Баяндама Бада құқығын қорғау

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала құқықтарын қорғаудағы әлеуметтік серіктестіктің мәні.

Адам баласы өзінің дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек.

Сара Алпысқызы

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі - балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Қоғам өмірінің сапасын арттыруға, бірінші кезекте - балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған .Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы осының дәлелі. Елбасының жеткіншектердің өмір сапасын жақсарту, оған байланысты әлеуметтік құрылымдарды жетілдіру жөнінде берген апсырмаларына орай елімізде балалардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғауға ереше көңіл бөлуде. Қоғамда баланы зорлық- зомбылықтың барлық түрінен қорғауға, бала құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті деген.Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтекеби, Қазыбек би және Абай Құнанбаевтар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірі денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы - Конституция қорғайды. Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы
Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды.
1-маусым - халықаралық балаларды қорғау күні.
20-қараша - дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан - адам құқығы күні.
10.12.1948ж - адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959ж - әлемде бала құқығының халықаралы қкүнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979ж - халықаралық балалар жылы өтті.
20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
8.06.1994ж - Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады.
Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өміріміздегі кейбір болып жаткан келеңсіз жағдайлардың көбі біздің заң талаптарын, тәртіптерін білмейтіндігімізден болып жатады.
Бүгінгі таңда республикада сәби жастан кәмелетке толғанға дейінгі жас аралығында 5 миллионға жуық бала өмір сүреді (0 -18 жас). Оның ішінде: 1 млн. 508 мыңы - мектеп жасына дейінгі балалар, 3 миллионға жуығы - мектеп жасындағы балалар, олардың әрқайсысы түрлі деңгейдегі мемлекеттің қамқорлығына мұқтаж.Республикада балалық шақ мәселесімен айналысатын 9 министрлік пен ведомство, әр түрлі үкіметтік емес ұйымдар бар, олар өз құзіреті шегінде қызметтерін атқарады.

Аталған мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді неғұрлым жақсарту бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында республикада алғаш рет баланың мүддесін қорғауды басқарудың жаңа мемлекеттік жүйесі құрылды. Оның басты құрамдас бөлігі - адамныңадамгершілік-руханидамуы.

Бұл жүйенің үйлестіруші органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлі гінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті болып табылады.
Республикадағы балалардың жағдайын жақсарту мәселелерін тиімді шешу үшін, Комитет 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын әзірледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсанындағы № 1245 қаулысымен бағдарлама бекітілді. Бұл бағдарламада балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасы үлгісіне жақындатылған жағдайлармен қамтамасыз ету көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 5 білім берудің арнайы түзету ұйымын, кәмелетке толмағандарға арналған 3 оңалту орталығын, 6 отбасы үлгісіндегі балалар ауылын, 12 жасөспірімдер үйін, 15 отбасы үлгісіндегі балалар үйін, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандарының санын көбейту жоспарлануда.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Аталған Комиссияның жұмысшы органы Білім және ғылым министрлігі болып табылады, ол балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен іс-қимылын дамытудың бастамашысы болды. Комиссияның отырыстарында қиын өмір жағдайындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, тәрбиелеу колонияларынан оралған және сәтсіз отбасыларда тұрып жатқан кәмелетке толмағандарға жағдай жасау, жасөспірімдер суициді және балалар мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлық проблемалары, республикада ювеналдық әділет жүйесін жасау, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп оқушыларын сапалы және теңгерімді тамақпен қамтамасыз ету мәселелері қаралып, тиісті шаралар қабылданды.Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі Комитеттің негізгі серіктестері - барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволар, әр түрлі халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және ата-аналар жұртшылығы.Тиімді ведомствоаралық жүйе құру үшін Комитет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен балалық шақ мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қызметін саралаудан өткізіп, республикалық деректер банкісін жасады. 2008 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша республикада мұндай үкіметтік емес ұйымдардың саны - 604. Комитет олардың кейбірімен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға, шарттар мен келісімдерге қол қойды. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарына, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Комитет БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорымен бірлесіп «Әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру» Жылдық Жұмыс Жоспарына қол қойды. Онда балалардың құқықтарын қорғау мен іске асыру мониторингісін жүргізу, отбасыны қолдау қызметі, БҰҰ бала құқықтары жөніндегі Комитеттің ұсынымдарынан халықтың хабардар болуы үшін коммуникациялық кампаниялар өткізу сияқты бағыттарда ынтымақтастық көзделген.Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында Жоғарғы сот, Бас прокуратура, әділет және ішкі істер минитрліктері, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған сот, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдерінің қатысуымен «Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің атына тұрғын үйді бекіту мен сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халықтарына Жолдауын насихаттауға және іске асыруға ықпалын күшейту.Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға міндетті. Әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды. Сондықтан ата-аналар, біріншіден, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де, жеке басына да қатысты. Екіншіден, балалардың мүддесін қорғауға заң жүзінде белгіленетін құқық, мысалы, баланың мұрагер болу құқығы да жатады. Құқықты қорғауға баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мәселесі де қосылады. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады.Ата-анасының қамқорлық жасауынан айрылған баланы тәрбиелеп, мәпелеу - мемлекеттің, қоғамның қасиетті борышы. Жетімдерге қамқор болу - кез келген халықтың қалыптасқан дәстүрі.Бүгінгі таңда республика, облыс, аудан көлемінде жетім балалар, мүмкіндіктері шектеулі, мүгедек, көп балалы және жағдайы нашар отбасының балаларын қолдау үшін тегін берілетін аттракциондар, концерттік алаңдарда «Қайырымды жүрек - жомарт қол», «Балаларға көмектесейік», «Әлем-балалар үшін» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Сыйлықтар мен жүлделер беріледі. Република көлемінде өткізілетін «Мектепке жол акциясы» тамыз айында мүмкіндігі шектеулі, тұрмыс жағдайы төмен, қамқоршылықтағы балаларға барлық жағдай жасалып, мектепке дайындық ретінде киім-кишек, оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етіледі.Сонымен қатар жалпыға бірдей оқу қорынан республикалық қолдау акциясы тарапынан қыркүйек, қараша айында балаларға көмек көрсетіледі, оқу орындарында міндетті түрде ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Отбасы жағдайына байланысты өзім жетекшілік ететін 7 сыныпта Д.Қажығалиев оқушым 2015 жылы «Президент шыршасына» қатысып, ноутбук тағы басқа сыйлықтарға ие болып қайтты. Мектебімізде мұғалімдер атынан тұрмысы төмен оқушыларға үнемі қолдау көрсетіліп отырады.Біз әрқашан қайырымдылық, қамқорлық жасауды ұмытпауымыз керек. Бала біздің болашағымыз.

Баяндама Бада құқығын қорғау



© 2010-2022