Моншақты кесте тоқу түрлері (бисер)

Сабақтың тақырыбы: Моншақты кесте тоқу  түрлері (бисер)   Сабақ мақсаты: Билімділігі: оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;   Дамытушылығы: оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, композициялық табиғат көрінісін жазу: Тәрбиелігі: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.   Сабақтың әдісі: СТО технологиялары, аралас, сарамандық.    Пәнаралық байланыс: тарих... Атаулы қалданылуы Европада аталуы Египетте ең алғаш қалай атады Қазақ халқы қалай атайды Қазақ қалыңдығының  баскиімді 1. Бисер         2. Бусор         3. Моншақ         4. Сәукеле         5. Қамзол            
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Садуова Жанар Жетписбаевна
Х.Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі


Сабақтың тақырыбы: Моншақты кесте тоқу (бисер)

Сабақ мақсаты:

Билімділігі: оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;

Дамытушылығы: оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, композициялық табиғат көрінісін жазу:

Тәрбиелігі: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

Сабақтың әдісі: СТО технологиялары, аралас, сарамандық.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география.

Көрнекілігі: фотосуреттер, моншақтар, кестелер, интерактивті тақта.

Сабақтың жоспары.

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Тақырыпты меңгеруге өткен негізгі білім арқылы дайындық.

  3. Жаңа тақырыпты меңгеруге даярлық.

  4. Жаңа тақырыптарды тыныстыру.

  5. Сарамандық жұмыс арқылы түсіндіру.

  6. Қорытындылау жұмыстарын бағалау.

Сабақтың барысы

  1. Қызығушылығын ояту (ассоциация) - 3 мин

Бисердің шығу тарихы

Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға білездік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.

Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудыңең алғаш құпиясы Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзің құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.

Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бурса» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Визинтияға өтеді. Ал Констонтинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.

Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқкиімдері, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.

  1. «Моншақ» деп нені айтамыз?

  2. Қазақ халқында моншақты не үшін пайдаланған?

Моншақты кесте тоқу түрлері (бисер)


  1. Мағынаны тану.

  1. Моншақтың шығу тарихына ой жіберейік.

Тапсырманы бөліп-бөліп оқу.

1-оқушы - Кесте тігу

2-оқушы - «Маржан» туралы мәлімет

3-оқушы - Азияда бисердің пайдаланылуы

4-оқушы - Қазақстанда пайдаланылуы

Сұрақтар

  1. «Сәукеле» деген не? Шығу тарихын білесің бе?

  2. Әдемі сәукелелерді қазақтың қандай киноларынан кездестірдіңдер?

  3. Қамзолды кімдер киеді?

Практикалық жұмыс. Жұмыс ережесін еске түсірейік.

Қауіпсіздік ережелері

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

  2. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.

  3. Инені киімге қыстыруға болмайды.

  4. Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.

  5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

  6. Тігін машанасының үстінде артық киім жатпау керек.

  7. Қозғалатын және айналатын машина бөлшектеріне жақындамау керек.

  8. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген тексеру керек.

Сиквейн әдісі

  1. Кім? Не? - 1 сөз

  2. Қандай? - 2 сөз

  3. Не істейді? - 3 сөз

  4. Сөйлем - 4 сөз

  5. Синоним - 1 сөз

Атаулы қалданылуы

Европада аталуы

Египетте ең алғаш қалай атады

Қазақ халқы қалай атайды

Қазақ қалыңдығының баскиімді

1. Бисер


2. Бусор


3. Моншақ


4. Сәукеле


5. Қамзол



© 2010-2022