Қолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясы

Алғы сөз            Әдістемелік – оқу құралында жаңа өмір талабына сай инновациялық жетістіктер ескеріліп, түрлі тәсілдер келтірілген. Әдістемелік – оқу көмекші құрал техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында пісірудің арнайы тәсілдері мен оның негізгі түрлерлері туралы түсінік беретін оқу құралы. Мәселен тараудың тақырыпшалары толығымен қарастырылған.       Сонымен қатар тест сауалнамалары оқушылардың ой ұшқырлығын дамытып білімдерін шыңдауға басты негіз бола алады немесе тәжірибелік жұмыстар қосымша бақылау сұрақтары тәуелсіз баға көрсеткішінің сұрақтарын тауып шешуші сынақта жоғарғы балл жинауға өз септігін тигізуге себепші. Осындай абыройлы істі жүзеге асыруда бұл оқулық пән оқытушыларына және оқушыларға көмекші құрал. Күрделі өндірісі ошақтарындағы құрылыс алаңдарындағы кездесетін жұмыс операцияларының әдіс – тәсілдерін жүзеге асыруда осы...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясыҚолмен электр доғалы дәнекерлеудің технологиясы«А. Иманов атындағы жол - көлік колледжі» МКҚК



«Пісіру өндірісінің

технологиясы»

атты сала технологиясы негізінде жасақталған оқу -

әдістемелік құрал




















Орал қаласы


Пікір жазғандар

Г.С Бисенов АҚ «Оралагрореммаш» президенті, экономика ғылымдарының

кандидаты.

А.А Бакушев Аграрлық-техникалық университетінің техника ғылымдарының

кандидаты,доцент. «Политехника» факультетінің деканы.

А.Е Ермуханов А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің жоғары санатты

арнайы пән оқытушысы

Құрастырушы С.Н Сағынғалиев А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің екінші

санатты өндірістік оқыту шебері

Оқу әдістемелік көмекші құралына газэлектрмен дәнекерлеу оқулығының негізіндегі электр доғалық пісіру, электрмен пісіру тәсілдері бөлімдерін басшылыққа алынып, негізгі тәсілдеріне баса назар аударылған.

Оқу әдістемелік оқулықта өндірістік оқу мен машықтану сабақтарында арнайы тәсілдерін оқушыларға оқытып, түсіндіру үшін алғы шарттар көрсетілген. Пісіру ісі мамандығына оқытуда бүгінгі таңда мемлекттік тілде баспа бетіне шыққан оқулықтар тапшы болғандықтан оқытушының авторлық - шығармашылық ізденісімен жинақталып, соңғы техникалық ғылым жетістіктері оқу құралына енгізілген.















Мазмұны:

Алғы сөз............................................................................................3


  1. 1.Жалпы мағлұматтар...........................................................................4

  2. 2. Электр доғалық пісіру.........................................................................5-13

  1. 3. Электрмен пісіру тәсілдері................................................................14-15

  1. 4. Газбен пісіру.........................................................................................15-18

  1. 5. Термитпен пісіру және дәнекерлеу...................................................18-19

  1. 6. Пісірудің арнайы тәсілдері...............................................................19-24

  1. 7. Металды пісіру...................................................................................24-26

  1. 8. Металды кесу.....................................................................................26-27

  1. 9. Пісірудің сапасын анықтау..............................................................28-29

  2. Тест тапсырмасы................................................................................30-37

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................38





















Алғы сөз

Әдістемелік - оқу құралында жаңа өмір талабына сай инновациялық жетістіктер ескеріліп, түрлі тәсілдер келтірілген. Әдістемелік - оқу көмекші құрал техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында пісірудің арнайы тәсілдері мен оның негізгі түрлерлері туралы түсінік беретін оқу құралы. Мәселен тараудың тақырыпшалары толығымен қарастырылған.

Сонымен қатар тест сауалнамалары оқушылардың ой ұшқырлығын дамытып білімдерін шыңдауға басты негіз бола алады немесе тәжірибелік жұмыстар қосымша бақылау сұрақтары тәуелсіз баға көрсеткішінің сұрақтарын тауып шешуші сынақта жоғарғы балл жинауға өз септігін тигізуге себепші. Осындай абыройлы істі жүзеге асыруда бұл оқулық пән оқытушыларына және оқушыларға көмекші құрал. Күрделі өндірісі ошақтарындағы құрылыс алаңдарындағы кездесетін жұмыс операцияларының әдіс - тәсілдерін жүзеге асыруда осы оқу құралынан жауап алуға болады.










3

Пісіру өндірісінің технологиясы


  1. 1. Жалпы мағлұматтар

  1. 1. 1. Пісіру тәсілдерінің физикалық мәні мен топтастырылуы

1. Пісірудің физикалық мәні. Пісіру деп молекулааралық және атомаралық байланыс күштерін пайдаланып металл бөліктерін ажырамайтын етіп біріктіру үрдісін айтады. Аталған күштердің өзара әрекеттесуі үшін жалғанатын металдардың атомдарының ара қашықтығы 10 ‾8 см шамасында болуы керек, демек өзара қашықтығы металдардың кристалл торларының параметріне сәйкес болуы керек. Атомдар мен молекуларының осындай ара қашықтығын қамтамасыз ету үшін , пісірілетін материал беттері балқу температурасынан аса қыздырылып, балқыған материал қатаю /кристалдану/ негізінде біртұтас қалыптасады. Немесе пісірілетін материалдар пластикалық күйге дейін қыздырылып, олар механикалық қысу үкүші әсерінен өте тығыз түйістірілуі қажет. Бұл процесті қыздырусыз салқындай тек механикалық күш әсерімен іске асыруға болады.

Пісіру біртектес және тектес емес металдар мен олардың қорытпаларын, металды кейбір металл емес материалдармен /керамика, графит, шыны, т. б./ біріктіргенде, пластикалық массалардан, т. б./ біріктіргенде, пластикалық массалардан, т. б. Бұйымдар жасағанда қолданады. Дегенмен металдарды пісіру машина жасау өнеркәсібінде және құрылыста кеңінен қолданылады.

  1. Пісіру тәсілдерінің топтастырылуы. Осы кездегі пісіру тәсілдерінің негізгі екі ерекшелігі бойынша топтастырылады: металдың пісіру кезіндегі күйі мен пісірілетін жапсарларын қыздыру үшін қолданылатын энергия түріне қарай. Алғашқы нышанына қарай балқытып және қысыммен пісіру болып бөлінеді.

Балқытып пісіруде біріктірілетін детальдардың жиектері, оны негізгі металл деп атайды және қосымша металдарды балқу температурасынан асыра қыздырып ортақ сұйық металл жасалады. Қыздыру тоқтатылғаннан кейін ванна суып кристалдану нәтижесінде пісіру жігі қалыптасады да, пісірілген жік және оның аумағы әдеттегі температураға дейін салқындайды.

Қысыммен пісіруде пісірілетін металл беттері пластикалық күйге, тіпті балқу температурасына жуық деңгейге қыздырылып оған қосымша механикалық күш түсіріледі. Қорғасын, алюминий, мыс т.б. созымталдығы жоғары металдарды қыздырмай қысыммен - ақ пісіруге болады.

Қыздыруға қажетті энергия түріне қарай пісіру тәсілдері мынадай топтарға бөлінеді: электрмен, химиялық, механикалық және сәулелі.

Бұлардың арасында ең бастысы болып металды қыздыруға электр тогын пайдаланатын электрмен пісіру тәсілі саналады. Электр энергиясының жылу энергиясына айналу принциптеріне сәйкес электрмен пісірудің мынадай негізгі түрлері болады: доғалы, түйістіріліп пісіру, индукциялы, плазмалы.

Пісірудің химиялық тәсілі тобына газды және термитті пісіру жатады. Бұл тәсілдердегі металды қыздыру мақсатында газ не қатты күйіндегі әртүрлі заттардың тотығуының экзотермиялық реакцияларының жылуын пайдалану арқылы қыздырылады.

Пісірудің механикалық тәсілдеріне: көрікпен, қыздырмай қысыммен, қопарылыспен, ультрадыбыспен, ал пісірудің сәулелі тәсілі тобына электронды-сәулелі, лазер сәулесімен, гелиопісіру немесе күн сәулелерімен пісірулер жатады.

Пісіру тәсілдерінің ең басты маңыздылары электр доғасымен, түйістіріліп және газбен пісіру болып табылады.

Машина жасау саласында металды пісірудіңмаңызы мен болашағы. Осы кезде металдарды пісіру, металды қысым арқылы құю және кесу арқылы өңдеу сияқты, металдан әртүрлі конструкциялар мен бұйымдар жасауда негізгі технологиялық үрдіс болып саналады. Жаңа зауыттар мен кәсіпорындарын салуда, темір жол вагондары мен цистерналар жасауда, домна және мартен пештерін құруда /монтаждауда/, мұнай және газ құбырларын, көпір салуда, машина мен жабдықтардың тозған және сынған бөлшектерін қалпына келтіруде пісірудің маңызы зор. Бұл тәсіл ауыр конструкцияларды, металлургия, машина жасау өндірісінің күрделі жабдықтарын т. б. Пісіру арқылы өңдегенде үлкен экономикалық нәтиже береді.

4

1. 2. Электр доғалық пісіру

1. 2. 1. Доғалық пісірудің негізгі түрлері.

Доғалық пісіру тәсілінің топтастырылуы. 1802 жылы Санкт - Петербург қаласындағы әскери - хирургия академиясының прфессоры В. В. Петров қуатты гальваникалық элементті пайдаланып екі көмір электродтар аралығында ауада тұрақты электр жалындауы қалыптасатынын ашты. Мұндағы электрлік жалындауының пішіні доға тәріздес иіліп келген екен. Осыған орай В. : Петров бұл жаңа ашылған электр жалындауды электрдоғасы деп атады. Электрдоғасын өз бетімен ағылшын физигі Г. Девиде 1809 жылы ашты

1882 жылы орыс өнертапқышы Н.Н. Бенардос электр доғасын металдарды пісіруде қолдануды іске асырады. Ол бұл мақсатта балқымайтын графит электрод қолданды. Пісіру жігін дұрыс қалыптастыру үшін Н.Н.Бенардос электр доғасында балқытылатын қосымша металл талшық қолданады. Ал, 1888 жылы орыс инженері Н.Г. Славянов металл электродымен доғалық пісіру тәсілін ұсынды. Пісіру тізбегіне бұйым және электродтың жалғануына қарай электрдоғалық пісірудің мынадай негізгі түрлері болады: балқымайтын көмір /графит/ электродымен пісіру немесе Бенардос тәсілі, балқитын металл электродымен пісіру немесе Славянов тәсілі және балқитын металл электродымен үш фазалы доғаны пайдаланып пісіру.

2. Бенардос тәсілі бойынша /1-сурет «а»/ тұрақты ток доғасы оң полярлы бағытта /электродта минус, бұйымда плюс/ көмір немесе графит элетроды 2 және пісірілетін бұйым 1 арасында жанады.

1 - сурет. Пісіру доғалары

Қосымша металл 3 пісіру тізбегіне жалғанбаған, сондықтан доға негізгі металға тікелей, ал қосымша материалға жанама әсер етеді. Сол полярлы бағытта электрод анод болып /электродта плюс/, ал бұйым катод-болса/бұйымда минус/ көмір доға тұрақсызданып, металл көміртегімен қанықтанады. Бенардос тісілімен пісіруді негізінен шойын және қола құймаларының ақауларын түзетуге және тез тозатын детальдарды қатты қорытпалар ұнтағымен қаптауда пайдаланады.

3. Славянов әдісі бойынша /1-сурет «б»/ тұрақты ток/оң немесе сол полярлы бағытта/немесе ауыспалы ток доғасы балқитын металл электроды 2 мен пісіру тізбегін жалғанып оған тура әсер ететін пісірілетін бұйымның 1 аралығында жанады. Пісіру тізбегіне жалғанған электродтың қызуы күшейе түсіп тез балқиды. Өйткені оның шеткі беттері электр зарядталған бөлшектермен қоршалған. Доғамен балқытылған электрод қосымша материал ретінде пісірілген ваннаны толықтырады.

4. Үш фазалы доғамен пісіргенде /1-сурет «в»/. Пісіру тізбегінің үш фазасына бөлек-бөлек екі электрод 2 және пісірілетін бұйым 1 жалғанған. Әр электрод пен бұйым арасында және электродтар арасында бірден үш доғаға пайда болады. Әрбір электродқа және негізгі металға екі доға тіке, ал бір доға жанама әсер етеді.

Үш фазалы доғалық-пісіру өндіріс өнімділігі жағынан Славянов әдісімен доғалық пісіруден 2-3 есе жоғары. Бұл әдісті көбінесе қалың металдарды автоматты түрде пісіруде қолданады.


5

1.2.2. Пісіру доғасы және оның қасиеттері

Пісіру доғасы дөп көп жылу мен жарық шығаратын газдағы қуатты элетрлік жалындауды айтады. Физикалық тұрғыдан қарағанда электрлік жалындау ионданған ауа арқылы өткізілетін электр тогінің нәтижесі доғаның қасиетін сипаттайтын негізгі параметрлерге кернеу, ток және доғаның ұзындығы жатады. Кернеу мен ток арасындағы тәуелділікті доғаның тұрақты жағдайындағы статикалық вольт-амперлі сипаттамасы көрсетеді. /2 «а» сурет/ Ол бірде ылдыйлаған 1, бірде тұрақты 2 және өрлеуі 3 болып келуі мүмкін.

Пісіру доғасы /2-сурет «б»/ үш бөліктен тұрады: катод аумағы, анод аумағы және доға дінгегі. Барлық аумақты доға дінгегі 1 алады, онда ионизациялау процесі мен катод аумағындағы тегіс бөлшектер анодқа қарай ауысады. Доға дінгегінің температурасы 6000-7000 С-ға жетеді. Ол қатты қызған элктрод пен пісірілетін металдардың бу қоспаларынан және сол булардың қоршалған газдармен реакция нәтижесіндегі өнімдерден тұратын ортамен 2 қоршалған.


a б

2 - сурет. Статистикалық вольт-амперлі мәндері мен пісіру доғасының құрылысы

Электр доғасының жылулық қуаты толық есептелгенде доғаның электрлік қуатының жылулық баламасына /эквивалентіне/ тең деп құралады, демек

qә = 0.24 JU кал/с /І/


Ал электр доғасының тиімді әсерлік жылу қуаты:


q = 0.24 N gUJ кал/с /І/


мұндағы Ng = пісірілетін металды қыздыруға пайдаланылған доғаның жылу қуатының пайдалы әсер коэффициенті /ПЭК/

Эксперименттік зерттеулер анықтағандай металл электродпен ашық ауқымды пісіруде Ng = 0.7+0.85; флюс қабатының астында пісіруде Ng = 0.90 - 0.99; көмір /графит/ электродпен пісіруде /доғаның қуаты -300-1200 кал/с аралығы шамасында болған жағдайда/ N=0,5 - 0,75. Металл электродпен пісіруде - мәні электродтың қосылу полярлілігіне елеулі тәуелділік көрсетпейді/арнайы жасалған электродтардан тыс жағдайда/.

1.2.3. Электр доғалық пісірудің ток көздері

Электр доғалық пісіру үшін тұрақты және айнымалы ток қолданады. Тұрақты ток көзі ретінде тұрақты ток генераторлары және пісіру түзеткіштері-селенді, германилі және кремнилі қолданылады. Тұрақты ток генераторлары электроқозғалтқышпен және іштен жанатын қозғалтқышпен жетектелетін боп жасалады. Соңғы түрі тасымалдауға ыңғайлы болып келеді.

Айнымалы токпен пісіруде пісіру трансформаторларын пайдаланады. Пісіру трансформаторларының құрылымы қарапайым, оны пайдалану күрделі емес, салмағы мен құны кем және пайдалы әсер коэффициенті жоғары, бұларды пайдалану мерзімі ұзақ болады.

Доғалық пісірудің тұрақты ток көзі бірпосталы және көппосталы етіп жасалады, ал айнымалы ток көзі тек қана -бірпосталы болады.

Пісіру трансформаторларында электр желісінің жоғарғы кернеуі /220 немесе 320 В/ трансформатордың бос жүрісті кернеуінің мәніне дейін /60-80 В/ төмендетеді. Онымен қоса трансформатор да электр доғасының кернеуін белгілі аралықта мәнде реттеу және тұрақты ұстау қамтамасыз етіледі. Ол үшін трансформатордың екінші сым орамын дроссель деп аталатын қосымша орамға жалғайды.

6

Электр доғасының бір электроды дроссель орамына, ал екінші электроды трансформатордың екінші орамына ұштастырылады. Пісіру тоғы берілгенде /өткенде/ дроссель орамының айналымдарында э.қ.к. /электр қорғаушы күш/ индукцияланады, оның бағыты трансформатордың негізгі э.қ.к. не қарсы бағытта болады. Сондықтан трансформатордың шыға беріс кернеуі бос жүрістегі мәнінен доға жанғандағы мәніне дейін төмендейді. Ал электродтар /электрод пен бұйым/ тікелей түйістірілген жағдайда электр кернеуі Or=OB. Осыған орай элетр желісіндегі ток мәні шұғыл өседі. Мұның ауаны иондатып электр жалындауының бастама қалыптасуы үшін шешіші мәні бар.

Пісіру трансформаторларының құрылымында негізгі екі нобай қолданылады. Бірінші нобайда /3-сурет «а»/ төмендеткіш бір фазалы трансформатордың 1 және екінші 2 оралымдары ортақ өзек темір 1-де, ал дроссель орамы дербес өзек темір 2-де орналасып әрқайсысы бөлек аппарат рәсімінде қаралады. Екінші нобайда /3- сурет «б»/ трансформатордың /1.2/ және дроссельдің /3/ оралымдары жалпы өзек темірге орналасып бір-ақ аппарат болып саналады. Оралымдар 1 және 2 орналасқан бөлігі-трансформатор, ал дроссель оралымы орналасқан бөлігі 3-дроссель. Трасформаторлардың бұл екі түріндегі ток темір өзектің қозғалатын және

3 - сурет. Ток көздері мен пісіру доғасы мәндерінің байланысы

қозғалмайтын бөліктерінің аралығындағы саңлауының кеңіп немесе азаюына байланысты өзгереді. Саңлау кеңігенде дроссельдің өзінше индукциясы азайып, кернеуі артады. Саңлау тарылғанда керісінше болады.

Біз жоғарыда доғалық пісірудің , тұрақты көзі дара жұмыс орындары жіне көп орында болатындығын айттық. Енді соны талқылайық.

Тұрақты токтың бірпосталы пісіру генераторларының, принципті электр нобайы /4-сурет «а»/ көрсетілген. Генератордың бас щетка в және қосымша с-ға жалғанған оралымы 3 бар және оралымы 1 бас щеткалар а мен в-ға жалғанған. Щеткалар в және с арасындағы кернеулер бос айналым кезінде және барлық күш режимдерінде де тұрақты болады. Сондықтан щеткаларға жалғанған /өздігінен қозатын генератор/ оралым 3 тудырған магнитті қозғалыс Фп-да тұрақты болады. Доға жанғанда пісіру тоғы магниттік қозғалыс Фп-ға қарсы жалғанған Фс-магнитті қозғалысының оралымы 1 арқылы өтеді. Айқас тұйықталғанда Фс қозғалысы Фп қозғалысына тең. Сондықтан соңғы магниттік қозғалыс, демек бас щеткалар а мен в-дағы э.қ.к. нөлге дейін бәсендейді.

Генератордың бұл түріндегі пісіру тогы параллель оралымдардың қоздыру тоғының өзгеруіне байланысты. Реостат 2 арқылы реттеледі.


































7

4 - сурет. Пісіру трансформаторларының нобайлары


Тұрақты тоқтың көпорынды пісіру генераторларының /4-сурет «б»/ бір бағыттағы Фс және Фп магнитті қозғалыстарын тудыратын жүйелі 1 және параллельді 3 оралымдары бар. Сондықтан бұл генераторлардың қуаты құламалы болмай, тұрақты болады. Доға қуаты құламалы болу үшін әр жұмыс орнында доғамен жүйелі балласты реостаттарды 4 жалғайды /қосады/. Пісіру тізбегін тұйықтағанда генератор кернеуінің біразы балласт реостатында мына теңдеу бойынша кемиді:

Up = JR

Мұндағы Up - реостаттағы кернеудің кемуі, В:

R - реостат қарсылығы, Ом.

Айқас тұйықталғанда балласт реостатындағы кернеудің жоғалуы генератор кернеуіне тең, сондықтан доғадағы кернеуде нольге дейін түседі. Балласт реостатын пісіру тогын реттеуде де пайдаланады, ал реостат 2 генератордың бос жүрісінің кернеуін өзгертеді.

Пісіру түзеткіштері ток өткізгіш элемент-вентильдерден тұрады. Олар токты бір бағытта жақсы өткізеді. Пісіру түзеткіштер үшін негізінен селенді вентильдерді пайдаланады. Қазіргі кезде сапасы жоғары германилі және керманилі пісіру түзеткіштер шығарылады.

Түзеткіш қондырғылары трансформатор мен шала өткізгіш түзеткіштен тұрады. Барлық түзеткіштердің де п.э.к. / пайдалы әсер коэффициенті/ жоғары, мөлшерлері шамалы, жеңіл және қымбат емес болып токтың бір қалыпты берілуі мен доғаның жақсы жануын қамтамасыз етеді. Пісіру генераторлары сияқты олар да дараорынды және көпорынды болады.

1.2.4. Қолмен доғалық пісіру

І. Қолмен доғалық пісірудің электродтары. Қолмен доғалық пісіруде пісіруші электродты біртіндеп жұмсап қажетті бағытта жылжытып отырады. Электрод дегеніміз сыртқы қажетті қоспалармен әр түрлі қалындықта сыланған металл талшық. Бенардос әдісімен пісіргенде диаметрі 6-30 мм, ұзындығы 200-300 мм балқымайтын көмір және графит электродтары қолданылады.

Славянов әдісімен пісіру үшін балқитын диаметрі І, 6-12 мм, ұзындығы 150-450 мм металл электродтары жұмсалады. Инертті газдарда пісіруде диаметрі І-6 мм балқымайтын вольфрам электродтарын пайдаланады.

Болат сымдарын /жалаңаш электродтармен/ доғалық пісіруге болмайды, өйткені доғаның тұрақтылығы және пісірілген жіктің сапасы нашарлайды. Доға жануының тұрақтылығын арттыру мақсатында сым арнайы қабатпен бүркеледі. Бірақ жұқа қабатпен бүркелген электродтар азот пен оттегімен қатты қанығатындықтан пісіру жігінің механикалық қасиеттері жоғары болмайды. Балқыған металлды ауа әрекеттесуінен сақтау үшін электродты 5 қалың және сапалы өтіп сылайды /5.5-сурет/ Олардың құрамына электр доғасының тұрақтандырғыштардан басқа легірлеуші кокс және газ түзетін заттар және бұларды өзара біріктіретін желімдейтін /сұйық шыны/ қосылады.

Кокс түзейтін заттар ретінде /ТіО2 SiО2 МпО/ тотықтары /СаСО3, Мд СО3/ карбонаттары т.б қоспалар /СаҒ2/ минарал түрінде жағылады. Бүркеушілер балқығанда шлак түзіледі, сөйтіп олар электрод металының тамшыларын 3 пен тігіс металын І азот пен ауа оттегісінен қорғайды. Металл жігі мен шлак суынғаннан кейін шлак қабығы 2 тігіс бетінен оңай алынады.

8

Болаттарды пісіру үшін электродтарды ГОСТ 2246-70 /мемлекеттік стандарт нщмері/ бойынша пісірілетін болат сымдарынан жасайды, оның 75 маркасы бар. Оның ішінде алтауын аз көміртегілі, 30 легірленген және 39 жоғары легірленген болаттардан жасалады. Олардың құрамында көміртегі, күкірт және фосфор өте аз шамада болуы қажет.

Электродтарды сылайтын құрамды дайындау үшін шихта материалдарын ұнтақтап, елеп сұйық шынымен араластырады. Дайын болған аралас қойыртпақ қоспамен электрод сымдары арнайы переспен қысымдап сыйлайды. Одан кейін кептіреді.

Болаттарды пісіру үшін қолданатын электродтар мемлекеттік стандартта /ГОСТ 9466-75/ көрсетілген жалпы техникалық талаптарға сәйкес, белгілі мөлшері етіп өндіріледі. Электродтарды таптастыру да айтылған стандартта берілген.

Электродтардың тағайындау мақсатында сәйкес топталуы және шарты белгіленуі мынадай:

У-көміртекті және аз легрленген конструкциялық созғанда көрсететін беріктігі 60 кГс/мм 2-ге дейінгі болаттарды пісіруге арналған.

Л-легірленген конструкциялық созғандағы беріктігі 60 кГг/мм 2 ден артық болаттарды пісіруге арналған:

Т-легірленген қыздыруға төзімді болаттарды пісіруге арналған:

В-жоғары легірленген айрықша қасиетті болаттарды пісіруге арналған:

Н-айрықша қасиетті үстіңгі қабатын балқытып жапсарлап қалыптастыруға арналған:

Мемлекеттік стандарттар /ГОСТ 9467-75, ГОСТ І005І-75, ГОСТ І0052-75/ бойынша электродтар тіпке бөлінеді. Тіп негізінен пісірілген қосылыстың мехнаикалық қасиетін сипаттайды. Электродтың технологиялық сипаттамасын оның маркасы көрсетеді. Электрод маркасы оның паспортында беріледі. Бір тіпті электродтың бірнеше маркасы болу орын алады.

2. Пісіру арқылы қосудың түрлері. Қолмен, автоматты және жартылай автоматты пісірудегі қосудың негізгі түрлері төрт топқа бөлінеді. Бұлар тоғыстырып қосу, бұрыштап қосу, таврлы және айқастырып қосу /5-сурет/ Доғалық пісірудегі /ГОСТ 5264-80/ қосу жігінің негізгі конструктивті элементтері 5-суретте көрсетілген.

Тоғыстырып пісіруде пісірілетін металдың қалындығына қарай жиегін бүгіп, жиегін жонбай біржақтама және екіжақтама симметриялы, немесе симметриялы емес етіп, бір немесе екі жиегін де жонып жалғастырады. Табақ темірлердің қалындығы 30-100 мм болғанда симметриялы екі жақты қисық сызықты формалы етіп жалғастырылады.

Бұрыштап немесе таврлы қосуда тоғыстырып қосудағыдай табақ темірдің қалыңдығына қарай жиектерін жонбай қосып біржақтама және екіжақтама бір немесе екі табақ темірдің де жиектерін жонып жалғастырады. Бір жақ жиегін жонғанда 50 + 5º. Ал екіжақтама жонғанда 54?6 º етіп жонады. Қалыңдығы 2-60 мм табақ темірлерді айқастырып қосады.

5 - сурет. Пісіріп жалғастырудың түрлері

Біржағынан немесе екіжағынан бірыңғай немесе үзік жікті етіп пісіреді.

3. Пісіру ережелері. Қолмен доғалық пісірудің негізгі параметрлеріне электрод диаметрі мен пісіру тогының күші, пісіру жылдамдығы жатады.

9

Пісіру тогының күші негізінен электрод диаметріне байланысты.

Электрод диаметрі пісірілетін металдың қалындығына сәйкес алынады, бұл сәйкестік төменде келтірілген.

Металдың қалыңдығы, мм І-2, 3-5, 4-І0, І2-24

Электрод диаметрі, мм 2-3, 3-4, 4-5, 5-6

Әдетте, қолмен пісіруде электрод диаметрі 5 мм-ден артық болмайды.

Диаметрі 3-6 мм болғанда мына формуламен есептеледі:

J = kd

мұндағы J - пісіретін ток күші А; d-электрод диаметрі, мм; К-коэффициент, А/мм, көміртегі аз болаттардан жасалған электродтар үшін К = 40-60.

Пісіру жігі негізгі екі түрге бөлінеді: тоғыстырылған және бұрышталған болып. Бұлардың конструктивтік шешімі әр түрлі.

Тігінен немесе төбедегі жікті пісіруде әдетте электрод диаметрі 4 мм-ден аспайды және пісіру тоғының шамасы төменгі жағдайда пісіруден 10-20 % кем етіп алынады.

4. Пісіру жігін орындау. Олардың кеңістікте қалай жайғасуы мен пісірудегі жалғастыру түрлеріне байланысты болады.

Кеңістікте орналасуына қарай тігістерді /6-сурет «а»/ төменгі, /6-сурет «б» тігінен, /6-сурет «в»/ горизонтальды және / 6-сурет «г»/ төбе жігі деп бөледі. Ең қолайлысы төменгі жікпен пісіру, өйткені балқыған металл ағып кетпейді. Вертикальді және горизонтальді тігістердің орындалуы қиынырақ, ал төбе тігісінің орындалуы тіпті қиын.



6 - cурет. Жіктердің кеңістіктекте орналасуы

Бұрыштық және таврлы қосуларды қайық сияқты /6-сурет «д»/ жағдайға келтіріп орындау қажет.

1.2.5. Автоматты және жартылай автоматты доғалық пісіру

Автоматты доғалық пісіруде барлық негізгі процестер доғаның жануы, пісіру сымының берілуі, доға ұзындығының тұрақтылығы және пісіру жылдамдығы механизацияланған және бір-бірімен үйлесімді жүргізіледі.

Пісіру автоматы құрылысының нобайы 7-сурет «а» -те көрсетілген. Электроқозғалтқыш 6 механикалық редуктор 5 жәрдемімен бұйымға сымды жеткізетін роликтерді 2 айналдырады. Пісірілетін сымды 3 барабан 4-тегі шығар оралымнан роликтер тарқатып пісіру зонасына ток өткізетін мунштук арқылы бағыттап тұрады.

Пісіру автоматтары екі түрлі болады: ұзындығын автоматты түрде реттейтін және өздігінен реттелетін. Автоматтың бірінші түрінде сымның берілу жылдамдығы шамасына пропорционалды. Доға ұзындығы бірденінен өзгерсе сымның берілу жылдамдығы да өзгеріп бұзылған теңдік қалпына келеді. Автоматтың бұл түрінің электронобайы күрделі болып келеді.


7 - cурет. Пісіру автоматы мен доға ұзындығының өздігінше реттелу қондырғыларының нобайлары

10

Доға ұзындығының өздігінен реттелуі сымның балқу жылдамдығының өзгеруімен доға ұзындығының өзгеруі аралығындағы тәуелділікке негізделген. Сымның берілу жылдамдығы тұрақты болып, ол оның балқу жылдамдығына сәйкес болғанда, доға ұзындығы кездейсоқ L1-ден L2-ге дейін ұзарса /7-сурет «б»/ ток көзінің пісіру қабілетіне сәйкес /7-сурет «в»/ доғадағы ток І1-ден І2-ге дейін азаяды және токқа пропорционалды дерлік сымның балқу жылдамдығы кемиді. Сондықтан сымның берілу жылдамдығы оның балқу жылдамдығынан артық болып доғаның

ұзындығы L1 мәніне жетеді /7.-сурет «г»/ Доға қысқарса қарсы құбылыс болады: ток пен балқу жылдамдығы артып, доға ұзарады.

2. Флюс қабатының астында пісіру. Флюс қабатының астында автоматты доғалық пісіру сыланбаған электрод сымын, доға мен пісіру ваннасын ауадан қорғайтын флюсті /ұсақ түйіршікті зат/ немесе қорғаушы газды пайдаланып өткізіледі. Флюс қабатының астында пісіргенде пісірілетін затқа 7 /8-сурет/ флюс І жалаң сымнан 2 бөлек беріледі. Флюс негізінен қорғаушы шлак қабатын түзеді. Пісіру доғасы флюс қабатының астында пісіру сымының ұшы мен бұйымның қосымша және негізгі металл мен флюс құрамының диссоциялануы нәтижесінде доға діңгегінің айналасында пайда болған газ көлемінде жанады. Флюстің балқыған бөлігін газ көпіршігі 3 қоршап пісу ваннасын 4 шлактың жұқа қабатымен жауып, балқыған қосымша және негізгі металды ауадағы оттегі мен азоттан қорғайды. Металл мен шлак суығынан кейін балқып қатайған металдан шлак, қабыршық 6 ретінде оңай ажырап, жік 5 пісіріледі.

Қолмен доғалық пісірумен салыстырғанда флюс қабатының астында автоматты пісіруде өндіріс өнімділігі 10-12 рет өсіп, пісірілген жік бірыңғай, сапалы болып, бағалы пісіру сымы үнемделеді. Мұнда жоғарғы ток күші в/2000 А-ға дейін/ қолданғандықтан қалыңдығы 20 мм-ге дейінгі табақ темірлердің жиегін жонбай-ақ бір өткенде пісіруге болады.


8 - сурет. Флюс қабатының астында пісіру нобайы.

Флюстер пісіру ваннасын ауадан ғана қорғамай, доғаның тұрақты жануын, металдың балқыған бөлігінің қажетті құрамы мен қасиетінің болуын қамтамасыз етеді. Қолданылуына қарай флюстер аз көміртекті және аз легірленген, легірленген және жоғары легірленген болаттарды пісіруіне қарай бөлінеді. Флюстер құрамына шлактүзгіш компоненттер /SiO 2, МпО, Сағ, т.б./ кіреді.


1.2.6. Пісіру автоматтары


Өндірісте қолданылатын пісіру автоматтарының түрлері мен конструкциялары көп. Көбірек қолданылатын түрлеріне Е,О. Патон атындағы электрмен пісіру институтының конструкциясы ТС / трактор сварочный/, Ленинградтың «Электрик» зауытының АДС /автомат дуговой сварочный/ және ЦНИИТМаш институтыный УТ /универсальный трактор/ жатады.

ТС және УТ автоматтарында доға ұзындығы өздігінше реттелсе, АДС автоматында доға автоматты түрде реттеледі.

Пісіру автоматтарының өте кең қолданылатын ТС-І7М-9 түрі сол Е.О. Патон атындағы институт коллективінің туындысы. Автоматтың белгілі пісіру режимінде сымды жеткізетін тұрақты жылдамдығы бар және ол ток күші 1200 А-ге дейін төменгі жағдайда әртүрлі жікті пісіре алады. Автоматтың негізгі то раптарына қуаты 0,2 кВт электр қозғалтқышы І, жетекші 2 жетектегі 3 дөңгелектері бар арбаша, флюс шанағы 5, сым касетасы 7 және кнопкалы басқару пульті 8.

11


9 - сурет. ТС-І7 М-Ү пісіру автоматы

Онан басқа трактордың пісіретін ток көзі, басқару және бақылау аспаптары 6 болады. Трактордың электрдвигателі сымды жеткізетін механизмен және қозғайтын /жүргізетін/ механизммен жалғасқан. Сымды тартатын механизм редуктордан, жетектеуші және қысатын роликтерден, ал жүргізетін механизм редуктордан және жетекші дөңгелектер 2-ден тұрады. Редуктордың тісті дөңгелектерін ауыстыру арқылы сымның берілуін 52-403 м/сағ, ал пісіру жылдамдығын/ол автоматтың қозғалысы/ І6-126 м/сағ жеткізуге болады. Касетадан 7 пісіретін сым берілгенен /кейін/ соң бункер 5-тен флюс беріледі. Автоматты пісіру тігісімен бағыттау үшін әр түрлі қосымша аспап қолданылады. Кейде бункер 5-ке орналасқан тұтқа 4 жәрдемімен тракторды қолмен бағыттауға да болады.


  1. 1. 2. 7. Электр шлагымен пісіру.

Электр шлагымен пісіру әдісінде негізгі металл мен электрод балқытылған шлак арқылы өтетін электр тоғының қызыуымен балқиды 5.10-сурет. Шлак астауы І негізгі металл жиектері 2 мен пісірілетін деталь беттерін тығыз тіреп тұратын, сумен салқындатылатын, арнайы сырғыма тиек 3 аралығында балқыған флюс нәтижесінде түзіледі. Сұйық шлактың белгілі мөлшері пайда болғаннан соң доға шлакқа тиіп сөнеді, бірақ сыммен тоқтың берілуі тоқтамайды.


10- сурет. Электрошлакты пісіру процесінің нобайы

Балқыған шлактан ток өткенде жылу мөлшері 2000ºС-қа дейін жетіп, негізгі металдың жиектері мен электрод сымын балқытады. Сым токты өткізуші және пісіру асауын І балқыған металмен толтырушы қызметін атқарады. Пісірудің бұл әдісінде дайындамалар тік бағытта қойылып пісіріледі. Металл тіліктері арасындағы саңлау толған кезде сымды жылжытып тұратын мунштук форма түзетін сырғыма тиек жоғары жылжып отырады да, оның артында қатайған жік қалып қалады. Пісіру жігінің екі ұшында ақаулар пайда болады. Олар бастапқы тиегінің піспеуі мен жік соңында шөгу қуысымен металл емес заттардың пайда болуы.

Электрошлакты пісірудің флюс қабаты астында автоматты ісіруге қарағанда артықшылықтары: өндіріс өнімділігінің едәуір жоғарылығы, пісіру жігі макроқұрылымы жақсы, шығыны кемірек /І мм пісірілген тігіске/. Негізгі металл шлак ваннасының периметрі бойынша бірден қызатын болғандықтан қалың металдарды бір өткенде - ақ пісіруге болады. Кемшіліктері: қыздырылуы мен сууы бәсең болғандықтан пісіру тігісі мен оның аумағында кристалл құрылымы ірі түйіршіктері болады, сондықтан пісірілген қосылыстың механикалық қасиетін өсіру үшін термиялық өңдеу /жасыту мен нормальдау/ өткізіледі

12.

Бұл әдіспен машина жасау, кеме жасау және машина жасау өндірістерінде күрделі қалың детальдарды /қуатты престер мен станоктардың станиналары, гидротурбина біліктері т. б./ пісіреді. Пісірілетін металдың қалыңдығы 50 - 2000 мм аралығында.

  1. 2. 8. Металды қорғағыш газ қабаты астында пісіру.

Балқыған металды ауадағы оттегі мен азоттың зиянды әсерінен қорғау мақсатында, пісірілетін металл мен электрод аралығындағы доғаға шілтер арқылы үздіксіз, қорғайтын /қорғаушы/ әдеттегі ауа қысымынан артық қысыммен газ берілу нәтижесінде пісірілу аумағынан ауа ығыстырылады /11- сурет/. Қорғағыш газ ретінде аргон мен көмірқышқыл газдары көбірек қолданылады. Аргонды сыйымдылығы 40 л, қысымы 15 МПа темір баллондарда сақтайды.

Аргон доғалық пісіруді балқымайтын /вольфрамды/ және балқитын электродтармен пісіреді. Балқымайтын электродтар тек қана доғаны жандырып сөндірмей тұрады, ал жалғанатын металдар аралығын толтыру үшін пісірілу аумағына шыбық сым беріледі, олардың химиялық құрамы негізгі металмен сәйкес болуы қажет.

Балқымайтын электродты тұрақты токпен қолмен, жартылай автоматты және автоматты пісірулерде пайдаланады. Тұрақты токпен, әдетте тот баспайтын және отқа төзімді болаттарды, никель және оның қорытпаларын, титан, цирконий, молибден т. б. Қалыңдығы 0,1-6 мм металдарды пісіреді. Балқитын электродтарды тек автоматты және жартылай автоматты пісірулерде пайдаланады.

Көмірқышқыл газы қорғауымен пісіру жоғары өнімділігі мен арзандығына бйланысты аз көміртекті, аз легірленген және кейбір жоғары легірленген болаттарды пісіруде қолданылады.

Доға температурасы жоғары болғанда көмірқышқыл газы көміртегі тотығына және атомдық оттегіне ыдырап металдың тотығуын күшейте түседі. Көміртегілі және аз легірленген болаттарды пісіргенде көмірқышқыл газының тотықтырғыш әсерін болдырмау үшін құрамында марганец пен кремний көбірек пісіру сымдарын қолданады.

Көмірқышқыл газы қорғауымен пісіруде балқитын электродтарды қолданып, автоматты немесе жартылай автоматты әдістерді қолданады. Пісіретін доға тұрақты ток көзінен алынады.


11-cурет. Қорғаушы газдармен пісіру

Сыланған электродпен қолмен және автоматты флюс қабатының астында пісірумен салыстырғанда газ қорғауымен пісірудің мынадай артықшылықары бар: балқыған металды ауа әсерінен қорғаудың жоғары дәрежелілігі; аргонды қолданғанда тігіс бетінде тотықтар мен шлак қосындыларының болмауы; бұл үрдістің кеңістіктің барлық жағдайында жасалу мүмкіншілігі; пісіру жігінің түзілу процесін көріп, реттеп тұру мүмкіншілігі; өндіріс өнімділігінің жоғарылығы; көмірқышқыл газы қорғауымен пісірудің арзанға түсетіндігінде.

Газ қорғауымен пісірудің қолдану салалары әр алуан /ұшу аппараттарының тораптары, атом құрылғыларының элементтері, химиялық аппараттардың корпустары т. б./.

Аргондоғалы пісіруді түсті металдарды /алюминий, магний, мыс/ және баяу балқитын /титан, ниобий, ванадий, цирконий/ металдар мен олардың қорытпаларын пісіруде қолданады.



13

1.3. Электрмен пісіру тәсілдері

1.3. І. Пісірудің мәні


Электрмен ұластырып пісіру тәсілі пісірілетін бұйымдарды джоульдік жылумен қыздырып және оларға механикалық күш түсірілуге негізделген.

Джоуль-Ленц заңына сәйкес пісірілетін детальдардың электр тогы өткенде болатын жылу мөлшері Q мынаған тең:

Q=kJ²Rt=(0.24 kJ²Rt) kaл, (1)

Мұндағы J ток күші, А, R-кедергі, Ом, t-пісіру уақыты, с.

Ұластырып пісіруде ток күші ондаған мың амперге жетеді. Ондай тоқтарды екінші оралымы бір айналымды бір фазалы пісіру трансформаторларынан алады. Электрмен ұластырып пісіру тәсілінің негізгі түрлері болып түйістіру, нүктелік және тігістік пісіру тәсілдері жатады.

1. 3. 2. Түйістіру арқылы пісіру

Түйістіріп пісіруді талшық сым қабырғалары қалың құбырлар, рельстер, т.б. сияқты, детальдарды ұштастырып біріктіру үшін қолданады /12-сурет «а»/. Пісірілетін дайындамаларды І пісіру трансформаторларының 4 екінші айналымына жалғанған қозғалмайтын 2 және жылжымалы 3 токжеткізетіндерімен қатты қысып қояды.

Пісірілетін айдындары тығыз электрлі ұласу үшін оларды беттестіріп, қысады. Сонан соң ток беріледі. Мұнда да тізбектің екінші оралымынан ток өткендегі жылу Джоуль-Ленц заңына сәйкес анықталады.

Q=kJ²Rt

R-тізбектің толық кедергісі, Ом.

R=2 Rg + Kg +Rt

мұндағы Rg-токжеткізуші мен дайындаманың ұласу кедергісі. Kg -дайындаманың кедергісі;

Rt-дайындамалар арасындағы ұласу кедергісі

Басқа учаскелер кедергісіне қарағанда Rt кедергісі мол болғандықтан дайындамалардың ұласқан жерінде қызу жоғары болады. Жылу мөлшері қажетті температураға жеткенде ток сөніп, дайындамалар қосылып сығымдалады. Қазіргі автоматтандырылған жүйелер дайындамалардың түйіскен жеріндегі температураға байланысты оларды қысу мен ток сөнуін реттеп тұрады. Нүктелік пісіру /І2-сурет «б»/ негізінен табақ немесе шыбық сым конструкциялы беттерді біріктіруде белгілі нүктелерде пісіріп берік қосындылар жасауда қолданылады. Пісірілетін айқастырылған дайындамалар І қозғалмайтын 2 мен жылжымалы 3 электродтар аралығына орналасып, трансформатордың 4 екінші оралымына жалғанған. Қысым түсірілгенде ұласу аумағын қажетті температураға дейін қыздыратын уақыт ішінде пісіру тоғы өтеді.


12- сурет.Пісірудің ұласқан түрлерінің нобайлары

Сонан соң ток өшіп, дайындамалар қосылады. Пайда болған нүктелік жалғау беріктігі жоғары және одан түрлі ауырлық түсетін конструкциялар жасауға болады. Пісірудің бұл тәсілі автомобиль құрылысында және нагон жасауда, құрылыста, электр тізбектерін жинағанда кеңінен қолданылады.

14

Тігісті пісіру процесінің нобайы /12-сурет «в»/ көрсетілген. Пісірілетін дайындамаларды І ролик-электродтар аралығына орналастырады. Электрод 2 айналып тұрады да, электрод 3 айналып және вертикаль бағытта жылжып отырады. Электродтар трансформатордың 4 өкініші оралымына жалғанады. Дайындамалар қосылған соң, пісіру тогы беріліп, роликтер айналып қажетті температураға дейін қыздырылады. Пісіру жылдамдығы ток күші мен материалды қалындығына байланысты болып бір минутта бірнеше метр пісіруге болады. Пісірудің бұл әдісімен қалыңдығы 5 мм-ге дейінгі табақ темірлер біріктіріледі.

1. 4-тарау. Газбен пісіру

1. 4. 1. Газбен пісірудің мәні мен қолданылуы

Газбен пісіру үшін пісірілетін металл жиектерін және қосымша металды балқу температурасына дейін қыздыруға қажетті жылуды арнайы пісіру шілтерлерінде жанғыш газдарды оттегімен қосып жағу арқылы алады. Жанатын газ ретінде ацетилен, бутан, пропан, бензол, сутек, бензин және керосин буы пайдаланылады. Жанғыш газ ретінде кеңірек қолданылатыны ацетилен С2 Н2. Ол ауада жанғанда болаттарды және басқа металдар мен олардың қорытпаларын пісіруге жеткілікті жылу шығара алады.

Ацетилен газының оттегімен қосылып жанғандағы жалынының температурасы 3373-3423 ºК /3100-3120ºC/-қа жетеді. Болатқа қарағанда балқу температурасы төменірек қорғасын, алюминий т.б. металдарды пісіруде сутегі, табиғи газ және т.б. газдар қолданыла алады.

Газбен пісіруді көбінесе қалыңдығы 3-5 мм-ден аспайтын аз көміртекті және аз легірленген табақ болаттар мен құбырларды пісіру, шойын мен қола құймаларының ақауларын жөндеу және түсті металдар мен олардың қорытпаларын пісіру үшін қолданады.

Оған қажетті оттегі атмосферадан өндіріс жағдайында өндіріледі. Оттегі болат баллондарда пісіру жұмыс орнына жеткізіледі. Баллон тұтас табақ темірден жасалған цилиндр тәрізді ыдыс. Сыйымдылығы 40 л баллондар кеңірек таралған, оларға І5 МПа қысыммен 6000 л оттегі сияды. Техникалық оттегін өндіру ауаны-194,5 С температурада қалыпты қысыммен сұйылтып, оның булану температураларының әрқилы /азот-196 ºС /, сұйық оттегі /-183ºС/ екендігін ескеріп ажырату принципіне негізделген. Осылай алынған сұйық оттегі аппараттың жылу алмастырғышында газ күйіне айналып газгольдерде жиналады. Онан кейін 15 МПа қысыммен компрессор арқылы оттегі баллондарға үріледі. Баллоннан газ шығардағы оның қысымын төмендетіп, тұрақты жұмыс қысымымен қамтамасыз ету үшін газ радукторлары қолданылады. Оттегі редукторлары қысымды 15-тен 0,1 МПа-ға дейін төмендетеді. Пісіру техникасында пайдаланатын редукторлардың екі манометрі болады, бір газдың редукторға өткендігі қысымын көрсетеді, екіншісі онан шыққандағы қысымын көрсетеді.

Оттегі баллондарының /13-сурет/ жоғарғы жағында ішкі жағы конус оймалы мойын 4 және оған бұралатын жез қақпақша 2 бар. Сақина 3 мойынға бекітіледі де оған қорғаушы қалпақша ойма арқылы кигізіледі. Баллон еденде тұрақты тұру үшін оның түбі 5 башмаққа 6 орнатылады. Оттек баллондары көк түстерге боялады.


13-сурет. Оттегі баллонының нобайы.




15


1. 4. 2. Ацетиленнің қасиеті мен өндірілуі

Химиялық таза ацетиленнің С2Н2 түсі жоқ, шамалы эфирлі иісі бар газ. Техникалық ацетиленнің құрамында аммиак, күкірттісутегі болғандықтан ащы немесе ұнамсыз иісті келеді. Ысым мөлшері 0,175 МПа-дан, температурасы 500°С-дан жоғары жағдайда қыздырғанда ацетиленнің ыдырауы мына реакция бойынша жүреді:

С2Н2 2С + Н2

Ауа құрамында ацетилин 2,2 - 88% болса, ұшқын мен жалын әсерімен жарылатын қоспа болып табылады.

Ацетилен ацетонда жақсы ериді. Ацетонның бір көлемінде, қысым 0,1 МПа болғанда, ацетиленнің 23 көлемі ериді. Қысым артқан сайын ацетиленнің еруі пропорционалды өсіп отырады.

Ацетилен өндірудің негізгі тәсілі кальций карбидының, әсерімен реакция түзеуіне негізделген.

Са С2 + 2H2O = С2 H2 + Ca /OH/2 + Q

Химиялық таза кальций каридтың 1 кг ыдырағанда 340 л ацетилен және 1675 кДж жылу бөлінеді. Техникалық кальций карбидын өңдегенде одан 230-300 л/кг ацетилен алынады.

Кальций карбидтерін электрдоғалы пештерде кокс немесе антрацитті күйген әктаспен қосып қорытады:

Са O + ЗС = Ca С2 + CO

Қорытылған карбидты шойын қалыптарға құйып алып, суынғаннан соң 2-120 мм мөлшерлерге талқандайды. Кальций карбидін саңалаусыз темір барабандарға салып тасу қажет, себебі ол ылғалды жағдайда ыдырап ысырап болады.

1.4.3. Газбен пісіру аппараттары

Техникалық ацетиленді өндіретін аппараттарды ацетилен генераторлары деп атайды. Кальций карбидінің сумен әрекеттесу принципіне, газдың шығу қысымына, өндіріс өнімділігіне қарай олардың жүйелері мен мөлшерлері әрқилы болады.

Суды карбидке мезгіл-мезгіл құю арқылы ацетилен өндіретін генераторлары ең қарапайым және кең тараған /14-сурет/

«Карбидті суға» жүйелі генераторларды кальций карбиды бункерден 2 мезгіл-мезгіл су құйылған сауытқа І /14-сурет «а»/ ацетиленнің қарышталуы мен генератордағы қысымына байланысты автоматты қондырғылар жәрдемімен түсіп тұрады. Генератордың бұл жүйесінің өндіріс өнімділігі жоғары. Мұнда кальций карбиды толық ыдырап таза және салқындаған ацетилен алуға мүмкіншілік береді. «Суды карбидке» жүйелі генераторларында /14-сурет «б»/ кальций карбидын ретортаға 9 салып, бөлек резервуардан 3 құбыр 8 арқылы су келеді. Кальций карбидінен ыдырап өндірілген ацетилен ретортадан 9 құбыр 6 арқылы генератордың қалқадан 4 төменгі бөлігіне жиналады.

Ацетилен мұндағы суды ығыстырып, су айналатын құбыр 5 арқылы генератор корпусының жоғарғы жағына шығарады. Генератордан ацетилен құбыр 7 арқылы шығады.

16

Контактылы жүйелі «малынатын» /14-сурет «в»/ немесе «ығыстыратын» /14-сурет «г»/ генераторлары қысымға байланысты карбид пен су мезгіл-мезгіл жанасады. Алғашқысында қысымның молаюына байланысты газгольдер 10 корзинадағы карбид түсіретін тетікті жоғары көтеріп жабады. Екіншісінде ацетиленнің артық қысымы суды қатынастағы ыдысқа ығыстырып, кальций карбидының, ыдырауын тоқтатады. Ацетилен генераторлары қысым мөлшеріне қарай үш түрге бөлінеді: төменгі-0,001-0,01 МПа, орташа-0,01-0,5 МПа және жоғарғы 0,15 МПа-дан жоғары қысымдағы.


14 - cурет. Ацетилен генераторлары түрлерінің набойлары

Өндіріс өнімділігі мен қондырғының тегіне қарай генераторлар тұрақты және жылжымалы болып бөлінеді.

1.4.4. Газбен пісіру тәсілдері

Газбен пісірудің екі негізгі тәсілі бар: сол және оң. Бірінші тәсілде /15-сурет «а»/ шілте жалыны оңнан солға қарай жылжып, әлі пісірілмеген металл жиектеріне бағытталады, ал оң әдісінде /15-сурет «б»/ солдан оңға жылжып, жалын жік жағына қарай бағытталады. Сол әдісін пісірілетін жерінде көп жылу шоғырланбайтын қалыңдығы 5 мм-ге дейін болат бұйымдарын және жеңіл балқитын металдарды пісіргенде қолданады. Оң әдісті тереңдеу пісіруде қалыңдығы 5 мм-ден жоғары металдарды өңдеу үшін қолданады.


15-сурет. Газбен пісірудің негізгі тәсілдері

Газбен пісіру режимі металдардың диаметрі мен газ пісіру жалынының қуатымен анықталады. Сымдарының диаметрі /6-8 мм/ пісіру әдісі мен пісірілетін металдың қалындығына байланысты.

Жалынның қажетті қуатын пісірілетін металдың қалыңдығы мен пісіру әдісіне қарай мына эмпирлі формуламен анықтайды

17

Va = kb, л/сағ

Мұндағы К-аз көміртекті болаттар үшін 100-200 сол тәсілімен пісіргенде және 120-150 оң тәсілмен пісіргендегі пропорционалды коэффициенті.

b- металдың қалыңдығы, мм.

Жалынның таңдалған қуатына сәйкес пісіру шілтерінің ұштық нөмері белгіленеді.

1. 5-тарау. Термитпен пісіру және дәнекерлеу

1. 5. 1. Термитпен пісіру

Металдар /алюминий, магний, кермений/ мен металл тотықтарынан тұратын ұнтақталған жанатын қоспаларды термит деп атайды. Ондай қоспалар жанғанда көп жылу бөлініп, температура жоғарылай түседі. Термиттердің көбірек тараған түрлеріне алюминийлі және магнийлі түрлері жатады.

Алюминий термиті құрамының массасы 20-25% алюминий және 75-80 % қабыршықты темір тотығы болады. Сол қоспаны арнайы жанғыш қоспаларымен оталдырып нәтижесінде 1150-1200ºС-қа дейін қызғанда термит жанады. Бірнеше секунд ішінде қоспа түгел жанып мынадай реакция түзіледі:

ЗҒЕ3 + 8Аl = 9Ғе + 4 Аl2О3 +Q

Бір кг термиттен 550 г. темір 450 г алюминий тотығы алынып, 3000 кДж жылу шығарады. Реакция температурасы 3000 С-қа жетеді.

Алюминий термитімен пісіруде үш әдіс қолданылады: балқытып, қысыммен және түйдектелген. Балқытып пісіруде /16-сурет «а»/ пісірілетін бөлшектердің І жиегіне отқа төзімді форма 2 қойылады. Пісірілетін детальдардың мөлшеріне сәйкес, жиек аралығында саңлау қалдырады. Сонан соң балқытатын тигельдің 3 түбіндегі тесігі арқылы балқыған реакция өнімдері мен саңлаулар толтырылады. Тығыздығы төмен термит шлагы 4 форманың жоғарғы бетінде қалып, балқыған термитті темір 5 санлаулар мен форманың төменгі бөлігін толтырады. Темір тым қатты қызғандықтан пісірілетін детальдардың жиек беттерін балқытып, сунғанда бірігіп қалады. Термит темірінін механикалық қасиеттерін жақсарту үшін термит қоспасына кейбір легірлеуші элементтерді қосады; марганец, хром, кремний және т.б. Термитпен балқытып пісіруді құйма детальдар сынғанда оны жөндеу мен тісті доңғалақтардың сынған тістерін пісіріп жалғастыру үшін т.б. жағдайларда қолданылады.

Қысыммен пісіргенде /16-сурет «б»/ детальдардың созылғыштыған термитті реакциялар өнімдерімен қыздырумен қоса, механикалық сығу пайдаланады.

Қазіргі кезде термитпен пісірудің түйдектелген әдісін ток трамвай рельстерін жалғастырғанда ғана қолданады.

Магнийлі термиттің құрамы ұнтақталған магний мен темір қабыршық темір тотығынан тұрады.


16-cурет. Балқыту және қысым арқылы пісіру нобайлары

18


Магнийлі термитпен пісірудің өзгешелігі, магний тотығының балқуы өте жоғары температурада /2800º С/ болатындықтан, ол сұйық емес, қатты күйде түзіледі. Магнийлі термитті негізінен болат телеграф және телефон сымдарын пісіргенде қолданады. Ол үшін бакелит лагымен араластырылған термит қоспасынан престеу арқылы сым өтетін осьтік каналы бар цилиндр шашкаларын жасайды. Тұтанғыш затпен ттатқанда магний тотығынан балқыған темір мен оның тотықтарымен қаныққан кеуек масса пайда болады. Арнайы пісіретін қысқыштармен сымдардың ұштарын, осьтік күшпен тартып, біріктіреді, демек пісіріледі. Пісіру кезінде сымдарға қапталған қабыршықты алу қиынға түспейді.

1.5.2. Mеталдарды дәнекерлеу

Металдарды дәнекерлегенде дәнекер деп аталатын жеңілбалқып дәнекерлеу жігіне отырғызылатын металды ғана балқытады. Негізгі металдың балқымаған қабаттарының беттеріне балқыған дәнекер атомдарының диффузия арқылы араласуы нәтижесінде бұйымдар бірігеді. Дәнекердің балқу температурасына байланысты дәнекерлеуді жұмсақ және қатты дәнекерлермен дәнекерлеу деп бөледі.

Жұмсақ дәнекерлерге балқу температурасы 400º С тан аспайтын дәнекерлер жатады. Барлық металдарды да біріктіру үшін құрамында 90, 40 және 30% /қалайы қалғаны қорғасын мен қоспалар/ бар ПОС-90, ПОС-40 және ПОС-30 маркалы қалайы- қорғасынды дәнекерлерді қолданады. Олардың балқу температурасы 180-260 º С аралығында. Жұмсақ дәнекерлермен жіктің беріктігі 50-70 МПа.

Қызған негізгі металдың және балқыған дәнекердің тотықпауы және пайда болған тотықтарды еріту мен сұйық дәнекердің ағымдығын өсіру үшін конифоль, хлоры цинк немесе хлорлы цинкпен хлорлы аммонийдің қоспалары сияқты флюсті пайдаланады. Жұмсақ дәнекерлер шыбық, сым, ұнтақ етіп жасалады.

Бұйымды қыздыру мен дәнекерді балқыту дәнекерлеу аспабымен жүргізіледі. Оның жұмысы атқаратын бөлігі мыстан сына тәрізді етіп жасалады, тұтқасы бар. Дәнекерлеу аспабын көрікте, дәнекерлеу лампасымен немесе газ шілтерлерімен қыздырады. Электр тогімен қыздырылатын дәнекерлеу аспабы көбірек қолданылады. Сапалы қосынды жасау бұйым беттерін механикалық немесе химиялық тәсілдермен жақсылап тазартып, саңлау мөлшері 0.1 мм-ден аспауы керек.

Қатты дәнекерлеудің балқу температурасы 500-1083 ºС аралығында болады. Олардың қатарына таза мыс пен мыстың мырыш және күміспен қорытпалары жатады. Көбірек қолданылатын ПМЦ-42, ПМЦ-47 және ПМЦ-52 маркалы мыс-мырыш дәнекерлері. Олардың құрамында 42, 47 және 52% мыс болып келеді, балқу температуралары 840, 860 және 885 ºС сәйкесті.

Жоғары жауапкершілікті бұйымдарды дәнекерлеу үшін құрамында 10-70% /күміс/ қалғаны -мыс пен мырыш/ бар ПСр-25, ПСр-45 маркалы мыс-күміс дәнекерлерін қолданады. Олардың балқу температуралары 780-830ºС. Қатты дәнекерлермен дәнекерленгенде қосындылардың беріктік шегі 400-500 МПа жетеді. Флюс ретінде бура, Na2B4O7 бор қышқылы H2BO3 немесе олардың қосындысы, хлорлы мырыш ZnCl2қолданылады. Дәнекерленетін бұйымдарды пісіру шілтелерімен, қыздыру пештерінде, жоғарғы жилікті электрлік қондырғыларда қыздырады. Қосылатын бұйымдардың аралық саңлауы 0,05-0,08 мм-ден аспауы қажет.

Барлық көміртекті және легірленген болаттар оның ішінде тотбаспайтын және аспап болаттар, қатты қорытпалар, сүр және қақтауға төзімді шойындар, түсті металдар мен олардың қорытпаларының көпшілігі жақсы дәнекерленеді.



19

1. 6. Пісірудің арнайы тәсілдері

Пісірудің арнайы тәсілдеріне: индукциялық, диффузиялық, ултрадыбыспен, электронды сәулемен, сұйық күйде қысым арқылы, үйкеліспен, лазер сәулесімен, плазмалы электр доғасымен, қопарылыспен, теримтпен пісірулер жатады. Бұл пісіру тәсілдерінің өзгешеліктері, артықшылықтары, кемшіліктерімен қатар қолданылу салалары қарастырылады.

Индукциялық пісіруді индукциялық орташа /2-10 кГц/ немесе жоғары /70-500 кГц/ жиіліктегі тоқтарымен қосылатын металдарды пластикалық немесе балқу күйіне дейін қыздырып, жанасқаннан соң қысу арқылы жүргізеді. Бұл тәсілді жапсарлы құбырларды бойлық немесе тігісті етіп пісіруде және кесу аспаптарының қатты қорытпаларын пісіріп бекітуде /орналастыруда/ қолданады.

Жиілігі жоғары индукциялы тоқтармен диаметрі бірнеше миллиметрден 1600 мм-ге дейін, қабырғаларының қалыңдығы 0,1-16 мм-ге дейінгі құбырларды пісіруге болады. Бұл тәсілдің артықшылығы ретінде ыстық созылған қағынан тазартылмаған, ұластырып пісіру тәсілімен өңдеуге болмайтын құбырларды пісіру мүмкіншілігінде.

Вакуумда диффузиялық пісіру әдісінде бір-бірімен жанасқан детальдарды вакуум камерасында қыздырып өңдейді. Вакуумдағы ұласатын қатты материалдардың үстінгі қабатындағы атомдары диффузия әсерімен өзара араласып пісірілген қосынды түзеді. Пісіруде шамалы қысым қолданады. Лиффузиялық пісіру оқшаугаз қорғауымен де пісіріледі. Пісірілетін бұйымдар жиілігі жоғары индукциялық токтармен, электронды сәулелермен басқа да әдістермен қыздырылады.

Диффуэиялық пісірумен біртектес және әртектес мталдармен олардың қорытпаларын және металды - керамика заттарды металмен жалғастырады. Негізгі артықшылығы пісіру аумағында физика- механикалық қасиеттерді өзгермей пісіру қосындыларын алу мүмкіндігі. Пісіру үшін дәнекер, электрод, флюс сияқты қосымша материалдар жоқ.

Диффузиялық пісіруді космос техникасында, радиоэлектроника, ұшақ және аспап жасау өндірісінде, тамақ өнеркәсібінде тағы басқа салаларда қолданады.

Ультрадыбыспен пісіру. Пісірудің бұл түрінде ультрадыбысты механикалық толқынды және шамалы қысу күштерін пайдаланады. Толқындарды кейбір металдардың және олардың қорытпаларының ультрадыбысты жиілігі /15-100 кГц/ электромагнитті толқындарын жиілігі сондай мезаникалық толқындарға өзгерту арқылы алынады.

Никельдің темірмен /пермал/ кобальттың темірмен /пермендюр/ және т.б. қорытпалар магнитострикциялы нәтиже береді. Магнитострикциялы нәтиже деп кейбір материалдардың айнымалы магнит өрісі әрекет нәтижесінде ұлғаю қабілетін айтады. Жоғары жиілікті механикалық толқындар мен статикалық сығу күші металл бетіндегі тотықты бүлдіріп, күшті пластикалық деформация пайда болады. Сонымен пісірілетін металл беттеріне ультрадыбыс толқындары бағытталып, беттері пластикалық күйге дейін қызғанда қысым түсіріліп, пісірілу беттерінің арасында берік қосынды пайда болады. Пісірілетін металдың тегіне және пісіру режиміне байланысты қыздыру температурасы 200-1200ºС аралығында болады.

Ультрадыбысты пісіру қондырғыларында қалыңдығы 0,001-1 мм аралығындағы біртекті және әртекті металдар мен олардың қорытпаларын нүктелі және тегісті етіп айқастырып пісіруге болады. Осындай қондырғыларда жұқа қаңылтырлармен фольгаларды қалыңдығы әр түрлі дайындамаларға жабыстыруға болады. Бұл әдіспен мыс, алюминий және олардың қорытпалары, титан, цирконий, тантал, никель және басқа көптеген созылғыштығы жоғары металдар жақсы пісірілсе, аз көміртекті, ыстыққа төзімді және аспап болаттары мен магний қорытпаларының пісірілу қабілеті төмен.



20

Ультрадыбыспен тек мталдар ғана емес, түрлі металл емес материалдар да, мысалы хлорвинил, полиэтилен, капрон, нейлон, органикалық шыны және т.б. пісіру жақсы нәтиже береді.


17-сурет. Ультрадыбыспен нүктелік пісіру қондырғысының нобайы.

Ультрабыбыспен нүктелік пісіруде қолданылатын қондырғы нобайы /17-суретте/ көрсетілген. Жоғары жиілікті ток көзіне сым орамын 2 жалғағанда, магнитострикционды өзгертіушіде 1 серпімді механикалық толқындар пайда болып, толқын үруші 3-тен төменгі электрод 7 арқылы пісірілетін бұйым 6-ға беріледі. Детальды қысатын күш, жоғарғы электрод 5-ке қысу механизмі 4 арқылы беріледі. Жиілігі жоғары токпен қызатын, сым орамы 2 өзгертуші қорабына ағатын ағын сумен салқындатылады.

Ұласқан пісірудің нүктелік әдісімен салыстырғанда, ультрадыбыспен пісіруде электр қуатының мөлшері 10-15 рет кем жұмсалады.

Электрон сәулесімен пісіруде металл, жоғарғы кернеудегі электр өрістерін үдететін, шоғырланған электрондар сәулелері арқылы қызады. Сол сәулелерді бұйымға бағыттанғанда электрондардың кинетикалық энергиясының 99% жылу энергиясына айналады. Сәуле жеріндегі металдың температурасы 6000º С-қа жетеді.

Саңлаусыз камераларда /18-сурет/ мынадай жоғарғы вакуум 133.10-4 -133.10-6 Па берілуін үзбей отырып немесе оқшау газдар тұрақты орталығын жасап пісіреді. Электрондардың сәулелену көзі болып трансформатордан 3 қоректенетін польфрамды спираль 2 түріндегі қызатын катод саналады. Қызатын катодқа және анодқа, ол пісірілетін бұйым 7 бағытталатын электрондар қозғалысын жылдамдату үшін арнайы трансформаторлардан алатын жоғары кернеулі /100-35 кВт/ ток жіберіледі. Катодты 2400ºС -қа дейін қыздырғанда бетінен электр өрісін күшейтетін қуатты электрон 4 үздіксіз сәулеленеді.


18-сурет. Электрон сәулесімен пісіру набойы

Анодқа қарай ол электромагнитті катушкалы 5 электрон сәулелері шоғырланатын линза арқылы өтіп, 0,1-20 мм² аумақты қамтиды. Бірнеше электромагнитті катушкалардан 6 тұратын ауытқу жүйесі арқылы сәуле дақтарын жылжытып әр жаққа бағыттауға болады. Сәулені пісіру сызығымен бағыттау үшін камераның сыртындағы электржетек 8, камераның ішіндегі пісірілетін бұйымды жылжытып отырады. Пісіру процесін көретін әйнек 9 арқылы бақылайды. Электрон сәулесімен аз және жоғары легірленген болаттарды баяу балқитын /волфрам, молибден, тантал т.б./ әртекті/алюминийді мыспен/ металдар мен қорытпаларды жақсы нәтижелі пісіруге болады. Бір өтіп пісіргенде 0,01-ден 100 мм-ге онан да жоғары қалындықтағы металдар пісіріледі. Пісірілген қосындылардың сапасы өте жоғары, сырты айнадай жарқырап тұрады.

21

Қысыммен салқындай пісіруді бұйымды қыздырмай, тек едәуір үлкен күшпен қысу арқылы жүргізеді. Бұл әдіспен созылғыштығы жоғары қорғасын, алюминий, мыс, күміс сияқты металдарды жалғастырады. Берік қосындылар жасау үшін металдың созылғыштығына қосымша олардың беттері тотықтардан тазартылып, оған үлкен күш түсірілуі қажет. Соның нәтижесінде металдың үстіңгі қабатындағы атомдарының ара қашықтығы кристалл торындағы атомдардың ара қашықтығымен шамалас болып, бөлшектердің бір-біріне атомаралық тұтасу күші пайда болады.


19-сурет. Қысыммен салқындай пісіру а/нүктелік; б/контур бойынша

Қысыммен салқындай пісірудің нобайы /5.19-сурет/ көрсетілген. Пісірілетін детальдар 1 қозғалмайтын 3 және қозғалатын 2 пуансондар аралығына орналасқан. Екі пуансонның да шығыңқы бөлігі металл пісірілгенде белгілі тереңдікке ену үшін және металдың пластикалық ағуын күшейту үшін жасалған.

Қазіргі кезде қысым арқылы салқандай пісірумен кейбір алюминий және мыс сымдарын, шиналарды және басқа детальдарды тоғыстырып және айқастырып пісіру де кеңінен қолданады. Пісірудегі қысым күші мөлшері 150-1000 МПа. Тоғыстырып пісірудің арнаулы қондырғылары ретінде МХСА-50, МСХС-60, МСХС-30 сияқты түрлерін пайдаланады.

Үйкеліспен пісіру. Мұнда пісірілетін детальдардың үйкеленуінен шыққан жылу күшімен қыздырылып пісіріледі. /20-сурет/ Пісірілетін дайындамаларды /20-сурет «а»/ қозғалмайтын 2, айналмалы және үдемелі қозғалатын 3 қысқыштардың аралығына ось бойынша орналастырады. Дайындмаларға Р күш тісіріліп айналады, түйіскен жерлерінде үйкеліс күші пайда болып, 980-1300º С температураға жеткенде дайындамалардың айналуы тоқтатылып, қосымша күш түсіріледі. Кейде үйкеліспен пісіруде дайындамаларды


а б в

20-сурет. Үйкеліспен пісіру нобайлары

Қозғалмайтын қысқыштарға бекітіп /20-сурет «б»/ арасына айналатын элемент қойып немесе айналмалы қозғалысты /20-сурет «в»/ тербелмелі етіп ауыстырады. Үйкеліспен диаметрі 0,75-140 мм дайындамаларды өңдеуге болады. Біртектес және әртектес металдар мен олардың қорытпаларын біруктіруге болады. Мысалы, болат пен мыс, алюминий мен титан т.б. Бұл әдістің негізгі артықшылықтары болып өндіріс өнімділігінің, сапасының жоғарылығы, электр қуатының аз жұмсалатындығы, процестің тазалығы, кең тараған токарь станорында орындауға болатындығы жатады.

Лазер сәулесімен пісіру. Пісірудің бұл әдісінде металды қыздыратын жылу лазер деп аталатын арнайы күн сәулелерін жинақтайтын қондырғыда алынады. Қазіргі кездегі негізгі қолданылатын құрамында алюминий /Al2O3/ тотығы мен шамалы хром /Cl2O3/ тотығынан тұратын жасанды рубинді рубин лазерлары. Ондай лазерлер цилиндирлі рубин өзекшесінен /21-сурет/ ксенді лампадан 2, линза 4 пен суыту жүйесі 3-тен тұрады.

22



21-сурет. Лазер сәулесімен пісіру нобайы

Өзекше жиектерін жылтыратып күміс жалатылады. Сыртқа сәуле шығатын жиегі жартылай мөлдір болады. Конденсатор тогымен қоректенетін кеснді лампа тұтанғанда рубинді кристалдың хром атомдары қозады, бірақ бірнеше миллисекунд өткеннен соң бұрынғы қалпына келіп қызыл түсті фатонды сәуле ретсіз жарқыратады. Атон мөлшері білгілі дәрежеге жеткенде, қызыл түсті сәулелері өзекшенің мөлдір жиегі жағынан үздіксіз сыртқа шығады. Сәуле шоғыры 5 линзадан 4 өтіп бұйымға түседі. Лазер сәулесінің тұру мерзімі секундтың мыңдаған және миллиондаған бөлігіне тең болады.

Электрон сәулелерімен салыстырғанда лазер сәулелері жарық түсетін түрлі орталарда, мысалы вакуумда, ауада, оқшау газдар аралығында өңдей алады.

Лазер сәулелерімен микроэлектроникада қолданылатын әртірлі, әртекті материалдарды пісіруге болады. Мысалы: алтын-кремний германий-алтын, никель-тентал, мыс-алюминий т.б. Бұл әдіспен диаметрі өте кішкентай тесіктерді өңдеуге жоғары материалдарды берілген контурмен кесуге, бірнеше микрометрлік тар қуыстар мен саңлауларды кесуге болады.

Қолданылу салаларының кеңдігіне қарамастан, пісірудің бұл әдісінің басты кемшілігі ретінде оның пайдалы әсер коэффициентінің h төмен екендігін /І-2----/ атап өткен жөн.

Плазмалы электр доғасымен пісіруде шамалы немесе толық ионданған газдардың плазма ағысы қолданылады. Плазманың температурасы 10³-20³ºС-қа жетеді. Сығылған доға діңгегі арқылы газ өткізіп, плазма шілтелерінде плазма алынады. Шілтенің газ үрілетін тар каналында электр доғасы жанады. Сол кезде доға қосылып /сығылып/ оның тығыздығы мен температурасы артады. Ток мөлшері көбейгенде доға діңгегінен өтетін газ қызып, ионданып жоғары температуралы плазма сыртқа қарай бағытталады. Плазмаға айналатын газдар ретінде азот, аргон, сутегі, гелий, ауа және олардың қоспалары қолданылады.

Плазмалық доғаның тура және жанама әсер ететін түрлері болады. Тура әсер ететін доға вольфрам /катод/ мен бұйым/анод/ аралығында жанып 20000-30000ºС температурадай жылу береді.
Жанама әсер етуші доға вольфрам электроды /катод/ мен шілтенің мыс каналы аралығында /анод/ жанады.

Плазмалық доғамен көміртекті және тот баспайтын болттарды баяу балқитын және түсті металдарды пісіреді.

Плазмалық доғаның вольфрамды электродпен аргондоғалық пісірумен салыстырғанда біраз артықшылықтары бар.

Біріншіден ол жылулықтың топталған көзі болып, балқыту қабілеті жоғары болады. Плазмалық доғамен жиектерін өңдемей-ақ қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі металдарды, қосымша материал қолданбай пісіруге болады.

Екіншіден плазма доғасының жану тұрақтылығы жоғары болғандықтан пісіру жіктерінің сапасы жоғары болады. Қалыңдығы 0,025-0,8 мм аралығындағы металдарды 0,5-10 А ток күшімен микроплазмалық пісіру мүмкіндігі болады. Үшіншіден ток мөлшері мен газ шығынының арттыру арқылы бойлай енетін деп аталатын плазмалық доға алуға болады. Ондай доғалармен металды кесуге болады. Плазмалық пісірудің кемшілігі-каналдары мен электродтардың істен жиі шығуына байланысты, оның шілтелерінің жұмыс атқару уақыты да қысқарақ болады.

23

Қопарылыспен пісіру. Пісірудің бұл әдісінде қосымша материал мен электрод қажет болмайды. Пісірілетін /22-сурет/ табақ темір 3, онымен пісірілетін 4 4 табақ темірге 2-3 мм қашықтықта а бұрылымен орналасады. Табақ темір 3-тің үстіне жарылатын дәрі 2 /бытыра, гексоган/ қойылады, ол тұтанғыш І арқылы жанады.


22- сурет. Қопарылыспен пісіру нобайы.

Дәрі тұтанып жанғанда табақ темір 3-тің бетіне күшті толқын күші пайда болып қатты қысады /10 ат. мөлшерінде/ Беттескен жазықтықтар аралығында пластикалық деформация пайда болып, металл балқып пісіріледі.

Қопарылыспен біртекектес /күміс, алюминий, титан, мыс, болат т.б./ және әртектес/титан мен болат, титан мен мыс, алюминий мен титан т.б./ металдар біріктіріледі. Қопарылыспен пісіру өте тез өтеді. /бірнеше микросекундтер/ Уақыттың тарлығына диффузиялық процестер болмайды, әртекті металдарды біріктіргенде металл аралығында химиялық қосындылар түзілмейді.

1.7-тарау. Металдарды пісіру

1.7.І. Болаттарды пісіру

Құрамында 0,25 %-ке дейіе көміртегі бар болаттарды аз көміртекті болаттар деп атайды. Олар пісірудің барлық тәсілімен жақсы өңделеді. Құрамында 0,25....0,45 % көміртегі бар болаттарды орташа көміртекті дейді. Көбіне оларды пісіруден бұрын қыздырып, кейде термиялық өңдеуден /нормалау мен жасыту/ өткізеді.

Жоғары көміртекті болаттар қатарына құрамында 0,46-0,75 % көміртегі бар түрлері жатады. Олардың пісірулуі қиын болғандықтан, бұлардан пісірілген конструкциялар жасалмайды.

Легірлеуші элементтердің мөлшері 2,5 %-ке дейін болаттар аз легірленген деп аталып, пісірудің барлық тәсілдерімен өңделінеді. Құрамында көміртегі мол болаттар сияқты оларда шынықтырғанда сызаттанғыш келеді. Сондықтан қалыңдығы 10 мм-ден жоғары аз легірленген болаттарды 150-350ºС-қа дейін қыздырып, пісрген соң термиялық өңдеуден /нормалдау немесе жоғары температурада жасыту/ өткізеді.

Жоғары легірленген болаттардың құрамында 8-10%-тен артық легірлеуші элементтер болады. Болаттардың бұл тобынан, негізгі легірлеуші элементтері хром мен никелден тұратын тотбаспайтын, ыстыққа төзімді және ыстыққа берік түрлері кеңінен қолданылады.

Мемлекеттік стандарт 5632-72-ге сәйкес жоғары хромды болаттардың құрамында 8-30%, 0,07-0,45% көміртегі және аздаған басқа элементтер болады. Ондай болаттарды пісіргенде сызаттанбауы үшін алдын-ала 150-400 ºС шамасында қыздырып, соңынан 680-780 ºС температурада жұмсартады. Қосымша материал ретінде құрамында 25%-ке дейін хром мен 18%-ке дейін никелі бар хромникельді сым қолданылады.

Хромникельді болаттардың құрамында 10-27% хром, 8-29% никель, 0,03-0,6% көміртегі және басқа элементтер болады. Хромды болаттарға қарағанда олар пісірудің барлық түрімен де жақсы өңделеді. Бірақ хромникельді болаттарды пісіргенде 500-800ºС аумағында кристалл түйіршіктері аралығында хром карбиды бөлініп, пісірілген конструкциялары тот басады.

24

Оны болдырмау үшін хромникельді болаттарды шамалы ғана қыздырып пісіріп үлкен жылдамдықпен суытады.

Детальдың бастапқы құрылымын қалпына келтіру үшін пісірген соң 1050-1100ºС температурада суға салып жылдам салқындату арқылы шынықтыру қажет.

1.7.2. Шойынды пісіру

Беріктігі жоғары шойындардан құймалы-пісірілген конструкциялардың, станоктар мен престердің станиналарының және двигатель цилиндрі, блоктары сияқты жауапты детальдарының құйылу процесінде пайда болған сызат, жарықтарды жою мақсатында, шойынды арнайы электродпен пісіріп өңдейді.

Іс жүзінде шойынды пісіруді үш топқа бөлуге болады; қыздырып жартылай қыздырып және суықтай пісіру.

Ыссы пісіруде алдын-ала бұйымды түгел 400-600 С температурада көрікте, пештерде ағаш көмірі мен кокс жағып қыздырып, осы жағдайда пісіреді. Ацетиленоттегілі жалынмен қыздыруда кен, тараған. Қосымша материал ретінде қолданылатын шойын шыбықшаларының диметрі 5-15 мм, құрамында 3-3,5% көміртегі және 3-4,6%кремний болады. Ыссы пісіру-қымбат және көп еңбек етуді талап етеді. Оны көміртектенетін газ жалынымен бура / Na2B4O7/ негізіндегі флюспен жүргізеді.

Ауыр қалың қабырғалы шойын құймаларының ақауларын жоюды, әсіресе көп мөлшерлі металл мен толтыратын жағдайларда, қолмен немесе жартылай автоматты доғалық және электршлакты пісірулерді қолданады. Шойынды ыссы пісіру сапалы пісірілген ағармаған, жарықсыз қосындылар жасауға мүмкіндік береді.

Жартылай қыздырып пісіруде детальдың тек пісірілетін жерлерін ғана 250-450 ºС-қа дейін қыздырады. Бұл тәсілді қалың емес /жұқа/ және металмен толтыру көлемі шамалы детальдарды өңдегенде қолданады. Ацетиленоттегілі жалынмен, кейде электрдоғалық тәсілмен көмір электродтарымен пісіреді. Ыссы тәсілдегі пісірудегідей пісірілген детальдардың баяу сууы үшін құрғақ құммен не күлмен көміп қояды.

Суық пісіруді бұйымды алдын-ала қыздырмай жүргізеді. Ол үшін доғалық пісіру темір, түсті металл /мыс, мыстемір, мысникель/, ұнтақталған сым электродтарын пайдаланады.

Механикалық өңдеуге қолайлы металл жігі жұмсақ болуы үшін монельметалл /70% никель, 30% мыс/ деп аталатын электродтармен пісіреді. Пісіруден кейін механикалық өңдеу қажет болса, күрделі жоғары төзімді шойын құймаларын мыс, мыс-темір және темір-никель электродтарымен пісіреді.

1.7.3. Түсті металдарды пісіру

Болатпен салыстырғанда мыстың жылу өткізгіштігі 6 есе жоғары. Мыс тотығындағы /Cu2O/ оттегі, пісіру жіктерінде ыссы сызықтардың пайда болуына себепші болады.

Балқыған мыстағы сутегінің ерігіштігі жоғары болып, кристалдану көзінде кілт төмендейді. Пісіру ваннасының қатаю кезінде сутегінің бөлінуі газ кеуектерінің пайда болуына әкеп соғады. Қатайған металда сутегінің еріген күйіндегі қалдығы, мыстың қос тотығымен әрекеттесіп су булары қалыптасады /H2O/ Бу мыста ерімей жоғарғы қысыммен микроқуыстарда, кристалдар жігінде топтасып сызат тудырады, бұл құбылысты сутегі морттығы деп атайды. Сутегі морттығы суу процесінде қатқан металда сызаттар пайда болып, құйманың бүліңуіне әкеп соғады.

Мысты доғалы пісіруде кездесетін осындай ақауларды болдырмау үшін, пісіруді қорғаушы газдарды /аргон, гелий, азот және олардың қоспалары/ қолданып, орындаған жөн. Осы бағытта сыртқы сыланған арнайы электродтарды пайдаланады.

Мыс жылуды өте жақсы өткізетіндіктен, қалыңдығы 4 мм-ден жоғары дайындамаларды 300 ºС-қа дейін алдын -ала қыздырып пісіреді. Дара өндірісте және жөңдеу жұмыстарында газдың күшті жалынымен пісіреді. Қалыңдығы 50 мм-ден жоғары мыстарды электрошлакты пісірумен орындайды.

25

Жезді пісірудегі қиындық оның құрамындағы мырыштың қарқынды тотығуында, соның нәтижесінде пісіру жіктерінің беріктігі төмендеп, тот басқыш келеді. Мырыш тотығы улы зат, сондықтан пісіру орнында күшті сорғыш болуы немесе жұмыскер арнаулы маска киюі қажет. Қорғаушы газдармен пісіргенде көбіне балқымайтын польфрамды электродтарды қолданады, өйткені мырыштын жануы бәсендейді. Қондырғы металл ретінде құрамында 0,5%-ке дейін кремний бар жез сым қолданылады.

Қоланың қалайылы қолдан басқа түрлерін пісіру тәсілдері мен технологиясы мыс пісіру технологиясына сәйкес. Оларды көбінесе қыздырмай үлкен жылдамдықпен пісіреді, өйткені құрамындағы жеңіл балқығыш қалайы еріп кетеді. Қоланы 500 ºС-тан жоғары қыздырғанда оның тұтқырлығы төмендеп, морт күйге айналады. Пісіру жіктері сызатталмау үшін, алдын-ала 300-450ºС температура аралығында қыздыру қажет. Қосымша металл ретінде негізгі металмен құрамдас шыбықтар ал флюс қатарында калий мен натрийдің хлорлы және фторлы қосындылары қолданылады.

Алюминий мен оның қорытпаларын пісірудің ерекшелігі, оның балқу температурасының /658ºС/ төмендеу екендігінде. Ол пісірілгенде берік және баяу балқитын /2050ºС/ алюминий тотығының Al2O3 жұқа қабатын түзіп, газ кеуектері мен ыссы сызаттар пайда болуына себепкер келеді.

Тотық қабыршықтары балқыған металды қоршап, олардың өзара және негізгі металмен бірігуін нашарлатады. Сол қабыршықтарды болдырмай, металды пісіргенде тотық түзелмеуі үшін, арнайы флюстерді пайдаланып немесе оқшау газдар аралығында пісіру қажет. Флюстер хлорлы және фторлы тұздардың /NaCl, KCl, BaCl,CaF2/ қоспаларынан тұрады.

Қосымша металл ретінде, пісірудің барлық түрінде де, негізгі металмен тектес шыбық немесе сымдар қолданылады. Соңғы жылдары флюс қабатының астында және аргон аралығында металл электродтарымен автоматты доғалы пісіру жиі қолданылуда.

Алюминий және оның қорытпаларын плазмалық және электршлакты әдістермен пісіреді, олар пісірудің ұласқан әдістерімен де жақсы өңделеді. Алюминийдің жылу мен электрді өткізгіштігі жоғарылығын ескеріп оны пісргенде үлкен ток көзін пайдаланады.

1.8-тарау. Металды кесу

1.8.1. Газ оттегілі қосу

Газ оттегілі кесу металды газ оттегілі жалынмен тұтану температурасына дейін қыздырғанша оның таза оттегінде жану қабілетіне негізделген.

Оттегімен кесілетін мателдарға мынадай талаптар қойылады:

І. Металдың тұтану температурасы оның балқу температурасынан төмен болуы.

2. Металл тотығының балқу температурасы металдың балқу температурасынан төмен болуы.

3. Металл жанғанда бөлінген жылу оның төменгі қабаттарын тұтануға жеткілікті температураға дейін қыздыруы.

4. Металдың жылыулықты тым жоғары өткізгіш болмауы.

5. Металды кескендегі түзілетін тотықтарының сұйық аққыштығы жақсы және кесу арқасынан жеңіл үрілуі керек.

Бұл талаптарға құрамында көміртегі 0,7 %-ке дейін көміртекті және аз легірленген болаттар сәйкес келеді.

Жоғарғы көміртекті, жоғары легірленген болаттар, шойындар, түсті металлдар мен олардың қорытпалары жоғарыдағы талаптарға сәйкес болғандықтан оттегімен кесілмейді. Сондықтан кесу аумағына оттегімен қоса ұнтақ флюс берілетін оттегілі-флюсті ксуді қолданады. Ол үшін қосымша жылу шығарып, баяу балқитын тотықтарды, сұйылтатын темір ұнтағын пайдаланады.

Қарапайым газ оттегілі кесуді қолмен, жартылай автоматты және автоматты тәсілдермен орындайды.

Мына 23-суретте кескіштің нобайы көрсетілген. Кескіштің тұтқасы 7 мен қорабы 8 бар, сол қорабқа жамылғы гайка ІІ арқылы инжектор 10 кигізілген араластырушы үнгір 12 жалғанады. Шлангалы кжппель 5 арқылы келетін оттегі әрі қарай екі бағытпен жүреді. Қздыру жалынының оттегісі вентиль 4 пен реттеліп инжектордың орталық каналына барады.

26

Араластырушы үнгірге жеткен оттегі ағысы ниппель 6 мен нентиль 9 арқылы ацетилен сорылатын каналдарға ыдырайды. Жанар қосылым құбыр 13 арқылы кескіш бүркеншігіне жетіп, сыртқы 15 және ішкі 14 мундштуктер аралығындағы санлаудан шығып жалындатып жана бастайды.



23 -cурет. Ацетилен-оттегілі кескіштің нобайы

Оттегінің бір бөлігі вентиль 3 арқылы құбырдан 2 өтіп, бүркеншікке І барады да, ішкі мундштуктің 14 орталық каналынан өтіп, кескіш оттегі ағысы пайда болады.

Газ оттегілі кесу былайша жүргізіледі. Кесіліетін металл қыздыру жалынымен тұтану температурасына дейін қызғанда /металдың қалыңдығына байланысты оған 5-40 с уақыт кетеді/ оттегі беріліп металл жанады. Жану кезінде пайда болған едәуір жылу металдың төменгі қабаттарын тұтану температурасына дейін қыздырады. Пайда болған сұйық тотықтар кесілу арнасынан кесу оттегісімен үрленіп тазартылады.

Қол кескіштермен қалыңдығы 6-300 мм болаттарды 550-800 мм/мин жылдамдықпен кесуге болса, арнайы кескіштермен қалыңдығы 3 м және онан да қалың болаттарды кесуге болады.

Газ оттегілі кескенде ацетиленнен басқа газдарды да пайдалануға болады, мысалы табиғи және мұнай газдарды, сутегі, керосир және бензин буы.

1.8.2. Доғамен кесу

Доғамен кесудің бірнеше түрлері бар.

І. Көмір және металл электродтарымен кескенде металдың балқу жылдамдығы мен тереңдігі негізінен ток күшіне байланысты болады. Сондықтан доғамен кесу үшін үлкен ток күштерін пайдаланады: 300-600 А металл электродымен және 400-1500 а-көмір электродтарымен кескенде екі тәсілі де шойын бұйымдарын және жоғары легірленген болаттарды кесу үшін қолданады.

2. Ауа-доғалы кесуде көбінесе графитті электродтармен қоса /қысымы 0,4 МПа шамасында/ қысылған ауа беріледі. Кері қарама қарсылық күші 150-400 А тұрақты токпен кеседі. Қалыңдығы 20 мм-ге дейін тот баспайтын болаттары кесу үшін қолданады.

3. Оттегі-доғалы кесу әдісінде металл электроды мен бұйым аралығында жанатын доға жылуымен тұтану температурасына дейін қыздырылады. Металдың жануы мен кесу беттеріндегі тотықты тазарту оттегі қарқынымен жасалады. Бұл әдісті негізінен құрастыру жұмыстарында қолданады.

4. Қалың қабатты алюминий /100-120 мм/ және оның қорытпаларын кесу үшін тікелей әрекетті плазма доғаларын пайдаланады. Жанама әрекетті плазмалық доғаларды жұқа болат табақ темірлерін, алюминий мен мыс қорытпаларын, кейбір металл емес материалдарды /керамика және т.б./ кесу үшін қолданады.

Плазма түзетін газ ретінде аргон, оның сутегімен қоспасы, тазартылған азот және сығылған ауа қолданылады.

Металды цирконий электродымен ауа-плазмалы кескенде оның сапасы жоғары болып, газ-оттегілі кесумен салыстырғанда жылдамдығы 2-5 есе жоғары болады.

27

1. 9-тарау. Пісірудің сапасын анықтау

1.9.І. Пісірілген қосылыстардың ақаулары және пайда болу себептері

Пісірілген қосылыстардың сыртқа және ішкі ақаулары болады. Доғалы және газбен пісіргенде сыртқы ақаулар қатарына мыналар жатады; жік ұзындығы бойынша көлденең қимасының бірыңғай болмауы; сыртқы сызаттар; ашық қуыстар; негізгі металдың сызаттануы және т.б. Ішкі ақаулар-жиектерінің түгел піспеуі: ішкі қуыстар мен сызаттар; бөгде қоқс шоғырлануы.

Нүктелік және жіктік пісірулерде металдың езілуі, пісірілген жерлерінің босауы, күйуі, жарықтар мен қуыстардың пайда болуы сияқты ақаулар кездеседі.

Ақаулардың болу себептері де саналуан. Доғалы және газбен пісіргенде пісіру режимдерінің сақталмауынан тік қималары бойынша біріңғай болмайды.

Пісірілген жіктерде қуыстар пайда болуының негізгі себебі оны ылғал электродтармен пісіргенде сутегімен, азотпен қанығуынан болады.

Сызаттану мен піспей қалуы қауіпті ақаулар болып саналады. Сызаттар көміртегі мен легірлеуші элементтері көбірек болаттарды пісіргенде, пісіру жігі металдың құрамында күкірт пен фосфор көбірек болғанда пайда болады.

Ток мөлшері азырақ немесе шілте қуаты нашар болса және пісірер алдында жиектері нашар тазартылса, бұйым жігінің кейбір жерлері пісірілмей қалады. Ақаудың бұл түрі пісіру технологиясы бұзылса немесе пісірушінің шеберлігі мен сауаты төмендеу болған жағдайларда да кездеседі.

1.9.2. Пісірілген қосылыстардың сапасын анықтау тәсілдері

Пісірілген бұйымдардың сапасын анықтаудың негізгі түрлеріне мынадай тәсілдері жатады; пісірілген жіктердің тығыздығын анықтау жік металы мен пісірілген қосылысты механикалық сынау, жіктерді металографиялық зерттеу мен рентген, гамма сәулелерімен, ультрадыбысты және магнитті бақылау тәсілдері. Жіктердің тығыздығын сынау негізінен сұйық немесе газ тектес заттарды сақтау мен ыдыстарын пісіргенде анықталады. Ондай ыдыстарды, жұмыс жағдайына баланысты, гидраликалық немесе пневматикалық сынаулардан өткізеді.

Пісірілген қосындылардың механикалық қасиеттерін анықтау үшін ол механикалық сыналады. Пісірілген металдың дөңгелек /24-сурет «а»/ стандартты үлгілерін арнаулы машиналардың жәрдемімен сынау арқылы механикалық қасиеттерін анықтайды. Пісірілген қосындының бөріктік шегін жайпақ үлгілерді /24-сурет «б»/ созу арқылы сынайды.

Жік металының тұтқырылған анықтау үлгісін статикалық күш түсіріп /24-сурет «в»/ сынбайды.




24-сурет. Механикалық сынау үлгілерінің түрлері

28

Пісірілген металдың соққы тұтқырлығын анықтау үшін ойықты арнайы үлгіні /24-сурет «г»/ маятникті тоқпақпен соққы күшін түсіріп сынайды.

Пісіру жіктері макро және микроанализ жасау арқылы металлографиялық зерттеледі. Соның нәтижесінде қуыстар, жарықтар, шлак қосындылары, пісірілмеуі және т.б. ақаулары анықталады.

Осы ақауларды рентген сәулелерін түсіру арқылы да анықтауға болады. Пісірілген жікке І /25-сурет «а»/ түтікше 3 арқылы рентген сәулелері 2 бағытталғанда, ол ақаулы жерлерінен өтіп рентген пленкасымен 4 түсіріледі. Сол пленканы қарап ақау түрлерін анықтауға болады. Рентген сәулелерін түсіру күрделі қымбат қондырғыны қажет етеді. Сондықтан әр түрлі радиоактивті элементтерден: радийден, кобольт изотопынан шығатын гамма сәулелерін түсіру арқылы ақауларды анықтайды.

Радиоактивті элементті 5 /25-сурет «б»/ жұмыскерді гамма сәулелерінен қорғайтын қорғасынмен қапталған құтыдағы арнайы ампулаға салады. Пісіру жігіне І гамма -сәулелерін 2 бағыттау арқылы рентген пленкасына 4 түсіріледі.




25-сурет. Пісірілген жіктерге рентген және гамма сәулелерін түсіру нобайлары.

Ультрадыбысты бақылау тәсілін қалыңдығы 5-3600 мм металдарға ақауды анықтау үшін қолданады. Ультрадыбысты толқындар металдың терең қабатына өтіп дефектоскоп экранына ақауларды түсіреді.

Магнитті дефектоскопия әдісі сыналатын металды магнитпен тоғыстырғанда тігісінің ақау жерлерінде пайда болатын /26-сурет «б»/ магниттің таралу принциптеріне негізделген. Егер ақау болмаса магнитті қозғалыс өз бағытын өзгертпейді /26-сурет «а»/ Сәуленің өзгеру шамасы мен формасына қарай экраннан ақауды сипаттауға болады.


26-сурет. Жіктегі магнит тасқындарының таралуы

Магнитті тәсілмен пісірілген жіктердің жарығы, пісірілмеген жерлерін және т.б. ақауларын анықтайды.



29


Тест

1. Пісірілетін жалын металға тисе:

A) Мундштуктан газдың шығу жылдамдығы төмендейді

B) Металл ваннадан үрленіп шығады

C) Жік кѳміртектенеді

D) Мегалдың тотығуы артады

E) Мундштуктан газдың шығу жылдамдығы артады

2. Пісірудің сол жақ әдісінде қоспалы сым диаметрін (d) кѳрсетіңіз:

A) d = S + 2 мм

B) d = S + 1 мм

C) d = S /3 + 1мм

D) d = S/2 + 2 мм

E) d = S/2 + 1 мм

3. Шойынды ыстықтай пісіру кезінде сапалы жіктер алынады:

A) Сығылған ауамен салқындатып

B) Цементпен кѳміп

C) Шүберекпен жауып

D) Пісіріп болганнан кейін пеште баяу және біркелкі салқындатып

E) Пісіргеннен кейін жылдам салкындатып

4. Газ-жалынмен пісіру тәртібінің параметрлерін табыңыз:

A) Жалын куаты мен оның құрамы

B) Мундштук номері мен қоспалы сымның диаметрі

C) Жалын құрамы

D) Редуктор куаты

E) Сым шығыны

5. Құрамындағы көміртек мѳлшеріне байланысты болаттың оттекті кесу процесі:

A) Мүмкін емес

B) Шамалы жақсарады

C) Ѳзгермейді

D) Жақсарады

E) Нашарлайды

6. Болат жақсы кесіледі, егер кѳміртек эквиваленті.....болса.

A) БЭ = 0,8

B) БЭ < 0,6

C) БЭ = 0,8 - 1,1

D) БЭ > 1,1

E) БЭ = 0,6 - 0,8

7. Оттекті кесу кезінде кесу ағынындағы оттектің шамадан тыс мѳлшері:

A) Металды толық жандырмайды

B) Металлы суытады

C) Оксидтерді толық жоймайды

D) Оксидтерді шамадан тыс жояды

E) Темірді шамадан тыс жандырады

8 Қызмет принципі бойынша кескіш түрлерін атаңыз:

A) Бірдей кысымды инжекторлы және инжекторсыз

B) Қолмен. машинамен және арнайы кесетін

C) Бѳлетін және беттік кесетін

D) Әмбебап және арнайы

E) Қолмен және машинамен кесетін

30

9. Кескіштің инжекторлык кұрылымының кызметін атаңыз:

A) Ацетиленмен оттек шығынын үнемдеу

B) Мундштуктарды ауыстыру жылдамдығы

C) Кері жалыннан ксскішті қорғау

D) Жалынды қосымша қыздыру

E) Қысым аркылы түсетін ацетиленді сору

10. Қыздыру жалынының қуаты байланысты:

A) Кескішіің жылдамдыгына

B) Кесілетін металдын қалындығына

C) Кесетін соплоның көлеміне

D) Оттектін тазалығына

E) Кесілетін металдың қасиетіне

11. Кесетін оттектің қысымы байланысты:

A) Кескіштін жылдамдығына

B) Кескіштін кеңістікте орналасуына

C) Метал қалындығына, кесетін сопло пішініне, оттек тазалығына

D) Кесетін сопло көлеміне

E) Кесілетін металл қасиетіне

12. Оттек тазалығынын 1%уі кесу жылдамдығын:

A) Кемітпейді

B) 10 %-ға кемітеді

C) 5 %-ға кемітеді

D) Ѳзгертпейді

E) 20 %-ға кемітеді

13. Машинамен кесу кезінде қолмен кесумен салыстырғанда:

A) Жиектері таза, кесу ені кішкентай

B) Жиектері таза, кесу ені бірдей

C) Жиектер тазалығы төмен, кесу ені де темен

D) Жиектері таза, кесу ені үлкен

E) Жиектер тазалығы төмен, кесу ені үлкен

14. Кесу жылдамдығы көбейген сайын жиектер кызуы:

A) Едәуір кемиді

B) Едәуір артады

C) Ѳзгермейді

D) Артады

E) Кемиді

15. Табақтар жиектерінің V-тәрізді ѳрнектеуін жүргізеді:

A) Екі кескішпен

B) Бес кескішпен

C) Бір кескішпен

D) Үш кескішпен

E) Төрт кескішпен

16. Бет сапасы мен кесу дәлдігі... әсер етпейді:

A) Дайындыққа

B) Құйма сынықтарына

C) Алғашқы дайындыққа

D) Дайындамаларға

E) Құйма сынықтарын кесуге


17. Металлы рафинирлеу дегеніміз:

A) Металды зиянды коспалар мен газдардан тазарту

B) Механикалық реакциялар

C) Металдын жылулық кеңеюі

D) Жікте жүріп жатқан механикалык реакциялар

E) Жікте жүріп жаткан физикалық реакциялар

18. Болаттың пісірілуіне әсер етегін элементті атаңыз:

A) Марганец

B) Азот

C) Никель

D) Хром

E) Кѳміртек

19. Қатқаннан кейінгі темірдің кристалл торының пішіндер санын табыныз:

A) Екі

B) Үш

C) Бірнеше

D) Төрт

E) Бір

20.Ѳз мұктаждығы үшін адам алғаш рет кай металды пайдалана бастады?

A) Жезді

B) Титанды

C) Алюминийді

D) Никельді

E) Мысты

21. Кескіштен ацетилен ѳндіргішіне дейінгі арақашықтық болуға тиіс:

A) 1 м кем емес

B) 2 м кем емес

C) 3 м кем емес

D) 10 м кем емес

E) 5 м кем емес

22. Қызметіне байланысты түтіктердің сырткы кабатының түсі... болуға тиісті.

A) Ацетилен, кала газы, пропан, бутан - кызыл: сүйық отын -сары; оттек -көк

B) Ацетилен, кала газы.пропан, бутан-кызыл; сұйык отын -көк; оттек-сары

C) Ацетилен, кала газы, пропан, бутан -сары; сүйык отын -кызыл: оттек-көк

D) Ацетилен, кала газы, пропан, бутан-көк, сүйық отын- сары оттек-кызыл

E) Ацетилен,кала газы, пропан, бутан-кѳк:сұйык отын-кызыл; оттек-сары

23. Бір-бірімен жалғастырылатын түтіктердің үзындығы 3м кем болмауы керек, сесебі ....

A) Қатты игенде түтіктер жыртылады және қысым жоғалады

B) Қатты игенде түтіктер жарылып кетеді

C) Жүмыр кұбырлардан түтіктер ағытылып кетіп, қысым жоғалады және газ шығады

D) Жүмыр құбырлардан түтіктер ағытылып кетіп, газ шығады

E) Қосыдыстар көп болған жағдайда газдар шығыны көп болады

24. Оттекті түтіктерді үрлейді:

A) Табиғи газдармен

B) Пропанмен

C) Бутанмен

D) Инертті газдармен

E) Оттекпен, сығылган ауамен немесе азотпен 31

25. - 350 С температурада жұмыс істеуге колданылатын түтіктерді табыңыз:

A) Аязға тѳзімді резенкеден жасалған

B) Жылуға төзімді кара түсті резенкеден жасалған

C) Колданылатын газ түріне сәйкес қарапайым І.ІІ.Ш класс түтіктері

D) Аязға төзімді әртүрлі түсті резенкеден жасалған

E) Жылуға тѳзімді резеңкеден жасалған

26. Редуктор қатып калған жағдайда ...

A) Шілтер немесе кескіш жалынымен жылыту

B) Шілтер жалынымен жылыту

C) Дәнекерлеу лампасымен жылыту

D) Кескіштің жалынымен жылыту

E) Май ізін қалдырмай жылы сумен жылыту. оттек пен баска газдардың алдын-ала жылытуын қолдану

27. Суретте кѳрсетілген шілтерді атаңыз:

A) ГВ-1 кыздыру шілтері

B) Инжекгорсыз

C) ГПВ-5 дәнекерлеу шілтері

D) ГАО-2 жалынмен тазарту шілтері

E) Инжекторлы

28. Инжекторлы шілтердегі газдың сорылмау себебін (газ тұтанбайды немесе ѳте әлсіз тұрақсыз жалынмен жанады) табыныз:

A) Инжектор мен корпус арасы нашар тығыздалған

B) Араластырғыш камеранын қосымша гайкасы тартылмаған, түтіктердің қисаюы немесе үзілуі, ылғалдын жиналуы, түтікте ылғалдың катып калуы

C) Мундштук каналдары мен араластыргыш камеранын немесе инжектордын бітеліп калуы, инжекторға оттекті жеткізетін оттегі каналының бітеліп қалуы

D) Араластыргыш камера мен инжектор арасындагы саңылаудын шамадан тыс азаюы

E) Барлық жауаптар дұрыс

29. Шілтер ұштығының номері байланысты:

A) Пісіру әдісіне карай (сол немесе он)

B) Пісіру әдісіне (сол немесе оң) және жалын түріне

C) Жалын түріне

D) Жанар газ түрі мен пісіру әдісіне

E) Пісірілетін болат қалыңдығына және жалын қуатына




30. Пісіру жалынының түрлері:

A) а) - кѳміртектендіретін, б) - калыпты в) -тотықтырғыш

B) а) - тотықтырғыш, б) - калыпты, в) -кѳміртектендіретін

C) а) - калыпты. б) - тотықтырғыш. в) -кѳміртектендіретін

D) а) - тотықтырғыш. б) - кѳміртектендіретін. в) -қалыпты

E) а) - кѳміртектендіретін, б) - тотыктырғыш. в) -калыпты



31. Барлық үш аумақ айкын кѳрінетіи жалын түрін табыныз:

A) Калыпты

B) Қарапайым және кѳміртектендіретін

C) Кеміртектендіретін

D) Тотыктырғыш

E) Тотықгырғыш және кѳміртектендіретін

32. Тотықтырғыш жалынның түсін аныктаңыз:

A) Ашық қызыл

B) Ашық кѳк

C) Сары

D) Қою кѳк

E) Кѳкшіл-күлгін түсті

33. Тотықтырғыш жалын колданылады:

A) Алюминийді пісіруге

B) Мысты пісіруге

C) Шойынды пісіруге

D) Болатты пісіруге

E) Жезді пісіру және қатты дәнекерлермен дәнекерлеуге

34. Оттекті алады:

A) Ауаны суыту аркылы

B) Су электролизімен

C) Химиялык тәсілмен

D) Ауаны суыту аркылы және химиялык тәсілмен

E) Ауаны суыту арқылы, химиялык тәсілмен немесе су электролизімен

35. Оттек жарылғыш коспа түзейді

A) Гелиймен

B) Ауамен

C) Машина майымен

D) Азотпен

E) Аргонмен

36. Кальций карбидініц химиялык формуласын табыңыз:

A) С4Н10

B) С3Н8

C) Са(ОН)2

D) С2Н2

E) СаC2

37. Доғалық пеште 1900-2300°С температурада коксты сөндірілмеген әкпен балкыту арқылы алынатын затты табыңыз:

A) Кальций карбиді

B) Флюс

C) Ацетилен

D) Пропан

E) Сөндірілген әк

38. Кальций карбиді бар барабандарды ашады:

A) Арнайы жез пышақпен немесе кашау және балғамен

B) Болат бұрауыш және балғамен

C) Арнайы болат пышақпен немесе қашау және балғамен

D) Болат шеге және балғамен

E) Болат кашау және балғамен

39. Кальций карбидінің түйіршіктелуін табыңыз:

A) 2x8 мм; 8x15 мм: 15x25 мм; 25x80 мм

B) 45x80 мм

C) 12x8 мм; 18x15 мм; 45x80 мм

D) 12x8 мм; 45x80 мм

E) 45x25 мм 32

40. Оттекте жанған кездегі температураны кѳрсетіңіз:

A) 2100-2300 0С

B) 2000 0С

C) 2400 - 2500 0С

D) 3100 -3200 0С

E) 2500 - 2 минимальный 00 0С

41. Ацетилен оттекте жанғанда жалынның температурасы болады:

A) 2400 - 2500 градус

B) 2500-2700 градус

C) 2600 - 2750 градус

D) 2100 - 2300 градус

E) 3100-3200 градус

42. Кальций карбидін сақтауға арналған барабанды жасайды:

A) Қола мен жезден

B) Алюминий балкымасынан

C) Қоладан

D) Жезден

E) Жабындық болаттан

43. Электродоғалы пісіруге арналған пісірушінің негізгі құралын табыңыз:

A) Балға

B) Кескіш

C) Шілтер

D) Электрод

E) Электрод ұстагыш

44. Цех кабинкасында орналаскан пісіру постын атаңыз:

A) Ауысымды

B) Стационарлы

C) Жылжымалы

D) Тұрақты

E) Цехтық

45. Кұрылыс алаңында орналаскан пісіру постын атаңыз:

A) Құрылыстық

B) Ауысымды

C) Тұрақты

D) Жылжымалы

E) Стационарлы

46.Із салғыш дегеніміз:

A) Электродқа ток беретін аспап

B) Пісірушінің негізгі құралы

C) Белгілеуге арналған құрал

D) Пісіру жігін тазалау кұралы

E) Жиекті бакылау кұралы

47. Кабинкада тұрып жүмыс істеу үшін койылатын үстел биіктігін табыңыз:

A) Кез- келген биіктік

B) 0,4 м

C) 0,5 - 0,6 м

D) 0,9 м

E) 1,2- 1,5 м


48. Кабинканы табиғи желдету үшін...

A) Қабырға мен еден арасында 50мм кем емес саңыдау жасайды

B) Жарықтандыру қояды

C) Қабырғаларды жанбайтын материалдардаи дайындайды

D) Отырып жұмыс істеу үшін үстел қояды

E) Сорғыш орнатады

49. Пісіру посты қалқамен жабдыкталуы керек, егер ол:

A) Жылжымалы машина залында орналасса

B) Стационарлы болса

C) Цехта орналасса

D) Егер ол кабинкада орналассса

E) Кұрылыс алаңында орналасса

50. Түзеткіштін негізгі түйіндерін атаңыз:

A) Трансформатор, генератор

B) Трансформатор, электрқозғалтқыш

C) Генератор, электркозгалткыш

D) Генератор, түзеткіш құралдар блогы

E) Трансформатор, түзеткіш құралдар блогы

51. Алюминий металдар ішінде .... касиетіне байланысты бірінші орында тұр.

A) Магниттік

B) Меншікті электр ѳткізгіштігі

C) Технологиялығы

D) Меншікті беріктігі

E) Тот басута тѳзімділігі

52Төменде көрсетілген маркалардың ішінен коланы табынцыз:

A) Р18

B) Бст3

C) У12

D) ВК8

E) БрМц1

53. Болатты балқыту кезінде:

A) Қаттылығы күшейеді және беріктігі тѳмендейді

B) Ѳзгермейді

C) Қаттылығы тѳмендейді және беріктігі күшейеді

D) Қаттылығы және беріктілігі күшейеді

E) Қаттылығы және беріктігі тѳмендейді

54. Болат бетінін көміртегімен қанығу процесін атаңыз:

A) Борлау

B) Азоттау

C) Мырыштау

D) Сульфидтеу

E) Цементтеу

55. Аз легірленген болаттың кұрамындагы легірлеуші элементтер мѳлшерін табыңыз:

A) 9%

B) 2,5 %-тен кѳп емес

C) 10 %

D) 3 %

E) 7%

56. Құрамында 2,14 %-ға дейінгі кѳміртегі бар темір мен кѳміртек корытпасын атаныз:

A) Болат

B) Латунь

C) Шойын

D) Қола 33

E) Цементит

57. Болатка кызыл түсті сынғыштықты беретін химиялык элементті атаңыз:

A) Кремний

B) Магний

C) Күкірт

D) Никель

E) Титан

58. Құрамында кѳміртегі көп болаттың касиетін табыңыз:

A) Пісіріледі

B) Екпінді тұткырлық

C) Ѳндірілгіштік

D) Созылымдылық

E) Қаттылык

59. Болатқа фосфордың беретін касиетін табыңыз:

A) Серпінділік

B) Қаттылық

C) Созылымдылық

D) Беріктік

E) Сынғыштық

60. Қолада калайы мѳлшерінің кѳбеюімен катар артады:

A) Илемділігі

B) Беріктігі

C) Тығыздыгы

D) Тұткырлыгы

E) Қаттылығы

61. Жездің ЛМЦС 58-2-2 маркасындагы әріп таңбаларынан кейінгі бірінші сан білдіреді:

A) Барлык жауаптар дұрыс

B) Кѳміртегінің мөлшерін

C) Мырыштың мѳлшерін

D) Легірленген элементтер санын

E) Мыстың мѳлшерін

62. Бр ОФ 10-1 маркалы қоладағы калайының мѳлшерін табыңыз:

A) 3 %

B) 1 %

C) 20 %

D) 15 %

E) 10%

63. Бр ОЦСН 3-7-5-1 маркалы қоладағы корғасынның мөлшерін табыңыз:

A) 80 %

B) 3 %

C) 1%

D) 5 %

E) 1 %

64. Бр ОЦС 4-4-4 маркалы коладағы мырыштың мөлшерін табыныз:

A) 6%

B) 8%

C) 3 %

D) 5%

E) 4 %


65. Беріктігін арттыру үшін шындалатын шойынды ѳткізетін термиялык ѳндеудің түрін атаныз:

A) Азоттау

B) Жартылай босансыту

C) Цементтеу

D) Толық босаңсыту

E) Мѳлшерлеу

66. Жартылай босансыту кезінде жүретін процесті табыныз:

A) Ішкі кернеуді жою

B) Тұткырлықты төмендету

C) Беріктікті арттыру

D) Қаттылықты арттыру

E) Илемділікті тѳмендету

67. Сталенит дегеніміз....негізіндегі балқыма;

A) Құрамында хромы бар темір

B) Темір мен никель

C) Темір мен мырыш

D) Темір мен магний

E) Темір мен қорғасын

68. ХВГ маркалы болат жатады:

A) Жоғары легірленген болаттарға

B) Орташа легірленген болаттарға

C) Ыстыкка тезімді болаттарга

D) Барлык жауаптар дұрыс

E) Төмен легірленген болаттарга

69. 35ХМ маркалы болат жатады:

A) Орташа көміртекті болаттарга

B) Жоғары көміртекті болаттарга

C) Орташа легірленген болаттарга

D) Жогары легірленген болаттарга

E) Төмен легірленген болаттарга

70. 40ХН2МА маркалы болаттын кұрамын табыныз:

A) Хром-0.4%. никель- 2%, молибден- 1%-га дейін

B) Көміртек-0,4%.хром- 1%-ға дейін, никель-2%, марганец- 1%-га дейін .алюминий- 1%

C) Никель 5 % хром 3%

D) Хром-40%, никель-2%. молибден-1%

E) Көміртек-0.4%. хром-1%, никель- 2 % . молибден-1% -га дейін және аз мѳлшерде зиянды коспалар

71. Шойынды алады:

A) Барлык жауаптар дұрыс

B) Домна пештерінде

C) Конверторларда

D) Мартен пештерінде

E) Электр пештерінде

72. 200 А пісіру тоғы үшін бір желілі кабель кимасынын ауданы болуға тиісті:

A) 5 кв.мм

B) 10 кв. мм

C) 30 кв.мм

D) 20 кв. мм

E) 25 кв.мм

73. Дәнекерлеушіге өз бетімен дәнекерлейтін кұрылымды жөндеуге рұқсат етіле ме

A) Рұқсат етіледі, егер жѳндеуші немесе электромонтёры уақытша болмаган жагдайда

B) Рұксаг етіледі, егер жұмые стажы 3 жыл болғанда

C) Рұқсат етіледі, егер өндірісте бекітілген жѳндеуші немесе электромонтёр болмаган жагдайда 34

D) Рұқсат етіледі, егер пісіруші 5 разрядты болса

E) Рұқсат етілмейді

74. Тұрақсыз ток кѳзі үшін бекітілген бос жүрістің жоғары кернеуін кѳрсетініз:

A) 380 Вольтқа дейін

B) 220 Вольтқа дейін

C) 80 Вольтқа дейін

D) 150 Вольтка дейін

E) 200 Вольтқа дейін

75. Пісіру сәулелері кѳзге ұзак әсер еткенде пайда болады:

A) Жақыннан көрмеу

B) Электроофтальмия

C) Катаракта

D) Алыстан кормеу

E) Қылилык

76. Электр тоғымен закымданғанда алғашкы көмек көрсету барысында кажет:

A) Мүшәтір иіскету

B) Электр кондырғылар сымдарын жерлендіру

C) Жогары вольтты сымдарды жерлендіру

D) Жасанды дем алдыру

E) Ток әсерінен босату

77. Пісіру жұмыстарын орындауға оқыған, кауіпсіздік талаптары бойынша білімі тексеріліп нұсқама алғандар және қауіпсіздігі бойынша тобы болуга тиісті:

A) I темен емес

B) IV темен емес

C) II томен емес

D) томен емес

E) III томен емес

78. Пісіретін трансформаторлар тобы арасындағы ѳтулер енін табыныз:

A) 0,5 метр

B) 0.4 метр

C) 0,2 метр

D) 0,3 метр

E) 1 метр

79. Бір постылы және көп постылы пісіру ток көздері мен кабырғаның ара кашықтығы болуға тиісті:

A) 0,8 метрден коп емес

B) 0,5 метрден кем емес

C) 1,5 метрден коп емес

D) 0,4 метрден кем емес

E) 0,8 метрден кем емес

80. Қол электр машиналарымен жұмыс істейтін адамдардың біліктілік дәрежесін аныктаныз:

A) III

B) IV

C) V

D) І

E) II



81. Суық кезде жеңіл жұмысты орындау үшін жұмыс аймағындағы ауа температурасы болу керек:

A) 17- 20

B) 20 - 23

C) 23 -25

D) 16-18

E) 25 - 30

82. Суық кезде жартылай күрделі жүмыстарды орындау үшін жұмыс аймагындағы ауа температурасы болу керек:

A) 25-30

B) 20-23

C) 23-25

D) 17-20

E) 16-18

83. Жабық және толык жабык емес бѳлмелерде металды газбен пісіру, кесу және кыздыру кезіндегі желдету түрін атаныз:

A) Ағынды

B) Жалпылама ауыспалы

C) Жалпылама ауыспалы және жергілікті

D) Жергілікті

E) Ѳздігімен (желдеткіштердін кѳмегінсіз)

84. Еңбек қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқау жүргізіледі:

A) Еңбекті қорғау ережелері ѳзгерген кезде

B) Тікелей жұмысты орындау алдында

C) Жұмыс орнына карамастан жанадан жұмысқа түскендердің барлығына

D) Әр 3 ай сайын

E) Еңбекті корғау кабинетінде жұмыска қабылданғандардың барлығына

85. Еңбек қауіпсіздігі бойынша жобадан тыс нұскау жүргізіледі:

A) Жұмысқа жанадан келгендердің барлығына тікелей жұмыс орнында

B) Еңбекті коргау бѳлмесінде жұмысқа кабылданушылардың барлығына

C) Мерзімді 1-3 ай сайын

D) Тікелей жұмысты орындау алдында

E) Қауіпсіздік негіздері бойынша ережелер мен нұсқаулар ѳзгерген кезде

86. Жылжымалы ацетиленді генераторлар от ошағынан ... кашықтықта орналасуы қажет.

A) 30 м

B) 20 м

C) 2 м

D) 5 м

E) 10 м

87. Газды баллонда оттегінің калдық қысымы.....болғаға дейін қолдану керек.

A) 1 мПа

B) 5 мПа

C) 0,5 мПа

D) 0,1 мПа

E) 0,05 мПа

88. Оттекпен толтырылған баллонды бояйды.....түске.

A) Жасыл

B) Ақ

C) Қара

D) Сұр 35

E) Кѳгілдір

89. Адам өміріне кауіпті деп есептелетін электр токтың шамасын табыңыз:

A) 0,2 А-дан жогары

B) 0,5 А-дан жогары

C) 0,3 А-дан жогары

D) 0,4 А-дан жогары

E) 0,1 А-дан жогары

90. Электр қондырғыларда өртті сѳндіру үшін колдануға болмайды:

A) Жамылғыларды

B) Флюстерді

C) Инертті газдарды

D) Суды

E) Кѳбікті

91. Кальций карбиді бар барабанды... бар пышақпен ашады

A) Титаны

B) Болаты

C) Мысы

D) Қоласы

E) Жезі

92. Балқитын электрод дегеніміз:

A) Пісіру кезінде балқи отырып косқыш материал кызметін атқаратыи электрод.

B) Сым кесіндісі

C) Сыламасы бар серіппе

D) Борлы сыламасы бар серіппе

E) Балкымайтын электрод

93. Балқымайтын электрод дегеніміз:

A) Темірді дәнекерлегенде жікті қыздырмай доғамен аз беретін электрод

B) Пісіру сымының кесіндісі

C) Сыламасы бар серіппе

D) Сыламасы жоқ серіппе

E) Арматура сымының кесіндісі

94 Жылуға тѳзімді болатты қолмен доғалык пісіруге арналған жабынды электродтар.....әрпімен белгіленеді.

A) Н

B) В

C) Т

D) Л

E) У

95. Жоғары легірленген болатты қолмен доғалык пісіруге арналған жабынды электродттар....әрпімен белгіленеді.

A) Н

B) Т

C) У

D) Л

В

96. Пісірілетін жік аумағынын суретін алуға мүмкіндік беретін бақылауды атаңыз:

A) Магнитографиялық (индукциялық бақылау)

B) Ультрадыбыстық бакылау

C) Люминесценттік бақылау

D) Магниттік ұнтакпен бақылау

E) Рентгенттік бақылау

97. Біріктіріп пісірілген металл құрылымының сапасын бақылайтын әдісті табыңыз:

A) Люминесценттік бакылау

B) Гамма-бақылау

C) Магниттік бакылау

D) Металлографиялык бакылау

E) Рентгенттік бакылау

98. Бұйымда сыртқы күш әсерін колданбай пайда болатын кернеулерді атаңыз:

A) Сырткы

B) Құрылымдық

C) Күш кернеулері

D) Ӏшкі

E) Термиялық

99. Пісіру кезінде ішкі кернеудің пайда болу себебін атаңыз:

A) Сыртқы созу күші

B) Бѳлшектердің дұрыс жинакталмауы

C) Бѳлшектердің иілуі

D) Сыртқы сығу күші

E) Біркелкі емес қыздыру

100. Сырткы немесе ішкі күштер әсерінен пісіру жігінін кѳлемі мен түрлерінің ѳзгеруін атаныз:

A) Ағымдық шегі

B) Абсолютгік ұзарту

C) Тѳзімділік

D) Кернеу

E) Деформация









36


















Жауап


  1. С

  2. Е

  3. Д

  4. В

  5. Е

  6. В

  7. В

  8. А

  9. Е

  10. В

  11. С

  12. Е

  13. А

  14. Е

  15. А

  16. Е

  17. А

  18. Е

  19. А

  20. Е

  21. Д

  22. А

  23. Е

  24. Е

  25. А

  26. Е

  27. Е

  28. Е

  29. Е

  30. А

  31. А

  32. Е

  33. Е

  34. Е

  35. С

  36. Е

  37. А

  38. А

  39. А

  40. Е

  41. Е

  42. Е

  43. Е

  44. В

  45. Д

  46. С

  47. Д

  48. А

  49. Е

  50. Е

  51. Е

  52. Е

  53. Е

  54. Е

  55. В

  56. А

  57. С

  58. Е

  59. Е

  60. Е

  61. Е

  62. Е

  63. Д

  64. Е

  65. Е

  66. А

  67. А

  68. Е

  69. Е

  70. Е

  71. В

  72. Е

  73. Е

  74. С

  75. С

  76. Е

  77. С

  78. Е

  79. В

  80. Д

  81. А

  82. Е

  83. С

  84. Е

  85. Е

  86. Е

  87. Е

  88. Е

  89. Е

  90. Д

  91. Е

  92. А

  93. А

  94. С

  95. Е

  96. Е

  97. Д

  98. Д

  99. Е

100.Е











37



Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Патон Б.Е., Корниенко А.Н. Огонь сшивает металл. - М.: Педагогика, 1988. - 144 с.

  2. Зорин Е.Е., Худолий Н.Г. Сварка. Введение в специальность. - М.: ООО «Недра-Бизнесцентр», 2004. - 232 с.: ил.

  3. Сөздік. Алматы, «Аруна», 2002 ж.

  4. М. Казбеков, Р. Шойбеков. Русско-казахский словарь. Алматы, «Қазақстан», 1996 ж.

  5. Кучер А. М. Технология металлов.-Ленинград, «Машиностроение», 1980 г.











38


А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің

өндірістік оқыту шебері Сансызбай Нұртазаұлы Сағынғалиевтың

«Пісіру өндірісінің технологиясы» атты сала технологиясы негізінде

жасақталған оқу - әдістемелік құралына

ПІКІР

«Пісіру өндірісінің технологиясы» атты оқу-әдістемелік көмекші құралы

техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы жас мамандарды

даярлау ісіне арналған.А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің екінші санатты

өндірістік оқыту шебері Сағынғалиев Сансызбай Нұртазаұлының көп жылғы іс-

тәжірбесінің нәтежесінде құрастырылған әдістемелік жинақтың арнайы пән

оқытушыларының жұмысына берер көмегі зор.Оқу әдістемелік көмекші құралда

пісірудің тәсілдері мен түрлері: электрмен доғалап, газбен, термитпен пісіру және

дәнекерлеудің өндіріс ошағындағы маңызды туралы нақты мысалдармен,жатық

тілде жақсы жасалған. Тәрбиеленушіге теориялық практикалық даіс беру үстінде

алған білімдерін бағалап,пысықтауға тест сауалдары нақты тұжырымды

жазылған.Болашақ білікті жас мамандар тәрбиелеу ісінен дәріс беруші ұлағатты

ұстаздар үшін,әдістемелік оқу құралының берері мол.

Бұл оқу құралы Қазақстан Республикасының кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жасалып, типтік бағдарламаға сай құралған. Типтік

бағдарламаға сәйкес барлық тарау бойынша толық түсінік берілген. толық

қамтылған. Металды пісіру және металды кесу,сапасына қойылатын талаптар да

толық қарастырылған.

Бұл оқу - әдәстемелік құралды сабақ өткізу барысында колледж оқытушылары мен

білім алушыларға көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

Ұсынылып отырған оқулық оқушылардың алған білімдерін бекітуге, міндетті

білім дағдыларын қалыптастыруға, жеке шығармашлық қабілеттерін көтеру ретінде

колледж студенттеріне көмекші құрал болып табылады.

Әдістемелік құралдың соңында қолданылған әдебиеттер көрсетілген. Сондықтан

аталған оқулықты бекітуге ұсынамын.


Аграрлық-техникалық университетінің

техника ғылымдарының кандидаты,доцент.

«Политехника» факультетінің деканы. А.А Бакушев


А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің

өндірістік оқыту шебері Сансызбай Нұртазаұлы Сағынғалиевтың

«Пісіру өндірісінің технологиясы» атты сала технологиясы негізінде

жасақталған оқу - әдістемелік құралына

ПІКІР

Бұл оқу құралы мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартының нормаларына сәйкес жасалып,барлық бөлімдер қамтылған.

Бұл оқу - әдәстемелік құралда теориялық тұрғыда алған білімді практикада жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруға, ойлау мәдениеті дәрежесін жетілдіруге қажетті материялдар қамтылған.

Оқу құралы оқытушыларға және білім алушы болашақ мамандық оушыларына көмегін тигізем алады, сондықтан аталған оқулықты бекітуге ұсынамын.

Автор өз жұмысында пісірудің тәсілдері мен түрлері: электрмен доғалап, газбен, термитпен пісіру және дәнекерлеу толық қамтылған. Осының бәрі құрастыралған тест жинағында айқын көрсетілген.Оқу-әдістемелік құралы дәнекерлеуші мамандарын дайындауға өте қолайлы,тиімді әрі қажет құрал деп есептеймін.Оқу-әдістемелік құрал терең ізденіспен,үлкен еңбекпен,жол саласы бойынша қажетті тақырыптар мен терминдерді толығымен қамтыған еңбек.

АҚ «Оралагрореммаш» президенті,

экономика ғылымдарының кандидаты. Г.С Бисенов




А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің

өндірістік оқыту шебері Сансызбай Нұртазаұлы Сағынғалиевтың

«Пісіру өндірісінің технологиясы» атты сала технологиясы негізінде

жасақталған оқу - әдістемелік құралына

ПІКІР

Бұл оқу құралын болашақ мамандық иелері үшін қосымша оқу құралы болып табылады. Оқушылардың білімдерін жинақтауға және жеке тапсырмалар орындауға қолайлы.

Ұсынылып отырған оқу - әдістемелік құралы қойылған талаптарға сай құрастырылған. Осы құрастырылған оқу құралы кәсіптік білім алушы оқушылардың білімдерін арттыруға және өз бетімен жұмыстануларына қолайлы әрі тиімді.

Пісірудің тәсілдері мен түрлері: электрмен доғалап, газбен, термитпен пісіру және дәнекерлеудің,өндірістік жұмыс кезіндегі технологиясы мен ұйымдастырылуы, күнделікті өмірде қолданылатын техникалық термин сөздері пайдаланып,оқушыға өте түсінікті және қолайлы етіп құрастырылған.

Әрбір ережеге сәйкес сызбалар мен суреттер арқылы түсінікті етіп көрсетілген, сондықтан аталған оқулықты бекітуге ұсынамын.


А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің

жоғары санатты арнайы пән оқытушысы. Е Ермуханов






© 2010-2022