Материалы для бисероплетение 9 класс

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 9 сыныптар. Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу

Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік.Қазақтың салт-дәстүрін сыйлауға, ұлттық қолөнерімізді қастерлеуге үйрету,оқушылар арасында насихаттау.

2. Дамытушылық.Кестелеу өнері арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту,ұлттық өнерге деген қызығушылығын ояту.

3. Тәрбиелік. Қыз балаларды кесте тігу арқылы өнерді сүюге , шыдамдылыққа , талғампаздыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс : бейнелеу өнері, сызу

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі:Баяндау,сұрақ-жауап, сарамандық

Сабақтың көрнекіліктері : Кесте түрлері,паннолар,картиналар,нұсқау карта

Қажетті құрал-жабдықтар : Кергіш,инелер, мулине жіптері,оймақ,қайшы

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушылармен сәлемдесу,арнайы киімдері мен көрнекі құралдарын тексеру.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Біз өткен сабақта кестелеуге арналған компьютерленген тігін машиналарымен танысып , олар жайлы жалпы мағлұматтар алдық.Сол алған білімдеріңді сынау үшін тапсырмалар беремін.

1 сұрақ.Көркем кестелеу дегеніміз қандай өнер ?

2 сұрақ Кестелеу өнеріне компьютердің қажеттілігі неде?

3 сұрақ .Көркем кестелеу өнерін дамытуда зор үлестерін қосып жүрген қазақстандық кестешілер кімдер?

4 сұрақ Тамбурлы кестенің айқас кестеден айырмашылығы неде?

Сұрақ-жауап арқылы қайталау, бастаған кесте жұмыстарын тексеру

Жаңа сабақ :.Кесте тігу

Бүгінгі сабақта өзіміз тігіп жатқан кестемізді аяқтаймыз. Кесте тігуді бастамас бұрын ТҚЕ еске түсірелік. Қолмен кестелеу тігістерін орындау технологиясы ТҚЕ :

1.Инені ұшы түйілген жібімен арнайы ине салғышта сақта.

2.Жұмыс істегенде қайшының сабын өзіңе қаратып ,қайшы ұстауға ыңғайлы қолға жақын қояды.

3.Жұмыс алдында үтіктің бауын тексер,жұмыстан кейін үтік желіден ажыратылып,үтікқойғышға қойылады.

4.Кестелеу кезінде көз бен кергіштің ара қашықтығы 30-40 см болуы керек,әр 20 минут сайын көзді демалдырып отыру қажет.

5.Тебенді арнайы қорапшада сақтау керек.

6.Түйреуіштерді жабық ыдыста сақта.

Кесте тігуге жібек,жүн,мақта жіптер.сондай-ақ алтын, күміс жіптер қолданылады.Кесте тігуге ұсақ бисерлер,маржандар,жылтыр моншақтар пайдаланады.

Қазақ халқының кестелеу өнерінң негізгі техникасы-ине арқылы орындалатын тамбурлы тігіс(біз кесте) .Тамбурлы тігіс бастырма және шыралжын әдісімен үйлесіп қолданылады.Қазақтар арасында түрлі түспен безендірілген сәндік кестенің рөлі зор.

ІІІ . Сарамандық жұмыс . «Отбасы бақыты» картинасын тігудің орындалу реттілігі:

1.Сурет контуры бойымен түстерін ескере отырып тамбурлы тігіспен кестелеу.

3.Тамбурлы тігісті орындағанда барлық ілмек тігістердің өлшемдерінің бірдей болғанын қадағалау қажет

3 .Қазақ кестесіндегі түрдің құбылуы,түс ою-өрнектің қолданылуы мен композицияның үйлесуінде үлкен рөл атқарады,сондықтан түстер үйлесімдігіне қарай қою түстен ашық түстерді бере отырып кестелеу керек. №3-5 ине мен жібек жіптер қажет

4.Картинадағы суреттерді үйлестіре отырып кестелеу

5.Жұмыс барысында ТҚЕ сақталады.

6. Кесте тігіліп біткеннен үтіктеу арқылы соңғы өңдеуден өткізу

7.Арнайы рамкаға салу.

Дайын картиналардан көрме жасау арқылы өздерінің жасаған жұмыстарына баға бергізу.

Жаңа сабақты жүйелеу қорытындылау кезеңі : Біз бүгін кестелеу өнері жайлы алған білімдерімізді қорытындыладық Кесте тігудің әдіс-тәсілдерімен танысу арқылыөз өнерімізді шыңдадық .Бүгінгі сабақтан көптеген жақсы мағлұматтар алып ,болашақта өз кәделеріңізге жарата білерсіздер деп сенемін.Ол үшін тек ұшқыр ой мен шеберлік қажет.Сабағымызды бекіту үшін :

1. Көркемдік кесте дегеніміз не?

2.Қазақстандағы кестелеу өнінің қандай нұсқаларын білесіңдер?

3.Кесте тігу үшін қажетті құрал-жабдықтарды атаңыз.

Үйге тапсырма : Реферат: «Ши тоқу өнері»




© 2010-2022