Открытый урок на тему Бисермен гүл тоқу

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бисермен гүл тоқу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бисерден гүл тоқуды үйрете отырып, бұйымдар тігу технологиясын меңгерту.

Білімділік мақсаты: Оқушылардың бисер тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

Сабақ әдісі: Аралас, сарамандық.

Пәнаралық байланыс: Биология, сурет, геометрия, тарих, ИВТ.

Көрнекіліктер: Бисерден жасалған бұйымдар, кітаптар.

Қажетті заттар: Бисер, стеклярус, сым темір, қайшы.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру.

II. Қауіпсіздік ережесін қайталау.

III. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық.

IV. Жаңа тақырыппен таныстыру.

а) Бисердің шығу тарихы туралы түсінік.

б) Стеклярус туралы түсіндіру.

в) Бисерден тігілетін бұйымдар түрлері.

г) Қосымша керекті құрал - жабдықтар.

д) Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

ж) Бисерден гүл тоқу технологиясы.

«Бисер» деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақша, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды. Ал одан үлкендерін кәдімгі моншақ деп атайды. Стеклярустың бисерден айырмашылығы - ол ұзындығы 3мм түтікше тәріздес болып келеді.

Бисерді ең көп шығаратын жерлер - Жапония, Италия, АҚШ және Үндістан.

Бисердің ерте кезде даындалған түрлері мұражайларда кездеседі, олардың сапасы өте жоғары болған. Қазіргі кездегі өндіріс орындары сол сапаны жоғалтпауға тырысуда.


  1. 25см сын алып, түзулеу.

  2. Осы сымның тура ортысына бір бисер енгізу.

  3. Келесі жолы екі бисер енгізіп, сымның екінші ұшын қайтара енгізіп, бисерді жылжымайтын етіп бекіту.

  4. Осындай 3 бисер, 4 бисер, 5 бисер, 8 бисер өткізіп бекіту.

  5. Енді қайтадан 6 бисер, енгізіп, сымның ұшын бекіту.

  6. Осындай 5,4,3,2,1 азайтып отыр гүл шығару. Сабағын жасау моншақ енгізуге болады.

Сабақ бекіту: Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, сабақты бекіту. Оқушылардың істеген істерін бағалау.

Қорытынды: Үйге тапсырма беру.


© 2010-2022