?

Сабақты бекіту: Верстактың атқаратын қызметін білу, верстакта жұмыс істеу жолы.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Жазған конспектті оқып келу.



© 2010-2022