Технология пәні бойынша сабақ Бисермен кестелеу

 Сыныбы:  9                                                Тақырыбы:  Бисермен кестелеу Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру. Бисермен кестелеу технологиясы жөніндегі білімді қалыптастыру.Білімділік: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Оқушыларды бисермен кестелеу элементтерімен таныстыру. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.Дамытушылық: жұмыс істеу дағдыларын, оқу еңбегі шеберліктерін, танымдық қызығуш...
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 9

Тақырыбы: Бисермен кестелеу
Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру. Бисермен кестелеу технологиясы жөніндегі білімді қалыптастыру.
Білімділік: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Оқушыларды бисермен кестелеу элементтерімен таныстыру. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: жұмыс істеу дағдыларын, оқу еңбегі шеберліктерін, танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Кестелеудің көмегімен дербес шығармашылыққа тарту,бисермен жұмыс істеуге қызығушылық тудыру, еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық, бағыттап оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу.

Қажетті құрал - жабдықтар: бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.


Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, құрал-жабдықтарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Мен бәрін жасай аламын» деп бәрі айтады.

Бүгінгі күн тамаша!

Мен өзімді жақсы сезінудемін.

Менің көңіл күйім керемет жақсы.

Мен барлығы қолымнан келетініне сенімдімін.

Барлығы қолымнан келеді.

Мен жұмыс істеуге дайынмын.


II. Үй тапсырмасы. «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Өздері дайындаған бұйымдарды дүкенге қойып, «сату».Суреттер арқылы.


1. Бисер дегеніміз не?
2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?
3. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?
4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?
5. Бисерді неден жасайды?
6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?

III. Мақсат қою кезеңі.

1. Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері.
2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет аламыз, көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгереміз, бисермен кестелеуді меңгеру, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.

IV. Жаңа сабақ

Кесте - қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу - өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер - көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі. Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл-күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұранысының өсуі бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал-саймандар: Кергіштер - кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер - мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар - жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер - кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька - бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті матаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар - канва, тегіс боялған мата.

Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою-өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар.
Жиі қолданатын кесте түрлері - «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл - қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Бисермен кестелеу- кесте тігудің неғұрлым кең тараған түрлерінің бірі. Бисерлер суретке сәйкес түстер бойынша селдір-мата торларына кестеленеді. Бисерлермен жұмыс істегендегі негізгі қиындық оларды жіпке тізу болып табылады. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез-құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп.

V.Топқа бөлу.

VІ. Жаңа сабақты пысықтау.

  1. Оқулықпен жұмыс, 126 бет

  2. Кесте түрлерін ата.

Баспа кесте Қабырға кесте

Біз кесте Кесте түрлері Тығыз кесте

Маржандау Түкті кесте


  1. Сөзжұмбақ «Бисер»

1.Моншақпен тігу. (бисер)

2.Кесте тігуде қолданатын құрал. (ине)

3.Алғаш бисерді қалай атаған? (бусер)

4.Ұлттық бас киім. (сәукеле)

5.Бисер тігуде қолданатын тігіс. (арка)

VІІ. Сарамандық жұмыс.

  1. Еңбек қауіпсіздігі

  2. Жұмысқа нұсқау

  3. Жұмыс тәсілдерін көрсету.

  4. Бисерді екі тәсілмен көрсетуге болады:

а) әрбір бисерді матаға жеке-жеке тігу(қанша тігіспен болса да) 54-сурет

ә) «вприкеп» тігісі, яғни бисер тізілген жіпті матаға бекіту 60-сурет

VІІІ. Оқушылар білімін тест арқылы тексеру.

1.Бисер қандай заттан жасалады? а) ағаштан б) шыныдан*

2.Бисер түрін тап? а) шыны б) стеклярус*

3.Бұл тігісті алдымен бисерлерді жіпке тізіп алып, содан кейін матаға қысқа инешаншымдармен әрбір бисер арасын қосып тігеді.

а) «арка» тігісі б) «вприкреп» тігісі*

4.Египетте бисерді алғашқыда қалай атаған? а) бусер* б)бисер

5.Кесте тігуге қолданылатын құрал. а) ине* б) біз

6.Сумоншақтың отаны. а) Египет* б) Италия

Бекіту сұрақтары.

  1. Бүгін сабақ ұнады ма?

  2. Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе?

  3. Оқушылар сабақтан алған көңіл-күйлерін білдіреді.

Жеткен жетістіктерім:

Сабақта өзін еркін сезінеді. Сабаққа қызығады, тез бейімделеді. Ынталы болады. Танымдық белсенділігі артады.

Мағынаны ашу:

Ойын жеткізуге дағдыланады. Талдау жасайды. Сөйлеу дағдысы жетіледі.

Ой толғаныс:

Ойын өз сөзімен айта алады. Қортынды жасай алады. Білім сапасы көтеріледі. Топ алдына шығып еркін өз ойын айтуға дағдыланады. Нәтижеге қол жеткізеді.

ІХ. Бағалау.

Х. Үйге тапсырма. Жұмысты жалғастыру, аяқтау. Оқулықты оқуға.


© 2010-2022