Ата заңым-арқа сүйер айбарым

Ата  заңым- арқа  сүйер  айбарымАта  заңым-Алтын  заңым  айбыным,Сенің  күшің,  сезілмесе  қайғы-мұң.Туыстық  пен  татулықты  ту  еткен,Сен  арқылы  туды  бірдей  ай,  күнім. Ата  заңым-Алтын  заңым  айбыным,Дүниенің  жиған  барлық  байлығын.Сен  арқылы  араладым  жер-көкті,Кең  далада  тебістіріп  тай-құлын. Ата  заңым- Алтын  заңым  айбыным,Шапағатың  сеуіп  тұр  ғой  ай-нұрын.Сенің  тілің  араласса  араға,Күні  бітті  кешегідей  даулының. Ата  заңым-Алтын  заңым  айбыным,Бастауыңда  дала  заң... Шолпан  Жібекәліқызы.
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата заңым- арқа сүйер айбарым

Ата заңым-Алтын заңым айбыным,

Сенің күшің, сезілмесе қайғы-мұң.

Туыстық пен татулықты ту еткен,

Сен арқылы туды бірдей ай, күнім.

Ата заңым-Алтын заңым айбыным,

Дүниенің жиған барлық байлығын.

Сен арқылы араладым жер-көкті,

Кең далада тебістіріп тай-құлын.

Ата заңым- Алтын заңым айбыным,

Шапағатың сеуіп тұр ғой ай-нұрын.

Сенің тілің араласса араға,

Күні бітті кешегідей даулының.

Ата заңым-Алтын заңым айбыным,

Бастауыңда дала заңы, Жарғының.

Үстін басып жаншығанда арсызды,

Ал, астына түскендейсің арлының.

Ата заңым-Алтын заңым айбыным,

Қасымханның қасқа жолы арлы ұғым.

Өмірімді өріп бердің өрнектеп,

Сен арқылы жақсы күйім, жайлымын.

Ата заңым-Алтын заңым айбыным,

Есімханның ескі жолы бар тұғын.

Біздің ғасыр жаңа дәуір белесі,

Әділ сөзбен жарастырған жарлығын.

Ата заңым-Алтын заңым айбыным,

Азаттықтың таңы атып, жайды нұр.

Тәуелсіздік тағылымын ту еткен,

Шанағымда шаттық күй мен тәтті жыр.

Ата заңым - азат елің алғы күн,

Түрі, тегі, тілі, діні, ұлты мың.

Татулықта табыстырған сан мыңды,

Сен бар жерде айбындымын, арлымын.

Ата заңым-Алтын заңым айбарым,

Құлаш ұрып, көкті кешу арманым.

Алтын заңның аясында аялы,

Жасампаз ел, желбіресін байрағың!

Ата заңым-арқа сүйер айбарым,

Қиялымды ұштап берді қайрағың.

Ақ найзаның ұшын безеп келгенде,

Көк туыңды көкке қадап байладың.

Арал көпсалалы колледжінің оқытушысы

Шолпан Жібекәліқызы.


© 2010-2022