Ою–өрнектер әлемі тақырыбына сабақ жоспары 7 сынып

Сабақтың мақсаты: Ою–өрнектерді ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергенін қыз балаларға ұғындыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Әдемілікке, өнерге, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу өнері.Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 5-7 сынып оқушылары «Ою-өрнектер әлемі» атты ашық сайыс сабағы өткізгелі отырмыз. Еңбек сабағы қыздардың көркемдік таным түсінігін кеңейтуде, қолөнер түрлерін оқыт...
Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектер әлемі

Сабақтың мақсаты: Ою-өрнектерді ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергенін қыз балаларға ұғындыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Әдемілікке, өнерге, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу өнері.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 5-7 сынып оқушылары «Ою-өрнектер әлемі» атты ашық сайыс сабағы өткізгелі отырмыз.

Еңбек сабағы қыздардың көркемдік таным түсінігін кеңейтуде, қолөнер түрлерін оқытып үйренуге баулу арқылы олардың өздігінен ізденіп жұмыстар жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып ынта-ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйретеді.

Әділ-қазылар: __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Сайыс 6 бөлімнен тұрады.

Әр бөлім 5 ұпаймен бағаланады.

Сайысқа 2 топ қатысады. Бірінші топ - «Өнерлі өрендер», екінші топ - «Шеберлер».

  1. Таныстыру (әр топ өзін-өзі таныстырады).

  2. Құрақ құрау.

  3. Мақал-мәтел.

  4. Кім шапшаң?

  5. Алтын қақпа.

  6. Үй тапсырмасы.

1)Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

Тамаша шақырамыз,

Шебер, өнер топтарын. - дей келе, бірінші бөлім таныстыру, әр топ өзін-өзі таныстырады.

2)Ұстазынан үлгі алған ұста болар,

Ұстаз сөзі - шәкіртке нұсқа болар.

Асыл сөзін ұғынып алғыр шәкірт,

Екі айтқызбай есіне ұстап алар, - деп әр топ мұғалімнің берген дайын үлгілерін үйлесімді етіп, құрақ құрау тиіс.

3)Табылар бойларынан кемел білім,

Арқалап келіп тұрған өнер жүгін.

Бүгінгі мақал-мәтел сайысында,

Көреміз сайыскерлер даналығын, - деп мақал-мәтел сайысы.

4)«Кім шапшаң» ойыны.

Ою-өрнекке қарасаң,

Өңкей мүйіз тігілген.

Қайсысын қаласаң,

Қиып ал, сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер, ой керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер,

Қиюға пысық қол керек.

Топ мүшелері ою ойып болғанша, «өнерлі өрге жүзер» деп келесі кезекке Әсима мен Құралай атты өнерлі қыздарыңыз, сіздерге әсем ән сыйлайды.

Ән: «Отырардағы той».

5)Оюларға сүйсініп,

Қайран қалып тұрасын.

Көре білсең түсініп,

Одан көп сыр ұғасың.

Келесі сайыс - «Алтын қақпа». Әр топқа ою-өрнекке байланысты сирек қолданатын оюдың атын жасырады. Әр топ сол оюдың мағынасын түсіндіру қажет.

1-сұрақ. Халқымыз «Жыланбас» оюын қандай ырыммен, қайда қолданған? (Жауабы: «Жыланбас» оюын балалардың тақиясына көз тимесін деген ырыммен салған.)

2-сұрақ. Әдіптеу деген не? (Заттың не киімнің шетін екінші түсті мата не терімен жапсыра тігу, жиектеу.)

3-сұрақ. Бәдіз деген не? (Тасқа шауып жасаған мүсін, өрнек, бедер.)

4-сұрақ. Қабу деген не? (Мақтасы жылжып кетпес үшін көрпенің тысы мен астарын жапсырып тігу.)

5-сұрақ. Кірлеу деген не? (Өрнек салынған текеметті ыстық су құйып, үстінен орап, буландырып білектеу.)

6-сұрақ. «Жұлдыз құрт» оюын көбінесе қайда салады? (Шиге, сырмақтың шеткі жиегіне салады.)

7-сұрақ. Есеп таяқ деген не? (Кілем тоқуда қолданады, бой жіптерді санап байлап қойған таяқ.)

8-сұрақ. Делегей деген не? (Ертедегі қыздардың баскиімі.)

9-сұрақ. Айшық деген не? (Сырғаның, өрнектің бір түрі.)

10-сұрақ. Мауыты деген не? (Қымбат мата.)

11-сұрақ. Әр дегеніміз не? (Әшекей, түр, көрік.)

12-сұрақ. Қобди деген не? (Ұсақ-түйек салатын кішкене сандықша.)

Ортақ.

1-сұрақ. Қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірін ата. (Жауабы: қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірі - ою-өрнек.

2-сұрақ. Ою-өрнек дегеніміз латынның қай сөзіне келеді? (Латынның «орнамент» деген сөзінен алынған. «Орнамент»- әшекейлеу, әсемдеу деген мағынасына келеді.)

3-сұрақ. Оюдың пайдасы бар ма? (Ойды бір жүйеге келтіреді, жүйке қызметін жақсартады. Математикалық білімді жетілдіреді, түстерді таңдауға үйретеді.)

Жүргізуші: Бұйымдар мен заттарды,

Сәндеу үшін көрнекті.

Қиын да болса қиналмай,

Мен де үйрендім өрнекті. - дей келе келесі кезекті үй тапсырмасына береміз.

Қорытынды.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Ою-өрнек әлемі» атты ашық сайыс сабағымызды жабық деп жариялаймыз. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!





© 2010-2022