«Телефон тұрағын жасау» тақырыбына ашық сабақ әзірлемесі

Раздел Технология
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Телефон тұрағын жасау

Сабақтың мақсаты: Ағаш материалдарымен жұмыс жасау технологиясын меңгерту және токарь станогында жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Білімділік: Оқушыларды телефон тұрағын жасау технологиясымен таныстыру;

Оқушылардың көркемдік халық кәсіптері туралы ой-өрісін кеңейту; тақырып бойынша материалды игеруді қамтамасыз ету;

Дамытушылық: бейнелік қиялды, көркемдік талғамды дамыту;

Тәрбиелік: Жеке және топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу; Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Сабақ өткізу әдістері: Түсіндіру (әңгімелесу, материалдармен жұмыс, көрсету)

Қалыптастырушылық (сарамандық жұмыс)

Көрнекілігі: плакаттар

Құрал-саймандар: Токарь станогы, қол бұрғы, қылара, жай ара, балға, пышақ, зімпара қағазы.

Пән аралық байланыс: Тарих, математика, сызу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал - жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Кубизм әдісі арқылы үй тапсырмасын қорыту:

Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз эстетикалық мәні жағынан маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды.

Сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесіңдер?

Ағаш өңдеу, Киіз басу, Тоқыма, Құрақ құрау, Ши тоқу, Ұсталық,

Тері өңдеу, Тігін өнері, Керамика,Сырмақ сыру, Зергерлік бұйымдар,Ою-өрнек

Осы қолөнермен айналысатын адамдарды кім деп атаймыз?

1. Ұста - қару жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен айналысатын адам.

2. Зергер - алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам.

3. Шебер - ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам.

4. Ісмер - ұлттық киімдер мен бұйымдар тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адам.

Алысқа бармай-ақ осы Арқалықтан сәндік қолданбалы өнермен айналысатын қандай адамдарды білеміз? Мысалы:

Зергер - АрМПИ мұғалімі Молдакәрім ағай.

Оюшы - Шөптібай Байділдин аталарыңыз.

Ісмер - өздеріңнің оқитын №6 орта мектеп ұстазы Шынар апайларыңды айтуға болады. Т.б. оқушыларға өздері білетін шеберлерін айтқызып өту.

ІІІ. Жаңа материалды зерделеу кезеңі:

Сабақтың мақсатын белгілеп алу. Нобайдың бірнеше нұсқасын дайындап, оның ішінен ең үздігін таңдап алу. Сосын материал таңдау. Сәндік - қолданбалы өнерде сан алуан материалдар қолданылады. Біз сабағымызда 8 мм фанер және қайың ағашынан телефон тұғырын жасату. Оқушылар қазіргі заман интерьерінде жеңіл құрылымды стеллаждар және сөрелер пайда болуда. Олардың бәрі шаруашылық үшін емес, әсемдік үшін жасалады. Әркімнің үйінде қазіргі заманғы жиһаздар бар. Оқушылардан сұрақ арқылы үйлерінде қандай жиһаздар бар екенін сұрау арқылы жаңа сабақпен байланыстырып жіберу. Ал енді оқушылар бізде бүгінгі сабағымызда қазіргі заманғы үй жиһазының бірі сәнді әрі ыңғайлы телефон тұғырын жасап көрейік. Оқушыларға телефонның шығу тарихы туралы мағлұмат беру. Оқушылар сендер білесіңдер ме ең алғашқы телефонның қашан шыққанын?

Ең алғашқы телефон 1875 жылы Бостон университетінің профессоры шотландық Грехем Белл ойлап тапқан. Осы кісінің ойлап тапқан жаңалығы телефон деген атпен тарихта қалады. Ал ұялы телефонды арада 1 ғасыр уақыт өткенде яғни 1973 жылы Иллинойс технологиялық университетінің түлегі Мартен Купер ойлап тапты. Ал енді осы телефон шыққанға дейінгі хабарласу құралын білесіңдер ме? Оқушылардан телефонның пайдасы мен зияны туралы сұрақ- жауап алу. Телефон тұғырының құрылысымен таныстыру. Жалпы телефон тұғыры бес бөліктен тұрады. 1. қабырға, 2 және 3 сөрелер, 4 және 5 тіреулер. Екі тіреуді токарь станогында өңдейміз, ал басқа бөліктерін қыларамен орындаймыз. Сендер өткен тоқсанда токарь станогының құрылысымен, жұмыс істеу технологиясымен және қауіпсіздік ережелерімен танысқан болатынсыңдар. Ал енді, токарь станогының құрылысына тағыда бір тоқталып өтейік. Токарь станогының құрылысын және негізгі бөліктерін еске түсіру. Қауіпсіздік ережесін түсіндіріп қол қойғызу. Оқушыларға жұмыстарын бөліп беру.

ІV. Сарамандық жұмыс:

Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес техника қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды. Мұғалім ағымдағы нұсқаны өткізеді және оқушылардың шығармашылық жұмысының барысын тексереді.



V. Ағымдағы нұсқа:

1. Жұмыс орнын ұйымдастыру.

2. Еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру.

3. ҚТЕ - нің сақталуын тексеру.

4. Неғұрлым үлгіріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырма беру.

VІ. Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға жаңа сабақ жайлы білгенін СТО әдісі арқылы қорытындылау.

Не білемін.

Не білгім келеді?

Не білдім +


Оқушылардың біліктілігін, еңбегін бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

Кітап сөресіне нобай жасау.

Жұмыс орнын жинақтау.









Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты

Ашық сабақ



Тақырыбы: Телефон тұрағын жасау

Өткізген: Уалиев М.С

Арқалық 2015



© 2010-2022