Сабақтың тақырыбы: Киім түрлері және сән туралы түсінік

10 – сынып Сабақтың тақырыбы: Киім түрлері және сән туралы түсінік Сабақтың мақсаты: - Білімділік : Оқушылардың теориялық білімділігін арттыру, таным – түсініктерін кеңейту, шығармашылыққа баулу; Тәрбиелік:   Талғампаздыққа, ұқыптылық пен үнемді болуға үйрету. Сәнді де  жарасымды киіне білуге үйрету; Дамытушылық: Эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту , ізденімпаздық, еңбекқорлық іс – әрекеттерін қалыптастыру Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математика. Сабақ әдісі: т...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Киім түрлері және сән туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: - Білімділік : Оқушылардың теориялық білімділігін арттыру, таным - түсініктерін кеңейту, шығармашылыққа баулу;

Тәрбиелік: Талғампаздыққа, ұқыптылық пен үнемді болуға үйрету. Сәнді де жарасымды киіне білуге үйрету;

Дамытушылық: Эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту , ізденімпаздық, еңбекқорлық іс - әрекеттерін қалыптастыру

Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математика.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сарамандық, сұрақ - жауап.

Сабақ түрі: жаңа білім беру

Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру

Қажетті құралдар: «Бурда» журналы, сән үлгілері, суретті буклет таблицалар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы тексеріледі.

III. Жаңа сабақ бөлімі.

Сабақтың тақырыбы: Киім түрлері және сән туралы түсінік

Сән (modus деген латын сөзі) - өлшем, тәсіл, іс - қимыл бейнесі.Сән - белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән - әлеуметтік құбылыс. Киім - бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнеркәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.

Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзе түседі: ретроспективалы (өткеге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған).

«Силуэт», «пішін», «пішім», «пропорция», «стиль» деген түсініктер адамдармен тығыз байланысты.

Силуэт (француз сөзі) - ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, үшбұрыш, сопақ, т.б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуэттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес силуэт, сопақ силуэт, Х - силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.

Стиль (лат. Stilus) - мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.

Киімді бірнеше стиль бар - классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық.

Классикалық стильге - қатал, іскер, сәнді киіну;

Спорттық стиль - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда ыңғайлы киім.

Романтикалық стиль әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді.

Фольклорлық стиль - ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер.

Киілу мақсатына қарай киімді бірнеше топқа бөлуге болады:

  • күнделікті жұмысқа, - сән - салтанатқа арналған, - спортпен шұғылдану,

  • үйге киюге арналған, - далада демалуға арналған, - арнайы өндірістік киімдер.

IV. Қорытындылау.

V. Бекіту.

VI. Үйге тапсырма: §10

VII. Бағалау.


© 2010-2022