Урок курак курау, Урок Белдемше түрлері

Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі _______ М.Марданова

«15» наурыз 2015жыл

Тақырыбы: Құрақ құрау

Пәні: Еңбек

Қажетті құралдар: интерактивті тақта, оқулық, ...

Мұғалім: Сисенова Айымгүл

Сынып: 8 а,б

Сабақтың мақсаты

Сабақтың міндеті


Білімділік: Мата қиындыларынан түрлі қиықтар тігіп үйрену.Құрақ қиындыларын әзірлеуді, мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену.

Дамытушылық : Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру, эскизді матаға сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген ептілік, икемділігін дамыту.

Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық, ойлау қабілеті терең дамыған тұлға тәрбиелеу

Сабақтың түрі

Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі

Дайын құрақ түрлері, АКТ, эскиздер

Жаңа технология

СТО бағдарламасы

Пайдаланылатын стратегия

«ББҮ» стр., «Ой қозғау» стр.

Сабақ типі

Іскерлік дағдыларды жетілдіру

Құрал - жабдықтар

құрақ түрлері, мата қалдықтары, ине, жіп, қайшы,қағаз түрлері

Пәнаралық байланыс

сызу, бейнелеу өнері, тарих, математика

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың түс ерекшеліктерінің айырмашылықтарын айыра біледі, құрақ құраудың технологиясымен танысады, құрақты бір-бірімен қосу әдістерін меңгереді

Оқыту әдісі

Түсіндіру, оқыту, үйрету

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас, көтеріңкі көңіл-күй орнату;

б) Сабаққа қатысуын бақылау: жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарын тексеру;
Бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Сәлеметсіздерме оқушылар. Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру

Өткен сабақты еске түсіру

Сабақтың ұраны













Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ





























«Ізгілендіру» диограмасы





Сарамандық жұмыс



























Ой қорыту



















Кері байланыс

Қорытынды





Үйге тапсырма

Бағалау

Рефлексия

а) үй тапсырмасын сұрау,

б) өткен сабақты пысықтау;

"Талаппен баста, талғаммен аяқта"

Сыныптағы қызбалаларды 2 топқа бөлінеді:

1 - топ: Жұлдызша тобы

2 - топ: Төртбұрыш тобы



  1. 2

Бұл суреттерді сендер ғалым болсаңдар қалай оқыр едіңдер?

Урок курак курау , Урок Белдемше түрлеріОқушыларға 4құбыласы тең екен деп түсіндіріп кеттім. Ою-өрнек арқылы күйеуге кеткен қыздар ата-аналарына хатты осылай жазған екен.



  1. Құрақ туралы аңыз әңгімелер жинау

  2. Өз қиялынан эскиз сызу тапсырылды.

Урок курак курау , Урок Белдемше түрлері



  1. Геометриялық фигуралар қандай? Екі топқа үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш фигуралары берілді.Сол арқылы оқушылар өз қиялдарымен құрақ құрайды. Онда кұрақтарды қою әдісі мен түс сәйкестіктері қаралады. Шыққан құрақтарымен таныстырады.

  2. Оқушыларға лексикалық мәтіндер арқылы екі топқа тоқа тапсырма дайындалды.

1-топ. Құрақ құрау - халқымыздың үй - тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан - ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау - мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру. Бұрынғы әже - әпкелеріміз күнделікті үй - тіршілігінде өзіндік орны бар,пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше, мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе - көрпешелер жасауын дайындаған.Құрақ құрау өнерінің терең мән - мағынасы бар. Ертеде апа - әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз - немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп - өнсін»деген тілекпен жасаған.
Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй "тіл - көзден аман болсын" деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.

2-топ. Құрақ дегеніміз не? Ол мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар. Соның ішіндегі төртбұрыш, сегізсай, мүйізқұрақ, қиықшақұрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүлқұрағы, майдақұрағы, жұлдызшақұрағы ел ішінде кеңінен тараған.

Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемшілер мен тігіншілердің суретшілік қасиеттерімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отыр. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ» деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек.

Қолөнердің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсысы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңғарған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танимыз.

Білемін? Білгім келеді? Үйренгенім?

Құрақ туралы не білеміз?

  • Құрақ дегеніміз не?

  • Құрақтың мағынасын ата?

  • Құрақ түрлерін ата?

  • Құрақтың жасалу жолы?

  • Құрақтың тұрмыста алатын орны, құрақ қандай бұйымдарға салынады?

  • Құрақ жасау үшін қандай құрал-жабдықтар қажет, атауын жаз?

  • Қазіргі кезде құрақтың көптеген түрлерін қалай пайдаланамыз?

  • Өнерлі болып, шеберлікке жету үшін не қажет?

Сабақтаң қауіпсіздік ережесін еске түсіруден бастаймыз. Техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіруді екі топқа тапсырма ретінде өз қиялдарымен өзгеше формада айтып шығу.


Техникалық қауіпсіздік ережелері

Қайшымен жұмыс жасаған кезде:

  • Қайшыны ашық тастама.

  • Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

  • Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

  • Қайшының жүзін жауып қою керек.

  • Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.

Инемен жұмыс жасаған кезде:

  • Тігін жұмысы барысында ине сабақталып, жастықшада қадалып тұру керек.

  • Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.

  • Инені киімге қыстыруға болмайды.

  • Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

  • Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.

  • Жіпті бір шынтақ ұзындығымен өлшеп сабақтау қажет.

Оқушыларға технологиялық карта беріп, содан соң оқушылардың үйден әкелген материалдарын ортаға шығарып, маталардың түрі мен түсіне қарай жіктеу.

Технологиялық карта

Жұмыстың орындалуы

Қажетті құралдар

1

Үлгіні дайындау

Картон, қайшы

2

Материал дайындау

Мата қиындысы

3

Құрақты қағаздан қиып дайындау

Қайшы, карандаш, үлгі

4

Құрақты матаға түсіру

Бор, үлгі, сызғыш

5

Матаны қиып, тігуге дайындау

Қайшы, бор

6

Көктеп тігу

Ине-жіп, қайшы

7

Көктелген құрақты тігін машинасына салып тігу

Тігін машинасы, жіп, қайшы

8

Дайын құрақты үтіктеу

Үтік, су

9

Құрақ көрпешені астарлау

Мата, ине-жіп, қайшы

10

Бұйымды мақта салып аяқтау

Ине-жіп, мата, мақта

Тест
1. Құрақ өнері неше түрге бөлінеді.
А) 4 ә) 5
б) 2 в) 3
2. Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?
А) 19-20 ә) 15-16
б) 17-18 в) 16-17
3. Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?
А) Зооморфты ә) Космогоникалық
б) Геометриялық в) тұрмыстық
4. Сегіз жапырық құрағы қай топқа жатады.
А) Өсімдіктектес ә) Геометриялық
б) Космогониялық в) Тұрмыстық
5. Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты?
А) Үлгісіне ә) Көлеміне
б) Тігісіне в) Орындалуына
6. Құрақ құрау қандай материалдан жасалады?
А) Былғары ә) Тері
б) Мата в) Полиэтлен.
7. Құрақты тіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіске қанша мм қалдырамыз?
А) 15-20мм ә) 20-25мм
б) 2-3мм в) 5-10мм.
8. 26 шаршыдан 8 үшбұрыштан құралған құрақты ата?
А) қызғалдақ ә) жұлдызша
б) аққу в) иықты
9. Пайдасы көл-көсір түлік?
А) түйе ә) сиыр
б) жылқы в) қой.
10. топырық құнарлылығының бағалануы неге байланысты?
А) ылғалға ә) тыңайтқышқа
б) қаратопыра в) қарашірікке


Дұрыс жауаптар:
1.а 4.а 7.в 10.в
2.а 5.а 8.а
3.ә 6.б 9.в

Екі топ бірін-бірі қол шапалақтау арқылы бағалайды.

Сабақтың соңында қазақтың көрнекті суретшісі Әбілхан Қастеевке Ою-өрнеті қайдан, кімнен үйрендің? деген сауалға:

«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен» деп жауап берген екен.

Құрақ қазақ халқының үй тұрмысының бұйымдарында ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнер. Құрақ құрау өнерінің шығуы тікелей үй жихаздарының сәнділігі мата түрлерін пайдаланудағы үнемділігі адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш.

Тақырыпты оқу. Құрақты аяқтап тігу, қағазға қиылған құрақты матаға түсіріп келу. Интернеттен материалдар жинақтау

Оқушылардың білімін бағалау

Сабақтан алған әсерлері қандай? Не үйрендік? Қояр сұрақтарың?



© 2010-2022