Сувенирлік домбыра жасау технологиясы, 1 сабақ. (9 сынып)

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сувенирлік домбыра жасау технологиясы (1сабақ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін оқып үйренуге баулу

арқылы олардың өздігінен жұмыс істеуіне, шеберлік деңгейін арттырып,

ынта -ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп бағалай білуге

үйрету.

Тәрбиелік Оқушылардың сувенирлік өнерге деген қызығушылығын оятып, батылдыққа,

өзіне деген сенімділікке, жұмысты өз бетінше орындауға, ептілік деңгейін

көтеруге баулу.

Дамытушылық Ұлттық өнер туралы білімдерін жүйелеп, шығармашылық қиялын

дамыту

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық.

Көрнекілік: алдын ала дайындалған сувенирлік бұйым, плакаттар, жасалатын

бұйымның технологиялық картасы

Құрал-жабдықтар: ағаш өңдеу СТД-120 станогы, әр түрлі пышақтар, ара, қыл- ара, егеулер жиынтығы, түрлі желімдер, әрлеу қағаздары, өлшеуіш.

Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, жаратылыстану, математика, тарих.

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалім: Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес.

Нағыз қазақ - домбыра!

1.Кіріспе.( Тарихы, домбраның халқымыздың өмір тіршілігінде алатын орны туралы айтып өту.)

2.Сувенирлік домбыра жасау.

3.Сувенирлік домбыра жасаудың жолдары мен кезеңдері:

1-кезең. Ағаш таңдау. Оны ағаш жонатын станокқа ыңғайлап кесу, сүргілеу

2-кезең. Станокка дайындаманы орнатып, сызба бойынша өлшемін сақтай

отырып жону. Жонылған дайындаманы мұқият өңдеу.

3-кезең. Дайындаманы ағаш верстагына қысып, екі жағын кесіп, көлденең

ортасына бөлу. Мойнын жіңішкелеп жонып, егеуге әрлеу. Домбыраның

алақанын жобалап келтіру. Үнді тесігі мен құлақ тесіктерін тесу.

Домбыраның шанақ бөлімін ою (ойып жасалатын домбыра сияқты).

4-кезең. Домбыраның бет қақпағын және қосымша шетін егеп, бетін әрлеу.

Құлағын, тиегін, табалдырық тиегін және ілгекті жасау. Шпон ағаштармен

бетқақпағын әшекейлеу.

5-кезең. Жасалған домбырашықты лактау. Кепкеннен кейін пернелерін орнатып, ішегін

тартып, тиегін салып, құлақпен бекіту.

6-кезең. Әр жасаушының шеберлігіне байланысты қосалқы бөлшектер жасау

( қанат, шаңырақ, кереге ).

7-кезең. Жасалған дайындаманы желім арқылы құрастыру.

4. Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері .

5. Ағаш өңдейтін станокта жұмыс істеген кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

ІІІ. Пысықтау.( сұрақ-жауап)

  1. Домбыраның шығу тарихын кім айтады?

  2. Жалпы домбыраны жасау қанша кезеңге бөлінеді?

  3. Домбыраның шанағын қалай ояды?

  4. Домбыраның пернелерін қай мезгілде орнатады?

  5. Ағашты қолмен өңдеу кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

ІҮ. Өз бетімен жұмыс.

Өз беттерімен технологиялық картаны орындау.

Ағаш таңдау, кесу, сүргілеу, СТД-120М станокка бекітуге дайындау, бекіту.

Ү. Қорытынды.

1. Оқушылардың жұмыс жасау барысындағы жіберген қателерін айтып түзету.

2. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Технологиялық картаны аяқтау.


© 2010-2022