Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету

Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету   Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жалпы білім беретін  Т.Жароков атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі Шүкіров Сүйінғали Сағынтайұлы   Сабақ жоспары /25-26 сабақ/   Технология  пәні.                                                            2011-2012 оқу жылы.   Мұғалімі: Шүкіров Сүйінғали Сағынтайұлы   Мерзімі: 6  желтоқсан   Сыныбы: 5«А»   І. Сабақтың тақырыбы:  Сарамандық жұмыс                                               « Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету» ІІ. Сабақтың мақсаты:жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс   істеудің сарамандық дағдысын игеру.   ІІІ. Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс   ІV. Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекілігі  жақ ара, қысқыш, екі сапты ара, қол ара, наградка, ағаш кесетін үстел, сүргі, үшбұрышты сызғыш, метр өлшегіш, сызғыш көлемі 200х20х1000 мм тақтай.   V. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері   VI.Сабақтың мазмұны мен өту барысы:   •         Ұйымдастырылуы оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу - 3 мин   •         Жұмысты орындау реті:   •           Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу. •           Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу; •           Ағашты талшық бойымен тігінен кесу; •           Қол арамен кесу.
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету


Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі

Шүкіров Сүйінғали Сағынтайұлы


Сабақ жоспары /25-26 сабақ/

Технология пәні. 2011-2012 оқу жылы.

Мұғалімі: Шүкіров Сүйінғали Сағынтайұлы

Мерзімі: 6 желтоқсан

Сыныбы: 5«А»

І. Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс

« Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»

ІІ. Сабақтың мақсаты:жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс істеудің сарамандық дағдысын игеру.

ІІІ. Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

ІV. Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекілігі жақ ара, қысқыш, екі сапты ара, қол ара, наградка, ағаш кесетін үстел, сүргі, үшбұрышты сызғыш, метр өлшегіш, сызғыш көлемі 200х20х1000 мм тақтай.

V. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

VI.Сабақтың мазмұны мен өту барысы:


  • Ұйымдастырылуы оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу - 3 мин


  • Жұмысты орындау реті:


  • Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу.

  • Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу;

  • Ағашты талшық бойымен тігінен кесу;

  • Қол арамен кесу.


Жұмыс туралы қажетті мағлұматтар.

Кесу - ағаш материалдарын белгілі бір мөлшерге лайықты етіп дайындау.

Кесінді - дайындалған ағашқа неғұрлым дұрыс пішін мен мөлшер беру мақсатында материалдардың артық бөлшектерін алып тастау.

Аралап кесу - әртүрлі пішінде бөлшектер алу үшін ағашты аралау, ішінара тілу.

Ағаш талшығының орналасуына қарай кесуге байланысты аралаудың бірнеше тәсілі бар: а) талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу; ә) талшықты кесе көлдеңенінен тілу; б) талшыққа қиыстай жүргізілетін бұршытап кесу.

Өзінің құрылысына қарай қол аралары екі топқа бөлінеді керіп созылған аралар, қатты аралар. Керіп созылған аралар тобына - жақ тәрізді аралар, қатты аралар тобына - қарапайым қол аралар, екі сапты аралар жатады.

Жақ тәрізді ара дегеніміз - жақтың ағаш бөлігіне бекітілген ұзын жұқа ара. Құрылысы екі тіреуден, екі тұтқадан, тіректен, адырнадан және бұраудан тұрады.

Жақ тәрізді аралардың үш түрі болады: ірі тісті - дайындама тақталарды кесуге және көлдеңен аралауға арналған, орташа тісті - бұдыр алуға және біріктірілетін бөлшектерді тесіп жасауға қолданылады, ұсақ тісті - қисық сызықпен кесуге және әшекейлеу жұмыстарына қолданылады.

Қол ара - жалғыз тұтқалы, қатты ара. Ағашты қайта кескенде және көлдеңен бағытта мол дайындама жасау кезінде қолданылады.

VII. Сабақты қорытындылау:Әр оқушыға практикалық жұмыс орындату,

талқылап бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма: §6.2. оқулықтың 47-48 беттері

ІХ. Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Мектептегі технология» әдістемелік журнал

  • 5 сынып Технология оқулығы




© 2010-2022