Технология сабағы Қазақ халқының ұлттық дастарқаны

Раздел Технология
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технология сабағы Қазақ халқының ұлттық дастарқаныТехнология сабағы Қазақ халқының ұлттық дастарқаныМемлекеттік тілде білім беретін Қашар орта мектебі КММ

Технология сабағы Қазақ халқының ұлттық дастарқаныТехнология сабағы Қазақ халқының ұлттық дастарқаны



Технология 10 сынып

2015 -2016 оқу жы


Технология сабағы Қазақ халқының ұлттық дастарқаны10 сынып Технология пәнінен ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ

халқынының ұлттық дастарқаны».


Сабақтың мақсаттары:
Білімділік - оқушылардың тамақтану мәдениет бөлімінде алған білімдерін меңгерту мақсатында шығармашылық қиялын, қол икемділіктерін дамыта отырып өнерге баулу.
Дамытушылық: оқушылардың күнделікті алған білімдерін арттыра отырып, ойлау, іздену, шеберлік қабілеттерін, ой - өрісін дамыту;
Тәрбиелік:- оқушыларды үйден өз бетімен жұмыс жасауға қызықтыру, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, нәзіктікке сезіне білуге, ұлттық тағамдарды дайындауға, тындырымды іс істеуге, жиналықтыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ , презентация.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - суретті, бекіту, әңгімелесу.
Сабақта қолданатын көрнекті құралдар: ұлттық тағамдар, суреттелген буклеттер, нақыл сөздер.

Сабақтың өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, амандасу, дайындықтарын тексеру. Сәлемдесу, оқу құралдарын дайындатып, назарларын сабаққа аудару.
Армысыздар құрметті оқушылар және қадірлі қонақтар!

Біздің бүгінгі««Қазақ халқынының ұлттық дастарқаны» тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер!!!
Ашық сабағымыздың мақсаты. оқушылардың күнделікті алған білімдерін арттыра отырып, ойлау, іздену, шеберлік қабілеттерін, ой - өрісін дамыту; Кіріспе Сөз: Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтың тұрмыс тіршілігінен хабардар боламыз да. Көшпелі тұрмыста мал шаруашылығымен айналысқан халқымыздың да этнографиялық салтына қарай дастарқанның өзіне тән ерекшелігі бар. Сол ерте заманнан бері қазақ халқы өздері баққан малды ретімен өз тіршілігіне пайдалана біліп тағам жасау өнерін жақсы меңгерген. Қазақ халқы үшін дастарқаннан, наннан үлкен еш нәрсе жоқ.

Қазы, қарта, омыртқа, көмбе деген,

Қуырдақ, сүр, мипалау тәтті неден?

Қарта, төстік, жая, шұжық, жау жұмырдың,

Қазағым қасиетін ерте білген - деп бекер айтылмаған.

Біздің бүгінгі сабағымыз, оқушылар өткен бөлімдерден өз алған білімдерін қорытындау мақсатында сайыс түрінде өтпекші.

Өтілу барысы:

  1. Топпен таныстыру.

  2. Адам өнерімен әсем.

  3. Жеті құпия.

  1. "Қазақтың қасиетті ырымдары".

5"Ұлттық тағамдар.

6. Қорытындылау.

Болады қыздың аты затына сай,

Ниет етсең болуға өнерге бай

Артық емес, үйрен де жирен деген,

Бос қалып, бұл өмірде жүрмекші жай.

Ортаға 2 топты шақырамыз, қарсы алыңыздар!

1 сайыс : Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемімен танисың, - декші кезекте «танысу».

1 топ - «Қазақ дастарқаны» басшысы - Бердалиева Лаура, және -Шамшырақ, Аккербез, Перизат, Оксана.

2 топ- « Ақ дастарқан» басшысы - Кобейсинова Жазира, және Үлзира, Лаура, Гульзат,Жұлдыз.

2 сайыс " Адам өнерімен әсем "

«Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, жақсылығын өзімен ала келді десеңші»қыздар өзінің аспаздық өнерін өз қолымен жасаған тағамдарын қорғайды. 1 топ - «Қазақ дастарқаны» басшысы - Бердалиева Лаура- блины , Шамшырақ - кекс, Аккербез - самса, Перизат- пирог, Оксана- бауырсақ.

2 топ- « Ақ дастарқан» басшысы - Кобейсинова Жазира, және Үлзира, Лаура, - салат «Ханның бас киімі» Гульзат,Жұлдыз - салат « Анар білезігігі»

Ұйге келген үлкен қонаққа табақ тартылатынын білесіңдер. Олай болса, топ басшылары табақ тарту дәстүрін біле ме екен? Топ басшыларын ортаға шақырамыз! Ата-бабаларымыз табақ тартуға аса мән берген. Әр қонақтың табағына кәделі мүшелерінің салынуына назар аударған. Осы орайда біз бүгін табақ тартудың ретін назарларыңызға ұсынып отырмыз.


Бас табақ
Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы-қарта, жал, жая, сияқты кәделі мүшелер салынады. Басты қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір беделді кісі ұстайды. Қазақ салтында келген қонаққа бас тартудың жөні бөлек. Әсіресе сыйлы қонақтар мен алыстан арнайы келген құрметті кісілерге бас тарту - оларды қадір тұтудың бір белгісі саналады. Үй иесі де мұндайда қонаққа бас тартуды өзіне парыз санайды. . Бас ұстаған кісі оның құйқасын, етін, көзін, құлағын әрбір адамға үлестіреді де, бір көзін қалдырып үй иесіне береді. Бір қызық ғұрып бар: ол қанша құрметті, жасы үлкен кісі болса да, әкесі бар болса, бас ұстамайды.

Сый табақ
Сый табақ негізінен құдалық рәсім кезінде тартылады. Бас, жамбас, басқа да кәделі мүшелер қонақтың жасына, туыстық қатынасына қарай салынады.


Күйеу табақ
Күйеу табаққа бір сан жілік (асықты жілік) пен төс салынады.

Келін табақ
Келін табаққа ұлтабар және жүрек және ырымдап қолдан соққан күміс бәкі салынады
Ал топ қыздары бірнеше тапсырма орындайды; ол тест және мақалдар құрастыру_____________________________қай топ жеңеді?

Тест.

  1. Қой етін мүшелегенде нешеге бөлінеді?

А) 12 Б) 13* В) 15

2. Кәрі жәләк малдың қай мүшесінде арналасқан?

А) санда Б) қолда* В) қабырғада

3.Бүйрекке жақын алғашқы төрт қабырғасы етек етімен алынатын мүше?

А) қабырға Б) бұғана В) сүбе *

4.Асықты жілік, ортан жілік, жамбас малдың қай мүшесінде орналасқан?

А) қолда Б) санда * В) арқасында

5. Бөлшектеп туралған ет неше минут қуырылады?

А) 5 минут Б) 45 минут В) 15 минут *

6. Ет фаршынан не дайындауға болады?

А) котлет, тұшпара * Б) ет сорпасы, торт В) шай, печенье

7. Ет құрамында қандай дәрумендер құрамы болады?

А) С Б) В тобы* В) Р

8. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді?

А) каллория * Б) киллограмм В) грамм

9. С дәрумені қандай қышқыл деп атайды?

А) аскорбин қышқылы* Б) түз қышқылы В) сода

Асқа байланысты мақал құрастыр. /құрастыру/.

  1. Атасы нан Астың / Астың атасы нан.

  2. Тұрмайды жерде тұрған Ас ауру. / Ас тұрған жерде ауру тұрмайды/

  3. Қалғанша қарын Жақсы жарылсын ас жаман. / Жақсы ас

қалғанша жаман қарын жарылсын/

  1. Ел Жиен желке болмас ас болмас. / Жиен ел болмас, желке ас болмас ./

  2. Тойға асқа барсаң бар тойып аш барсаң бар. / Тойға барсаң тойып бар, асқа барсаң аш бар./

  3. Ел таны барда Асың барда атың таны жер. / Атың барда жер таны, Асың барда ел таны/.

  4. Аттама үстінен Ас үлкен астан емессің. / Ас үстінен аттам, үлкен емессің астан/.

  5. Болады ас Айран ішсең. / Айран ішсең ас болады/.

  6. Ет тісіңе кіреді түсіне кіреді жемесең жесең. / Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіне кіреді/.

3 сайыс - «Жеті құпия» - жеті пәннен сұрақ.

  1. Б и о л о г и я

  2. М е д и ц н а

  3. Ә д е б и е т

  4. Б е й н е л е у ө н е р і

  5. М у з ы к а

  6. М а т е м а т и к а

  7. Г е о г р а ф и я

Биология: Егер тамақта не нәрсе жетпесе баланың дамуын құрт тәжейді, Ол ересек адамдардың денсаулығын едауір бұзады. Еңбекке қабілетін нашарлатады, Ағзасын тұмауға, жұқпалы ауруға қарсылығын кемітеді. Ол не?/ақуыз,белок/

Медицина: Авитаминоз деген қандай ауру?

/бұл ауру ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан. Тамақ құрамында дәрумендер болмауының нәтижесінде болатын ауру.

Әдебиет.

Үйірілген сары алтындай, сары қымыз

Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз

Елімнің социалистік сүйген асы

Шығаршы тағы нең бар дәрі қымыз?

-деп жырлаған 1 ғасырлық тарихы бар ақынымыз кім? / Ж. Жабаев.

Бейнелеу өнері «Дастарқан» натюрмортының авторы кім? / Айша Галымбаева/Технология сабағы Қазақ халқының ұлттық дастарқаны

Музыка «Дастарқанға» байданысты ән орындау. 1 ТОП «Дастарқан »,

2 ТОП - «Қазақтың дәстұрлері»

Математика: Ертедегі ақылды кемпір өз ұйін, малын қалай ұрылардан аман алып қалған?

/ Сапырып, сапырып Сарманға бар, құйіп-құйіп Құрманға бер, төрдегі Төрғеуге бер, есіктегі екеуге бер деп аман қалған.

География: Төрт түліктің киелісі - түйе малының шыққан жері? Орта Азия, Қазақстан.

  1. "Қазақтың қасиетті ырымдары".

Қайта оралды қазағымның бүгін дәстүрлері

Көптен күткен қазағымның асыл арманы еді

Берекелі қазақ жері ел мерекесі

Дәстүрлерлерін нық ұстайық халқымыздың бұл ежелгі

Сұрақтарға жауап беру: Тұрмысқа шыққан қыз ұйіне құс бейнесіндегі сәлемдеме жіберсе, ата-анасы қуанып той жасаған. Н е г е?

/құс бақыттың белгісі/.

сұрақ қазақ қыздарының шешесі осы оюды қызынан сәлемдеме арқылы алғанда ренжіген, ол қай ою? / шынжыра, шынжыраны білмесең, тұнжыра деген мақал содан келген./

  • Тағамдар: Салат қандай тағамға жатады?/суық/

Астың пісуіне байланысты ұлттық уақыт өлшемдерін ата. / ас пісірім, ет асым, сут қайнатым, шай қайнатым./



  1. Сайыс "Қазақтың қасиетті ырымдары". Тамаққа байланысты ырымдар мен тыйымдарды жалғастыру қажет.

1. Ас үстінен аттама __ /ұлкен емессің астан/.

2. Дастархан үстінде / әдепсіз/__ сөйлемейді, _/ жаман сөз / айтпайды

3. Үй иесі қонақтан бұрын «___/тамақтанып болдым/__» демейді.

4. Қыз балаға оң жақта отырып қалады деп __/кәрі жілік/ _ ұстатапайды

5 Қыз балаға _/шашы ұзын болсын деп/ ___желке жегізеді.

6. Жастар _/қаспақ/___ жесе үйленгенде жазда жаңбыр жауады немесе қыста боран болады деп ырымдайды.

7 Тамақ ішіп болғаннан кейін _/тұрып кетуге/__болмайды. тамақтанғаннан кейін ас _/қайырылып /__, бата _/беріледі/_____.

5"Ұлттық тағамдар.

Ұмытылған ұлттық тағамдар, қазақы бай дастархан, ұлттық тағамдарымыздың адам ағзасына тигізер пайдасы, ата-бабаларымыздың ас дайындаудағы шеберліктері жайлы , ұлттық асымыздың қадір қасиеті, пайдасы жөнінде соншалықты көп ақпаратта кездесеміз деп ойлаған жоқ едік. Алайда көзайым болар көп дүниеміздің әлі де болса көзден таса жатқанын байқадық. Әсіресе ел ішіндегі пікіріне қарап ұлттық асымыздың тұтас ғылым екенін, көп зерттеуді қажет ететініне көз жеткіздік.
Біздің ұлттық тағамдарымыздың қай қайсысы болмасын дәріптеуге, басқаларға ұялмай ұсынуға лайық. Тіпті ежелгі дайындалу технологиясын бұзбай отырып әзірлесек, ұлттық тағамдарымызды экспортқа шығаруымызға да болар еді. Мәселен құрт пен ірімшік экспортқа шығаруға, халқымыздың брендіне сұранып-ақ тұрған ұлттық тағамдарымыз.

Қазы, қарта, омыртқа, көмбе деген,

Қуырдақ, сүр, мипалау тәтті неден? Қарта, төстік, жая, шұжық, жау жұмырдың,

Қазағым қасиетін ерте білген - деп бекер айтылмаған.



Қазы-қарта, жал-жая - құрметті қонақтарға тартылады. Етпен бірге пісіріледі

Қазы(семіз жылқыдан қазы айналдырады) қарта (жылқының қарынынан алынады), омыртқа ( соңым сойған күні табаққа салынады) көмбе (Жайлауда ат үстінде жүрген қойшылар дәмді етті аңсаған кезде бір марқаны сойған да қазан ошақсыз-ақ пісіріп жеген. Мұндай тәсілді «көмбе» деп атаған. Кей жерлерде оны «жерқазан» деп те атайды. Жерді жарты метрдей қазады да оған от жағып, астын, екі бүйірін әбден қыздырады. Сосын оның күлін алып тастайды да сойылған малдың етін өз қарнына салып қарынның аузына қамыстан ұзын түтік жасап, ет толтырылған қарынды әлгі қазылған ыстық жерге салады. Одан соң оны ыстық топырақпен қайта көмеді. Топырақ үстінен ағаш, тал, көкпек сияқты қызуы мол от жағады. Бірер сағат өткен соң жер астындағы қарыннан түтік арқылы бу шығып қайнай бастайды. Бұдан кейін үстінен от жағу тоқтатылады да ет топырақ қызуымен одан әрі өздігінен қайнап піседі. Екі үш сағат өткеннен кейін ет дайын болады. Қарын үстіндегі топырақты еппен ала бастайды. Одан әрі қарынға жеткен соң оның үстіңгі жағын ойып жібереді де ішіндегі етті алады. Мұндай буға піскен ет ерекше дәмді болған.

Қуырдақ,( соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.Бауырды соңынан салады, ол көп қайнап, қатайып кетпеуге тиісті) сүр( Тұздап сүрлеу• Ыстап сүрлеу. Қайнатып алып кептіру, Ұн ішінде сүрлеу), мипалау(бастың миіна бауыр,май,құйқасын әбден араластырып, тұздық сорпа қосып терең ыдысқа құйып қонақтарға ұсынады) тәтті неден? Қарта Қарта. Жылқы малының таңдаулы мүшелерінің бірі, төстік (Төстік - қойдың төсіндегі етін терісімен кесіп алып, үйітіп, тұздап жейді. Ауыл жігіттері қой сойып жатқанда оны әзірлей қояды), жая( жылқының сауыр еті), шұжық (- малдың етін, іш майын турап, оған сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының ішегіне салып, екі жағын байлап тобарсытады, етпен бірге асады ), жау жұмырдың (Ертеректе май, ет тығып, әсіп, түйрек,жау жұмыр тағамдар жасаған. Қыз-келіншектер сыбағасы) Қазағым қасиетін ерте білген - деп бекер айтылмаған

VI. Қорытынды
Сабағымыз өз мәресіне жетті, біз бүгінгі сабақта алға қойылған мақсаттарымызға жеттік. Білімгерлерді бағалау үшін әр кезеңде берілген ұпай саналып білімгерлер бағаланады. Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет.
Әр топтың жинаған ұпайларына байланысты бағалау.

Рефлексия: Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?,

Үйге тапсырма: Тәтті тағамдар дайындау үшін азықтарды реттеу.









© 2010-2022