Шебер қыздар. Сыныптан тыс жұмыс

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітілді:

Күні:

Пәні: Технология

Сыныбы: 8

Пән мұғалімі: Нұрханова Г

Тақырыбы: "Шебер қыздар - өнерлі жұлдыздар"

Мақсаты:

- оқушылардың шеберлігін, іскерлігін, өнерін, білімін бағалау;

- ұлттық өнерді құрметтеуге, дамытуға үйрету;

- оқушыны шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Технология пәнін үйретудегі басты мақсатымыз оқушыларды жан-жақты, дамыған тұлға етіп қалыптастырумен қатар ұлттық өнерге, шеберлікке, шығармашылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Бүгін біз осы пәннен игерген білімімізді өнерімізді ортаға саламыз.

Сайыстың жоспары:

І.Топтарды таныстыру.

ІІ. Мақал мен жұмбақ.

ІІІ. Сөзжұмбақ.

ІY. Қыз еркем, кестесімен көркем.

Y. Тату қыздың - тамағы тәтті.

YI. "Егер мен сәнгер болсам" ...

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

І.Топтарды таныстыру.

Әр топ өз топтарымен таныстыру.

ІІ. Мақал мен жұмбақ.

Қазақ халқы тілге бай, айтатын ойын астарлап, мақалдатып жеткізетін дана халық. Мақал-мәтелмен жас ұрпақтың бойына ізгілік нұрын сеуіп, әдептілікке, жауапкершілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа баулыған.

Бұл бөлімде оқушылар айтылған мақалдың жалғасын дұрыс табуы қажет. Сонымен қатар топтарға жұмбақтар жасырылады.



Мақалдар :

  • Еңбек қылмай ер оңбас ... (Бірлік болмай,ел оңбас)

  • Еңбектің көзін тапқан ... (Байлықтың өзін табады)

  • Еңбек ерлікке жеткізер... (Ерлік елдікке жеткізер)

  • Еңбек етсең, емерсің ... (Ерінбесең,жеңерсің)

  • Шеге қаға білмесең, қолыңды ұрасың ...(Туйме таға білмесең,қолыңа ине тығарсың)

  • Еңбек етсең, елге өкпелеме ... (Егін екпесең жерге өкпелеме)

  • Қыз еркем, кестесімен көркем ... (Ұл еркем,өнерімен көркем)

  • Қол өнері кілемде ... (Сөз өнері өлеңде)

  • Киім пішсең,кең піш,тарылтуың оңай ... (темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай)

  • Шешеннің сөзі мерген ... (Шебердің көзі мерген)

  • Әке көрген оқ жонар,

  • Шеше көрген ... (тон пішер)

  • Үйренгенің өзіңе құт, (істегенің) ... еліңе құт.

Жұмбақ сайысы.

1. Шаршамас кемпір көрдім жалғыз аяқ,

Аузына тістеп алған шиден таяқ.

Жүгірген сайын белбеуін қабаттайды,

Беріпті әсемдікті аямай - ақ. (Ұршық.)

2. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине.)

3. Кішкене өзі, мың көзі.(Оймақ.)

4.Тұмсығы мықты, ой мен қырды тегістеп шықты. (Үтік.)

5. Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе жоқ тыныш. (Қайшы.)

6. Өздігінен бата алмас,

Адам өмірімен қатарлас.

Ол болмаса, пендеңіз,

Тіршілік өмір жасамас. (Киім.)


7. Қазша қанатын жаяды ,

Үйрекше мойнын созады,

Құсша қонады. (Киіз үй.)

8. Жалт-жұлт етеді,

Жалмай-жалмай жұтады. (От.)

ІІІ. "Білімді мыңды жығар..."

Технология сабағында игерген білімімізді сынап көрелік.

Сұрақтарға жауап беру арқылы біз сөзжұмбақты шеше аламыз.

1-топ. Технология.

2-топ.Ою-өрнек.

3-топ.Сәукеле.

ІY. Кестенің сыры-түрінде.

ТҚЕ еске түсіреміз.

Оқушылар өздерінің тіккен кестелерін тігіп, аздаған мәлімет

беріп, түсіндіреді.

Y. Тату қыздың - тамағы тәтті.

... Тәтті қолмен жасалған дәмді астың,

Дәмі кетпес талай уақыт таңдайыңнан - дегендей, оқушылар-

дың пісіріп әкелген тағамдарын ұсынамыз.

Оқушылар дайындалу әдістерімен, аспаздық құпияларымен

бөлісіп, сызба арқылы түсіндіріп өтеді.

YI. "Егер мен сәнгер болсам" ...

Бұл бөлімде қыздарымыз сәнге деген қабілетін, қиялын қағаз бетіне қарындашпен бейнелеп, түсіндіріп береді.

Бүгін технология пәнінен алған білімдеріңізді ортаға салып, ой -жылдам-дықтарыңызды, тапқырлық пен шапшаңдықтарыңызды, шеберліктеріңізді көрсеттіңіздер.

Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаздарды мадақтау.

© 2010-2022