Открытый урок на тему Гүл құрағы

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гүл құрағы


Бақытгүл Антайқызы Молдашева

технология пәні мұғалімі

Өскемен қаласы

«Қолөнер - мол өнер» әр елдің, әр халықтың өзіне тән тарихы, рухани сән - салтанаты, әдеп- ғұрпы, қолөнері болары анық. Қолөнер туындылары халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатқан өнер. Қазақ халқының асыл қазынасының бірі сәндік қолданбалы өнерді бойларына сіңіріп, оның жаңаша мазмұныны, қазіргі заман талабына сай «гүл құрағын» жасауды ұсынып отырмын.

Мақсаты: Екі түрлі матадан (бірі түсті және гүлді) жастық түрін жобалау- дизайн жасау, оқушылардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Білімділік мақсаты: қол тігісі жұмыстары арқылы жастықша тігуге түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: қолөнер түрін терең меңгере отырып оқушылардың шеберлігін және ой өрісін дамыту

Тәрбиелік мақстаы: оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, шыдамдылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтар: қайшы, ине, түйреуіштер, жіп, сызғыш, оймақ, моншақ немесе түйме, 2 түрлі мата.

Көрнекіліктер: дайын жастықша түрлері, суреттер.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Әдіс - тәсілдер: теориялық, сұрақ- жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: тарих, сызу, математика

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ

4. Нұсқау картасын сыздыру

5. Теориялық бөлім, матамен жұмыс

6. Сарамандық жұмыс

7. Үйге тапсырма

І. Ұйыдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

б) Оқушыларды түгендеу

в) Оқушылардың керекті құралдарын даййындату

г) Сабаққа назарларын аудару

ІІ. Үй тапсырмасы

  1. Құрақтың қандай түрін білеміз?

  2. Құрақ неден тұрады?

  3. Құрақты тігу үшін матаны қалай таңдап аламыз?

  4. Құрақтың сәнді болуы неге байланысты?

  5. Құрақ тігу үшін керекті құрал- жабдықтарды ата?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Қазақ халқының қолөнері ғасырлар бойы халықпен бірге дамып келе жатқан дәстүрлі өнер.

Қолөнер - қол еңбегі. Адам баласын еңбектенуге тәрбиелейді. Бүгінгі сабағымызда әсемдік бұйым, сәндік үшін жасалатын гүл құрағымен құрастырылған жастықша түрін тіккелі отырмыз. Жастықшамыз сәнді, әдемі болу үшін мата түрін таңдаймыз.

Мысалы, үйіміздегі жиһаз түсімен немесе диван жабқыштарының түсімен сәйкестендіріп тіксек болады. «Гүл» құрағын тігетін жастықшамызды екі түрлі матадна бір түсті және гүлді матадан тіксе өте әдемі көрінеді.

IV. Нұсқау картамен жұмыс

«Гүл» құрағын бастау үшін, біз нұсқау карта дайындап аламыз. Нұсқау картасын түгел қағаз бетіне түсіріп алған соң, матаға түсіреміз.

V. Теориялық бөлім Матамен жұмыс.

Нұсқау картамызға қарап, матаны төртбұрышты етіп қиып аламыз. Төртбұрышты матаның шетін 1 см ішке қарай үтікте, бұрыштарын матаның дәл ортасына түйістіріп, әр бұрышты инемен қадап қой.

VI. Сарамандық жұмыс. Нұсқау картамыздың әр бөліміне, суретіне қарап отырып тігеміз. Тіккен кезде қауіпсіздік ережесін оқушылардың естеріне сала отырып, жұмыстың барысында шеберлікті, әдемілікті талап етілуін қадағалаймын.

VII. Үйге тапсырма. Жастықша тігу.

Жастықшаның шетіне лента, ортасына моншақ немесе түйме тігу.


© 2010-2022