Металдың бетін егеу (5 сынып)

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Металдың бетін егеу

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды егеудің түрлерімен таныстырып, жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін үйрету. 2.Құралды дұрыс пайдаланып, сарамандық дағдыларын қалыптастырып дамыту.

3. Ұқыптылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас, сарамандық

Пән аралық байланыс: сызу, химия, математика, физика

Көрнекіліктер және қажетті құрал саймандар: суретті плакаттар, ескертпелер, балға, қалыңдығы 1мм қаңылтыр кесінділері, сызғыш, белгі салғыш, дайын бұйымның үлгілері, қыспақтар,егеулердің түрлері, шапқы.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Түгендеу

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып кету

ІІ. Өткенді еске түсіру. (Сұрақ жауап)

  1. Металды кескенде шапқыны қалай ұстайды?

  2. Металды кескенде шапқыны қандай күшпен соғады?

  3. Металды кескенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

4. Балғаға қандай талап қойылады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Металды кескенде оның кесілген жерлері тегіс болмайды, сондықтан дайындаманың белгіленген өлшемін алу үшін егеу жұмыстары жүргізіледі. Егеуге қажетті құралды егеу деп атайды. Оның негізгі қызметі металдың бетін тегістеу.

2. Егеу екі бөліктен тұрады: кескіш бөлігі және сабы (оқушыларға көрсету)

3.Түрлері: пішінінің қимасына қарай жалпақ, жартылай дөңес,

шаршы, үшбұрышты, дөңгелек, ромб тектес, пышақ секілді.

4.Егеулер алты түрлі номерлі болып шығарылады (0,1,2,3,4,5)

0-1 номерлі егеуде 10 мм жерінде 5-12 дейін бүртік бар, мұндай егеулер дөрекі өңдеу

үшін қажет.

2-3 номерлі егеуде кертігі орташа 10 мм жерінде 13-26 бүртігі бар.

4-5 номерлі егеу майда болады, 10мм жерінде 42-80 бүртік бар.

5. Егеулердің ұзындығы 100 мм-ден 400 мм -ге дейін болады.

6. Металдың егеу әдістері: Қыспаққа қарай денеңді бір қырымен бағыттап, сол аяғыңды

ілгері қояды. Екі аяқтың арасы 20-30 см. болғаны жөн. Егеудің сабын оң қолымен

қысып ұстайды, басбармақты саптың үстіне тіреп қояды. Сол қолыңды егеудің үш

жағынан ұстайды (суретте көрсетілгендей)

7. Техника қауіпсіздік ережелерін ескертпе арқылы түсіндіру.

ІУ. Пысықтау (Сұрақ жауап)

1. Егеудің қандай түрлерін білесіңдер?

2. 4-5 номерлі егеуде 10 мм жерінде қанша бүртік болады?

3. Бір екі оқушыға егеумен жұмыс жасату.

4. Металдың жаңқаларын немен түсіреді?

Ү. Өз бетімен жұмыс

1.Оқушылар екі топқа бөлінеді.

2. Тапсырма: бір топ шапқымен белгіленген өлшем бойынша қар күрейтін күректің

қалақшасының тығырығын (шайба) кеседі, екінші топ кесілген тығырықты белгіленген

өлшемге дейін егейді.

3. Тапсырманы аяқтаған оқушылар ауысып отырады.

ҮІ. Қорытынды:

Оқушылардың жіберген қателерін айтып түзету және бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 12-13 бет, 67 бет


© 2010-2022