Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:












«Сиқырлы өнер әлемі»

(гимназия үйірмесінің дарынды балалар орталығы шығармашылық тобының

7сыныбына арналған бағдарлама)



А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының технология пәні мұғалімі Гусманова Мөлдір Максимқызының іс-тәжірибиесінен












Орал 2015ж




Құрастырған: Гусманова М.М - №34 мектеп-гимназиясының технология пәнінің екінші санатты мұғалімі.

Пікір жазғандар:

Хамзин Т.Ә - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан

мемлекеттік университеті доцент

Хамзин Н.А- Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық

колледжінің жоғары санатты технология

пәні оқытушысы



«Сиқырлы өнер әлемі» - авторлық бағдарламасының негізгі міндеті мектеп оқушыларын үйірмелерде өнер сүйгіштікке тәрбиелей отырып, заман талабына сай білім ала отырып, өнер түрлерімен танысып, олардың қазіргі қоғамда алатын орнын көрсету арқылы бүкіл қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысына ықпал ету.






Қай істе де өнер қолдан,

Өнерлі адам жеңер болған.

Ж.Баласағұни




Мазмұны

І. Түсінік хат.........................................................4-5

ІІ. Бағдарлама.......................................................6-9

а. Бағдарламаның базалық мазмұны ......10

ІІІ. Сабақ жоспарларының үлгісі ....................11-28

IV. Қорытынды....................................................29

V. Қосымша.........................................................30-35

VІ.Пайдаланылған әдебиеттер.......................... 36




















Түсінік хат

Қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-оқушыларда білім мен шеберліктің қалыптасуы болып табылады. Жасөспірімнің дербестігі педагогикалық мақсатқа бағытталса, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді, жауапкершілік сезімін арттырады, шығармашылық бастаманы дамытады, оны белсенді етеді. Оқушылардың білімін тереңдете түсуде, білімін шығармашылық деңгейге көтеруде өз бетімен жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызы үлкен.Өз бетіменбілім алу, өз білімін өзі бақылай алу қағидасы негізінен,оқушының өзін-өзі бағалай білу шеберігі мен өз білімін белсенді түрде толықтыру мен жетілдіру қабілетін дамытуға қарай бет алады. Бұл оқушылардың интеллектуалдық жіне эмоционалдық дамуын жетілдіріп, қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ы.Алтырнсарин жас ұрпақты оқытумен қатар, оларды, еңбек арқылы тәрбиелеуге ерекше назар аударды. Адамды тәрбиелейтін құрал - еңбек деп білген. Еңбек ету , іс-әрекет жасау-ішкі(психикалық) және сыртқы (физикалық) сана арқылы ретке келтіретін белсенділік.

Өнер туындыларының ауқымды мұрасын ашып көрсетуге бағытталған «Сиқырлы өнер әлемі» гимназия үйірмесінің дарынды балалар орталығы шығармашылық тобына арналған бұл бағдарлама 7-сынып оқушыларына арналып құрастырылды. Оқушылармен жұмыс барысында қазақ өнерінің жалпы сипаттамасы және оның басқа өнер түрлерінен айырмашылығы, ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру.

Бағдарламаны оқытудағы мақсаты:

  • Ұлттық қолөнерді дамытуда оқушылардың шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;

  • Оқушыларға өнер туындыларын оқыта отырып, қоғам өміріндегі ролін түсіндіру,эстетикалық талғамын қалыптастыру,дарынды балалардың қабілетін анықтап, шығармашылық қабілетін дамыту

  • Балаларға халқымыздың қолөнер мәдениеті мен тіл мәдениеті байлығын, этнографиялық қазыналарымыздың дәстүрлі қорларын жинап, атадан балаға жалғап, тарихта қалдыру;

  • Балаларға халқымыздың қолөнер мәдениеті мен тіл мәдениеті байлығын, этнографиялық қазыналарымыздың дәстүрлі қорларын жинап, атадан балаға жалғап, тарихта қалдыру;

  • Халық әндерін өзіне тән нақышпен тамылжыта орындаумен қатар оны зерттеп, насихаттау;

  • Қазақстанның өнертану саласындағы бейнелеу, театр, музыка өнерінің қалыптасуы мен болмысын тану;

Бағдарламаның міндеті:

- Ұлттық қолөнер негізіне сүйене отырып, оқушылардың теориялық білімдерін шығармашылықпен ұштастыру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

- Заман талабына сай білім ала отырып, өнер түрлерімен таныстырып, олардың қазіргі қоғамда алатын орнын көрсету.

- Балаларды байқай білуге, ойлана білуге, қиялдауға, заттың пішімін, құрылысын алдын ала жобалай білуге дағдыландыру.

- Оқушының өнерге деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

- Халық дүниесін топтастырып, заман талабына сай түрлендіре отырып тұтыну.

Жаңашылдығы:

Өзге халықтар сияқты, қазақтың да қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиған-терген мол тәжірибелері бар. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насихаттап үйретіп келген. Дарынды балалар шығармашылық тобына арналған «Сиқырлы өнер әлемі» үйірмесі арқылы сол ұлттық өнерді жас ұрпақтың бойына дарытудың маңызы зор.

Өзектілігі:

Бүгінгі жасөспірімдерге білім берумен қатар, ұлттық дәстүрде тәрбиелеу - басты міндет. Оның қайнар бұлағы - халықтық педагогикасы. Үйірме сабақтарында халықтың бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, жеке тұлғаны еңбекке, елінің ар-намысын қорғауға баулып ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, ойлану қабілетін дамыту, эстетикалық тәрбие беру іске асырылады. Халық педагогикасы тәсілдерін мектептегі оқу-тәрбие процесінде жүйелі қолдану-келешек ұрпақты Отанды сүюге, адамгершілікке, инабаттылыққа, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің, ғылым мен мәдениетке, өнерге баулудың қайнар көзі.

Күтілетін нәтиже:

Қорыта келіп, осы ұстанымды негізге алып мектеп қабырғасында ұстаздық еңбегіміздің басты бағыт-бағдары болып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыстану бағыттары:

  • Қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасы және ұлттық тәлімнің сыры мен ерекшелігі туралы мағлұмат беру.

  • Халық қолөнерін игеру арқылы оқушыны еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.

  • Оқушыларды ұлттық қолөнер мен салт-дәстүрге және жаңашылдыққа баулу;

  • Қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, мән-мағынасын терең түсініп, дұрыс бағалай білуге үйрету;





«Сиқырлы өнер әлемі» гимназия үйірмесі дарынды балалар шығармашылық тобының 7-сыныбына арналған бағдарламасының тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

барлығы

теория

практика

1

Кіріспе. Қазақтың ұлттық өнері туралы түсінік беру

1

1


2

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері

3

1

2

3

Қазақтың ою-өрнек өнері

8

2

6

4

Қазақтың күнделікті қолданылатын бұйымдары-құрақ көрпе, сырмақ, қоржын туралы түсінік

14

2

12

5

Кесте тігу өнері

7

2

5

7

Қорытынды

1

1


Барлығы

34

9

25

«Сиқырлы өнер әлемі» гимназия үйірмесі дарынды балалар шығармашылық тобына арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспары

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Көрнекілігі

Пәнаралық байланыс

Пайдаланылған әдебиеттер

1

Кіріспе. Қазақтың ұлттық өнері туралы түсінік беру

1


Тарих, әдебиет

Қазақ өнерінің тарихы, І-ІІІ том

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері-3


2

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері туралы жалпы түсінік беру. Сәндік қолданбалы өнерді үйрету.

1

Суреттер, журналдар

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі өнер ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Қазақ өнерінің тарихы, І-ІІІ том,«Қазақтың қолданбалы өнері» Д.Шоқпарұлы, Д.Дәркембайұлы

3

Ұлттық бұйымдардың өмірде қолданылуы туралы мағлұмат алу, бұйым түрлерімен және олардың қолданылатын орнымен танысу.

2

Ұлттық бұйымдар суреттері

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі өнер ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Қазақ өнерінің тарихы, І-ІІІ том,«Қазақтың қолданбалы өнері» Д.Шоқпарұлы. Д.Дәркембайұлы

Қазақтың ою-өрнек өнері-8

4

Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің өзіндік ерекшеліктері мен шығу тарихы туралы

1

Ою-өрнектер

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі технология, Б.Асанов, А.Птицина, Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері

5

Ұлттық ою-өрнек атаулары, топтарының өнер тарихында алатын орны. Ою-өрнек түрлері және олардың бөлінуі

1

Ұлттық бұйымдар суреттері.

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі технология, Б.Асанов, А.Птицина, Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері

6

Ою-өрнек үлгілері, күнделікті өмірде қолданылуы. Ұлттық ою-өрнектің өркендеуі.

1

Ұлттық бұйымдар суреттері.

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі технология, Б.Асанов, А.Птицина, Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері

7

Ою-өрнектерді тігу,мата бетіне жапсыру, бастыру, әшекейлеу

3

Ою-өрнек түрлері

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Мектептегі технология, Б.Асанов, А.Птицина, Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері

8

Оюды ойып бастыру, оюлап тоқу әдісі, кілемдер мен текеметтердегі оюлардың алатын орны.

2

Ұлттық бұйымдар суреттері

Мектептегі технология, Б.Асанов, А.Птицина, Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері

Кесте тігу өнері-7

9

Кесте тігу өнері

1

Ұлттық бұйымдар суреттері

биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», , Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

10

Кестелеу әдісі, түрі.

2

Ұлттық бұйымдар

биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», , Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

11

Сумоншақпен кестелеу

3

Ұлттық бұйымдар

биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», , Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Қазақтың күнделікті қолданылатын бұйымдары-құрақ көрпе, сырмақ, қоржын туралы түсінік-14

12

Сырмақ. Сырмақ түрлері.

1

Ұлттық бұйымдар суреттері

Мектептегі өнер ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Қазақ өнерінің тарихы, І -ІІІ том, «Қазақтың қолданбалы өнері» Д.Шоқпарұлы. Д.Дәркембайұлы

13

Сырмақтың үлгілеріне және істелу жолдарына қарай түрге бөлінуі

2

Ұлттық бұйымдар суреттері. Ою-өрнектер суреттері

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

14

Сырмақ қалай жасалады.

3

Ұлттық бұйымдар суреттері Ою-өрнетер суреттері

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», , Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

15

Киіз басу барысы

2

Ұлттық бұйымдар суреттері Ою-өрнектер суреттері

Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері

Қазақ өнерінің тарихы, І -ІІІ том, «Қазақтың қолданбалы өнері» Д.Шоқпарұлы. Д.Дәркембайұлы

16

Киіз түрлері

1

Шаблондар, кестелер, суреттер

Тарих, әдебиет, биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», Қазақ өнерінің тарихы, І -ІІІ том, «Қазақтың қолданбалы өнері» Д.Шоқпарұлы. Д.Дәркембайұлы

17

Құрақ түрлері, қолданылуы, ерекшелігі.

2

Ұлттық бұйымдар суреттері Ою-өрнектер суреттері

биология, бейнелеу өнері

Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері, К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

18

Құрақтың үлгілері, тігу, жасау технологиясы

3

Ұлттық бұйымдар суреттері Ою-өрнектер суреттері

Шаблондар, кестелер, суреттер

биология, бейнелеу өнері

Ә.Ысқаққызы «Сырмақ өнері», , Мектептегі технология, Б.Асанов., А.Птицина., Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы., З.Мұхамеджанұлы К.Марақұлова «Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

Қорытынды

19

Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру

1






Кіріспе. Қазақтың ұлттық өнері-1сағат

Қазақ халқының өнері - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен , тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Технология пәні оқушыларды халық дәстүрімен, әдет-ғұрыптарының түрлерімен таныстыра отырып ұлттық этика, эстетикалық қабілеттерін және әдептілік, инабаттылық, әдет-дағдыларын қалыптастырады. Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Оның үстіне ұлттық өнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және салалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз. Халықтық сәндік өнердің негізгі көркемдік тілі, бейнелеуші құралдары, қолданбалы бұйымды жасаумен әшекейлеудің негізгі көркемдік принципі туралы жүйелі түсінік берілуі тиіс.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері-3 сағат

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері туралы жалпы түсінік беру. Сәндік қолданбалы өнерді үйрету.Ұлттық бұйымдардың өмірде қолданылуы туралы мағлұмат алу, бұйым түрлерімен және олардың қолданылатын орнымен танысу

Қазақтың ою-өрнек өнері-8

Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің өзіндік ерекшеліктері мен шығу тарихы туралы.Ұлттық ою-өрнек атаулары, топтарының өнер тарихында алатын орны. Ою-өрнек түрлері және олардың бөлінуі. Ою-өрнек үлгілері, күнделікті өмірде қолданылуы. Ұлттық ою-өрнектің өркендеуі.Ою-өрнектерді тігу,мата бетіне жапсыру, бастыру, әшекейлеу .Оюды ойып бастыру, оюлап тоқу әдісі, кілемдер мен текеметтердегі оюлардың алатын орны туралы түсінік беріледі.

Кесте тігу өнері-7

Кесте тігу өнері. Кестелеу әдісі, түрлері: біз кесте (тышқан із), бастырма кесте (арнайы өрнектеп алған кергішке керіп, өрнекті тұтас жауып тігу) және айқас тігу. Сумоншақпен кестелеу туралы жүйелі түсінік берілуі тиіс.

Қазақтың күнделікті қолданылатын бұйымдары-құрақ көрпе, сырмақ, қоржын туралы түсінік-14

Сырмақ. Сырмақ түрлері.Сырмақтың үлгілеріне және істелу жолдарына қарай түрге бөлінуі.Сырмақ қалай жасалады.Киіз басу барысы.Киіз түрлері. Құрақ. Құрақ түрлері, қолданылуы, ерекшелігі.Құрақтың үлгілері, тігу, жасау технологиясы қарастырылған.


Сабақ жоспарларының үлгілері

1-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлері
Сабақтың мақсаты: Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беру

Білімділігі: Өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсу
Тәрбиелілігі: Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау.
Көрнекіліктер: Қазақтың ұлттық бұйымдары, қоржын, тұскиіз, топтастыру қағазы, бағалау парағы, фишкалар.
Түрі: Аралас сабақ, білік дағды қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгіме.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын еске түсіру. Мүсін өнері. Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсіндеудің графикамен кескіндемеден айырмашылығы форманың барлық көлемін анық көрсетуінде.
Сұрақтар: 1 - Мүсіншілер мүсінді неден жасайды?(Мәрмәр тастан, гранитпен) ағаштан, сазбалшықтан немесе ермексаздың көлемін ұлғайта отырып жасайды.
2 - Мүсіндеудің негізгі объектісі кім? Мүсіндеудің негізгі объектісі адам.
3 - Бюст, мүсін, топтық мүсін дегеніміз не? Бюст -(адамның кеудеден жоғары бейнесі) Мүсін -(Фигураның тұтас бейнесі) Топтық мүсін -(Бірнеше адамның бейнесі) Мүсіндеу - барлық жағынан қарауға болатын жұмыр және рельефті болып екіге бөлінеді. Рельеф - жазықтық бетінде орналасады. Монументтік мүсіндеу - бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылады. Тұрмыста шағын пішінді мүсіндеу кең тараған. Бұл әр - түрлі материалдан фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмассадан жасалған шағын көлемді мүсіндер. Қазақстанның ежелгі мүсін өнері тас дәуірінде пайда болған. Ол кезде тас мүсін балбал тастардан жасалып, сопақ тастар іріктеліп алынған. Ондай тастар Орталық Қазақстан мен Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ал Маңғыстау мен Үстірттен табылған тас мүсіндердің басым көпшілігі әктастан ойылған. Сонымен өткен «мүсін өнері» тақырыбымызды аяқтаймыз.
Жаңа тақырып:
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік, сақина, бойтұмар. Қазақ халқы «Өнер - өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұштасып келеді.
Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз - сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т. б. маталардан бетіне ою - өрнектер тігіледі. Текемет - бетіне түрлі түсті ою - өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою - өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ - киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын - өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см, ені 50 см болады. Ердің артына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасалған қапшық. Аяққап - ыдыс - аяқ салуға арналған қапшық. Ол көбінесе киізден жасалады. Алаша - әр түрлі жүннен немесе түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Алаша терме және қақпа алаша деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде қолданады. Тұтқыш - ас пісіретін қазанды оттан көтеріп түсіргенде қолды күйдірмеу, қазанның күйесін қолға жұқтырмау үшін киізден жасалған екі қолғап. Оның ұзын етіп жасалған бауы болады.
Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс - аяқ салып сақтаған. Адалбақан - төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.
Зергерлік бұйымдар. Білезік - білекке салынатын сәнді зат. Сырға - әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған. Алқа - алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.
Сәндік қолданбалы өнерінде киіз үйдің алатын орны ерекше. Киіз үй қазақтың шағын мұражайы. Ең бірінші оқушылар қазақтық ұлттық бұйымдары дегенімізде ұлттық ағаш үйімізге тоқталмай кету мүмкін емес.Ұлттық ағаш үйімізді тұрғызу үшін, оқушылардан олардың құрылысын сұраймын, және оларға түсінік берем. Киіз үй - қазақ халқының шағын мұражайы. «Ақ үй», «ақ орда», «ақ боз үй» деп аталады. Киіз үйдің сүйегін құрайтын «үй ағашты» алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. Киіз үй құрылымдық негізіне, ерекшелігіне байланысты сүйегі және жабуы деп бөлінеді.Киіз үйдің жабуы: туырлық, керегенің іргесінен уықтық орта шеніне дейінгі жерді: үзіктің кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты: түндік шаңырақты: киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сыртқы киіз арасы ши, астары жарғақ теріден жасалады, түріп қоюға ыңғайлы. Киіз үйдің кеңеюі оның кереге санының өсуіне байланысты. Бас арқан, белбеу, шаша уықтарын қозғалмау үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уықпен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тұратын жалпақ құр. Оқушылар негізі ағаш өнерімен айналысатын шеберлер 4 топқа бөлінеді:Үйші, Балташы(бұлар киіз үй құралдарын дайындап, үй сүйегін жасайтын адам.) Тоқушы (ши тоқу), Оймашы (сықырлауыққа ойып оюлар салу.) Балалар бұл киіз үйдің сұрақтарына жауап бере отырып, ұлттық қолөнер бұйымы ожаудың суретін саламыз. Бірінші ожауды көмекші сызық арқылы көрсетеміз. Екінші бояу түсімен сурет салып үйрену. Оқушыларға сурет салуға уақыт белгілеп, салған суреттерін тақтаға іліп көрсету. Ожау қайыңмен қарағайдан жасалады. Оқушылар суретімізді сала отырып, сәндік қолданбалы өнерге тоқталамыз. Сәндік қолданбалы өнер деп - тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген туынды жасауды айтады. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Қазақтың сәндік қолданбалы өнеріне ою - өрнектердің қосатын үлесі зор. Ою - өрнек дегеніміз қайталанатын ритмикалық элементтерден тұратын нақыш. Ұлттық ою - өрнек түрлері шығу тегіне қарай екі топқа бөлінеді: 1 - Қазақ халқының өзіне тән, ертеден келе жатқан ұлттық оюлары
2 - Басқа халықтардан ауысқан жаңа интернационалдық ою - өрнектер.
Қазақ ою - өрнегі дамып, өзгеріске ұшырады және жетілді. Қазір оның 200 - ден астан түрі мен атауы бар. Ою - өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға бөлуге болады:1. Космогониялық (Ай, Күн, жұлдыздарды бейнелейтін өрнектер) 2. Зооморфты (Аң, мал, атаулары мен олардың дене мүшелеріне байланысты туған өрнектер) 3. Өсімдік бейнелі өрнектер: «қызғалдақ гүлі», «райхан гүлі», «жеті гүл» т. Б. 4. Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер: шаршы, ромб, төртбұрыш, үшбұрыш т. Б.5. Қару - жарақтар мен тұрмыстық керек - жарақтарға байланысты туған өрнектер: «балта», «түйме», «ожау», «тарақ», «балдақ», «қос тұмарша» т. б
Өрнектердің түстері мен бояулары
Ою - өрнектердің орналасуының зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппен кезектесіп отырмаса, өрнек әлсіз нашар болып отырады. Бояу мен түсті таңдап пайдалануда қазақ халқының этнографиялық тарихымен логикалық ұғымы өте терең. Көк түс - аспанның символы. Қызыл түс - оттың, күн көзінің символы. Сары түс - ақыл парасаттың символы. Қара түс - жердің символы. Жасыл түс - жастықтың символы. Халық шеберлері өсімдіктің жапырағынан, қабығынан және тамырынан жасалған бояуларды көп қолданған.

Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың түрлері негізінен 3 түрі бар:

  • Табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан, әр - түрлі минералдармен өсімдік жемістерінен, малдың қанымен бауырынан алынады.

  • Осы заманғы химиялық әдістермен өндірілетін алуан түсті ұнтақ пен артық бояулар.

  • Шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар. Бұларға әр - түрлі қоспалар қосып пайдаланады.

Әшекейлік заттар: Ою - өрнек әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Зергерлер әшекейлі болу жағына аса назар аударады. Композициялық тұйық өрнектер дегеніміз-шеңбер ішінде түрлі бұрыштар ішінде орналасады. Ою - өрнектер рельефтік және жазықтыққа салынған ою -өрнектер болып бөлінеді. Бұйымды оюмен әшекейлеу барысында төмендегі ережелерді сақтау керек.
Салынатын өрнек әрқашан бұйымның көлемімен оның пішініне сәйкес келуі тиіс.Өрнекті композиция негізге бұйымның түстік фонының өрнектеріне сәйкес келуі, яғни бір - бірімен жарасымды болу керек.Өрнектер бір - бірімен тепе - теңдікте болуы шарт.Түрлі түстер арқылы өрнекті композицияның ортасы, шеті, фоны анықталады.Тұйық композициялық өрнектер шеңбер, үшбұрыш немесе ромб ішінде орналасуы тиіс. Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер - өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге ұштасып келеді.
Сабақты қорытындылау:
1 - Ұлттық ою - өрнектер неше топқа бөлінеді?
2 - Ағаш үйдің сүйегі нешеге бөлінеді?
3 - Бояуларды қандай әдістермен аламыз?
4 - Ісмер деген кім?
5 - Зергер деген кім?
6 - Шебер деген кім?
7 - Ұста деген кім?
Оқушылардың салған суреттерін қарап, бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Ұлттық бұйымдардың суретін салу
«Сәндік қолданбалы өнер»тақырыбына эссе жазу.

2-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнек түрлері,күнделікті өмірде қолданылуы.

Сабақтың мақсаты: Ою- өрнек туралы түсінік беру.

Білімділік: Қазақ халқының ою- өрнек түрлеріне сипаттама беру.

Дамытушылық: Ою- өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәриелік: Ою- өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан- жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт- дәстүрін, өнерін құрыметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрінекілігі: слайдтар: «Ә.Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер», «Сергіту сәті», «Б.Момышұлының сөзі».

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиет, математика.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Сырғалар пішініне қарай қалай бөлінеді?

2. Шолпы мен шашбау қандай құймалардан қалай жасалады?

3. Білезік дегеніміз не?

4. Тамақша дегеніміз не?

5. Тамақша неден жасалады?

6. Білезіктің қандай түрлері бар?

7. Алқа қандай бұйым?

8. «Алқа сырға» деп қандай бұйымды айтады?

3. Жаңа сабақ.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім.

Ә.Қастеев.

Халық арасында кең қанат жайған қолданбалы өнер саласының біреуі зергерлік болса, екіншісі ағаш өңдеу өнері. Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі ою-өрнек өнері.Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады.Қазақтың ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Оған мысал ретінде «Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгімесін айтуға болады.

Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық үй жиһаздарын, киім-кешек, құрал-саймандарын, қару-жарақтарын ою-өрнектеп әдемілеп ұстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан атапты. Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, Ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт-дәстүрді, ою-өрнекті жойып, жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендерінің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған жөн айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны халық Жою хан деп атапты.Бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп-біліп жатыпты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін түгел қырып, ойына келгенін істеп келе жатырғанда бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап көлге батып өледі. Жою хан баласына іздеу салады.

-Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын,- деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды.

Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі-дәрмегін алып орманды аралап келе жатса бір тастың астынан:

-Жойылсын, Жою хан! -деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды көреді. Оның аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. Осылайша кездескен аң-құстың барлығын емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкініемдеп, «Жою ханның баласын көрдің бе?» деп сұрайды.

-Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұр тышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, қайтып айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені бұл аңдардың барлығы Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліпжатыр.

Мұның бәрін естіген Ою хан үйіне келіп, ойланып, оқиғаның желісін сырмақтың бетіне ою түрінде түсіріп, Жою ханға алып келеді. Жою хан сырмақтың оюына қарап отырып, оқиғаны былайша тарқатады.

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

-Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?

- О,жалған! Менің ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!!- деп қылышын суырып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан Жою ханның өз жарлығын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, жарлық бойынша өз басын алады. Ою ханды ел-жұрты қайта хан көтереді.Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған.Бұл аңыздан ою-өрнектердің барлығын қоршаған ортадан алғанын көреміз.Көне заманнан қазіргі кезге дейін халықтың тұрмыс-дәстүрімен тығыз қайнасып, өмір сүріп келе жатқан өнердің бір түрі -ол қолданбалыөрнекөнері.Қазірде ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою-өрнекті төрт топқа бөледі:

1. Зооморфты 2.Өсімдік пішіндес 3. Геометриялық 4. Космогониялық.

Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді. «Құс», «түйе табан», «итқұйрық» ою-өрнектері кебеже, жүкаяқ,әбдіре, асадал сынды бұйымдарда, ал өсімдік пішіндес оюлар «гүл», «жапырақ», «қырмызы гүл», т.б. ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай топтастырып беріліп отырған. Геометриялық өрнектер кілемде, шым шиде, ағаш пен тастан өңделген бұйымдарда сондай-ақ барлық дерлік бұйымдарда композиция құру барысында пайдаланады. Космогониялық өрнектер көбіне кілемде, жүзіктерде кездеседі.

Жоғарыда өрнектердің композициялық құрылымы дегенді айттық. Композиция дегеніміз -өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу.

Композициялық тұйық өрнектер дегеніміз- Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

шеңберішінде, түрлі бұрыштар ішінде

орналасқан өрнектер. Өрнектерді

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

орналастыру үшін симметрия сақталу

керек. Симметрия дегеніміз- ою-

өрнектің екі жағының тең болуы. Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны-ритм дейміз. Бұйымға салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы -колорит деп аталады.Мысалы: көк түс - аспанды, жасару, өмір, өсу деген мағынаны білдіреді, қызыл түс-оттың, күннің белгісі, қара түс-жердің түсі,берекенің белгісі, Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

сары түс-ақыл, парасат, байлықтың белгісі,

ақ түс-қуаныштың, бақыттың, тазалықтың

белгісі, жасыл түс - жастықтың, көктемнің

белгісін білдіреді.Сонымен қазақтың ою және

өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу. Ою дегеніміз-бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу, бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнек дегеніміз- кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Жалпы алғанда ою - өрнек дегеніміз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.Шеберлер бұйымға салатын ою-өрнектерді жүйелеп, бояуларын да үйлестіребіледі. Артында өшпес із қалдырған қолөнер шеберлері біздің өңірде де баршылық.

Сергіту сәті. Мақалдың жалғасын тап.

1.Еңбек қылсаң ерінбей, тояды .

2.Шешеннің сөзі мерген, шебердің ..

3.Ер қадірін ер білер, зер ...

4.Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ...

5.Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің ...

6.Не ексең, соны ...

7.Екпей егін бітпес, үйренбей ...

8.Ақыл көпке жеткізер, өнер ...

Сабақты бекіту: екі топқа екі түрлі тапсырма беру арқылы бекітіледі.

1.Оюларды өз тобына жинау.

2.Графикалық диктант.

1.Композициялық құрылымынақарай ою-өрнек екі топқа бөлінеді.

2. «Қошқар мүйіз» зооморфты өрнек түріне жатады.

3.Композиция дегеніміз - өрнектерді салыстыру.

4.Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің бір жағының үлкенболуы.

5.Өрнек дегеніміз - бұйымның сыртына түсірілетін әшекей.

6.Көк түс - жастық, көктемнің белгісі.

Бағалау.

Үйгетапсырма: Қазақ халқының ою-өрнектерін басқа халықтардың ою-өрнектерімен салыстыру.

3-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Бұйымды ою-өрнектермен әшекейлеу

Мақсаты:

а) Білімділігі: ою-өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру.

Ою-өрнектің құдіреттілігін, қасиетін, әрбір оюдың терең мағынасын аша отырып, білімін арттыру. Ою-өрнектің түрлерімен таныстыру. Сонымен бірге безендіру технологиясы бойынша білімдерін тереңдету.

ә) Дамытушылығы: оқушыларды халқымыздың салт-дәстүріне, қолөнеріне

терең үңілдіріп, ою-өрісін дамыту. Өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін

шыңдай отырып, ою-өрнек үлгілерін ойып үйрету.

б) Тәрбиелілігі: ұлттық ою-өрнек үлгілерін орынды қолдана білуге үйрету. Оқушылардың эстетикалық талғамын дамыта отырып, шеберлікке, әсемдікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстрациялық, сұрақ-жауап, баяндау. Тест әдісі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, топпен жұмыс

Көрнекіліктер: Көпбағдарлы тақтадан көрсетілетін фотосуреттер, оө-өрнек түрлерінен жасалған буклет. Ою-өрнекпен сәнделген тұрмыстық бұйымдар. Ою оюдың сызбасы. Ою оюдың сызбасы. Ою-өрнек энциклопедиясы. Қазақ халқының ұлттық киімдері энциклопедиясы. Сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (ою тарихынан мәлімет беру), биология (оюдың барлығы табиғаттан алынған), математика (ою ойғанда олардың пішінін, симметриялығын ескеру), бейнелеу өнері (оюлардың суретін сала білу), әдебиет (ертегілерден үзінділер).

Қажетті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, сызғыш, қалам, желім, түрлі-түсті бояулар.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білімін тест арқылы тексеру.

ІІІ. Психологиялық дайындық.

Сөзжұмбақты шешу арқылы келесі жаңа сабаққа көшу. Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып жаңа сабақ қандай тақырыпта өтетін анықтайды.

1.Тігінші құралы.


о

й

м

а

қ

к

о

с

т

ю

м



-



б

ө

р

і

к

д

о

м

б

ы

р

а


с

а

н

д

ы

қ

с

ә

у

к

е

л

е


к

і

л

е

м

2.Иық бұйымдарының бірі.

3.Ұлттық баскиім.

4.Қазақтың ұлттық саз аспабы.

5.Ертеден бүгінгі күнге дейін жеткен үй жиһазы.

6.Қалыңдықтың бас киімі.

7.Төсеніш.

ІV. Жаңа сабақ жоспары.

  1. Ою-өрнектің шығу тарихы.

  2. Ою-өрнектің топтары.

  3. Ою-өрнектің қасиеті.

  4. Ою-өрнек ойып көрсету.

  5. Ою-өрнекпен әшекейлеу жұмыстары.

Ою-өрнектің шығу тарихына тоқталмас бұрын ою-өрнек дегеніміз не, соны талдап алайық.Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады.Ал киім-кешекке, түскиізге, т.б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнелейтін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды береді.Мағынасы әсемдеу, сәндеу. Сонымен ою-өрнек дегеніміз ─ әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.Ал шығу тарихына келер болсақ. Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы, тарихы бар. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алған. Академик Әлкей Марғұлан ағамыз бұл өнер туындысы сақ, ғұн, үйсін, түрік, қанлы, қыпшақ секілді көне көшпелі тайпалардың өнерінің негізінде қалыптасты дейді. (осы жерде тасқа салынан суреттер мен Алтын адам жайында әңгімелеу).Ата-бабаларымыз жазу, сызуды білмей тұрғанда тау, тасқа белгі, таңбалар салған. Ол белгі, таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым-түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып, қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай жалғаса дамып келе жатқан, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Мысалы, әрбір қазақтың үйіндегі сандық, алаша, киіз, құрақ көрпешелер, апаларымыздың зергерлік бұйымдары, ат әбзелдері. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздеріміз соның белгісі.

Халқымыз ою-өрнек ою, салу арқылы табиғат сырларына терең үңіліп, өзін қоршаған ортаға үнемі бақылау жасап, жан-жануарлар, өсімдік белгілерімен әсемдік құрылымына ой жүгіртіп, соны дөп басып, керекті бұйымдарға, заттарға дәл бастырып көрсете білген. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар ою-өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі. Мысалы: киім-кешек, үй жиһаздары, қару-жарақ, ат әбзелдерін, зергерлік әшекей заттарын, сәулетті ғимараттарын (Тараз қаласындағы Тараз моншасы үш жапырақты өрнекпен, Айша-бибі күмбезіндегі геометриялық өрнектер, Ахмет Иасауи кесенесінде өсімдік тектес, геометриялық өрнектер), т.б. тұрмыстық тұтынатын заттарын безендіріп отырған. «Қазақ халқы кілең ою-өрнек дүниесінің ортасында өмір сүреді» деген Әлкей Марғұланның сөзінің астарында үлкен шындық бар.

Ою-өрнек үлгілерінде әр халықтың ерекшелігі, тұрмыс-тіршілігі, халықтың келбеті анық табылады. Осы жерде әр халықтың ою-өрнектерін салыстырайық. Мысалы: өзімізге көршілес қырғыз, өзбек ою-өрнектерін салыстырайық.

Ою-өрнек топтары.

1.Зооморфтық ою-өрнек ─ жан-жануарлардың табиғи және қияли бейнелері (қошқармүйіз және оның түрлі нұсқалары);

2.Өсімдік тектес ою-өрнек ─ жапырақ, гүл, ағаш т.б.

3.Космогониялық ою-өрнек ─ көк әлеміне байланысты ою-өрнектер (жұлдыз, айшық, дөңгелек, шимай, т.б.)

4.Геометриялық ою-өрнек ─ үшбұрыш, тұмарша, ирек, жіліншік, балта, т.б.

Жасалу жолдарына қарай ою-өрнек: қима ою, ойма ою, сызба ою, шексіздікке ұластыра ою болып бөлінеді.

Қағаз немесе былғарыдан, матадан, картоннан тұтас қиып алынған ою-өрнек қима ою деп аталады.

Қағаз немесе матаны қайшымен ойып, ою-өрнек жасауды ойма ою деп атайды.

Сызылып барып кесілген ою үлгілерін сызба ою деп атайды.

Бір-біріне жалғастыра сызып, кесілген ою ─ шексіздікке ұластыра ою деп аталады. Ою-өрнектің қасиетіне келер болсақ, Бауыржан Момышұлының ою туралы өлең жолдары:

Өткендерді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям.

Оюды ою сызбасымен таныстыру. Вертикаль, горизонталь, симметрия осьтерін жүргізу. Оюды ойып көрсету. Қазақ ою-өрнегін жасаудың өзіндік принциптері бар.Олар: композиция дегеніміз ─ бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Колорит дегеніміз ─ ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы. Осы жерде әр түстің нені білдіретіні жайлы айтылады. Мысалы: көк түс ─ аспанның, қызыл түс ─оттың, ақ түс ─ ақиқаттың, сары түс ─ ақыл парасаттың, жасыл түс ─ жастықтың, көктемнің символы. Симметрия дегеніміз ─ ою-өрнектің екі жағы тең болуы. Ритм дегеніміз ─ ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.Әшекейлерді түсіре білу ─ үлкен өнер. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тіпті күнде ине ұстап, киім тігіп отырғандардың өзі әшекейлеуге келгенде шорқақтық танытады. Бұл заңды да, өйткені әшекей салу өнер. Әшекейлеудің түрлері көп. Олар: ою, зерлеу, сыру, теру, көз салу, бастыру, гүлдеу, шаршылау, ілмелеп қайып, бүгіп өткермелеп, тепшіп шалып, торлап тігу әдістерімен атқарылады. Сондай-ақ өру, бұрау, жону, құю, сызу, бояу, күмістеу, бедерлеу сияқты өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркәсіпте, құрылыста, мәдениет саласында, сәулет өнерінде жалпы әлем өнерінің дамуында қолданылмайтын, іске аспайтын жері жоқ. Соның ішінде көп кездесетін түріне келер болсақ: олар ─кестелеу, жапсырмалау, бау, бисерлеу және ришелье (торлы тоқыма).

  1. Сарамандық жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1 топ. Бармағынан бал тамған ─ оюшылар.

2 топ. Қылқалам шеберлері ─ суретшілер.

Қайшымен жұмыс жасау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отыра әр топ өз жұмыстарына кіріседі.

VІ. Сабақты бекіту.

  • Ою-өрнек дегеніміз не?

  • Оюдың қандай топтарын білесіздер?

  • Әшекейлеудің қандай түрлері бар?

  • Ритм дегеніміз не?

  1. Оқушылардың жауабын, жұмыстарын бағалау, саралау, сараптау

  2. Үйге тапсырма. Төртқұлақ оюын ойып, әр оқушы өз сырмағын жасап келу.

  3. Жұмыс орнын жинастыру.

4-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы

Мақсаты:

  1. Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру.Нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеу, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыру.

  2. Оқушылардың түрлі түстерді бір - бірімен үйлестіре білу, геометриялық пішіндерді дұрыс қия білу. Жұмыс барысында ой - өрісін, ынтасын, ойлау қабілетін, шеберліктерін дамыту.

  3. Оқушылардың бойына эстетикалық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар ұқыптылыққа, төзімділікке, ынталы болуға, көзбен жобалауға, берекелілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:буклет, нұсқау карта, дайын бұйымдар, кішігірім көрме

Құрал-жабдықтар:дәптер, қалам, сабын қалдығы, ине, жіп, қайшы, мата қиындылары, үлгі- қалып

Сабақ түрі:аралас

Сабақ әдісі: түсіндіру, орындату, сұрақ-жауап, қайталау, сарамандық жұмыс

Сабақ типі:жаңа білім алу сабағы

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері, тарих, әдебиет, сызу, ағылшын тілі, орыс тілі, геометрия, математика.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Қайталау

Оқушылар өздері түсті қағаздан жасаған құрақ түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіру. ІІІ.Жаңа сабақ

Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар:

* тіл өнері;

* саз өнері;

* қол өнері;

Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар.

1) Оқушылардың құрақтың шығу тарихына байланысты жинаған аңыз-әңгімелерін, мәнжазбаларын тыңдау.

2) Құрақ құрау өнерінің пайдасы, қандай геометриялық пішіндер түстер, маталар, құрал - жабдықтар, тұрмыста қайда қолданамыз, оның түрлері туралы не білесіңдер?

Құрақ

пайдасы

Тұрмыста қолданылуы

Қажетті құрал-жабдықтар

Геометриялық пішіндер

Түстер

Мата

Құрақ түрлері

Шетін әшекейлеу

Енді сұрақтарға жауап берейік.

  • «Алты табақ» құрағы неге ұқсайды? (бал арасының ұясына)

  • Бал жинайтын адамды кім деп атайды? (омарташы).

Құрақ құраудың мақсаты

Асқан шеберлікпен матадан Мата қиындыларын

әр түрлі пішіндерді қиюластырып кәдеге жарату

бір бұйым жасап шығару

Құрақ құрау

Көрпе құрақ Жастық құрақ

Шыдамды,тозбайтын матадан Көздері майда бөліктермен

қөздері үлкен бөліктерден өте нәзік әрі әдемі түстер -

құралады мен құралады

Қазақ тілінде құрақ құрау өнері - құрақ

Орыс тілінде құрақ құрау өнері - лоскутное шитье

Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері - пэчворк

Жапон тілінде құрақ құрау өнері - сашико

Ортадағы құрақ пен шетіндегі құрақтың арасына «су» жүргіземіз.

«Су» дегеніміз бір түсті матадан кесіліп алынған жіңішке жолақ.

«Қос су» дегеніміз екі түсті матадан жүргізілген жолақ.

Шығармашылық жұмыс:

1)Өз отбасың (8 наурыз аналар мерекесінде әжеңе, анаңа) немесе мектеп шеберханасының интерьері үшін құрақ құрап бұйым жасау.

2)Әр топқа қандай құрақ құрайтынын бөліктерді құрастыру арқылы табады

І топ - «Гүл» тобы

ІІ топ - «Аққу» тобы

3)Топтар өздерін таныстыру

(Бес жолды өлең немесе қара сөзбен)

Нұсқау карта бойынша орындалу жүйелігін түсіндіру, таратып беру.

ІV.Қауіпсіздік ережесі

а)Дәптермен жұмыс

1.Күнді және тақырыпты жазғызу

2.Құрақтың әр тілде аталуын жазу

3.Құрақ құраудың екі мақсатын жазғызу

4.Көйлек, жилет туралы мағлұматтарды жазғызу

V.Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын қайшы, ине, үтікпен қауіпсіздік ережесін еске түсіру.Оқушылардың алдарындағы артық заттарды партаның шетіне қойғызып ,жұмыс орнын дайындап, құралдарын тексеремін де, қауіпсіздік ережесін ескере отырып, нұсқау карта бойынша «гүл», «аққу»құрағын жасау жұмысына кірісеміз .Жұмыс кезінде оқушылардың жұмысын тексеріп, қателіктері болса түзетіп, білмеген жерін үйретемін .

VІ.Сабақты қорытындылау

1.Жастық құрақ дегеніміз қандай құрақ?

2.Құрақ құраудың неше мақсаты бар?

3.Жапон тілінде құрақты қалай атайды?

4.Ағылшын тілінде құрақты қалай атайды?

5.Бал жинайтын адамды қалай атаймыз?

6.Құрақ құрауда су дегеніміз не?

Үйге тапсырма.Қиылған құрақты тігуге әзірлеу.

VІІ.Жұмыс орнын жинау(2 мин)

Сыныптан тыс шара

5-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Сумоншақпен кестелеу.

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ ауыз әдебиетін құрметтеуге, оны сүйіп оқуға баулу.

  • Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін, олардың еңбекке қызығушылығын арттыру, ой-қиялдарын дамыту.

  • Оқушыларды қолөнердің жаңа түрлеріне қызықтыру, эстетикалық талғамға, қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, іскерлікке, бастаған істерін аяқтауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: ертегі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: проектор,плакаттар, ұлттық киімдер, қамшы, оймақ

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, сурет, химия, математика

Сабақтың өту барысы:

Армысыздар құрметті көрермендер!

Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде,

Үлкен кіші, жасымыз, кәрімізде

Төрлетіңдер қадірменді қонақтарым

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге-деп, «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылғалы отырған «Сиқырлы моншақ» үйірмесінің өнерін

назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіздер! (Шал қолында қамшы қой жайып жүреді.)

Айгерім(шал):

-Шек, әй, кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды, қой бақтым, қоңырау тақтым, сиыр бақтым, сидаң қақтым, ешкі бақтым-еңіреп бақтым деген осы екен гой. Уһ, шаршадым-,деп малдас құрып отыра кетеді, артынан келген мыстан кемпір шалды ұстап алып,қылқындырады.

Айза(мыстан):Уһ, бәлем, ұсталдың ба?

Айгерім(шал):Ойбай, ойбай, жіберші, жіберші, жаным шығып барады.

Айза(мыстан):Сен маған не бересің?

Айгерім(шал):-Бір қора қой беремін.

Айза(мыстан):Жоқ,мен оған риза емеспін

Айгерім(шал):Бір үйір жылқы беремін.

Айза(мыстан):Жоқ, оған да риза емеспін.

Айгерім(шал):Онда жалғыз Күнікей деген қызым бар соны берейін.

Айза(мыстан):Онда, келісемін, оны қайтып бересің?

Айгерім(шал):Қызымның алтын оймағы бар, соны саған беріп кетейін, қызым алтын оймағын іздеп келгенде оны ұстап ал.

Айза(мыстан): Жарайды.

Айгерім(шал):Онда міне, алтын оймақ,-деп қалтасынан алтын оймақты алып береді де өзі кетіп қалады.

Мыстан кемпір алтын оймақтың қасында отырады. Қыз келеді.

Орынгүл (қыз):Апа , апа, ана алтын оймақты маған қарай лақтырып жіберіңізші.

Айза(мыстан):Ой, балам, отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. (Қыз алтын оймақты ала бергенде мыстан оны ұстап алып кетеді. Осы кезде ауылдын қыздары Күнікейді іздеп шығады.)

-Күнікей!

-Күнікей қайдасың?

-Біз сені іздеп жүрміз (Осы кезде ортаға Мыстан қарғып шығып, қыздарды қорқытады, қыздар шыңғырып отыра қалады.)

Айза(мыстан):Сендерге не керек?

Алина:Апа біз Күнікейге келдік. Біз қазір «Сиқырлы моншақ» үйірмесіне баруымыз керек еді, соған Күнікей керек.

Айза(мыстан): Сендерге Күнікей керек болса, менің бірнеше шартымды орындандар

Қыздар(бірге қосылып): - Орындаймыз, Апа, орындаймыз.

Айза(мыстан):Онда сендердің жаңағы айтқан үйірмелерің қалай аталады, мақсаты қандай?

Мадина:Біздің үйірмеміз «Сиқырлы моншақ» деп аталады. Үйірменің мақсаты ұлттық қолөнер мен салт-дәстүрге және жаңашылдыққа баулу; Қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, мән-мағынасын терең түсініп, дұрыс бағалай білуге үйрету; Халық қолөнерін игеру арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.

Айза(мыстан):Ендеше бірінші шартым«Ата мұраң асыл қазынаң» деп аталады. Маған қазақ халқының қолөнері туралы айтып беріңдер.

Алина:Қазақ халқы - кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы ел.Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты этнографиялық тұрғыдан зерттеудің өмірлік тәжірибие үшін маңызы зор. Өйткені қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі. Қай халық болсын дүниежүзілік мәдениет қорына өз үлесін қоса алады. Қазақ халқының да ұлттық мәдениеті,оның ішінде қолөнер шеберлерінің өнері-жан-жақты зерттеуді қажет етеді.Қолөнер саласына кілем, алаша, сырмақ сыру, текемет басу, түскиіз жасау жатады. «мал жұтаса да,өнере жұтамас» дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де өзінің даналығы, көркемдік мән-мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.

Айза(мыстан):Ал осы сәндік қолданбалы өнерді зерттеген суретші, этнографтардан кімдерді білесіңдер?

Альбина:Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері ғасырлар бойы еліміздің тарихымен бірге дамып келе жатқан асыл мұра. Халқымыздың қолөнерін зерттеуге К.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, В.П.Агапов, А.Ғ.Ғалымбаева, Х.Арғынбаев, М.С.Мұқанов, Ә.Х.Марғұлан, Ә.Тәжімұратов,С.Қасиманов және т.б.археологтар мен тарихшылардың,ғалым-этнографтар мен суретшілердің қосқан үлесі мол

Айза(мыстан): Жақсы мұныда біледі екенсіздер.Ал екінші сұрағым сумоншақпен кестелеу өнері дегеніміз не?

Мадина:Кестелеу өнерінің халқымызға тән түрі моншақпен кестелеу өнері. Кестелеу, көркемдеп тігу,ою-өрнекті әшекейлеу ертеден келе жатқан өнердің бірі.кестені көңіл сызады,қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте алуан әдісті,таңдауы көп өнер.Кестелеу өнерін үйрену арқылы адам бойында сұлулыққа құштарлық, төзімділік,ептілік қалыптасады.

  • Апа,енді жібересіз бе?

Айза(мыстан):Жоқ, келесі шартым -«Өнер кезеңі»,өнер көрсетіп, көңілімді көтеріңдер.

  • Әрине,апа,әрине.Өнерімізді тамашалаңыз.

Музыкалық үзіліс. Айнұр домбырада күй «Ақ жаулық», Гаухар белгілі қолөнерші Дәркембай Шоқпарұлының «Қолөнерім»өлеңін оқиды

Айза(мыстан):Ой,рахат-ай,көңілім бір көтеріліп қалды ғой.

  • Апа, Күнікейді енді жібересізбе?

Айза(мыстан):Жоқ. «Шеше көрген тон пішер» деген аталы сөз бар. Енді маған сумоншақтың тарихы, кестелеу туралы айтыңдар

Аяулым:Моншақпен сәнді жұмыс жасау тарихы өте әріден басталады.Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Адам баласы етье кездің өзінде тұрмысына қолданатын заттарын түрлі дән, жидек, ұлу және түсті тастарды қолдан есілген ұзілмейтін шөптерге, аттың қылына тізіп,тігу, тоқу арқылы безендіре білген. Бисер тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болғандықтан соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп, кестелеуге, түрлі сыйға тартуға арналған бұйым түрлерін жасауға, сондай-ақ сәндік бұйымдарды - сырға, білезік,алқа тоқуға да болады.. Қазақша бисерді су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп аталады.Бисермен жұмыс істеу әдемілікті, нәзіктікті, талғамды талап ете отырып, оқушы қиялын және шеберлігін дамытуға септігін тигізеді.

Ақгүлім:Моншақ неолит дәуірінде тастан жіне сүйектен, қола дәуірінде матадан жасаған. Уақыт өте келе моншақты өте бағалы және аса қымбат емес тастар, әйнек өндіру кәсібінің нәтижесі моншақ, сумоншақтар алмастырады. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестерәлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып сұйық әйнек болып аққан екен. Осылайша әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен. Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін ХIғасырдың ескерткіштерінен табылған. Бисерді ең көп шығаратын елдер Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан.

Мадина:Алтын, күміс жіптерге маржан тізіп кестелеу бұрыннан белгілі болған өнер. Қазір сумоншақпен кестелеу әдісіне сұраныс көп. Уақыт талабына орай моншақ, сумоншақтармен және технологиялық кестелеу өнері арқылы панно картиналар жасалады. Живопискежазылған картинадағыдай түрлі-түсті өңі бар етіп, сумоншақпенде картина кестелеуге болады. Біздер қазір сізге назарыңызға үйірме сабағында жасаған «Қорқыт» картинасын ұсынып отырмыз.

Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауымыз керек:

1. Инені аузыңа салмау керек.

2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.

3. Инені кез-келген жерге қадауға болмайды.

4. Бисерлер шашылып қалмас үшін оларды кесілген матаның үстіне немесе қорапшада ұстаған жөн.

Қыздар өздерінің үйірме сабағында сумоншақпен жасаған «Қорқыт» картинасының жасалу жолдарын түсіндіріп береді

- Апа, енді Күнікейді жібересіз бе?

Айза(мыстан):Жоқ, жібермеймін. Келесі шартым: Менің қасымда қыздарым отыр осы қыздарымның қолөнер туралы білімдерін тексеріп беріңдер.

Альбина:Жарайды,апа, біздің оларға қоятын сұрақтарымыз да дайын. Мына суретте берілген сөзжұмбақты мақалды дұрыс тауып шешкенде, матадан әр-түрлі әдемі етіп жинақтап тігу арқылы орындалатын бүрменің түрі шығады. Мен мақалды оқимын тастап кеткен сөзді табыңыз.

Айза(мыстанЖоқ, жібермеймін. Келесі шартым: Есеп шығарасыздар.

  • Шығарамыз,апа шығарамыз.

Айза(мыстан):Бірінші есебім «Қырсық жолаушы»Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді.

Айза(мыстан):Екінші есебім «Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше жан отыр?»

  • Апа, Күнікейді жіберіңізші.

Айза(мыстан):Жоқ бермеймін. (Айқайлап таяғымен жерді бір қояды, қыздар жиылып бір нәрсеге ақылдасады)

Альбина: Апа, мынау ұялы телефон. Мұнымен әлемнің барлық жерімен сөйлесе аласыз. Кинода көруге болады, ойын да ойнауға болады.

Айза(мыстан):Қане, әкелші,көрейін (телефонды алып,бұрышқа қарай барып, телефонды қарап тұрғанда қыздар Күнікейді алып қашып кетеді)

Айза(мыстан):Әй,әй тоқтаңдар! (Ұялы телефонмен)

Айза(мыстан):Алло, алло, Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақ қайдасыңдар, ұстаңдар ананы.

Сіздердің көріп, тамашалағандарыңыз қазақтың «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Сиқырлы моншақ» үйірмесінің өнері


6-сабақ үлгісі

Дарынды балаларға арналған «Ұшқын» дарынды балалар орталығының ұйымдастыруымен «Қуаныш көрем көзіңннен....» атты көктем балы сценарий

І жүргізуші: Қайырлы кеш, ханымдар мен мырзалар!

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының көктем балына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: бүгін мектебімізде тұңғыш рет «Ұшқын» дарынды балалар орталығының ұйымдастыруымен «Қуаныш көрем көзіңннен....» атты би мерекесі өтпек. Осы сайыс мектеп өмірінде болашақта дәстүрлі мереке ретінде аталып өтпек. Көктем балын ашу үшін сөз кезегі А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия директоры Батыров Жұмагелді Калимұлына беріледі.

І жүргізуші: Бал биі - би кештерінде (балдарда) жұптасып немесе көп кісі болып билейтін би. Алғаш Италияда 14 ғасырда пайда болды. Кейін Бал биі Францияға тарады да, 16-17ғасырларда Франция бұл бидің шын мәніндегі Отанына айналды. Бал биі әр елде түрлі ұлттық өрнекке ие болып, үздіксіз өзгеріп отырды. Оның көпшілік арасында кең өріс алған бурре, гавот, аллеманда, жига, сарабанда сияқты түрлері пайда болды.

ІІ жүргізуші: 19 ғасырдың ортасында вальс - Бал биінің әйгілі түрі ретінде танылды. Қазақстанда вальс, жай вальс, танго, твист, мазурка, полька, полонез, фокстрот, чарльстон, краковяк т.б.билер кең өріс алған.

І жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып, тасып

Аруларын сыйлаған халқым менің ,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық, - деп ортаға сайыскерлерімізді қошеметпен шақырайық

ІІ жүргізуші:

  • 9-сынып жұптары

  • 10-сынып жұптары

  • Мұғалімдер жұбы

ІІ жүргізуші: сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі,кім тапқыр шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар,- демекші, кез-келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара-жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

- директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Шайхиева С.Ж;

- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ихсанов Ә.И;

- директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Қажымұратов Д.Ә

- мектебіміздің хореографы Қазимова Н.М

І жүргізуші: Өзіңмен Арыстың

Бойында таныстым

Жайнаған гүлдей құрбым сен

Жағада тұрдың сен

Жаз еді сол күнде

Қайдасың бұл күнде

Сені іздеп арманым

Сыр бойын шарладым

ІІ жүргізуші: Кетеме осылай

Жолымыз қосылмай

Жайнаған гүлдей құрбым сен

Жағада тұрдың сен, -бұл мыңдаған адамдардың жүрегінен орын алған Шәмші ағанын жыр шумақтарынан үзінді. Бүгінгі би кеші Шәмші аға әндерімен өрнектелмек.

І жүргізуші: Ш.Қалдаяқұлы өзінің қайталанбас қолтаңбасы, халықтың бояуы қанық талантымен Қазақ халқының қазіргі ән өнерін биік белеске көтерді оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі.

ІІ жүргізуші: би сайысына қатысушыларды рет номерін суыру үшін ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Сезім сыйлап төбемде күн күледі

Осы көктем өзгертер мүмкін мені

Бой тазартар жаңбырдың жауары анық,

Көңіл бұлты кеудемде күркіреді.

ІІ жүргізуші: Таңғажайып тәтті өмір басталарда

Кез қылмасын тағдырым тас қамалға.

Қоймаса екен бұл көктем мен ұнатқан

Аруларды ғашық қып басқа менен

І жүргізуші: Сонымен би сайысымыз басталды. Сайыстың шарттары:

  • Сайысқа қатысушылардың киім үлгісі

  • Ырғақпен әсем қозғалысы

  • Тәж етуі, жүріс-тұрысы

  • Шаш үлгісі

Әр биден соң 4жұптан озып шыққан 1 жұп келесі бөлімге өтіп отырады.

ІІ жүргізуші:

  • алғашқы өнер көрсеткен 9-сынып жұптары

  • 10-сынып жұптарын ортаға шақырамыз.

  • Мұғалімдер өнер көрсетеді

Сайысты қорытындылау үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз.

І жүргізуші: Білегіне тағатын білезік ең,

Бақыт табар жан бар ма бір өзіңнен

Толған айдай табынтар талай ару

Тоңы жібіп мұз қатқан мінезінен

ІІ жүргізуші: Тағы көнбей ырқыма қыңыр ұл-мұң,

Теңселтті кеп тірегін тұғырымның.

Келер, кетер көктемі жылдарымның,

Қалай өтер көктемі ғұмырымның... деп, осымен би кешін жабық деп жариялаймыз.




Қорытынды

Бүгінгі заман - бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сәндік-қолданбалы өнер оқушылардың эстетикалық және еңбектегі рухани дамуында ерекше рөл атқарады. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады.Осы мақсатта мектебімізде дарынды балаларға арналған «Сиқырлы өнер әлемі» шығармашылық тобы жұмыс істейді. Үйірмеде балаларды халықтық өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде қолданбалы өнер, ісмерлік үйірмесі үлкен еңбек етуде. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Мақсаты оқушыларды халқымыздың салт-дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ою-өрісін дамыту. Өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін шыңдай отырып, ою-өрнек үлгілерін ойып үйрету.

Мектебімізде дарынды балаларға арналған «Сиқырлы өнер әлемі» шығармашылық тобы жұмыс істейді. Бұл топта арнайы сауалнама жүргізу арқылы анықталған дарынды балалар жұмыстанады. «Сиқырлы өнер әлемі» шығармашылық тобының жұмыс кестесі әр бейсенбіде Күзгі демалыс кезінде,яғни, оқушылар қолөнер үйірмесіне келіп,бисерден гүл шоқтарын жасаумен айналысты. Олардың қолынан шыққан бұйымдарды Облыс директорларының семинарына келген ұстаздарға сыйлық ретінде тарту етті. Оқушылармен Облыстық тарихи өлкетану мұражайына барып қайттық. мұражайға бару арқылы Қазақ елінің ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі тарихымен, мәдениетімен танысты. Мұражайда болу оқушыларды ерекше бір сезімге бөледі. Мұражайдан шыққаннан кейін балалар өздерінің алған әсерлерін өзара бөлісті. Сондай-ақ С.Ғұмаров мұражайына да баруды ұмытпадық.«Сиқырлы өнер әлемі» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен алғаш рет «Көктем балы» байқауы өтті. Сайыс вальс королі Шәмшінің әндерін негізге ала отырып өткізілді. Сайысқа қатысушылар бар өнерлерін сала, асқан қызығушылықпен қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша І,ІІ,ІІІорындар және бас жүлде «Көктем ханзадасы» мен «Көктем ханшайымы» анықталды. Бас жүлдені мұғалімдер арасынан шыққан топ жеңіп алса, І орынды 9а -сыныбы, ІІ орынды 10ә-сыныбы, ІІІ орынды 9б-сыныбы иемденді. Мектепте Тәуелсіздік күніне арналған,8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне, Наурыз мейрамына арналған мектептішілік оқушылар арасында көрме өткізілді. Көрмеге бірнеше жұмыстар ұсынылды. Қалалық көрмеге Муратова Айнагүл,Бекешова Назгүл, Ералиева Марина, Қуанышева Аида, Самигуллаева Аяулым, Қажымұрат Фаризаның бірнеше жұмыстары қатысты. Фаризаның жұмыстары қалалық Наурыз мерекесіне арналған оқушылар шығармашылық көрмесінде І орын және облыстық «Нұр себеле, Наурызым!» фестивалінде алғыс хат, облыстық ЭКСПО-2017 оқушылар шығармашылық көрмесінде алғыс хат, Аймақтық «Жас дарын» байқауында алғыс хатқа ие болды. Әр баланың ізденіс еңбегі жетістікке жеткізеді. Сондықтан да үйірме жұмыстарында олардың қызығушылығы мен ізденісі - бірінші орында және технология сабағында осы оқушылар әрқашанда кез келген тақырыпты бірден іліп әкетеді. Шәкірттерімнің әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдімін.

Қосымша материалдар


Ою-өрнек элементтері және олардың аталуы


Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама


Кілемнің ортасына салынатын оюлар

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама



Ою-өрнектердің күнделікті тұрмыста қолданылуы



Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама


Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама


«Тігіс тігу мен кестелеу» және «Кілем тоқу» өнерінің технологиялық жіктемесі

Сәндік-қолданбалы өнер түрлері

Технологиялық мүмкіндіктері

Жіктелуі

Тігіс тігу және кестелеу өнері

Пішілуіне байланысты

Сәндік пішінді (киімнің қосымша бөліктері,кесе қап т.б.)
Тік пішінді (ақ жайма, тұс кесте, дастархан, тұтқыш т.б.)

Қолданылуына байланысты

Сәндік бұйымдар (шымылдық, жапқыш, сүлгі, тұс кесте, сәндік панно және т.б.)
Сыйлықтық бұйымдар (кітап арасына салатын тілше, қолдорба, әмиян, орамал, нышандық белгілер және т.б
Тұрмыстық бұйымдар (киім-кешек, ас-үй жабулары, төсек орын, жастық тыс, жапқыштар және т.б.)

Материалына байланысты

Мақта, кенеп, жүн, жібек, аралас, синтетикалық

Ою-өрнегіне байланысты

Ғарыштық, геометриялық, өсімдік тектес, хайуанаттық

Түсіне байланысты

Бір түсті, екі түсті, үш түсті, көп түсті

Өңделуіне байланысты

Айқас кесте, шым кесте, біз кесте, торлап тігу және т.б.

Кілем тоқу өнері

Көлеміне байланысты

Шаршы кілем, үлкен кілем, шағын кілем, қос гүлді, үш гүлді, қос күмбезді, бес күмбезді

Қолданылуына байланысты

Тор кілем, жайнамаз кілем, төсек кілем, нар кілем, қабырға кілем, бөстек кілем, қоржын кілем

Материалына байланысты

Жібек, жүн, мақта, синтетикалық

Өңдеуіне байланысты

Түкті кілем, тақыр кілем, шашақты кілем, қалы кілем, жұлқыш кілем, оқалы кілем, алаша кілем және т.б.

Ою-өрнегіне байланысты

Қыпшақ кілем, поднос кілем, шатыр гүл, жолақ, оюлы кілем және т.б.

Түсіне байланысты

Ақ, қызыл, жасыл, қара, құлпырма, ақ сирақ және т.б.

Шығу тегіне байланысты

Арабы, бұқар, адай, ашхабад, әндіжан, парсы, түркмен, орыс, Алматы кілем және т.б.









Ұшқын дарынды балалар шығармашылық тобы


Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама


Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама


Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат.

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

Наурыз 2014ж


Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама


Сикырлы өнер әлемі авторлық бағдарламаСикырлы өнер әлемі авторлық бағдарлама

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. АсановБ, Птицина Әбдіғапбарова Ұ«Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы.,

  2. «Ақжайық өңірінің музыкалық фольклоры». «Исламнұр» баспасы, Алматы,2005ж

  3. Әлемдік өнертану, І-ІІІтом, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылған; Өлке баспасы, Алматы,2008ж

  4. Дәуренбеков Ж, «Қазақстан өнері» Алматы 1983 ж

  5. Қазақ өнерінің тарихы, І -ІІІ том, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылған; Өнер баспасы, Алматы,2007ж

  6. ҚалымовГ.М., «Көрме мен көрермен»Қазақстан өнері, Алматы1987 ж

  7. Қасиманов.С. «Қазақ халқының қолөнері». Алматы: «Өнер», 1995ж

  8. Қуатов Б «Беласу». Орал,2011ж

  9. Марақұлова К«Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»

  10. Мектептегі өнер ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал

  11. Мектептегі технологияРеспубликалық әдістемелік журналы, 2006-2014жж

  12. Мұхамеджанұлы З«Қазақтың кесте өнері» Алматы-2008ж

  13. Нұғман.Ә.«Қазақтың әншілік дәстүрі».«Арыс» баспасы,Алматы,2009ж

  14. Ысқаққызы Ә «Сырмақ өнері». Алматыкітап ,2007

  15. Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері Алматыкітап,2003ж


© 2010-2022