Сабақтың тақырыбы: Бисермен кестелеу. Панно

Сабақтың тақырыбы: Бисермен кестелеу. Панно.Сабақтың мақсаты1.Білімділік мақсаты: сумоншақпентармен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауға, түрлі-түсті заттардың көлемін беруге немесе әсем сәндік жұмыстар кестелеп тігуді үйрену.2.Дамытушылық мақсаты: оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.3.Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.Сабақ түрі: аралас сабақ, сарамандық....
Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы__9_, күні_23_, айы_01__,жылы_2014_

Сабақтың тақырыбы: Бисермен кестелеу. Панно.

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік мақсаты: сумоншақпентармен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауға, түрлі-түсті заттардың көлемін беруге немесе әсем сәндік жұмыстар кестелеп тігуді үйрену.

2.Дамытушылық мақсаты: оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.

3.Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ, сарамандық.

Көрнекіліктер: моншақтан жасалған бұйымдар, үлгілері

Құрал-жабдықтар: ұсақ моншақ, бисер, ине, жіп

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, жоқтарын белгілеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ.

Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталды. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Адам баласы ерте кездің өзінде тұрмысында қолданатын заттарын түрлі дән, жидек, ұлу және түсті тастарды қолдан есілген үзілмейтін шөптерге, аттың қылына тізіп, тігу, тоқу арқылы безендіре білген.

Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металлдан жасалған. Уақыт өте келе моншақты өте бағалы және аса қымбат емес тастар, әйнек өндіру кәсібінің нәтижесі, су су моншақтар алмастырады. Моншақтың әр халықта атауы әр қалай болған. Индияда-хар, кубада-кояр, Эфиопада-чале, Ресейде-ожерели, цепочки т.б. ал қазақ, қырғыздарда «моншақ», «су моншақ» деп аталған.

Шыныдан бисер өндіру кәсіпшілігі Европада алғаш Венеция, Германия, Византияда дамыды. Бисер өндіру ісі бұл елдерге өте зор байлық әкелді. Алтын, күміс жіптерге маржан тізіп кестелеу бұрыннан белгілі болған өнер. Қазір су моншақпен кестелеу әдісіне сұраныс көп. Қазіргі уақыт талабына орай моншақ, су моншақтарымен жаңа технологиялық кестелеу өнері арқылы панно, картиналар жасалды.

Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері көп. Соның бірі-бисермен әшекейлеу. Бисер өнері ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармашылығының бір түрі. Сен білесің бе, барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Осыдан 6000 жыл бұрын әйнек өнері және де моншақтар да пайда болған.

«Бисер» деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақша, шыны, металл керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды. Ал одан үлкендерін кәдімгі моншақ деп атайды.

Бисер таңдау-үлкен жұмыс. Олардың өлшемдері, түстері әр алуан. Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты бисердің қандай түрін қанша мөлшерде алуды, қандай түсті алуды, тігілетін мата түріне, ине, жіпті таңдай білу керек. Бисерді кестелеу үшін тым қатты немесе жұқа емес, орташа қалыңдықта мата таңдалынуы керек. Бисер тігу үшін арнайы жіңішке №10 ине қолданған жөн. Жуан инені қолданған кезде моншақ екіге бөлініп жарылып кетуі мүмкін. Әр түрлі жіп түрлерін қолдана беруге болады. Тек олардың жуандығы бірдей әрі мықтылау болуы керек.

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын жұмбақтар жасырып көрейікші.

Жұмбақтар

1.Мөлдіреген жүзімді,

Қозғап едім үзілді. (моншақ)

2. Қағаздардың ине жіпсіз жыртығын

Бүтіндейді ақшыл-сары шіркінің (желім)

3. Кірш-кірш етеді,

Ішіне кіріп кетеді. (ине)

4.Басы да екеу, аяғы да екеу. (қайшы)

5.Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер. (қол)

Сергіту сәті. Жалғасын табу ойыны мен жалғастырайық.

  1. 7 рет өлшеп......( БІР РЕТ)

  2. Көз қорқақ.... (қол )

  3. Ердің атын ......(ел шығарар)

  4. Өнер көзі......(халықта)

  5. Ата көрген ......(оқ жонар)

  6. Шеше көрген ........(тон пішер)

  7. Ата мұра..... (асыл қазына)

Сарамандық жұмыс.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. (қайшымен, инемен, клеймен)

Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

  1. Қайшыны лақтырып, сермеме;

  2. Қайшының ашасын ашық тастама;

  3. Қайшыны партаның оң жақ шетіне қой;

  4. Қайшыны ұстағанда өзің жүзінен ұстап, алушыға сабын бер.

5. Инені ұшымен қаратып берме.

6. Инені көзіне таяма

7. Жіпті ұзын қылып сабақтама

Жұмыс барысын түсіндіріп нұсқау картасы ілінеді. Бүгін біз бисермен кестелеу яғни «панно» әшекейлеп желіммен желімдеу (жапсырмалау) арқылы жұмыс жүргіземіз. Тігуге уақыт көп кетеді, сондықтан да уақытты ұту мақсатында, сабақ соңына дейін бітіру мақсатында жапсырмалау өнері арқылы жұмыс істейміз.

Жаңа сабақты бекіту.

  1. Су моншақпен жұмыс істеу арқылы өзімізге қандай дайындық алдық?

  2. Су моншақпен әр түрлі әшекейлер жасауды үйрендік?

  3. Моншақ түрлерін ажырата аламыз ба?

Сабақ қорытындысы.

1.Шыныдан бисер өндіру кәсіпшілігі қай жерлерде дамыды? Европада алғаш Венеция, Германия, Византияда.

2. Бисер деп нелерді атайды?

3. Бисер тігу үшін арнайы жіңішке нешенші нөмірлі ине қолданған жөн? №10 ине

Үй тапсырмасы: Үйден өз беттерінше, өздері қалаған сызбаға бисермен жұмыс жасау.

Бағалау. Оқушылардың жасаған жұмыстарын мадақтай отырып бағалау.


© 2010-2022