Көмекші құрал Өңдеу жұмыстарының технологиясы

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 10 КОЛЛЕДЖ мкқк





Көмекші құрал



Өңдеу жұмыстарының технологиясы









№ 10 колледж әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілді.

Колледжішіндекөмекшіқұралретіндеқолданылуынарұқсатетілді.





Ө/о шебері: Муллашиков Д





Өңдеу жұмыстарының технологиясы

Бұйымдарды жасаған кезде, оның құрамындағы әр бөлшектің жақсы әрленуін ұмытпау керек. Әрлеу тәсілдері құралдың түріне, бейнесіне және көлеміне байланысты.

Бұйымдарды жасауда қолданылатын құралдардың кең тараған түрі - ағаш. Тіпті тегіс болып сүрленген ағаш жазықтық пен фанера бетін краскілеуге, лактауға, жылтыратуға дайын деуге болмайды. Сүргілеуден кейін толқындар мен ағаш салаларынан қалған бүдірлерді тегістеу жолдарын алады.

Цикляның қарапайым түрі тегіс темір пластинасы немесе қажет емес жалпаққашау болуы мүмкін. Цикляны жұмысқа арналған шағын қайрақпен қайрау керек.

Цикля заттың бетін ескі лактан тазартуға, немесе тырналған, тесілген жазықтықты жаңарту үшін де қолданылады.

Одан кейін шынылы қабыршықтың көмегімен қырнайды, ол қабыршықты жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін ағаш тұтқаға бекіткен жөн. Ең алдымен ірі түйіршікті қағазбен, соңынан майда түйіршікті түрімен қырнайды.

Ірі түйіршікті қағазды қатты жазықтықтардың, тығыз ағаштардың (шамшат, алмұрт) бетін қырнау үшін қолданбаған дұрыс. Сонымен қатар, темір, табиғи шыны, пластикалық заттарды да қырнамауға тырысқан жөн. Ірі түйіршіктер мұндай құралдардың бетінде терең тырналған іздер қалдырады.

Тәртіп бойынша қырнау жұмысын жасанды затты құрастырмай тұрып істейді, жинағаннан соң да қырнау керек, әсіресе желімнің жиналып қалған жерлерінде немесе сәйкесі келмей қалған бөлімдерін тегістеу үшін.

Шайырлы (смолалы) ағаш нашар қырналады, краскіленеді, лактанады. Смоланы тазарту үшін жазықтықтың бетіне ерітінді жағады (1 л суға 50-80 г калцинирленген сода), біраз уақыт өткен соң детальді таза шүберекпен сүртеді.

Мынандай ертінді тиімді әсер етеді: ацетонның 1 көлемі судың 3 көлеміне, ал смоласы көп болса, таза ацетонды қолданады.

Ағаштың табиғи реңін, түсін ажарлы суретін (текстура) күшейту үшін әрлеуді қолдану керек. Сулы әрлеуді мына әдіспен дайындауға болады: 50 г бояу ұнтағын ағаштың түсіне немесе қалауға байланысты 0,9 м ыстық суға түгелдей езеді. Ерігенше 0,4 м нашатырлы спирт қосып мұқият араластырады.

Әрлеудің кең тараған түрі - бейц. Бұл қызыл-қоңыр түсті ұнтақ немесе паста, оны ыстық суда араластырады. Одан кейін таза шүберектің немесе поролонның көмегімен жазықтықтың бетіне жағады, беті кепкендікейін қабыршықпен қырнайды. Соңынан бір жапырақ киізбен немесе терінің жұмсақ түрімен жылтыратады да, лакты жағып шығады.

Лактау және жылтырату

Лак ағаштың нашар жерлерін жақсы жасырады және оған әдемі, жылтырақ түр береді. Әсіресе, емен, жаңғақ, қарағай секілді ірі қабатты ағаштан, сонымен қатар фанерадан жасалған заттарға жақсы.

Қабыршықпен тазалағаннан кейін пемзамен ажарлатқан жөн.

Лакты тампонмен немесе бір уыс мақтаны, жүнді бірнеше қабат бүктелген марліге орап алып заттың бетіне жағады.

Әдетте, талшықтарға бағыттас жаққа қарай жалпақтап жағады. Егер ағаштың беті жақсы тегістелген болса, не ағаштың құрылысы тығыз майда қабатты болса, шеңбер тәрізді қозғалыстармен жағуға болады. Бірақ қандай жағдайда болмасын тампонды тоқтатуға немесе қарама-қайшылы келген қозғалыстар жүргізуге болмайды, тампон жазықтың бетіне жабысып қалуы мүмкін.

Көмекші құрал Өңдеу жұмыстарының технологиясы







1-сурет. Лактау құралдары

Лактауда үш-төрт мәрте жасайды, әр кезде де жұқалап жағып толық кепкенін күту керек. Күту мерзімі әр түрліқұрамында спирт бар лактар - 30-40 минут, ал майлы лактың кебу мерзімі - 10-24 сағат.

Қоюланған лакты сұйықтау қылып еріту керек: спирттік лакті арнаулы еріткішпен, ал майлыны скипидар, уайт-спирт немесе арнайы сұйықты қосу арқылы қалпына келтіреді.

Заттың майда бөлшектеріне лакты қылқаламның көмегімен жаққан дұрыс. Ең жоғарғы сапалы, лактау ісі айнадай жазықтықты полировка береді. Бұл күрделі жұмыс, көп тәжірибелік пен мұқияттылықты талап етеді. Заттың бетін тиянақты дайындайды; оның үстінде не бір тырнақтың ізі не бір кішкентай тесік те болмау керек.

Лактаудың ерекшелігі, палитраның ішіне тампонды қойып, оның бетіне бірнеше тамшы зығыр майын тамызады.

Жылтырату тәсілін белгілі кезекті қозғалыспен жағады, олардың негізгілері суретте көрсетілген. Қалған тесіктерді түгелдей жабу үшін бірінші, ал кейде екінші қабаттан соң заттың бетіне пемза ұнтағын себу керек.

Әдемі жылтырды бұйымның бетіне бес-алты қабат жаққаннан кейін алуға болады.

Арнайы жиһаздарға арналған лак және жылтыратқыштардың реңдері әр түрлі: түссіз, ашық, тым күңгірт (сары-қоңыр), қызыл, қара, т.б.

Темірден (жез, дюралюмин, т.б.), пластмассадан жасанған заттарды әсемдеу де жылтырату әдісін қолданады. Мұндай жағдайларда заттардың бетін алдымен егеумен, кейіннен (надфиль) майда түйіршікті жылтыр қағазбен өңделеді. Өңдеу кезінде штрихтардың барлығының бір бағытта болуына тырысу керек.

Жылтырату жұмысын жүн не жұмсақ терімен жасайды.

Егер қол немесе электр үскі болса, жүнді үскінің патронына бекітіп жылтыратады, мұндай әдіс жұмыстың сапасын әрі өнімділігін жақсартады.

Жұмыс барысында заттың бетіне жылтыратқыш паста мен керосин жағады, соңынан таза шүберекпен сүртіп шығады. Уақыт өткен сайын заттың жылтыратқан бөлшектері қышқылданбас үшін оның бетін цанон немесе нитролакпен көмескіленбес үшін жағуға болады.

Қалау және бояу

Заттың беті тегіс және әдемі болуы үшін бояу алдында оның жырықтарын, тырнақ іздерін, ойықтарын бітеп, қалап шығу керек, мұны шпатлевка деп атайды.

Оны көрнек жаңқышты арнайы қалақтың немесе кәдімгі темір сызғыштың басымен жағады.

Қалау көрнегі оңай дайындалады, яғни майда ұнтақталған борды олифа немесе майлы лакпен араластырады. Жаққыш тез жабысу үшін оның құрамына желім қосады (казиндік, столярлық). Оның дайын түрлері де болады (нитрошпатель АІП-22 немесе АІП-30).

Қолдан жасалған түрі: тіс жуғыш ұнтақты немесе талькті нитрожелім немесе нитробояумен араластырады.

Ал үлкен тесіктерді бітеу үшін ағаштың ұнтағынан жасалған көрнек түрін қолдануға болады.

Қытай сылағышы -жырықтарды толтыру үшін және мрамор, фарфор, шыныларды жапсыруға арналған. Оны известің 54 салмақы бөлігінен, 6 алюминдік кварцтан (майда ұнтақталған) және казеиндік желімнің 40 бөлігіненжасайды.

Ескі заттардың бетінде тозуға байланысты, ұрылып-соғылу болады. Мұндай заттың бетін қайта бояранда ол нашар көрінеді, сондықтан алдымен заттың бетін ескі бояудан тазалау керек (егер тесіктерінің көлемі өте үлкен болмаса), одан кейін сылап шыққан жөн.

Ал сылақ кепкенен кейін жазықтықты қырнаған дұрыс.

Бояу жұмыстарының нұсқаулары

Ылғал тигіш заттарды суға төзімді бояулармен бояу керек. Ірілерін - эмальды немесе майлы бояулармен. Оларды жұмысқа дайын күйінде алған дұрыс. Нитробояулар мықты және әдемі қабат береді. Бірақ та кейбіреулері өте тез кебетіндіктен, олармен жұмыс істеу қолайсыз (әсіресе, істеу керек бояушашыратқыштың орнына қыл-қаламмен болса). Қылқалам бұйымның бетіне жабысып қала береді, мұндай бояулар керісінше майда нәрселерді бояуға жақсы.

Ірі жұмыстар үшін еденді, есіктерді, терезе рамаларын, асхана жиһаздарын бояуға басы домалақ үлкен қыл-қалам арналған (ручник). Орта көлемді заттарды және жалпақ жазықтықтарды бояуға жалпаққыл-қаламдар бар - флейц.

Көлемі кіші ағаш бұйымдарды жалпақ майлы бояу қылқаламымен бояйды. Олардың ең жақсы түрлері: колонка, песчанка, хорька, тиіннің құйрығынан жасалғандары.

Жаңа қылқаламдарын әуелі 30- 45 минутқа суға салып қойып және ауада әбден кептіру керек. Ал жұмыс арасындағы үзілістерде қылшықтарында бояу қатып қалмас үшін оны суы бар ыдысқа салып қойған дұрыс.

Көмекші құрал Өңдеу жұмыстарының технологиясы






2-сурет. Бояу қылқаламдары

Жұмыс аяқталған соң оларды ерітпелерде тазалап (скипидар, керосин, ацетон), артынан жылы сумен жуады. Қылқаламдарды іліп немесе жатқызып қойып сақтау керек.

Бұйымның бояуы ағып кетпес үшін оны дұрыс орналастылып қояды.

Соңғы бояу қабатын жағардың алдында, заттың бетін майда түйіршікті қалдырып сулап алып немесе сұйық маймен үйкеп шығу керек.

Ылғал ағашты бояуға болмайды, өйткені лакты бояу қабыршықтанып кетеді.

Бояу лактау жұмыстарын ауасы жақсы тазаланып тұратын бөлмеде немесе желдеткіші бар орында жүргізу керек. Шаң-тозаң боялған нәрсенің сапасын төмендетеді.

Темір тетіктерін өңдеу.

Қола немесе күміс түстеріне келтіре бояу, қоланың, алюминийдің ұнтақтарымен жасалады. Олардың төрт түрі бар: ЛАК-1, ЛАК-2, ЛАК-3, ЛАК-4 ұнтақты сұйық лак немесе арнайы текстурамен араластырады. Бояуды Эмалит қосылған ацетоннан немесе АК-дан жасауға болады (ацетонның екі-үш бөлігін нитрожелімнің не лактың бір бөлігіне араластырады). Сұйықтық суға төзімді болғанымен, өте тез кеуіп кетеді. Сондықтан бояуды қажетті мөлшерде ғана дайындау керек, ал бояу барысында ыдыстың бетін жабық ұстайды.

Майлы лакпен қола түсінің жазықтық бетін мұқият үйкейді және алдын ала эмальді бояумен немесе жылтыратқышпен бір қабат жағып шығады.

Тағы бір әдіс бойынша, жазықтықтың бетін бояумен тегістейді, оның түсі қола, алюминий, майлы лакка жақын. Кебе бастаған кезде жабысқақ лакты құрғақ қыл-қаламмен бронза немесе алюминий ұнтағын сеуіп шығады. Барлығы жақсы кепкен соң қалдықтарын шүберекпен тазалап тастайды.

Тұрақтылығы мен жылтырағын сақтау үшін қолаланған затты түссіз лакпен бояп шығады.

Желім және желімдегіш сұйықтар

Жиһаз және тұрмыс заттарын шеберханалық, сүйек желімдерімен желімдейді.

Ұнтақталған желімді су құйып араластырып (10-14 сағат),. желім қайнатқышта ысытады.

Казеин желім. Желімнің сүр үнтағын сумен таза ыдыстың ішінде қаймақ тәріздес болғанға шейін сумен араластырады, 4-5 сағаттан кейін дайындалған өнімді қолдана беруге болады.

Ағаштан, теріден, пластмасс жасалған майда заттарды желімдеу үшін «Рапид», «Эмалит», «АК» немесебасқа нитромайлы желімдерді қолданады.

Неше түрлі құралдардың мықты жабысуын (жұқа темір пластиналарды) ВФ-2, ВФ-4, ВФ-8 желімдер қамтамасыз етеді.

Бірақ та мұндай желімдермен жұмыс істеген кезде белгілі тәртіпті сақтаған дұрыс (заттарды қыздыру, кептіру, арнайы температурада ұстау).

Маталарды жапсыру үшін БФ-6 желімін қолдануға болады. Маталарды жақсылап сулап сығады. Кейін екі рет желім жағып, ауада кептіреді. Беттерін біріктіріп, сулы шүберектің үстінен үтіктейді. Маталарды қораптардың, сандық немесе арнаулы ағаш бұйымдарының ішіне желімдейді.

Үлкен ағаштан жасалынған заттар ылғалданудан әсерден сақтау үшін оларға суға төзімді ВИАМ Б-3, КДМ-6, КБ-3 құрамдарын қолданған жөн.

Қағазбен, картонмен жұмыс істеу үшін қарапайым қолдану жасалатын ұн мен крахмалдан дайындалған желімді қолдануға болады.

75-80 мл суың суға 15-25 бидай ұнын қосып, мұқият араластыра отырып, 70-80 °С-та қыздырады.

Крахмалдың 6-10 % ыстық сумен (90 %) араластырып, крахмал желімін жасайды.

Күйдірілген ағаш

Археологиялыққазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген ағаштан жасалған заттар табылуда.

Отқа күйдірілген немесе ысталған ағаштың сақталу қабілеті жоғары екенін адам ежелден білген. Мысалы, ағаштан жасалған дарбаза ұстандыларының аяқ жағын күйдіріп алғаннан кейін ғана жерге көмген. Орыс халқының бөренелерден жасалған тұрғын үйлерінде от жаққан кезде бөлінетін шырын заттар төбеге қонып, ағашты шіруден сақтап отырған.

Күйдірілген немесе ысталған ағаш бұйымдардың фактурасы анық көрініп, әдемі табиғи өрнек құрайтынын байқаған адамзат тұрғын үй заттарын жасауда әдейі от пен түтінді қолданған.

Карпат және Татар тауларын мекендеушілері үйдің ішіндегі төбенің ортасынан өтетін бөренелерге қарайып кеткен ағаштың жалпақтығына жапырақты ірі табақшаларды салған, сонымен шаруа адамы үшін өте маңызды болып табылатын күннің белгісін көрсеткен.

Ағаш сандықтардың күңгірт фонында салынған геометриялық ойық өрнектер, табақшалар,квадраттар тізбектеле орналасып сүйкімді көрінеді.

Күңгірт түсті басқа әдістерді қолданумен де алуға болады, бірақ ыстау техникасы ағаштың табиғи сұлулығын анықтап тұрады.

Шеберлер жұмыс барысында бөтен құралдарды да келтіруге тырысқан, яғни имитациялау, мысалы легендерді «тасбақаның сауытына», ағаш сандықтарды «мраморға» ұқсатып істеген. Ол үшін ағаштың немесе темірдің бетін алдын ала ашық-қоңыр, ақне жасыл майлы бояумен бояған. Әлі ылғал сыры кеппеген заттың бетін шамның жалынына ұстаған, сонда жазықтықтың қиғаштығына, жалынның көлеміне, жалынды жүргізу қозғалысының жылдамдығына байланысты жалпақтығы, тығыздығы әр түрлі із қалып отырған. Ол астыңғы қабатпен жақсы бірігіп, кейін үстінен жағылған лактың көмегімен көркейе түскен.

Текстурасы онша бай емес жапырақты ақ қайың, көктерек ағаштарын ысып көркемдеуге болады. Осындай ағаштан кішігірім бір заттың, мысалы қаламның сабын жасап, оны астынан тоқтатпай жалын жүргізсек, затымыздың бойында ерекше көлденең сурет пайда болады. Оны тек лакпен бекітуге болады.

Токарьлы әдіспен орындалған ағаш бүйымдарын үйкелеп, тазалап бояуға болады, оның нәтижесінде температура жоғарылайды. Қара саңиналарды жасау үшін қатты ағаштың (емен, аққайың) кесегін алып, оның жіңішке жағын станокта айналып жатқан затқа тигізіңіз. Үйкелістен заттың бетінде жұқа көміртектес қабат пайда болады. Егер бір түйір сургуч тигізсең, қызыл белбеулер көрінеді, қызыл-қара түстерді кезектестіре отырып, әдемі ритм үйлесімін жасауға болады.

Қазіргі кезде штамптың күйдіру тәсілін сирек қолданатынын айта кету керек. Керісінше электр инемен күйдіру әдісі кең тараған, алайда ол тек нақты контурлысурет береді. Ал штампты күйдіру тәсілі тұрғын заттарының бойында, олардың қарапайым пішінін әр түрлі реңді әсемдік кездесіп, композициялармен көркейтеді.

Штампты әр түрлі температурада қыздыруға болады, сонда олар әр түрлі ойың іздер қалдырады, кейбіреулері ашық, бірақсуреті нақты көрсетілген, ал басқалары күңгірт шеттері жұмсақ, жеңіл-желпі күйдірілген болып шығады.

Штамптарды темір кесегінен немесе қалың қабырғалы құбырдан жасайды, оның жалпақ жағына сурет ояды. Сурет қарапайым болуы керек, өйткені күрделі бейнелер күлмен толып қалады, тым жіңішке бөліктері қыздырған кезде күйіп кетуі мүмкін.

Қалың темір сымдарға бекітілген ағаш сабы бар штамптарды қыздырып, әсемделген заттарға тигізеді.

Күйдірер алдында бірнеше минутқа мыс купоросы сұйықтығына батырып қою керек, ол жұмсақ жылдың шеңберлерге жақсы сіңеді. Дәл осы жұмсақ қабаттары күйеді, ал қатты бөліктері өзгеріссіз қалады. Күңгірт түсте ашық түсті сызықты сурет пайда болып, бейне рельефті көрінеді.

Затты купороспен сіңдірмесе де болады, онда түстерінің айырмашылығы жұмсақ және қатты жылдық сақиналардан көрінеді, бейне рельефсіз қабылданбайды. Күйдірілген затты соңынан тазалап, лакпен бояп шығады.

Маркетри

Маркетри дегеніміз XVII ғасырда Еуропада, әсіресе Францияда кеңінен тарағаң жіңішке ағаш пластикаларынан құралған мозайка өнері. Маркетри техникасы ағаш мозайка өнерінің өрістеуіне едәуір ықпалын тигізді.

Маркетри техникасына қызығушылыққазіргі күнде де күшеюде. Шеберлер мозайкалық құраммен музыкалық аспаптарды, жиһазды, көркем паркет, т.б. әсемдеуде.

Мозайкалық құрауды орындау үшін шпонды, бір қабатты әр түрлі ағаштардан жасалған фанфаны қолдану керек. Мұндай шпонның қалыңдығы 0,5 мм-ден 1,2 мм-ге дейін болады.

Карельск аққайықынан жасалған шпон - мозайка құраудағы тамаша құрал. Толқын тәріздес текстура ағашқа керемет әсемдік береді. Кәдімгі аққайыңның да ағашы жаралды. Еменнен жасалған шпондар жиі қолданылады, ол ерітінділермен жақсы өңделеді. Қаттылығы орташа грек жаңғағы оңай өңделеді. Ол әр түрлі бағытта тамаша кесіледі және алуан түсті гаммасы бар ашық қоңыр түстен қара-қоңыр түске шейін болады. Мозайка-да қызыл ағаш-махагон көп қолданылады. Оның да неше түрлі реңдері бар, мысалы ашыққызғылт түстен қызыл-қоңырғадейін.

Көмекші құрал Өңдеу жұмыстарының технологиясыКөмекші құрал Өңдеу жұмыстарының технологиясы







Көмекші құрал Өңдеу жұмыстарының технологиясыКөмекші құрал Өңдеу жұмыстарының технологиясы





Маркетрида ағаштың түрлерін ерітінділермен өңдейді -шүбегейлі бояйды, аса құнды ағаштарды имитациялайды. Мысалы шпонды қызыл түске бояу үшін оны ең алдымен мыс купоросының сұйық ертіндісіне салып қояды (15 гр-ды 1 литр суға), оны кептіреді де, сары түз ерітіндісіне батырады (темірлі-синеродисті калий).

Көгілдір немесе ашық жасыл түс алу үшін ағашты хлорлы темір ерітіндісінде өңдейді. Күңгірт-қоңыр түс пайда болу үшін мысты купорос ерітіндісін қолданады. Ерітінділердің түсін рең қалауына байланысты не сұйықтатуға, не қоюлатуға болады.

Емен, жаңғақ, шамшат ағаштарының құрамында дубильді заттардың көп болғандығынан оларды алдын ала өңдемей-ақ, ерітінділермен бір-ақ өңдейді.

Ал аққайың, терек, қарағай сияқты ағаш түрлерін сиялы жаңғақ қайнатындысына батырып қою керек. Сиялы жаңғақ дегеніміз - емен ағашының жапырақтарында болатын өспенді, егер мұндай жапырақтар табылмаса, онда емен немесе талшықтың қабыршықтарын қолданыңыз.

Маркетри техникасында орындалатын мозайкалық тәсілдердің екі түрі бар. Ең қарапайым түрі - алдын ала кесіліп қойған заттардан өрнекті құрау. Бірақ бұл тәсілдің мүмкіншіліктері шектелген, ол тез арада геометриялық элементтері қайталанып отыратын суретті құрайды. Алайда маркетри техникасын үйренуді осы тәсілден бастаған жөн.

Біздің суретте үш қайталанып келетін элементтер көрсетілген. Әрине текстурасы, түстері әр түрлі үш ағаштан жасалған шпондар қолданылған. Мұндай құраумен қорапшаның қақпағын әсемдеуге болады.

Тәжірибелік тапсырма.

Жұмыстың мақсаты: Үш түрлі ағаштың шпондарынан маркетри құрағын жасау.

Орындау тәртібі: 40x60 планшетіне нақты масштабта болашақ өрнектің сызу жобасын көрсетіңіз. Қандай ағаш шпонын қолданатыныңызды анықтап алу керек.

1) Жобаның реңді шешімін акварельді бояудың көмегімен бояу керек.

2) Қатты қағаздан немесе картоннан әр элементтің қалпын сызып алып, оның көлемін шпонның бетіне қарындашпен белгілеңіз.

Пышақтың көмегімен шпон бетінде қалған із бойынша бейнені кесіп алыңыз. Пышақ өте жақсы қайралған болуы керек, оны қаламды ұстағандай қалыпта қстайды. Кесу барысында тура сызықтың бойымен жүзін жүргізе отыра, өзіңізге қарай сәл қисайтыңыз. Шпондарды кесу кезінде астына жұмсақ ағаш төсеген дұрыс. Кейде құрақ элементтерін лобзикпен аралайды.

•араланған немесе кесілген өрнек элементтерін шеберханалық желімін жағып, сызылған жобаға жапсырады әр элементі бір-біріне тығыз орналастырылады;

•құраудың барлығы жапсырылып болғаннан кейін оны жазықтың бетіне жапсыру керек. Жазықтың ретінде тақтайды немесе қалың фанераны алуға болады. Жазықтыққа шеберханалық желім жағып, оның үстіне құрауды қағаз қалыптарын бетіне қаратып қойыңыз. Бетіне үш-төрт газет қағазын жауып, оны жалпақ ағашпен бастырып қоямыз. Осының бәрін ауыр нәрсенің астына үш-төрт сағатқа престеп қойыңыз. Кейінгі жұмыс екі күнен кейін, барлығы әбден кепкен соң ғана орындалады;

•ірі түйіршікті қаңылтыр қағазбен құраудың бетіндегі қағаз қалыпты алып тастаңыз. Кейін майда түйіршікті қатты қағазбен құрауды жылтыратып шығыңыз. Үйкеу жұмысын ағаш талшықтары саласының бойымен жүргізу керек;

•тазаланған құрауды көркемдеу үшін бойына байланысты лактап шығады.

Лактау үшін нитролактарды қолданған дұрыс, олар суғатұрақты, мөлдір, тез кебеді және жақсы жылтырайды. Нитролакты ағаштың бетіне кәдімгі пульливезатормен (иіс суларында қолданылатын) шашады. Бір мәрте шашқаннан кейін кебуіне бір сағаттай уақыт беріледі. Одан кейін майда түйіршікті қатты қағазбен тегістеп үйкеп, 2-3 рет қабаттап шашыңыз. Әр шашылған қабаттан кейін кебу уақыты бір сағатқа созылып отырады. Мысалы, төртінші қабатты жағу үшін үшіншісі үш сағат кебеді. Ең соңғы қабаттан кейін бір күн өткен соң бетін арнайы пастамен жылтыратып шығасыз.

Көмекші құрал Өңдеу жұмыстарының технологиясы

Көмекші құрал Өңдеу жұмыстарының технологиясы





Көмекші құрал Өңдеу жұмыстарының технологиясы











20



© 2010-2022