Ашық сабақ: Былғарыдан бойтұмар жасау

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы,

№ 8 орта мектептің технология

пәнінің мұғалімі Сарманов Б.С.

Технология 5 сынып

Ашық сабақ «Былғарыдан бойтұмар жасау»

Сабақтың тақырыбы : Былғарыдан бойтұмар жасау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды былғарыдан тігілген бойтұмармен таныстыру. Былғарыны тігу,желімдеу тәсілдерін үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа,тазалыққа, көркем өнерді сезіне білуге тербиелеу.

Сабақтың түрі: сарамандық сабақ,

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап алысу,

Көрнекіліктер:Оқулық,сызғыш,қалам,әртүрлі үлгілер,үлкен-кіші қайшылар, жібек жіп,біз,оймақ,былғары материалы,ПВА және МАСТЕР желімі т.б.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

1.Амандасу,түгендеу,

2.Сынып тазалығын тексеру,

3.Оқушылардың назарын өзіңе аудару.

II .Үй тапсырмасын сұрау.

1.Ою-өрнек дегеніміз не?

2.Қандай ұлттық оюлардың аттарын білесіңдер?

3.Ағашқа ою-өрнек түсіру үшін қандай еңбек құралдары қажет?

III. Жаңа сабақ.

Былғары - мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын қымбат материал.Одан ата-бабаларымыз ер-тұрман,сырт киім,аяқ киім,белбеулер т.б. жасаған. Былғарыны қалай аламыз?

Терінің жүнін күйдіріп түсіреді,шелі сылынып,қыртысы жазылады.Терінің ортаңғы қабаты өңдеу арқылы былғары алынады.Қасаң /қатты/ былғары ірі мал терісінен жасалады: өгіз,сиыр,түйе т.б. Жұмсақ былғарыға: қой,ешкі,бұзау,жылқы терілері жатады.

Былғары өңдеу.

Мал терілерін илеп,бояп,өң беру ертеден келе жатқан,өте жақсы дамыған өнердің бірі.Илеуі қанып,бояу сіңген былғары,су тартпайды.Одан жасалған бұйымның тігісі ыдырамайды,тұтынуға төзімді әрі әдемі.Ағашқа жапсыры-лып қағылған мұндай тері шегеде мықты ұстайды.Мысалы:жиһаздардың,саз аспаптарының беттерін қаптайды.

Былғарының бірнеше түрі бар: көксауыр,опайке,былғары,хром,көзел т.б. Былғарыдан бойтұмар жасау.

Қазақ халқы төрт түлік малдың терілерінен көптеген сыйлыққа арналған бұйымдар жасаған.Сол бұйымның бірі - бойтұмар.Атам қазақ ырымшыл,на-ным-сенімге сенген халық.Үйіміздің маңдайшасына арқар мүйіз,кәрі жілік, кей жерлерде қызыл мата іліп қояды.Бұл ырымдар сонау шаманизмнен келе жатқан үрдіс.Бойтұмар - былғарыдан үшбұрыш пішінде тігілетін,мойынға асып жүретін бұйым.Бойтұмардың ішіне тұз,дұға сияқты көз өткізбейтін нәр-селерді салып,тігіп,ер балалардың мініп жүрген сәйгүлік аттарының мойнына іліп жүрген.Себебі бойтұмар бәле-жәледен,коз тілден қорғайды деп сенген. Осы күнде осы ырымдар халық ішінде жалғасып келеді.

Жұмыс кезінде:

1.Пышақпен жұмыс істегенде тегіс тақтайды таңдап алда,былғарыны соның үстінде тіл.

2.Барлық уақытта өткір пышақты пайдалан.

3.Пышақты қайрау үшін майда зімпара қағазын пайдалан.

Былғарыны күту тәсілдері.

Барлық уақытта былғарыны жылы сумен сабынды немесе сабын ұнтағымен жуады.Оның аса кір жерлерін тампон арқылы нашатыр спиртімен тазалайды. Содан кейін креммен майлайды.

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:

Үш қабырғасы 6см өлшемдегі былғары,жібек жіп,қайшы,оймақ,біз ,үлкен инпышақ ,тескіштер т.б.Былғарымен жұмыс жасау көп еңбекті талап етеді және жұмыс орнына жақсы жарық түсіп тұру керек.

IV. Жаңа сабақты сұрақ-жауаппен бекіту.

1.Былғарыны қалай өңдеп аламыз?

2.Былғарымен жұмыс жасау үшін қандай еңбек құралдары керек?

3.Бойтұмарға сипаттама беріңіз?Ол калай жасалады?

V.Сабақты қорыту.

Оқушылардың жұмысын тексеру және бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

Былғарыдан әртүрлі бұйымдар жасап келу.




© 2010-2022