Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жібек таспамен тоқу»

Сабақтың мақсаты:

  • Әр түрлі жібек таспалардың түрлерімен танысу, жібек таспамен тоқу тәсілін оқушыларға меңгерту;

  • Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, олардың этикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ой өрісін дамыту;

  • Оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын оятып, ұқыптылыққа, шеберлікке, жұмысты өз бетінше орындауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, слайдтар, нүсқау карта.

Сабаққа қажетті құралдар: ободок, түрлі-түсті жібек таспалар, ыстық клей,

қайшы,майшам тұғырымен, шырпы.

Сабақтың түрі: практикалық жұмыс

Сабақтың әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, көрсету

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды сабаққа даярлау, түгендеу

  • Үй тапсырмасын сұрау

ІІ. Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты түсіндіру

  • Сөзжұмбақ шешу

  • Сергіту сәті.

Ал, енді оқушылар сұрақ- жауап арқылы сергіту сәтіне көшейік.

  1. Тап-тап, тап жорға,

Табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбес,

Жерге түссе таптырмас.

\ине\

  1. Түр-түсі және геометриялық пішіні әр алуан мата қиындыларынан құралған өрнек?

\құрақ\

  1. Жүрген сайын жүйрігім,

Қысқартады құйрығын.

\ине-жіп\

Сарамандық жұмыс

Нұсқау карта

Жұмыстың суреті

Мағынасы

1

Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Жібек таспаның екі шетін сетінеп кетпес үшін шырпымен немесе май шаммен күйдіріп, ыстық клей арқылы бекітеміз.

2

Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқуСабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Ілмешек етіп бекітеміз.

3

Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Оң жақ бетін өзіңе қаратып, қанық жасыл түсті таспаны ашық түсті таспадан өткіземіз.

4

Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқуСабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Ашық жасыл түсті таспаны сол қолдың бас саусағымен қайыра ұстап,

Қанық жасыл түсті таспаның ілмегінен өткіземіз.

5

Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Шыққан ашық жасыл түсті таспаның ілмегіне қанық жасыл түсті өткіземіз.

6

Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Жібек таспаларды реттеп, тартып отырамыз.

7

Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Жібек таспаларды реттеп, тартып отырамыз.

8

Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Жұмысты ары қарай бір қалыпты жалғастырып отырамыз.

9

Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқуСабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Тоқып болған жібек таспаны обоокқа айналдыра ыстық клейарқылы тұрғызамыз.

10

Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқуСабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Ұштарын қиып, майшаммен күйдіреміз.

11

Сабақ жоспары: Жібек таспамен тоқу

Дайын бұйым.

ІІІ. Қорытынды бөлім

  • Жаңа сабақты пысықтау

  • Оқушыларды бағалау

  • Үй тапсырмасын беру

  • Оқушылармен қоштасу




© 2010-2022